8
білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, оқытушымен
өткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін
оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;
екі дипломдық білім – екі тең бағалы диплом (Double Major) немесе бір негізгі және
екінші қосымша диплом (Major Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары (білім беру
бағдарламалары) бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі;
кредиттік оқыту технологиясы – білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің
біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді
таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту;
қорытынды бақылау – емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген оқу пәні
бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін
бақылау; егер бірнеше академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда
оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бөлімдер бойынша, қорытынды бақылау
жүргізіледі;
межелік бақылау – бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу
жетістіктерін бақылау;
оқу пәнiне жазылу (
Enrollment) – білім алушылардың оқу пәніне белгілі бір тәртіппен алдын
ала жазу рәсімі;
оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі – халықаралық
тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім
алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің
деңгейін бағалау жүйесі;
Тіркеу офисі
– білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен
айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне
есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;
оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі -
ОБӨЖ) – бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының
аудиториядан тыс жұмысы;
оқу үлгерімінің орташа балы (
Grade Point Average - GРА) – (ағымдық оқу кезеңі бойынша
кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық
эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама
бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;
оқу жұмыс жоспары (
бұдан әрі - ОЖЖ)
– мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке
оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат;
пәннің сипаттамасы (
Cоurse Description) – пәннің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін,
қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады);
пререквизиттер (
Рrereguisite) – оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен
дағдыларды қамтитын пәндер;
постреквизиттер (
Роstreguisite) – аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін
меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;
пәндер бағдарламасы (
Syllаbus) – оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін,
оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс
тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы
талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі;
транскрипт (Тrаnsсrірt) – білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша
кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат; білім
алушының кез-келген оқу кезеңінде сұрауы бойынша беріледі.
үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі - ҮОЖ) – білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының оқу
пәндерінің тізбесі мен көлемін, оларды оқытудың тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін
құжат;
ж
алпы бiлiм беретiн пәндер (
general education disciplines) – гуманитарлық және
жаратылыстану пәндерi.
элективтік пәндер – белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін
таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін әлеуметтiк-экономикалық
9
дамытудың ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда
болатын қажеттiліктерін есепке алатын компонентке кiретiн оқу пәндерi.
мiндеттi компонент (
Core Subjects) – студенттер тарапынан мiндеттi түрде оқылатын
пәндер.
күндiзгi оқу түрi (
Full Time Education)
- оқу жоспарында қарастырылған сабақтарға оқу
кестесi бойынша, бiлiм алушының қатысуы тиiстi оқу формасы.
жеке оқу жоспары (бұдан әрі - ЖОЖ) - білім алушымен ҮОЖ және элективті пәндердің
каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары;
бiлiм алушының жетiстiгi - әр-бiр бiлiм алушының бiлiм деңгейiн, бiлiктiлiгiн, оқу
материалын игеру қабiлетiн көрсету.
дуальді оқыту элементтерін енгізе отыры оқыту – білім беру қызметін жоспарлау мен
ұйымдастыруды теориялық оқыту мен өндірістегі практикалық дайындықты үйлестіру
негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте пәннің оқу материалының 40 %-ына дейіні тікелей
өндірісте (технологиялық процесс, шығармашылық қызмет процесі, қаржы-экономикалық
процестер, психологиялық-педагогикалық процесс және т.б.) меңгерілуі тиіс екені көзделген.
кафедра – жоғары оқу орнының негiзгi құрылымдық бiрлiгi, анықталған бағыттар бойынша
оқу, ғылыми-әдiстемелiк және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру.
мамандар даярлайтын кафедра – жоғары оқу орындағы нақты мамандықтар бойынша
бiтiрушiлерге жауапты кафедра. Оқу барысында туындаған негiзгi сұрақтар оыс мамандар
даярлайтын кафедраның меңгерушiлерiмен шешiледi.
лаборатория – оқытушының басқаруымен лабораториялық жұмыстарды жүргiзу үшiн
арнайы құралдармен жабдықталған оқу бөлмесi.
лекция – тақырып бойынша оқу материалдарының мазмұнымен таныстыру (теориялық
оқыту формасы).
дайындық бағыты – кәсiптiк бiлiм беру бағдарламасы. Дайындық бағыты бойынша оқу
бакалавр дәрежесiн берумен аяқталады.
кәсіби практика жоғары білімнің міндетті кешендік оқу бағдарламасы болып табылады.
Олар оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алдындағы болып бөлінеді.
практикалық сабақтар – аудиториялық оқу жұмысының түрi, бұл жерде бағдарламада
көрсетiлген пән бойынша бiлiмi мен тәжiрибесiн игеру, практикалық сабақ кезiнде ағымдағы
бақылау бiлiмiн жүргiзу мүмкiндiгi бар.
эдвайзер (Аdvisor) – тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің
қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және
оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
тьютор – студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын
оқытушы;
куратор – жоғары оқу орнының қызметкерi, оған студенттердi тәрбиелеу мiндеттелген.
ассистент, доцент, профессор (
assistant, associate professor, professor) – жоғары оқу
орындарында сабақ берушi қызметкерлердiң аталуы.
бакалавр, магистр, доктор (bachelor, master, doctor) - белгiлi бекiтiлген мамандандырылған
бағдарламаны орындаған жағдайда, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру
бағдарламасын орындаған жағдайда берiлетiн атақтар.
профессор – жоғары аттестациялық комиссия беретiн ғылыми атақ, нақты жоғары оқу
орнының профессор лауазымымен шатарстырмау керек. Бұл ғылыми атақ ереже бойынша
докторы ғылыми дәрежесi бар тұлғаларға берiледi.
доцент – жоғарғы аттестациялық комиссияның шешiмiмен берiлетiн ғылыми атақ. Бұл
ғылыми атақ ереже бойынша, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi бар тұлғаларға берiледi.
ректор – жоғары оқу орны (ғылыми) кеңесiнiң шешiмiн орындайтын жоғары оқу орнының
басшысы, өзіне берілген құқықтар шегінде қаржы, экономикалық, өндірістік-шаруашылық
қызмет мәселелерін шешеді.
проректор – қызметтiң нақты бағыттары бойынша ректордың орынбасары, жоғары оқу
орындарының көпшiлiгiнде бұл оқу жұмысы бойынша проректор, ғылыми жұмыс бойынша
проректор, әкiмшiлiк-шаруашылық жұмыс бойынша проректор, сонымен бiрге жоғары оқу
орнының жарлығында көрсетiлген басқа да түрлерi бойынша тағайындалады.