Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 1,2 Mb.
Pdf просмотр
бет2/21
Дата07.02.2020
өлшемі1,2 Mb.
#28532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ҚР ҚН 2.04-01-2011 

IV 


КІРІСПЕ 

 

Бұл  құрылыс  нормалары    табиғи  және  жасанды  жарықтандыруға  қойылатын 



талаптарды    реттейтін  «Қазақстан  Республикасындағы  сәулеттік,  қалақұрылыстық  және 

құрылыстық  қызмет  туралы»,  «Техникалық  реттеу  туралы»    Қазақстан  Республикасы 

заңдарына  және  басқа  нормативтік  құқықтық  және  нормативтік-техникалық  құжаттарға  

сәйкес әзірленген.  

Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасының құрылыс саласына нормалаудың 

параметрикалық әдісін енгізу үшін әзірленіп, «Ғимараттар мен имараттардың, құрылыстық 

материалдар  мен  бұйымдардың  қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар»  техникалық 

регламентінің  дәлелді  қоры  болып  табылады  да    ғимараттар  мен  имараттар 

орынжайларының,  өнеркәсіптік  және  ауылшаруашылық  кәсіпорындар  алаңдарының, 

автомобиль  және  темір  жолдарының,  қалалардың,  кенттердің  және  ауылдық  елді 

мекендердің  сыртқы  жарықтандыруының    табиғи,  жасанды  жарықтандыруын  қауіпсіз 

орналастыру  талаптарын қамтиды. 




 

 

ҚР ҚН 2.04-01-2011 

СН РК 2.04-01-2011 

 



 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ НОРМАЛАРЫ 

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

ТАБИҒИ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ 

 

ЕСТЕСТВЕННОЕ И ИСКУССТВЕННОЕ ОСВЕЩЕНИЕ 

 

Енгізілген күні  

–  


2015–07–01 

 

1 Қ

ОЛДАНУ САЛАСЫ 

 

1.1 Осы  құрылыстық  нормалар  әр  түрлі  мақсаттағы  жаңадан  салынып  жатқан  және 

қайта құралымданатын ғимараттар мен имараттар орынжайларының, ғимарат сыртындағы 

жұмыс  атқару  орындарының,  өнеркәсіптік  және  ауылшаруашылық  кәсіпорындар 

алаңдарының,    теміржол  жолдарының  жарықтандыруын,  қалалардың,  кенттердің  және 

ауылдық елді мекендердің сыртқы жарықтандыруын  жобалауға таралады. Станоктармен, 

машиналармен  және  өндірістік  жиһазбен  жиынтықта  жеткізілетін  жергілікті 

жарықтандыру құрылғыларын жобалауды осы нормаларға сәйкес жүзеге асыру керек.  

1.2 Осы  ережелер  жинағы  жерасты  өндірістерін,  теңіз  және  өзен  кемежайларын, 

аэродромдарды,  теміржол  станцияларын  және  олардың  жолдарын,  спорт  имараттарын, 

емдеу-профилактикалық мекемелерін, ауылшаруашылық өнімдерін сақтауға, өсімдіктерді, 

жануарларды,  құстарды    орналастыруға  арналған  орынжайларды  жарықтандыруды 

жобалауда,  сондай-ақ  техникалық    күзет  құралдарын  қолдану  кезінде  арнайы 

технологиялық және күзеттік жарықтандыруды жобалауда қолданылмайды 



 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

 

Осы құрылыстық  нормаларды қолдану үшін келесі  сілтемелі  нормативтік құжаттар 

қажет: 

«Ғимараттар  мен  имараттардың,  құрылыстық  материалдар  мен  бұйымдардың 



қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар»  техникалық  регламенті    Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің 2010 жылдың 17 қарашасындағы №1202 қаулысы. 

ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2010 Құрылыстық климатология. 

ҚР ҚН 3.03-10-2014  Трамвай, троллейбус тораптары мен байланыс желілері.

 

ҚР ҚН 3.01-01-2013  Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді 



жоспарлау және құрылысын салу. 

