Студенттерге арналған жөнсілтер анықтама. Оқу үдерісін кредиттік технология
негізінде ұйымдастыру бойынша анықтамалық-ақпараттық басылым. - Қызылорда, «Болашақ»
университеті, 2017. – 26 б.
Бұл ақпараттық-анықтамалық басылымда университет, оның құрылымдық бөлімдері
туралы мәліметтер бар. Кредиттік білім беру жүйесін ұйымдастырудың негізгі ережелері
келтірілген. Студенттердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың университеттегі
тәртіптері туралы ережелер берілген.
Жөнсілтер анықтама 1 курс студенттеріне арналған.
«Болашақ» университеті Ғылыми - Әдістемелік кеңесі тарапынан баспадан шығаруға
ұсынылған (№ 1 хаттама, «29» тамыз 2017 ж.)
© «Болашақ» университеті баспаханасы, 2017
Қызылорда, 2017
2
Жалпы мәлімет
Оқу орнының толық атауы: Мемлекеттік емес білім беру мекемесі «Болашақ»
университеті.
Орналасқан жері: 120000, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 31.
Білім беру орнының тарихы мен құрылған уақыты: Университет тарихы 1995 жылы Сыр
өңірінде Мәскеу Халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университеті
филиалының ашылуынан бастау алады.
Университет беделінің артуы студенттер санының ұлғайып, жаңа мамандықтар ашылуына
негіз болды.
1998-2001 жылдары университетте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
филиалы жұмыс істеді.
1999 жылы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының қабылдануына
байланысты оқу орны дербес «Қызылорда Экономика, статистика және информатика
университеті» болып қайта құрылды. Ал, 2000 жылы университет жанынан колледж ашылды.
2001 жылдың 12 желтоқсанында ҚР Білім және ғылым министрлігінің АА №0000073
лицензиясын алуына байланысты «Қызылорда Экономика, статистика және информатика
университеті» «Болашақ» университеті болып қайта құрылды.
2013 жылы «Болашақ» медициналық колледжі ашылды.
2005 жылы «Болашақ» университеті «Іскерлік тәжірибенің жоғарғы сапасы үшін»
халықаралық қорының Алтын медалімен, 2006 жылы Қазақ-Швейцария Бизнес Клубын
дамытудағы «Мінсіз іскерлік беделі үшін» Алтын медалімен марапатталды.
2006 жылы университет өкілдері Париж қаласында өткен экономистердің ІІІ Халықаралық
Ассоциациясының басқосуына қатысты.
2015 жылы университет мемлекеттік аттестациядан, 2014 жылы институционалдық
аккредитациядан өтті.
2017 жылы 9 мамандық бойынша мамандандырылған аккредитациядан өтіп, куәлік алды.
Университетте оқу үдерісін ұйымдастыру және қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық
негізін: ҚР Конституциясы, «Білім» туралы және «Ғылым туралы» Заңдар, ҚР басқа да
заңнамалық актілері, ҚР Үкіметінің білім беру қызметін реттейтін Қаулылары, ҚР Білім және
ғылым министрлігінің бұйрықтары, университет Жарғысы, ішкі еңбек және оқу тәртібі
Ережелері, Ғылыми Кеңес шешімдері, ректордың бұйрықтары мен өкімдері құрайды.
Университет өзінің білім беру қызметін АБ №0137438 (3 ақпан, 2010 жыл) нөмірлі
лицензиясына, Университет Жарғысына және Құрылтайшының Келісім-шартына сәйкес
ұйымдастырады.
Университет құрылымы 2 факультет, 7 кафедрадан тұрады.
Факультеттер:
1. «Кәсіпкерлік білім беру» факультеті;
2. «Педагогика» факультеті.
Кафедралар:
1. «Жалпы білім беру және құқық» кафедрасы;
2. «Экономика, қаржы және кәсіпкерлік» кафедрасы;
3. «Информатика, ақпараттық жүйелер және дизайн» кафедрасы;
4. «Мұнай-газ, құрылыс және экология» кафедрасы;
5. «Филология және журналистика» кафедрасы;
6. «Педагогика, психология және дефектология» кафедрасы;
7. «Бастауышта оқыту, өнер және спорт» кафедрасы.
«БОЛАШАҚ»
УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТАРИХЫ МЕН
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
3
«Болашақ» университетінің 7 кафедрасында бакалавриаттың 42 мамандығы және
магистратураның 6 мамандығы бойынша мамандар даярланады. Білім беру процесі мемлекеттік
және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Бакалавриат мамандықтары:
5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
5В010200 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
5В010300 Педагогика және психология;
5В010400 Бастапқы әскери дайындық;
5В010500 Дефектология;
5В010600 Музыкалық білім;
5В010700 Бейнелеу өнері және сызу;
5В010800 Дене шынықтыру және спорт;
5В010900 Математика;
5В011100 Информатика;
5В011300 Биология;
5В011400 Тарих;
5В011500 Құқық және экономика негіздері;
5В011600 География;
5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті;
5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі;
5В012000 Кәсіптік оқыту;
5В012200 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;
5В020700 Аударма ісі;
5В030100 Құқықтану;
5В030400 Кеден ісі;
5В040900 Хореография;
5В042100 Дизайн;
5В050400 Журналистика;
5В050600 Экономика;
5В050700 Менеджмент;
5В050800 Есеп және аудит;
5В050900 Қаржы;
5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару;
5В060200 Информатика;
5В060800 Экология;
5В070300 Ақпараттық жүйелер;
5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;
5В070800 Мұнай-газ ісі;
5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы;
5В072600 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы;
5В072900 Құрылыс;
5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология;
5В090100 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру;
5В090400 Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету;
5В090800 Бағалау;
5В091000 Кітапхана ісі.
Магистратура мамандықтары:
6М010200 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
6М010300 Педагогика және психология;
6М011400 Тарих;
6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті;
6М050600 Экономика;
6М060800 Экология.
Университеттің материалдық-техникалық базасын: