12
● пәндерге тіркеуге келісім беруді растау.
1 курс студенттерін таңдау пәндеріне тіркеу процедурасы студенттерге кредиттік
технологияның принциптерін, кадрларды дайындау жүйесін түсіндіруден, университетпен
танысудан және пәндерге жазылудан тұрады. Пәндерге тіркеуге берілетін рұқсат алдыңғы
семестрдегі міндетті пәндерді оқып бітірген студенттерге беріледі. Соңғы курстардың
студенттеріне пәндерге тіркелуге, тек қана алдыңғы семестрлердегі пәндерді нәтижелі түрде
өтіп, тиісті кредиттерді жинаған және университет тарапынан белгіленген өту деңгейінің балы
(GPA) барларына рұқсат беріледі.
Өзінің білім алу траекториясын жоспарлау барысында студенттер басқа академиялық топтар
мен ағындардағы, мамандықтардағы студенттермен бірге қосымша 1-2 пәндерді немесе басқа
оқу орнындағы 1-2 пәндерді ақылы түрде оқуға деген өтініштерін бере алады. Бұл ретте
студенттер «Болашақ» университеті ректорының атына өтініш жазып, оған басқа оқу
орнынының студентін пәндерге қосымша жазуға келісімін берген анықтамасын қоса тігеді.
Анықтамаға таңдалған оқу орнының ректоры тарапынан қол қойылып мөр басылады. Курс
аяқталғаннан кейін студент факультетіне оқыған оқу орнының мөрі басылған, сабақтың бағасы
мен кредиттер саны көрсетілген емтихан кестесін өткізеді.
2.4 Ауысу, курсқа қайта келу, оқудан шығару туралы Ережелер.
GPA көшіру балдарын есептеу тәртібі
Студенттің білімін бақылау жүйесі мен оқудағы жетістіктерін бағалау (қорытынды
бақылауды өткізу тәртібі, (ағымдық аттестация, қорытынды аттестация, GPA есептеу әдістемесі)
аралық бақылау мерзімдерін қамтып, ағымдық аттестация (сынақ - емтихан сессиясы), екінші
курстан соң аралық мемлекеттік бақылау және қорытынды мемлекеттік аттестациялаудан
тұрады.
Білім алушыларды курстан курсқа көшіру нормативті құжаттамаларға сәйкес жүзеге
асырылады.
Курстан курсқа көшіру балы GPA төмендегі формула бойынша есептелінеді:
(кредит1 х балл 1)+(кредит 2 х балл 2)+(кредит n х балл n)
GPA = кредит1 + кредит2 + кредит n ................
Университеттің Ғылыми Кеңесі шешімімен білім алушыны келесі курсқа көшіру балы
мынадай кестеге сәйкес іске асырылады:
бірінші курстан екінші курсқа көшіру – 1,67;
екінші курстан үшінші курсқа көшіру – 2,0;
үшінші курстан төртінші курсқа көшіру – 2,33 балл.
Оқу жылы аяқталған соң Тіркеу кеңсесі әр студенттің көшіру балдарын GPA есептеп
тіркейді және оны келесі курсқа көшіру туралы бұйрық шығарады. Студенттер үшін көшіру
балы GPA университеттің Ғылыми Кеңесінде бекітіледі.
Белгіленген GPA көшіру балдарын жинай алмаған студенттерге осы оқу жылында және
жазғы семестрде қосымша курс алу ұсынылады.
Белгіленген өту баллын жинаған білім алушылар ЖОО басшысының бұйрығымен келесі
курсқа көшіріледі.
Белгіленген өту балын ала алмаған білім алушы қайта оқу курсына қалдырылады. Қайта оқу
курсына қалдырылған студент, бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын аяқтауға немесе
белгіленген тәртіпке сай жасалған жаңа жеке оқу жоспарын құруға құқығы бар.
