Строительство одно из самых значимых структур народного хозяйства



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет17/23
Дата01.12.2017
өлшемі0,72 Mb.
#2634
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

69

 

 



Адамның көз көруі компьютерлік бейнелеуге дағдаланбаған біз әртүрлі 

түстерді  заттарды  кәдімгі  күнгі  жарықта  көруге  жаралғанбыз.  Экрандағы 

көрініс басқаша әртүрлі жарқырауық сәуледен нүктелерден тұрады. Экранның 

бұлдырауы  көптеген  түрлі-түсті  түстердің  жарқырауы  көздің  тез  арада 

шаршауына әкеліп соғады: көздің және маңайының ашуы, тез арада шаршауы, 

шаншу,  жауырын  маңындағы  қатты  аурулар,  көз  қабағының  қызаруы,  көз 

жасаурауы, құрғақ болып көрінуі, мойын бұлшық етінің ауруы «компьютерлік 

көз стресі синдромына» (компьютерный зрительный синдром) айналады. Бұл 

термин  1992  жылы  америкалық  оптометрикалық  бірлестік  енгізді. 

Тәжірибелердің  көрсетулері  бойынша  жоғарғы  белгілер  «компьютерлік  көз 

синдромы»    қолданушылардың  6-7  сағат  жұмыстан  кейін  пайда  болады. 

Әртүрлі  хабарламалардың    адам  миына  жетіп,  есте  қалуының  87%  көру 

органы  рецепторлары,  ал  4%  басқа  органдарға  байланысты  екенін  ескереді. 

Омпьютермен  3  жылдан  аса  уақытта  жұмыс  істейтіндер  арасында  олардың 

жүйке-жүйелерінің әлсіреуі типті иммунно-биологиялық ауыртпалықтарды да 

байқауға  болады.  Көбінде  электрлік  өріс  әсеріне  өзінің  денесіндегі  тоқ 

разряды көбеюі салдарынан тоқ соғу болады. 

Көздер  мәтін  немесе  суреттің  майда  дірілдеулерін,  перденің 

жылтырауын  тез  тіркейді.  Көз  шамадан  тыс  салмақ  әсерінен  көру  қабілетін 

жоғалтады.  Кілегейленген  түсті  сәтсіз  таңдап  алу,  шрифтер,  терезелердің 

құрастырылымы, перденің теріс орналастырылуы көзге теріс әсерін тигізеді. 

Компьютерлік техниканың жүрекке  әсері бірнеше түрлі әдіспен жүзеге 

асады.  Олардың  біразы  техниканың  бірден  әсері  болса,  ал  енді  біреулері 

бірінші бір ағзаға әсерін тидіріп, кейін ол ағзаның жұмысының әлсіреуі ішкі 

ағзалардың жұмысына кедергі келтіреді. 

Монитордың жұмыс істеу  әсері әр кезде қолданушының жасына оның 

көру органын және жұмыс орнын ұйымдастыруына да байланысты. 

Дербес компьютер мониторында мынадай электромагнитті өріс көздері 

болады: 

-  электростатикалық өріс; 

-  әлсіз  электромагнитті  сәулелер  бөлінеді,  төменгі  және  жоғарғы 

диапозондағы (2 Гц – 400 кГц); 

-  рентгендік сәлелер, күлгін түсті сәулелер, инфрақызыл сәулелер. 

 



70

 

 



 

25 сурет 

– Адамның компьютер алдында дұрыс отыру ережесі 

 

Адам  компьютерде  босаң  қалыпта  отырады,  ол  денесінің  қандай 



тұрғыда қисайғанына мән бере бермейді. Бұл ағзаға кері әсер етеді: омыртқа, 

мойын,  бастың  бұлшық  еті,  қол  және  иықтарға  артық  салмақ  түскендіктен 

балаларда – сколиоз, остехондроз аурулары пайда болады. 

Компьютерде  жұмыс  істейтін  адамдардың  денсаулық  жағдайына  теріс 

ықпал ететін негізгі факторлар: 

-  компьютер алдында өте ұзақ уақыт отыру; 

-  монитордың электромагнитті сәулленуінің әсері; 

-  көзге салмақ түсуі; 

-  шаршау; 

-  білезіктердің буындарына шамадан тыс салмақ түсуі; 

-  ес жоғалтуына орай стресс жағдайы. 

Адамның  қозғалмай  ұзақ  уақыт  қозғалмай  үздіксіз  жұмыс  істеуі,  қан 

қысымын  көтереді.  Миопия,  яғни  көз  жанарының  алыстан  немесе  жақыннан 

көру  қабілеті  нашарлайды.  Құлақтың  есту  қабілетін  төмендетеді,  ұйқы 

қабілеті  төмендейді.  Сонымен  қатар,  омыртқаға  көп  күш  түсетіндіктен 

(сколиоз  омыртқа  буынының  қисаюы)  омыртқа  ауруына  шалдығуы  мүмкін. 

Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым 

келтіреді [17]. 

Монитордың  алдында  отыратын  кез  келген  адамға  әсер  ететін 

электромагниттік сәулеленудің зияндылығы өте көп. Көзге көрінбейтін, қолға 

білінбейтін  ұсақ  жиіліктегі  толқындар  жүрек  қан  тамыр  жүйесінің  қызметін 

бұзады. Кеңссе қызметкерлерінің бойын таратып, орнынан мүлде қозғалмауы, 

бір  уақыт  сергіп  компьютерден  дем  алмауы  сәулеленуді  көбейткен  үстіне 

көбейте береді. Ұзақ қозғалыссыз отырғанда, аяқ-қол қан тамырлары, бұлшық 

ерттері тартылып, қозғалысқа мүлде икемсіз юолып қалалы, күш қол білезігі 

мен көзге түседі. Қан айналымның бұзылуы жүрекке кері әсерін тигізеді. 




71

 

 



Жүрек  қан  тамыр  жүйесі  мен  жүйке  жүйесі  үздіксіз  электромагниттің 

зардабын  алдымен  қабылдайды.  Қан  құрамы,  қан  жасушаларының 

жаңалауының  баяулығы,  ақ  қан  ауруымен  ауруы,  көз  жанарының  түрлі 

аурулары  байқалады.  Кеңсе  қызметкерлерінің  иммундық  жүйесі  қорғаныш 

қызметін  атқаратын  арнайы  ферменттерді  қанға  беруін  тоқтатып  жасушалы 

иммунитет жүйесінің әлсіреуін тудырады. Эндокриндік жүйе болса, керісінше 

қанға  өте  үлкен  мөлшерде  адреналин  бөледі  де,  жүрекке  көп  салмақ  түседі. 

Қан  қоюлана  бастайды,  қою  қаннан  жасушаларға  оттегі  жетіспейді.  Ұзақ 

уақыт  электромагниттік  сәулеленуге  ұшыраған  адамның  ас  қорытуында, 

гармональды жақтан да орын алады. 

Компьютер алдында мыналарды ескеру қажет: 

-  компьютердің  мониторы  мен  беттің  арақашықтығы  кемінде  50  см 

болуы қажет.  

-  компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазарылуы тиіс.  

 

 

5.3 Жұмыс бөлме зонасындағы микроклимат  

 

Жұмыс  бөлмелердегі  микроклимат  қоршаған  ортаның  маңызды 

физикалық факторы болып табылады да, жұмыскерлердің денсаулық жағдайы 

мен іскерлігі осыған байланысты болады. Жұмыс саласында жұмысшылардың 

денсаулық  жағдайы  мен  іскерлігін  болжаудың  негізі  ретінде  микроклиматты 

құраушы  негізгі  заңдылықтарын,  профилактика  және  гигиеналық  бағалау 

мінеттері өзекті болып келедеі. 

Микроклимат 

дегеніміз 

– 

шектеулі 



кеңістіктегі 

физикалық 

факторлардың,  яғни  ауа  температурасы,  ауа  ылғалдылығы,  сәулелі  жылулық 

пен  қозғалыс  жылдамдығынан  құралатын  және  адам  организмінің  жылулық 

алмасуына әсер ететін жағдай. 

Жылулық комфорт – адам организміне қолайлы немесе ыңғайлы болып 

келетін  жайлы  ахуал.  Көбіне  жұмыс  бөлмесінде  кондиционерлер 

қолданылады.  Ол  темпереатураны  қалыпқа  келтіру  үшін  қажет.  Жаз 

мезгілінде  бөлмені  суыту  үшін,  ал  қыс  мезгілінде  ауаны  жылыту  үшін 

пайдаланылады.  Бірақ  кондиционердің  де  адамға  жағымсыз  жері  бар, 

автоматты жасанды суытатын құрал болғандықтан, адам денесіне кері әсерін 

де  тигізеді.  Қазіргі кезде  адамның  тамақ  ауруына  немесе нерв  жүйесіне  әсер 

етуі осы кондиционердің әсері. Сол себепті оны қолданғанның өзі де қауіпті.  

Жұмыс бөлімшесінде тек ДК алдында отырып жұмыс атқаратындықтан 

физикалық  ауырлық  жоқ.  Сондықтан  қарапайым  мына  шаралар  ескерілуі 

қажет: 


-  ауа  температурасының  оптималдылығын  -  22

С  (20-24



С  -  рұқсат 

етiледi); 

-  ауаның оптималды ылғалдылығын - 40 -60% (75% - рұқсат етiледi);  

-  ауаның  қозғалыс  жылдамдығы 0.1м/с-тан  аспауы керек.  

 



жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау