28
Ұйымдардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша
жобаларды жүзеге асыруға қаржыландыру тарту мақсатында «Қазақстан
инжиниринг» ҰК» АҚ мемлекеттік бағдарламаларды жасау мен оларды жүзеге
асыруға белсенді қатысуы керек. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның
көптеген еншілес ұйымдарының өндірістік технологиялары ескірген және
жаңартуды қажет етеді. Сондай-ақ, Холдингтің мемлекеттік бағдарламаларды
жасау мен оларды жүзеге асыру жұмысында селқостық танытуы байқалады.
Мақсаттары Холдингтің қызметінің мақсаттарымен сәйкес келетін мемлекеттік
бағдарламалар бар, алайда Компания оларға қатысуға белсенді емес.
Қаржыландырудың арзан және ұзақмерзімді көздерінен айырылып қалуда.
Кесте 6.5.1.1. Мемлекеттік бағдарламалар
«Тыныс» АҚ «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрлы
технологияларды енгізуді бастаған жалғыз зауыт болып табылады.
«Мұнаймаш» АҚ «Өнімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында
өндірісті жаңғырту жобасын жүзеге асырды. Холдингтің көптеген
кәспорындары жаңғырту мен инновация енгізуге қатты мұқтаж кезінде аталған
жобалар өте аз.
Сонымен қатар, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ МҚТ қалыптастыру
үдерісінде сақтанушы рөл атқарып, тек оны орындаушы емес, тапсырыс
берушілердің қажеттілктерін, өнімнің техникалық ерекшеліктері мен
талаптарын анықтауда белсенді қатысушы болуы тиіс. 3 Бағыт
«Ұйымдастырушылық дамуда» көрсетілген стандарттау мен сертификаттаудың
орталықтандырылған қызметін арттыру сапа стандарттары мен техникалық
талаптарды анықтау үдерісінде тапсырыс берушімен тиімді өзара жұмыс
жасаудың негізі болады. МҚТ қалыптастыру және оны орындау кезеңдеріне
Холдингтің қатысу механизмі «Табыстың өсімі» Стратегиялық бағытында
анықтап жазылған.
29
Өзекті әрекеттер:
1. ҚӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын бастау;
2. Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін ЕТК қолдау
көрсету;
3. Жаңа мемлекеттік бағдарламаларды жасауға қатысу. Мемлекеттік
бағдарламаларды жасау мен оларды жүзеге асыруда Холдингтің инвестициялық
қажеттіліктерін байланыстыру;
4. МҚТ қалыптастыру мен оны орындау үдерісінде сақтанушы рөлді
иелену.
Баға белгілеу әдістерін, сондай-ақ әскер өкілдеірінң рөлі мен
өкілеттіктерін өзгерту қажет. Бүгінгі күні кәсіпорындарда әскери өкілдердің
жұмысына байланысты бірқатар мәселелер орын алуда:
−
Айқын емес баға белгілеу
МҚТ орындау үшін табыстың мөлшері әскери өкілдермен белгіленеді.
Бұл жерде сәйкес нұсқаулық пен табыс мөлшерін есептеу әдістемесі жоқ,
−
МҚТ
орындауда
өзіндік
құнды
түсіруге
экономикалық
ынталандырудың болмауы
Тапсырыс беруші берген сомадан өзіндік құн төмен болған жағдайда,
алдын ала «белгіленген» табыс мөлшерін ескере отырып, келісім-шарттағы баға
азаяды және үнемделген қаражат қайтып келеді. Ұсынылған сомадан өзіндік
құн артық болған кезде, келісім-шарттағы баға артпайды және орындаушы
шығынға ұшырайды.
−
Әскери өкілдердің біліктілігі
Өндіруші-зауытта ҚӘТ қабылдайтын әскери өкілдер көбіне тиісті
техникалық білім мен жұмыс тәжірибесіне ие емес. Бұл өз кезегінде қосымша
түсініктеме мен келіссөздерді қажет етіп, өндірісті әр кзееңде тежейді.
−
Қосарлы әскери қабылдау
Кейбір жағдайларда өндірілген ҚӘТ өндіруші-зауытта әскери өкілдер
жасаған қабылдауға қарамастан, қолдану орнында (әскери бөлім) тікелей
қайтадан қабылданады. Бұл ретте ҚӘТ қайтадан қабылдау нәтижесінде өнімді
тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келмейді деп тану мүмкіндігі
сақталады.
−
Импортты қоспағанда, қазақстандық өндірістің әдейі жеңілетін
жағдайы
МҚТ аясында импорттық сатып алу кезінде сатып алынатын ҚӘТ
өндірістің әртүрлі кезеңдерінде тапсырыс берушінің баға мен сапа талаптарына
тексерілмейді. Осылайша, МҚТ отандық орындаушы шетел жеткізушілерімен
салыстырғанда, әдейі жеңіледі.
МҚТ қалыптастыру үдерісінде Холдингтің сақтандырушы рөлі өнімнің
қажеттілктері мен талаптарын анықтауды қоса отырып, ұзақмерзімді жоспарлау
үшін жағдай жасайды. Холдинг қолда бар өндірістік қуаттылыққа негізделе
отырып, тауардың түрлерін ұсынады, сонымен қатар тапсырыс берушінің
30
ағымдағы қажеттілігіне сай өндірістік үрдісті уақытылы бейімдеу жолымен
икемділікті көрсетеді. ҚӨК саласында баға белгілеу әдістерін жетілдіру
зауыттардың үрдістерді оңтайландыру жолымен шығындарды азайтуына
әкеледі.
Мемлекеттік бағдарламаларға белсенді түрде қатысу операциялық және
өндірістік тиімділік пен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға
ұзақмерзімді қаржыландыру тарту мүмкіндігін береді. Сондай-ақ, мемлекеттік
бағдарламаларды жасау мен оларды жұзеге асыру кезінде Холдинг пен
өндірістің мүдделері ескеріледі. ҚӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын
бастау ғылымды қажет ететін өндірісті дамыту мен бәсекеге қабілетті
жоғарытехнологиялы шешім мен өнім жасауға жағдай жасайды.
Әлемдік энергетикалық ресурстардың шектеулігі экономиканың әртүрлі
секторының компанияларын энергия үнемдеу бағытында жұмыс істеуге
мәжбүрлейді. Өндірістің энергия үнемділігін арттыру, энергетикалық
шығындарды және атмосфераға ластаушы заттардың шығуын азайту, өндірістік
үдерістерді жетілдіру көптеген компаниялар үшін экономикалық неізделген
қажеттілік болып табылады.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес компанияыларының көбі
жаңартуды қажет ететін, ескі өндірістік технологиялар мен құрал-жабдықтарды
қажет етеді. Жаңғырту жасау кезінде шығын азайту мен өндірістің тиімділігін
арттыру әсерін екере отырып, алдыңғы «жасыл» технологияларды ендіру
мүмкіндігін қарастыру қажет.
Негізгі міндеттер
› Кәсіпорынның энергоаудиті: ағымдағы жағдайды талдау мен энергия
үнемдеу әлеуеті;
› Энергия үнемділік бойынша іс-шарлар жоспарын жасау және жүзеге
асыру;
› Энергия қолданатын құрал-жабдықтарды сатып алу мен жаңғырту
жобаларына қойылатын талаптарды қалыптастыру;
› Экологиялық менеджмент жүйесін енгізу.
Жасыл технологиялар
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ зауыттарында қолданылуы мүмкін
әлемнің үздік тәжірибелері мен «жасыл» технологиялары бар.
Энергия үнемділігін арттыру технологиялары энергия шығынан
үнемдеуге мүмкіндік береді:
11
› Жылу мен энергияны қайта пайдалану энергияны 34% үнемдейді;
› Жылыту, желдету және ауаны ұстап тұру жүйесін жетілдіру -16%;
› Энергеикалық жүйелерді біріктіру және үздік тәжірибелерді қолдану
(ағымдағы жүйені өзгертуге) - 30%*;
11
https://www.energy.gov/sites/prod/files/2014/05/f15/energy-nam.pdf
Достарыңызбен бөлісу: |