5 басылым 18. 09. 2013 ж беттің -сі



жүктеу 7,13 Mb.
бет1/89
Дата05.02.2018
өлшемі7,13 Mb.
#8525
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89

ПОӘК 042-18-12.1.117/03-2013

5 басылым

18.09.2013 ж.

беттің -сі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18-12.1.117/03-2013



«Экономикалық-математикалық модельдеу» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№5 басылым 18.09.2013ж


«Экономикалық-математикалық модельдеу»

пәнінен оқу-әдістемелік кешен

5В050703- «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей

2013
мазмұны

1. Глоссарий


2. Дәрістер

3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

4. Студенттің өздік жұмысы


1. глоссарий


Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған:

1.1. Базистік шешім — шешілетін облыс төбесінде орналасқан сызықты программалау есебін шешудің қолайлы шешімі.

1.2. Қолайлы жоспар — шексіздіктер жүйесін қанағаттандыратын шешім.

1.3. Динамикалық программалау — шешімді табу процесі көпэтапты болып табылатындай есеп шешімінің әдісі.

1.4. Ойын – бұл ойынға қатысушылардың арасындағы іс-әрекеті немесе формальды жанжалы.

1.5. Ойыншы — ойын моделіне қатысушы.

1.6. Итерация — алгоритмді өндіру сатысы.

1.7. Сызықты шектеулер коэффициенті — ресурстарды шығындау ресурстары.

1.8. Сызықты программалау (СП)— шектеулер мен мақсат функция сызықты болатын есепті шешу әдісі.

1.9. Модель —зерттеуді жеңілдету үшін құрылған объектінің шартты образы.

1.10. Шектеулер — ресурстар үшін тәуелділікті орнататын теңсіздік.

1.11. Оптималды шешім — қабылданған критерий ең жақсы мәнді қабылдайтын вариант.

1.12. Айнымалы — әр түрлі мәндерді қабылдайтын шама.

1.13. Төлемдік матрица — тікбұрышты кесте.

1.14. Ойын ережесі — қандайда бір мақсатқа жетуге бағытталған ойыншылардың іс-әрекеті.

1.15. Симплекс-әдіс — сызықты программалау есебін шешу әдісі.

1.16. Стратегия — ойын процесінде қалыптасқан жағдайларға байланысты әрбір қадамда ойыншының мінезін анықтайтын ережелер жүйесі.

1.17. Транспорт есебі — біртекті жүктерді бір пункттен берілген сұраныс бойынша екінші пунктке тасымалдаудың экономды жоспары туралы есеп.

1.18. Ойыншы қадамы —іс-әрекеттің қарастырылған ережелерінің біреуін таңдау және жүзеге асыру.

1.19. Мақсат функция — қабылданатын шешім (пайда максимумы, шығын минимумы) сапасын сипаттайтын белгі, оптимизация критерийі.

1.20. Экономикалық-математикалық әдістер — 60-шы жж. басында академик В.С. Немчиновпен енгізілген экономикалық және математикалық пәндер кешенінің атауы.

1.21. Экономикалық-математикалық модель — бұл зерттелетін эономикалық процесс немесе объекті математикалық сипаттау.

1.22. Экономикалық-математикалық модельдеу — экономикалық-математикалық модель құру процесі.

2. Дәрістер


Дәріс сабағының құрылымы:

Дәріс №1.

Тақырып: Экономикалық-математикалық модельдеуге кіріспе.

Сызықты программалау есебін жазудың үш формасы.

Дәріс сұрақтары:

  • Модельдеудің негізгі түсініктері.

  • Модельдің негізгі типтері.

  • Сызықты программалау есебін жіктеу.

  • СП есебін жазудың жалпы формасы.

  • СП есебін жазудың стандартты формасы.

  • СП есебін жазудың негізгі (канондық) формасы.

  • Жазудың бір формасынан екіншісіне көшу.

Қазiргi кезеңдегi ғылымдардың даму ерекшелiктерiнiнiң бiрi-олардың әр түрлi салаларын зерттеуде математикалық әдiстер кең қолданылуда. Осы курстың негізгі түсінігі болып математикалық модель саналады. Қазіргі уақытта бір-бірінен анықтамасы бойынша айырмашылығы көп "модель" түсінігі көптеп кезігеді. Жалпы жағдайда модель сөзі – бұл нақты объектінің бейнесі. Мұндай бейне ретінде сызбаны, фотографины және т.б. алуға болады.