Өту баллын жинаған және келесі курсқа көшірілген білім алушы, академиялық берешегі
болған жағдайда тиісті пәндерін ақылы түрде қайта оқуға және академиялық берешегін жоюға
міндетті.
Білім беру грантының иегері болған білім алушы қайта оқу курсына қалдырылған болса,
білім беру грантынан айырылады. Одан әрі оқуын ақылы негізде жалғастырады.
Өту баллын жинаған және келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешектері бар білім
беру грантының иегер білім алушылары үшін білім беру гранты сақталады. Ал тапсырылмаған
пәндерін ақылы түрде қайта оқуға және академиялық берешегін жоюға міндетті.
13
Білім алушылардың академиялық демалыс алу тәртібі
Академиялық демалыс – білім беру ұйымдарында білім алушылар (студенттер,
магистранттар, адьюнкттер, курсанттар, тыңдаушылар, докторанттар, интерндер, резиденттер)
медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларда өз оқуын уақытша тоқтата
тұратын кезең.
Білім алушыға академиялық демалыс мынадай:
1) сырқатына бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым
жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ДКК) қорытындысы;
2) ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы
медициналық ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның
(бұдан әрі - ОДКК) қорытындысы;
3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде;
4) босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда 3 жасқа толғанға дейін беріледі.
Білім беру ұйымының басшысы үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың негізінде
білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру
туралы бұйрық шығарады.
Білім алушы академиялық демалыстан шыққан соң білім беру ұйымы басшысының атына
өтініш береді және ауруына байланысты академиялық демалыста жүрген білім алушы осы
мамандық бойынша білімін жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытындымен қоса науқасты
қараған денсаулық сақтау ұйымынан денсаулық жағдайы туралы ДКК (ОДКК) анықтамасын
тапсырады.
Ұсынылған құжаттардың негізінде білім беру ұйымының басшысы үш жұмыс күнінің
ішінде мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық
демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.
Білім беру ұйымының басшысы ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жұмыс
жоспарларындағы пәндердің айырмашылығын, оқу курсын анықтайды және офис
регистратормен (білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен
айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісін
есептеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет) келісе отырып, білім
алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.
Академиялық демалыстан келген соң білім алушы оқуын аталған демалысты ресімдеген
курстан (және академиялық кезеңнен) бастап жалғастырады.
Егер академиялық демалыстан келу немесе академиялық демалысқа шығу уақыты
академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе, білім алушы жеке кесте
бойынша барлық оқу тапсырмаларын орындап, рейтингке рұқсат алу үшін қажетті балдарды
жинайды немесе жазғы семестрде айырмашылықтар пайда болған пәндерге жазылады.
Білім алушы айырмашылықтарды жою үшін ағымдағы оқу жұмысымен қатар академиялық
кезеңде барлық сабақ түрлеріне қатысады, сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында
қарастырылған ағымдағы және кезеңдік бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, рұқсат
алады және академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңінде
қорытынды бақылауды тапсырады.
Студентті оқудан шығару
Студент академиялық қарыздары үшін жоғары оқу орнынан шығарылмайды. Егер студент
курстан курсқа көшіру балын жинай алмаса, ол осы курста екінші жылға қалады. Бұл жағдайда
студент бұрынғы жеке оқу жоспарын толық аяқтайды немесе белгіленген тәртіп бойынша жаңа
оқу жоспарын қалыптастырады.
Студенттер оқудан төмендегідей себептермен шығарылуы мүмкін:
- университет ректоры атына жазылған өтінішпен студенттің өз қалауы бойынша;
- келісім-шарт бойынша студенттің оқу төлемақысын уақытында төлемегені үшін;
- студенттің басқа жоғарғы оқу орнына ауысуы себебінен;
- оқу ережелерін өрескел бұзғаны үшін (сабаққа қатыспау);
- жоғарғы оқу орнының Жарғысын өрескел бұзуғаны себебінен (тәртіпті немесе студенттің
моральдік кодексін бұзуы).