4
- 4 оқу ғимараты;
- 378 орындық секциялық типтегі 1 жатақхана («Студенттер үйі»);
- 2 спорт зал;
- 2 компьютерлік технологиялар орталығы;
- 2 асхана;
- 1 баспахана;
- 2 медициналық пункт;
- 2 кітапхана;
- «Студенттер Сарайы»;
- жұмысшы кадрларды дайындау және қайта даярлау орталығы;
- «Астаукөл» оқу-тәжірибелік және сауықтыру орталығы;
- «Балжансай» агробиологиялық және ғылыми-тәжірибелік участогы;
- Ғылыми - зерттеу институты;
- Ғарыштық ғылыми - зерттеу жұмыстары зертханасы;
- Агробиотехнологиялар ғылыми зертханасы;
- Әлеуметтік - экономикалық және саяси зерттеулер орталығы құрайды.
2017 жылдың наурыз айынан бастап Қызылорда қаласының сол жағалауынан «Болашақ»
университетінің кампусының құрылысы басталды.
Білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін университетте арнайы мақсаттағы оқу
кабинеттері, компьютерлік сыныптар, лингафон кабинеттері жабдықталған. Мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу процесін сапалы жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін заманауи оқу зертханалары бар.
Университет құрылымы Қамқоршылар кеңесі, ғылыми жетекші, Ғылыми кеңес, ректор,
коммерциялық орталық, 3 проректор, академиялық сұрақтар жөіндегі департамент, 2 факультет,
7 кафедра, оқу-әдістемелік басқарма, тіркеу офисі, магистратура бөлімі, студенттер бөлімі,
қашықтықтан оқыту орталығы, жұмысшы кадрларды дайындау және қайта даярлау орталығы,
IT технологиялар орталығы, кітапхана, азаматтық қорғаныс бөлімі, мұрағат бөлімі, әкімшілік-
шаруашылық бөлімі, «Болашақ» колледжі, «Болашақ» медициналық колледжі, Ғылыми-зерттеу
институты, Ғарыштық ғылыми - зерттеу жұмыстары зертханасы, Агробиотехнологиялар
ғылыми зертханасы, Әлеуметтік - экономикалық және саяси зерттеулер орталығы, «Астаукөл»
оқу-тәжірибелік және сауықтыру орталығы, «Балжансай» агробиологиялық және ғылыми-
тәжірибелік участогы, студенттік ғылыми зертханалар, кадрлар бөлімі, бухгалтериядан тұрады.
Білімді ғылыммен ұштастыру мақсатында университетте төмендегі ғылыми - зерттеу
қызметімен айналысатын нысандар жұмыс істейді:
1. Ғылыми - зерттеу институты;
2. Ғарыштық ғылыми - зерттеу жұмыстары зертханасы;
3. Агробиотехнологиялар ғылыми зертханасы,
4. Әлеуметтік - экономикалық және саяси зерттеулер орталығы;
5. «Астаукөл» оқу-тәжірибелік және сауықтыру орталығы;
6. «Балжансай» агробиологиялық және ғылыми-тәжірибелік участогы;
7. Оқу ғылыми зертханалары;
8. Студенттік ғылыми зертханалар мен үйірмелер;
9. Жас ғалымдар Кеңесі.
Ақпараттық білім беру орталығы /кітапхана/
Университетте 372 компьютер, 18 компьютер классы бар. Олардың барлығы Интернет
желісіне қосылған. Интернетке қосылудың шығу каналы – 10 мб/сек, ал кіру каналы – 30 мб/сек.
Корпоративтік жүйеге қосылу жылдамдығы 100 мб/сек-қа тең.
Университеттің барлық ғимараттары, студенттер жатақханасы желісіз интернетпен (WI-FI)
қамтамасыз етілген.
2008 жылдан бері университетте оқу үдерісін басқарудың ақпараттық жүйесі енгізілілген.
Ақпарат алмасу мақсатында университеттің http://www.bolashak-edu.kz web-сайты Internet
желісінде авторлық құқығы бар білім беру порталы ретінде қызмет етеді. Онда университет
5
өмірінде болып жатқан жаңалықтар, конференциялар мен студенттік олимпиадалардың
нәтижелері, конкурстар мен гранттар, академиялық мобильділік т.б. туралы ақпараттар
жарияланып отырады.
Кітапханада 1 абонемент, 80 және 100 орындық 2 оқу залы, кітап қорларын сақтау
бөлмелері орналасқан. Оқу залдарында оқырмандарға 37 компьютер қызмет етеді. Олардың
барлығы ғаламторға қосылған. Оған қоса, «Студенттер үйінде» 55 орындық оқу залы жұмыс
істейді.
Студенттік өмір
Университеттегі білім беру мен тәрбие жұмыстарының өзара байланысы шеңберінде тәрбие
жұмысының негізгі бағыттарын жүзеге асыру Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі жоғары кәсібилікті қалыптастыруға бағытталған
Лиссабон Конвенциясы, Болон Декларациясы талаптарына сәйкес келеді.
«Болашақ» университетіндегі тәрбие жұмысы факультет декандары, топ кураторлары
басшылығымен жүзеге асырылады. Тәрбие жұмыстары құрылымының құрамына декандар мен
олардың орынбасарлары, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, Факультет Студенттік
Кеңес төрағалары, факультеттердің аға тәлімгерлері, үйірмелер мен шығармашылық ұжымдар
жетекшілері кіреді. Тәрбие жұмысын үйлестіру мақсатында Тәлімгерлер кеңесі жұмыс
жасайды.
Факультеттердегі Тәлімгерлер кеңесі академиялық оқу топтары тәлімгерлерінің жұмысын
үйлестіреді, талдайды, бағыттайды, бақылайды және есебін тыңдайды. Кеңестің жұмысын аға
тәлімгер
үйлестіріп отырады. Факульттердегі тәрбие жұмысы жоспарға сәйкес
ұйымдастырылады. Оқу жылының басында барлық факультеттерде топ, курс тәлімгерлері,
жетекшілері, эдвайзерлері тағайындалады. Оқу топтарында тәлімгерлік сағаттар ұдайы өткізіліп
отырады. Тәлімгерлер жұмысына талдау және тексеру жыл бойы жүргізіледі.
Тәрбие процесін ақпараттық қамтамасыз ету университет сайты мен білім беру порталы
арқылы жүзеге асырылады және онда студенттік өмір жөнінде арнайы бөлім бар. Алда
болатын іс-шаралар, кездесулер туралы мәліметтер ақпарат тақтасы және жүгіртпе жолдар
арқылы жеткізіледі. Оқу ғимаратының ақпарат тақтасына мәдени-көпшілік, спорттық іс-
шаралар жөнінде хабарландырулар алдын ала ілінеді. Орындалған жұмыстар нәтижесі
университет сайтында жарияланады.
«Болашақ» университетінде 2011-12 оқу жылында би үйірмесі ашылған болатын. Бүгінгі
таңда «Кербез» би ансамблі облысымызға танымал топтардың қатарында. Жастар арасындағы
түрлі конкурстарға қатысып жүрген ансамбль өнер фестивалдерінде жүлделі орындар иеленуде.
Жақында өткен Қызылорда өңірлік оныншы Делфийлік ойындарына қатысқан ансамбль
«Қазіргі заман биі» жанры бойынша І дәрежелі, «Халықтық би» жанры бойынша ІІ дәрежелі
дипломмен марапатталды. Орал қаласында өткен республикалық Делфийлік ойындарына
қатысып марапатталып келді.
«Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы,
профессор Бақберген Сәрсенұлы Досманбетовтың бастамасымен 2008 жылдан бастап
«Мәртебелі мейман» жобасы жүзеге асырыла бастады. Осы уақытқа дейін аталған жоба аясында
елімізге танымал Қайырбай Зәкірұлы, Әділ Ахметов, Надежда Лушникова және т.б. азаматтар
университет студенттерімен кездесті.
Студенттерге эстетикалық тәрбие беру, шығармашылық әлеуетін дамыту мен олардың бос
уақыттарын дұрыс ұйымдастыру мақсатында университетте 2014 жылы студенттік Жастар
театры ашылды. Оның көркемдік жұмыстарына Облыстық Н. Бекежанов атындағы музыкалық
драма театрының білікті мамандары тартылған. Жастар театры өз жұмысын 5 маусым күні
белгілі ақын Исрайыл Сапарбайдың «Ауылдан келген ару» спектаклін сахналаумен бастады.
Премьераға автордың өзі қатысты.
2013-2014 оқу жылынан бастап университетте телестудия ашылып жұмыс жасауда.
Қызылорда қоғамдық теледидар эфирінен университетіміздің тыныс-тіршілігі жайлы хабар
«Болашақ» жаңалықтары» деген айдармен аптасына бір рет шығып тұрады.