  

Ескертпе  –  Осы  мемлекеттік  нормативті  пайдалану  кезінде  сілтемелі  нормативтік 



құжаттардың  жыл  сайын  жарық  көретін  нормативтік-құқықтық  актілер  жайындағы  ақпараттық 

анықтамалықтар  бойынша,  Қазақстан  Республикасы  аймағында  қолданылатын  сәулет, 

қалақұрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар тізбелері бойынша 

ағымдағы  жылғы  жағдайға  байланысты  және  ай  сайын  басылып  шығатын,  осы  жылғы  тиісті 

ақпараттық    анықтамалық  бойынша  тексерген  абзал.  Егер  сілтемелі  құжат  алмастырылса 

(өзгертілсе),  онда  осы  мемлекеттік  нормативті  пайдаланған  кезде  алмастырылған  (өзгертілген) 



Ресми басылым 


ҚР ҚН 2.04-01-2011 

 

стандартты  басшылыққа  алған  жөн.  Егер  сілтемелі  құжат  алмастырусыз  тізімнен  алып 



тасталынса,  онда  сілтеме  жасалған  ереже  осы  сілтемеге  қатысы  жоқ  бөлігінде 

қолданылады.(Түзету) 



 

3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 

 

 Бұл құрылыстық нормаларда тиісті анықтамалары бар терминдер қолданылады: 

3.1 Апатты  жарықтандыру: Жұмыстық  жарықтандыру  істен  шыққан  жағдайда 

қарастырылатын жарық түрі. 

3.2 Акцент 

жасалатын  жарықтандыру: Жарығы  бәсең  фонда  жекелеген 

бөлшектерді жарықпен бөліп көрсету. 

3.3 Бүйірлі  табиғи  жарықтандыру: Сыртқы  қабырғалардағы  жарық    ойықтары 

арқылы орынжайды табиғи жарықтандыру. 

3.4 Жоғарғы  табиғи  жарықтандыру: Ғимарат  биіктігінің  ауытқу  тұстарындағы 

фонарьлар, қабырғалардағы жарық ойықтары арқылы орынжайды табиғи жарықтандыру. 

3.5 Табиғи 

жарықтандырудың 

геометриялық 

еселендіргіші 

(коэффициенті): Толық  емес  жарық  ойығынан  өтетін  және  толық  ашық  көкжиектен 

сыртқы көлденең жарықтандырудың біруақытты мәніне тікелей ашық аспаннан шығатын 

жарықпен  үй-жайдың  ішіне  берілген  жазықтықтың  қаралатын  нүктесінде  жасалатын 

табиғи жарықтандыру қатынасы, бұл ретте сол не өзге жарықтандыруды жасауда тікелей 

күн сәулесі қатыспайды, пайыздарда беріледі  

3.6 Екі  жақ    бүйірден  табиғи  жарықтандыру: Екі  қабырға  жазықтығында 

орналасқан жарық ойықтары есебінен орынжайды табиғи жарықтандыру. 

3.7 Кезекші жарықтандыру: Жұмыстан тыс уақытта жарықтандыру  

3.8 Жол (қала жолы): Қала аумақтарымен өтетін және қалалық жол-көше желісінің 

құрамдас элементі болып табылатын, сондай-ақ қаланы онымен функционалдық тұрғыдан 

нысандармен  байланыстыратын  және  көшелерге  қарағанда  көбінесе  құрылыстан  бос 

аумақтар бойынша салынатын автомобиль жолы. 

3.9 Қосымша  жасанды  жарықтандыру: Табиғи  жарықтандыруы  жеткіліксіз 

аймақтарда жұмыс күні бойы пайдаланылатын жарықтандыру. 

3.10 Табиғи жарықтандыру: Сыртқы қоршау құралымдарының ойықтары  арқылы 

түсетін аспан жарығымен (тікелей немесе шағылысқан) орынжайды жарықтандыру. 

3.11 Құйылып  түсетін  жарықтандыру: Жарық  беретін  аспаптармен  ғимараттың 

немесе  имараттың  барлық  қасбетін  немесе  оның  басым  бөлігін  жалпы  (біркелкі  немесе 

біркелкі емес) жарықтандыру. 

3.12 Қауіпсіздік  белгісі: Түс,  нысан  және  графикалық  таңбалар  немесе  мәтін 

комбинациясының көмегімен қауіпсіздік ақпаратын беретін белгі. 

3.13 Қозғалыс  қарқындылығы: Қауырт  уақытта  жол  төсемінің  көлденең  қимасы 

арқылы өтетін уақыт бірлігіне (сағатына бірліктер) көлік құралдарының саны. 

3.14 Аралас жасанды жарықтандыру: Жалпы жасанды жарықтандыруға жергілікті 

қосылатын жасанды жарықтандыру. 

3.15 Аралас  табиғи  жарықтандыру:  Жоғарғы  және  бүйірлі  табиғи  жарықтандыру 

үйлесімі. 



жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау