10
декан – факультет басқарушысы, оның қызметiне оқуға қабылдау, оқудан шығару,
ауыстыру, студенттiң академиялық демалысына және т.б. байланысты барлық мәселелердi
шешу мiндеттерi жатады.
деканның орынбасары – оқу процесiн қамтамасыз етуге байланысты қызметтiң әр түрi
бойынша тағайындалады.
Оқу үдерісін ұйымдастыру
Жеке оқу жоспарының негізінде жаңа оқу жылының басында әр студент төмендегі
материалдармен қамтамасыз етіледі:
- оқу-әдістемелік кешен, онда оқу бағдарламасы (Syllabus), белсенді қолданатын үлестірмелі
материалдар, лекциялар тезистері, тәжірибелік (семинар) сабақтардың жоспарлары, СӨЖ және
СОӨЖ жоспарлары, тестік тапсырмалар, семестрлік тапсырмалар, емтихан сұрақтары т.б.
- анықтамалық көрсеткіш; мұнда студенттің орташа балын есептеу көрсеткіші (GPA); оқу
үрдісін ұйымдастырудың негізгі ережелері; студенттің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі.
Оқу жылы және академиялық кезең
Оқу үдерісі университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес ұйымдастырылады.
Оқу жылы – академиялық кезеңдерден тұрады (2 семестр), олар ағымдық аттестациялау,
қорытынды бақылау, тәжірибеден өту және демалыс кезеңдерінен тұрады.
Академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын өз білім беру ұйымының
еркімен белгіленетін теориялық кезең: семестр, триместр, тоқсан.
«Болашақ» университетінде әрбір оқу жылы ұзақтығы 15 аптадан тұратын екі семестрден
құралады.
Емтихан сессиясына бөлінетін уақыт ұзақтығы екі аптадан кем болмауы тиіс.
Бакалаврларды даярлау бойынша білім беру үдерісін аяқтаудың негізгі критерийы
студенттің теориялық оқытудың кемінде 129 кредитін игеруі, сондай-ақ практиканың кемінде 6
кредитін, диплом жұмысын дайындауға, жазуға және қорғауға кемінде 2 кредитті (жоба) және
мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредитті игеруі
болып табылады.
Оқыту үдерісінің барлық оқу, бақылау шаралары, тәжірибенің ұзақтығы, демалыс және
мереке күндері академиялық күнтізбеде алдын-ала көрсетіледі.
Оқу шаралары теориялық оқытудың барлық кезеңіндегі жұмыстарды, соның ішінде
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын, практикалық және зертханалық жұмыстарды,
курстық жұмыстар мен жобаларды түгел қамтиды.
Студенттердің басқа оқу орнынан немесе университет ішінде бір мамандықтан екінші
мамандыққа
ауысуы
барысында
пайда
болатын
оқу
бағдарламаларындағы
пән
айырмашылықтарын, студенттердің академиялық қарыздарын және олардың қосымша оқуға
деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатымен ұзақтығы 8 аптаға дейінгі жазғы семестр
енгізіледі.
Сабақ таңертеңгі сағат 8.30-да басталады. Сабақтың төмендегідей түрлері болады:
- ереже бойынша лекциялар бірнеше топтарды біріктіріп өткізіледі;
- зертханалық жұмыстар, академиялық топтар (шағын топтар) үшін өткізіледі;
- практикалық сабақтар академиялық топтар үшін өткізіледі.
Студенттердің білім сапасын бақылау үшін Тіркеу Кеңсесі жұмыс істейді, яғни ол
студенттердің білімін ағымдағы және қорытынды бақылауды өткізеді.
Тіркеу офисі. Оқу пәндеріне жазылу тәртібі
Тіркеу офисі студенттердің білім алудағы барлық жетістіктерінің тарихын, білім алудың
барлық түрлері бойынша білімді бақылауды ұйымдастыру және студенттердің академиялық
рейтингін есептеумен айналысады.
Студенттің оқу үдерісі Тіркеу офисінде оның оқу пәндерін тіркеуден басталады.
Тіркеу офисі оқудың барлық нысандары үшін емтихандар кестесін тиісті факультеттің
деканатымен бірлесе отырып жасайды, оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді және ол студенттер
мен оқытушылардың назарына емтихан басталмастан екі апта бұрын жеткізілуі тиіс.
11
Эдвайзердің көмегімен студент өз бетінше өзінің білім беру траекториясын құрып,
мамандықтың типтік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы аясында жеке оқу жоспарын
(ЖОЖ) қалыптастырады. Жеке оқу жоспарын (СЖОЖ) студенттер бір оқу жылына, эдвайзер
көмегімен жасап, оны факультет деканы бекітеді.
Кафедраның жұмыс берушілермен бірге жасайтын элективті пәндер каталогтары (ЭПК)
типтік оқу бағдарламаларына қосымша болып табылады. Олар факультеттің әдістемелік
бірлестігінде талқыланып, университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінде бекітіледі. Аталған
элективтік пәндер каталогы таңдау компонентіне жататын барлық пәндердің жүйеленіп,
аннотацияланған тізбесі болып табылады.
Типтік оқу жоспарлары мен элективті пәндер каталогтарына сәйкес мамандықтар бойынша
білім беру бағдарламалары жасалады. Білім беру бағдарламалары мен қосымша білім беру
бағдарламаларының мазмұны жұмыс берушілер мен білім алушылардың талап-тілектеріне,
еңбек нарығындағы сұранысқа қарай анықталып, жаңартылып отырады.
Білім беру бағдарламаларының траекториясын айқындау мақсатында сауалнамалар
жүргізіледі. Жұмыс берушілердің талап-тілектері университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінде
талқыланады.
Элективті пәндердің каталогында барлық оқу циклдары (ЖББ, БП және КП), олардың кодтау
туралы бірыңғай тәртібін сақтай отырып, көрсетіледі.
Білім беру бағдарламаларының бағытына сәйкес модульдер каталогы жасалады.
Онда модульдің атауы мен коды, түрі, дәрежесі, аптадағы сағат пен кредит саны, оқудың
түрі, жауапты оқытушының аты-жөні, семестр, пререквизиттер мен постреквизиттер, білім
алушылар саны, қорытынды бақылаудың түрі, модульдың мазмұны мен ұзақтығы,
құзіреттіліктері, қолданылған әдебиет тізімі, жаңартылған уақыты туралы ақпараттар бар.
Студенттің жеке оқу жоспары декан тарапынан бекітіледі және ол үш дана етіп жасалады:
бір деканатта, оқытушылардың оқу жұмысының көлемін анықтау мен студенттер тарапынан оқу
жоспарының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін сақталады, екіншісі – Тіркеу
офисіне
қорытынды
бақылау
мен
аттестацияны
ұйымдастыру үшін, ал үшіншісі – студентке беріледі.
Студенттердің пәндерге жазылу процесін Тіркеу офисі деканаттар мен эдвайзерлерді
қатыстыра отырып жүргізеді.
Жалпы пәндерге жазылу барысы 2 кезеңнен тұрады. 1-кезеңде студенттер эдвайзерлер
көмегімен келесі оқу жылында оқытылатын пәндердің тізімін жасайды. 2-кезеңде, сабақ
кестесі бекітілгеннен соң, өздерінің жеке оқу жоспарларына, өздерінің бос уақыттары мен
оқытушыларға байланысты, тиісті түзетулер енгізеді.
1 курс студенттері өздерінің жеке оқу жоспарларын ағымдағы жылдың 25 тамызына
дейін құрастырады. Әдетте, 1-курс студенттерінің оқу жоспарларына тек қана міндетті
пәндер топтамасы ғана енгізіледі.
Оқу жылының барысында оқу жоспарларына өзгерістер енгізуге болмайды.
Студенттер келесі оқу жылына арналған жеке оқу жоспарларын арнайы кесте
бойынша, 15-25 сәуір қаралығында жасақтайды.
Өткен оқу жылына академиялық қарыздары бар студенттер емтихан сессиясы аяқталғаннан
соң, 1-шілдеге дейін, өздерінің оқу жоспарларына түзетулер енгізеді.
Әрбір пән бойынша студенттердің топтардағы ең аз саны белгіленеді, ал оқытушылар үшін –
академиялық ағындағы немесе топтағы студенттердің ең көп саны белгіленеді.
Ағымдағы жылдың 10-маусымына дейін белгілі бір пәнге белгіленген саннан аз
студенттер жазылса, онда пән ашылмайды және ол пән кафедраның оқу жүктемесіне
енгізілмейді.
Студенттерді пәндерге жазу процесі келесі кезеңдерден тұрады:
● мамандықтардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларымен таныстыру, эдвайзерлерді
таңдау;
● таңдау пәндерінің, кафедралар тарапынан өткізілетін, таныстырылымына қатысу;
● эдвайзерлермен кездесу және жеке оқу жоспарын, таңдау пәндерін талқылау;
● тіркеушілер кеңсесі тарапынан берілетін, тіркеу өтініштерін толтыру;
● таңдалған пәннен бас тарту тәртібімен танысу;