ҚР ҚН 2.04-01-2011
17
7.4 Ғимараттар мен имараттарды сыртқы сәулеттік жарықтандыру
7.4.1 Сыртқы
сәулеттік жарықтандыру кешкі мезгілде аса маңызды
нысандардың айқын және жақсы көрінуін қамтамасыз ету керек және қаланың
жарық ортасының қолайлығын арттыру керек. Сәулеттік жарықтандыру
қондырғылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көздерін қарықтырмау керек.
7.4.2 Ғимараттар, имараттар, монументтер мен ландшафттық сәулет элементтері
қасбеттерінің жарықтығы олардың маңыздылығына, орналасу орны мен оларды қалада
көру қабылдау бойынша басым шарттарға байланысты нормалар бойынша қабылдау
керек.
7.4.3 Сәулеттік
жарықтандыру
қондырғыларын
жобалаған
кезде
жарықтандырылатын
нысандардың
қасбеттерінің
беткі
шағылысу
есептік
еселендіргіштері нақты өлшеулер деректері бойынша қабылданады.
7.4.4 Қасбетті
бірқалыпты құйылған жарықтандыру кезінде максимальды
жарықтықтың минимальды жарықтыққа қатынасы 3:1 аспау керек, ал бедерлі және
көптүсті қасбеттерде 5:1 дейін болу керек. Сонымен бірге максимальды жарықтық негізгі
композициялық-пластикалық элементтерде қалыптасу керек.
7.4.5 Қасбетті бірқалыпсыз құйылған жарықтандыру кезінде максимальды
жарықтықтың минимальды жарықтыққа қатынасы 10:1 кем болмау керек, және 30:1 аспау
керек. Сонымен бірге максимальды жарықтық жарықпен акценттелген элементте пайда
болады.
7.4.6 Жарықтық сәулеттік ансамбльдерді жобалаған кезде басымдығы бар
нысанның басты қасбетінің жарықтығы қабылданады. Бірегей ансамбльдің
бағыныңқы нысандарының жарықтандырылатын қасбеттерінің орташа жарықтықтары кем
дегненде екі сатыға азайтылу керек.
7.4.7 Әр жақтан көрінетін көлемді монументтер, ескерткіштер, кіші сәулеттік
формаларды композициялық тұрғыдан нысанды қабылдаудың негізгі бағытымен
байланысатын есептік жазықтықты белгілейтін айқын бағдарланған жарықтық ағымы бар
екі-үш жақтан жарықтандыру керек.
7.4.8 Сәулеттік жарықтандырудың қондырғыларында разрядты жары көздері
мен жарықдиодтары бар жарықшамдарды қолдану керек.локальды жарық беру
кезінде хроматикалық сәулелену көздерін пайдаланған жөн.
7.4.9 Сәулеттік жарықтандыру аспаптарының жарық беру көздері қозғалыстың
басты
бағыттарындағы
жүргізушілер
мен
жаяу
жүргіншілердің
көздеріне
шағылыспайтындай орналасу керек немесе жарық қорғау құрылғыларынмен экрандалу
керек.
7.5 Апатты жарықтандыру
7.5.1 Апатты жарықтандыру эвакуациялық және резервті болып бөлінеді.
Эвакуациялық жарықтандыру: эвакуация жолдарын жарықтандыру, қауіптілігі жоғары
аймақтарды жарықтандыру және үлкен алаңдарды эвакуациялық жарықтандыру
(дүрбелеңге қарсы жарықтандыру).
ҚР ҚН 2.04-01-2011
18
Апатты жарықтандыру негізгі (жұмыстық) жарықтандырудың қуат көзі бұзылған
жағдайда қарастырылады, және жұмыстық жарықтандырудың қуат көзіне тәуелсіз қуат
көзіне жалғанады.
7.5.2 Орынжайларда немесе ғимараттардан тыс жерлердегі жұмыс атқару
орындарындағы эвакуация жолдарын жарықтандыруды эвакуация бағыттауыштары
бойымен қарастыру керек:
- эвакуация бағыты бойындағы дәліздер мен өтпелерде;
- еден немесе жабын денгейі өгерген жерлерде;
- маршрут бағытының әрбір өзгерген учаскесінде;
- өтпелер мен дәлісдер қиылысында;
- басқыш марштарында, сонымен қатар әрбір текпішекке жарық түзу түсу керек;
- әрбір эвакуациялық шыға берістің алдында;
- әрбір медициналық көмек көрсету нүктесінің алдында;
- төтенше жағдай туралы хабарлауға арналған шұғыл байланыс құралдырын және
басқа құралдарды орналастыру орындарында;
- өрт сөндірудің алғашқы құралдарын орналастыру орындарында;
- эвакуация жоспарын орналастыру орындарында.
7.5.3 Ені 2 м дейінгі эвакуация жолдары үшін өтпенің еденінің орталық сызығы
бойындағы көлденең жарықтық 1 лк-дан төмен болмау керек, сонымен қатар өтпе енінің
50% кем емес орталық сызыққа симметриялық тұрғыда орналасқан жолақ енінің
жарықтығы 0,5лк төмен болмау керек.
Ескертпе – Ені үлкендеу өтпелерді екіметрлік жолақтар қосындысы есебінде қарастыруға
болады немесе оларға үлкен алаңдарға арналған (дүрбелеңге қарсы жарықтандыру) нормаларды
қолдану керек.
Минимальды жарықтандырудың максимальды жарықтандыруға қатынасы есебінде
анықталатын жарықтандыру біркелкілігі 1:40 төмен болмау керек.
Эвакуация жолдарын жарықтандыру ұзақтығы 1сағаттан кем болмау керек.
Эвакуация жолдарын жарықтандыру жұмыстық жарықтандыру істен шыққаннан
кейін 5 секундтан кейін мөлшерленетін жарықтықтың 50% қамтамасыз ету керек, ал 10
секундтан кейін мөлшерленетін жарықтықтың 100 %.
7.5.4 Қауіптілігі жоғары аймақтарды эвакуациялық жарықтандыру әлеуеті қауіпті
үдерістің немесе жағдайдың қауіпсіз аяқталуына дейін қарастырылу керек.
Қауіптілігі жоғары аймақтарды эвакуациялық жарықтандырудың минимальды
жарықтығы жалпы жұмыстық жарықтандырудың нормаланған жарықтығының 10%
құрау керек, бірақ 15 лк-дан төмен емес. Жарықтық біркелкілігі 1:10 төмен болмау
керек.
Жарықтандырудың минимальды ұзақтығы адамдарға қауіп төніп тұрған уақытпен
анықталу керек.
Қауіптілігі жоғары аймақтарды эвакуациялық жарықтандыру жұмыстық
жарықтандыруды қуаттау көзі істен шыққан соң 0,5с кейін нормаланатын
жарықтандырудың 100 % қамтамасыз ету керек.