Сонымен, модель-зерттеуге тиімді болу үшін алынған объектінің шартты образы. Экономикалық-математикалық модельдеу дегеніміз-зерттегелі отырған эономикалық процесстерді немесе құбылысты белгілі бір математикалық өрнектер түрінде бейнелеу немесе сипаттау. Бұл модель экономикалық процесс заңдылықтарын математикалық қатынастардың көмегімен абстрактілі түрде өрнектеу. Экономикалық-математикалық модельдеу процесі-экономикалық математикалық моделдеу (ЭММ) деп аталады.

Әрине, экономикалық объектіні моделдеу және математикалық моделін құру өндірістік процесстердің экономикалық талдауын математикалық анализге әкеліп, және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Модельдер екiге бөлiнедi:


  • Ақыл-ой моделi: үй схемасы, масштабы т.б.

  • Физикалық модель: самолет макеті, үй макеті және т.б.

Экономикалық модельді құру.

  1. Зерттеудің мақсаты мен заты талданады.

  2. Қарастырылып отырған экономикалық жүйеде берілген мақсатқа сәйкес келетін құрылымдық немесе функционалдық элементтер бөлініп, осы элементтердің өте қажет сапалы мінездемелері айқындалады.

  3. Модель элементтерінің арасындағы өзара байланыс сөзбен, сапалы түрде сипатталады.

  4. Экономикалық объекттердiң алынған мінездемелеріне символдық белгілеулер енгізіп, олардың арасында өзара байланыстың қаншалықты болуын пішіндеу. Осылайша математикалық модель құру.

  5. Математикалық модель бойынша есептеулер мен алынған шешімнің талдауы жүргізіледі.

­ Өндірісті талдау мен жоспарлауда қолданылатын барлық экономика-математикалық модельдерді екi топқа бөлуге болады. Бiрiншi топты мазмұны жеке шаруашылықтағы экономикалық талдау мен жоспарлаудан тұратын микроэкономикалық модельдер құрайды, ал екінші топты экономикалық талдаудың мәселелерін шешіп, қарастырудан тұратын макроэкономикалық модельдер құрайды.

Экономико-математикалық моделдерді сонымен қатар уақыт факторының есебіне байланысты былай бөледі: статистикалық (барлық тәуелділіктер бір уақыт мезетіне жатқызылады) және динамикалықе (дамудағы экономикалық жүйені сипаттайды); нақты және жуық; математикалық аппарат түріне байланысты: матрицалық, сызықтық, сызықтық емес, корреляция-регрессиялық және т.б.


Сызықтық программалалаудың жалпы және негізгі есебі.

Шектеулі ресурстарды тиімді бөлу есептері. Осы топқа жататын экономикалық есептерді математикалық өрнектер түрінде бейнелеу үшін дара өнімді шығаруға қажет әр ресурстың шығыны мен ресурстардың жалпы шектеулі көлемі, дайын өнімдердің жеке өлшемінің бағасы берілуі тиіс.



Мысал. Екі түрлі Р1 және Р2 өнімдерін шығару үшін S1, S2, S3, S4 төрт түрлі ресурс пайдаланатын бір кәсіпорынды алайық. Ресурс ретінде шикізат, ақша, құрал-жабдық, жұмыс күші және т.б. алынады. Өнімнің дара түріне жұмсалатын ресурс мөлшері, ресурс көлемі, өнім бірлігінен алынатын пайда төмендегі кестеде берілген.


Ресурс түрлері

Ресурстың жалпы қоры


Өнім бірлігін дайындауға жұмсалған ресурс бірлігінің саны

P1

P2

S1

18

1

3

S2

16

2

1

S3

5

0

1

S4

21

3

0

Өнім бірлігінен алынатын пайда, сом

2

3

Өнімді сатқанда пайда максималды болатындай сол өнімді шығару жоспарын құрыңыз.



Шешуі. Есептің экономикалық-математикалық моделін құрамыз.Ол үшін шартты белгілеу енгіземіз. х1, х2-шығарылатын Р1 және Р2 өнімдерінің саны. ­Өнімдерді дайындауға ресурсының бірлігі,
жүктеу 7,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау