66
Бағасы салықпен қоса (ҚҚС) 2015 жылғы 12% құрайды.
Бр = 553900*1,12= 620368 теңге.
Сонымен, ЖШС «Базис» құрылыс компаниясының кадрлар бөлімінің
ақпараттық жобасы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру құруда кеткен
шығын 620368 теңгені құрайды.
Жалпылама
компьютерлендіру
және
жаңа
ақпараттық
технологиялардың дамуы міндетті түрде бүкіл ақпаратты қорғау ғана емес
сонымен бірге ақпараттық жүйенің мінездемелерінің бірі болуда. Бірінші
дәрежелі рөл атқаратын қорғаныс факторын жинақтауда ақпараттарды өңдеу
жүйесінің барынша кеңейтілген класын көруге болады.
Қызметкерлерді басқару ақпараттық жүйе бағдарламасын енгізу тиімді
жолдардың бірі. Бұл бағдарлама жұмыс ауқымын кішірейтіп, кадр бөлімінің
жұмысын тездетіп, қағаз шығындарын қысқартуға және қызметкерлердің
жұмысын жеңілдетуге үлкен үлес қосады. Қызметкерлерді басқару
ақпараттық жүйе бағдарламасына ауысу мәліметтер қорының бағдарламасын
ұйымдастыруды ғана емес, сонымен қатар кез келген қажетті ақпаратты
мәліметтер қорының бағдарламасында таба алады.
Ақпараттық жүйе кәсіпкерлік бизнеске енгізудің мақсаты қағаз
құжаттардан құтылу емес – көп қосымша мәліметтердің санын азайту,
мәліметтерді өңдеп, түзеуді оңайлату. Бұл бағдарлама қолданушыға түсінікті
тілде, яғни қазақ тілінде жазылған. Сонымен қатар үйренуге де көп уақыт
кетпейтін компьютерлік бағдарламалық жасақтама. ЖШС «Базис» құрылыс
компаниясының кадрлар бөлімінің ақпараттық жобасы мен бағдарламалық
жасақтамасы 620368 теңгені құрайды. Яғни басқа бағдарламамен салыстырсақ
әлдеқайда арзан. Басқа бағлдарламалардың кейбір операциялары өте қиын
тілде түсіндірілуімен қатар тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қамтамасыз
ете алмайды. Ал ЖШС «Базис» компаниясында қызметкерлерді басқару
ақпараттық жүйесінің бағдарламасы көптеген функцияларды орындайды:
- қажетті мәліметтерді іздеуді жедел жүргізеді;
- кадр бөліміндегі жұмыстарын жеңілдетеді;
- барлық ақпаратты жалпы қор базасына енгізеді;
- қағазға және өзге де материалдарға шығынды қысқартады;
- мәліметтің сенімді сақталуын қамтамасыз етеді;
- қызметкерлерді бақылау деңгейін көтереді.
67
5 Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
5.1 Адам тіршілік қауіпсіздігі мен еңбек қауіпсіздігі
Тіршілік қауіпсіздігі бұрынғы заманнан бері адамзат баласының негізгі
мәселелері болып табылады. Адамдар әрқашанда өздерінің қауіпсіздігін
сақтауға тырысқан. Бірақ өндірістің алға қарай дамуына байланысты бұл
мәселе әртүрлі жолдармен қарастырылады. Адамды қоршаған тірлік
ортасындағы қауіп-қатер әлемі мен олардың шиеленісуі үзіліссіз үдеуде. Ал
олардан қорғану әдістері мен құралдары айтарлықтай кешеуілдетіп жасалады
және жетілдіріледі. Сол үшін алдын-ала қауіпсіздікті сақтау біздің
мақсатымыз.
Еңбек қауіпсіздігі – тірліктің қауіпсіздігінің аса маңызды компоненті,
себебі еңбек қызметі адамның тіршілігі мен дамуының негізі болып табылады.
Сонымен қатар, адамның іс-тәжірибесі кез келген қызмет-әлуетте қауіпті деп
пайымдауға негіз береді. Бұл аксиомадан екі маңызды тұжырым шығады:
адамзатқа мүлдем қауіпсіз іс-әрекетті өңдеп шығаруға болмайды және іс-
әрекет кезінде адамзат баласына қауіпсіздікті мүлдем болдаырмау мүмкін
емес. Яғни адам қауіпті ортада өмір сүруге бейімделген [15].
Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды болдырмайтын немесе
алдын алуда қолданылатын қорғаныс құралдыр адам ағзасы мен қоршаған
орта үшін ыңғайлы және еңбек шарттарына оптималды болу керек.
Қорғаныс құралдар қауіпті және зиянды заттардан болмау керек. Олар
эстетика және эргономика талаптарына сай, қорғаныстың жоғарғы
дәрежесінде болуы қажет.
Барлық қорғаныс құралдары өзінің функционалдық мақсаттарына
тәуелді үш топқа бөлінеді:
- адамға қауіп төндіретін құралдар;
- қауіп және зиянды өндірістік факторлардың адамға тигізетін әсерін
төмендететін немесе болдырмайтын құралдар;
- алдын ала емдеу және алғашқы медициналық көмек көрсету
құралдары.
Қорғаныс құралдары қолдану сипаты бойынша ұжымдық қорғаныс
құралдар және дара қорғаныс құралдары болып екіге бөлінеді. Біздің
жағдайымызда ұжымдық қорғаныс қолданылады. Ұжымдық қорғаныс
құралдары:
- өндірістік ғимарат пен жұмыс орынының ауасын қалыпты ұстау –
барометрлік қысым көсеткіштерін қалыпты ұстайтын қондырғы; вентиляция
жүйелері, ауаны тазалау және кондициялау, зиянды факторлар әсерін жоятын
қондырғы; жылыту жүйелері; автоматты бақылау және ауаны тазартатын
қондырғы;
68
- өндірістік ғимарат пен жұмыс орындарын қалыпты жарықтандыру –
жарық көзі және жарықтандырғыш ондырғылар, оптималды жарық ойықтар,
жарық сүзгіштер;
- электр тогымен жарақаттаудан қорғану – бөлектеу қондырғылары;
автоматты сөндіру қондырғылары, кернеуді төмендету үшін арналған
қондырғылар және қауіпсіздік белгілері.
Кадр бөлімшесінің қауіпсіздігі ретінде:
- бөлменің ауасын қалыпты ұстау;
- бөлменің жарығын қалыпты жарықтандыру;
- бөлменің электр тораптарының және электр аппараттарының өрт
қауіпсіздігі;
- бөлменің санитарлы-гигиеналық жағдайының қауіпі.
5.2 Дербес компьютердің адамға тигізер әсері және соған
қойылатын талаптар
Биологиялық ғылыми-зерттеу институтының зерттеулері бойынша
әртүрлі аурулардың көрсеткіштері компьютермен жұмыс істеу уақытының
өсуіне тура пропорционал.
Жеке компьютерлер іске қосылғаннан кейін жұмысшы-оператор
аумағында құрылысы жағынан өте күрделі электромагниттік өріс пайда
болады. Электромагнитті өрістердің адамның ең маңызды ағза жүйесіне кері
әсер ететіні дәлелденген. Олар біріншіден жүйке жүйесіне, иммундық жүйеге,
эндокриндік бездерге, жыныс мүшелерінің жүйелеріне әсер етеді.
Электромагнитті өрістер (монитор арқылы бөлінетін) адамның
миындағы гармондарда әртүрлі гармональдық өзгерістер болады. Ең төменгі
электромагнитті өрістер басқа да зиянды факторлармен қосылып, кейде
қауіпті ісік ауруларын (рак), қанның рак ауруларын (лейкемия) тудырады.
Монитордың электромагнитті өрістерді өзіне тарататын шаң – тозаңдар көбіне
бет терісінің қышыма ауруларын, асматикалық өкпе ауруларының қозуына
әсерін тигізеді.
Электромагниттік сәуле - гамма сәулесінің (рентген сәулелерінің) бір
түрі. Ол тек компьютердің мониторынан ғана шығып, тура сызық бойымен
таралмайды. Ол тұрған кеңістіктің бәріне ауадай жайылып тұрады. Қазіргі
компьютер жиынтықтарының барлық құрылғыларында қорғаныш жабыны
мүмкіндігінше жан жағынан жасалған. Әсіресе, ескілеу модельдердің тек
экраны ғана магнитке қарсы қорғанысқа ие. Ал, процессор блогының тоқ
жалғайтын артқы жағы мен екі жақ бүйірінен шығатын толқындар аса зиянды
[16].
Дербес
жиынтық
компьютерде
отырған
адам
екі
жақты
электромагниттік толқындардың ортасында отырады. Оның біріншісі –
монитор, екіншісі жүйелі блок, яңни процессор. Адамға ең зиянды 40-70 ГГц
толқындарын тарататын осы жүйелі блок болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |