Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 1,2 Mb.
Pdf просмотр
бет11/21
Дата07.02.2020
өлшемі1,2 Mb.
#28532
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

ҚР ҚН 2.04-01-2011 

 

19 



7.5.5 Үлкен 

аудандарды  эвакуациялық  жарықтандыру  (дүрбелеңге  қарсы 

жарықтандыру) ауданы  60 м

2

 астам үлкен орынжайларда қарастырылады да  дүрбелеңді 



тоқтатып, эвакуация жолдарына қауіпсіз өту жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Үлкен  алаңдардың  эвакуациялық  жарықтандырылуының  минимальды  жарықтығы 

еденнің  бүкіл  бос  алаңында  0,5  лк-дан  кем  болмау  керек,  орынжай  жиегіндегі  0,5м 

жолақты есепке алмағанда. Жарықтандыру біркелкілігі 1:40 кем болмау керек. 

Үлкен  алаңдардың  эвакуациялық  жарықтандыруының  жұмысының  минимальды 

ұзақтығы  1  сағаттан  кем  болмау  керек.  Жарықтандыру  жұмыстық  жарықтандыру  істен 

шыққаннан  кейін  5  секундтан  кейін  мөлшерленетін  жарықтықтың    50%  қамтамасыз  ету 

керек, ал 10 секундтан кейін мөлшерленетін жарықтықтың  100 %.  

7.5.6 Егер  технологиялық  үдерістің  немесе  жағдайдың  шарттары    бойынша 

жұмыстық  жарық  істен  шыққанда  жұмыстың  бірқалыпты  жалғасуын  қажет  еткен  кезде  

резервтік  жарықтандыруды  қарастыру  керек.  Сонымен  бірге,  осыған  байланысты 

жабдықтарға және механизмдерге қызмет көрсету қалпы бұзылып, мына жағдайларға әкеп 

соқтыруы мүмкін: 

- адамдардың өлімі, жарақаттануы немесе улануы; 

- жарылыс, өрт, технологиялық үдерістің ұзақ уақытқа тоқтауы; 

- қоршаған ортаға уытты және радиобелсенді заттардың тасталуы; 

- электр  станциялары,  радио,  теледидар  хабарларын  тарату  және  байланыс 

тораптары,  диспетчерлік  пункттер,  сумен  жабдықтаудың  сорғы  құрылғылары, 

канализация  және  жылу  жүйесі  нысандарының,  жұмыс  тоқтауына  тыйым  салынған 

өндірістік  орынжайларының ауаны желдету және баптау құрылғыларының бұзылуы және 

т.с.с. 

Резервтік  жарықтандыру,  әдетте,  эвакуациялық  жарықтандыру  мақсаттарына 



қолданылмау  керек.  Егер  резервтік  жарықтандыру  эвакуациялық  жарықтандыру 

мақсаттарына  қолданылатындай  жобаланатын  болса,  онда  о  жоғарыда  келтірілген 

эвакуациялық жарықтандыруға белгіленген тиісті талаптарға жауап беру керек. 

7.5.7 Резервтік  жарықтандыру  жарықтығы  жалпы  жұмыстық  жарықтандыру  үшін 

мөлшерленетін  жарықтың  30  %-нан  кем  болмау  керек.  Резервтік  жарықтандыруға  аса 

жоғары  жарықтықтарды  орнату  қажеттілігі  аталған  нысанның  қызмет  ету  жағдайларына 

байланысты технологтармен белгіленеді. 

Резервтік  жарықтандыру  жұмыстық  жарықтандыру  істен  шыққаннан  кейін  15 

секундтан  аспайтын  уақыт  ішінде  мөлшерленетін  жарықтықтың    50%  қамтамасыз  ету 

керек, ал 60 секундтан аспайтын уақыт ішінде мөлшерленетін жарықтықтың  100 %.  

7.5.8 Жарықтық бағыттауыштары (қауіпсіздік белгілері) орнатылатын жағдайлар: 

- әр эвакуациялық шығу есігінің төбесінде; 

- эвакуация бағыттарын көрсете отырып, эвакуация жолдарында; 

- медициналық көмек постын белгілеу үшін; 

- алғашқы өрт сөндіру құралдарының орналасу орындарын белгілеу үшін; 

- төтенше жағдай туралы хабарлауға арналған шұғыл байланыс құралдарын  

орналастыру орындарын белгілеу үшін. 



ҚР ҚН 2.04-01-2011 

 

20 


Жарық белгісінің негізгі жарық қуаты бұзылғандағы тиісті белгінің қауіпсіздік түсті 

өңірінің кез келген жерінде жарықтығы 10 кд/м

2

 төмен болмау керек немесе  2 кд/м



2

, егер 


түтін (өрт кезіндегі) қауіптілік факторы болып қарастырылмаса. 

7.5.9 Апатты жарықтандыру үшін қолданылатындар: 

а) жарықдиодты жарық көздері; 

б)  люминесценттік  лампалар  –  минимальды  ауа  температурасы    5  ºС    төмен  емес 

орынжайларда және барлық режимдерде лампалардың кернеуі номиналды қуаттың 90 %  

кем болмайтындай жағдайда болу керек; 

в) қысқа мерзімді ажыратылғаннан кейінгі ыстық күйіндегі де, салқын күйіндегі де 

қас  қағым  сәтте  немесе  жылдам  қайта  қосылатындай  жағдайдағы  жоғары  қысымды 

разрядты лампалар; 

г) қызу лампалары – басқа жарық көздерін қолдану мүмкіндігі болмағанда. 

7.5.10 Апатты  жарықтандырудың  жарық  беру  аспаптары  тұрақты  әрекетті  етіп,  бір 

мезгілде жұмыстық жарықтандыру аспаптарымен бірге қосылып тұратын, және тұрақсыз етіп, 

тиісті аймақта жұмыстық жарықтандырудың қуат беру көзі істен шыққан жағдайда, автоматты 

түрде қосылатындай етіп қарастыруға рұқсат етіледі.  Жұмыстық және апатты жарықтандыру 

үшін  біртипті  корпусы  бар  жарықшамдарды  қолданған  жағдайда,  апатты  жарықтандыру 

жарықшамдары қызыл түсті арнайы «А» әрпімен белгілену керек. 

7.5.11 Жарықтық 

бағыттауыштары  мен  апатты  жарықтандыру  белгілеріне 

қойылатын  талаптар  Қазақстан  Республикасының  «Өндірістік  нысандарда  сигналдық 

түстерге,  белгілерге  және  қауіпсіздік  таңбаларынақойылатын  талаптар»  техникалық 

регламентінің талаптарына сәйкес болу керек  

 

7.6 Күзеттік және кезекші жарықтандыру 

 

7.6.1 Күзету жарықтығы (арнайы техникалық күзету құралдары болмаған жағдайда) 



түнгі  мезгілде  күзетілетін  аймақтардың  шекарасы  бойымен  қарастырылу  керек. 

Горизонтальды  жазықтықта  жер  денгейіндегі  жарықтық    0,5лк-дан  төмен  болмау  керек 

немесе шекара сызығына перпендикуляр оналасқан тік жазықтықтың бір жағында жерден 

0,5 м биіктік денгейінде. 

Күзету үшін арнайы техникалық құралдарды пайдаланған кезде, жарықтықты күзету 

жарықтығын жобалау тапсырмасы бойынша қабылдау қажет. 

  7.6.2 Күзету  жарықтығы  үшін  кез  келген  жарық  көздерін  пайдалануға  болады 

(күзету жарықтығы қалыпты жанбаған кезде және күзету дабылдағышының немесе басқа 

техникалық  құралдардың    әсерінен    автоматты  қосыла  беретін  жағдайларды 

ескермегенде). Мұндай жағдайда мыналар қолданылу керек: 

- жарықдиодты жарық беру көздері; 

- нольден  төмен  температураларда  жұмыс  атқаратын  шағын  люминесцентті 

лампалар; 

- қысқа  мерзімді  ажыратылғаннан  кейінгі  ыстық  күйіндегі  де,  салқын  күйіндегі  де 

қас  қағым  сәтте  немесе  жылдам  қайта  қосылатындай  жағдайдағы  жоғары  қысымды 

разрядты лампалар; 

- басқа жарық көздерін қолдану мүмкіндігі болмағандағы қызу лампалары. 



жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау