Стратегиялық мақсат: Холдинг активтері қоржынының өтелімділігін арттыру



жүктеу 1,75 Mb.
Pdf просмотр
бет2/15
Дата25.12.2019
өлшемі1,75 Mb.
#24922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 

 



-  Жеткіліксіз  қолдау.  Әріптестердің  басшылығы  тек  жобаға  бастама 

білдіру сатысында қатысып, іске асыру барысында жеткіліксіз көмектеседі;  

-  Әлсіз  басшылық.  БК  басшылығы  үшін  бас  кеңсенің  дарынды 

қызметкерлері  жіберілмейді.  Сонымен  бірге,  бас  директорға  екі  әріптестің 

мүдделерін теңгерімдеу қажет.  

 

Міндет: Консорциумдарды құру 

Соңғы  уақытта  ел  ішінде  ішкі  нарықтың  дамуына  және  өндіруші-

компаниялардың технологиялық даму деңгейінің артуына орай, консорциумдар 

құру үшін қолайлы жағдайлар қалыптасуда.  

Консорциум  –  заңды  тұлғалардың  ерікті  тең  құқықты  одағы,  онда 

қатысушылар  нақты  экономикалық  міндеттерін  шешу  үшін  ресурстарын 

біріктіріп, күштерін үйлестіреді.  

Консорциумдарды құрудан болатын оң әсер:  

›  Нарықта  тиімді  алға  жылжу.  Ірілендіру  жолымен  бәсекеге 

қабілеттілікті арттыру;  

›  Саладағы 

НҚА 


ықпал 

ету 


мүмкіндігі.. 

НҚА 


әзірлеуде 

шоғырландырылған пікірді қорғау;  

›  Өндірістік  қуаттарды  ұлғайту.  Өзара  толықтыратын  кәсіпорындардың 

үйлестірілуі өндірістік мүмкіндіктерді арттырады;  

›  Инновацияларды 

дамыту. 


ҒЗИ, 

университеттер 

және 

басқа 


кәсіпорындармен ынтымақтастық;  

›  Шығындар  мен  тәуекелдерді  төмендету.  Қатысушылар  арасында 

шығындар мен тәуекелдерді біркелкі бөлу. 

 

 «Қазақстан  инжиниринг»  ҰК»  АҚ  2016  жылы  құрылған  және  бүгінгі 



таңда  жеңіл  өнеркәсіптің  44  кәсіпорнын  біріктіретін  «Жасампаз»  отандық 

өндірушілер  консорциумымен  жұмыс  тәжірибесі  бар.  Консорциум  мен 

«Қазақстан  инжиниринг»  ҰК»  АҚ  арасында  мемқорғаныс  тапсырысын 

орындауға келісімшартқа қол қойылып, оның шегінде соңғы екі жылдың ішінде 

консорциум  ҚР  Қарулы  күштері мұқтаждықтары  үшін  заттай  мүлікті  табысты 

өндіруде.  Холдингке  жаңа  нарықтарды  игеру  үшін  басқа  бағыттарда 

консорциум  құру  мүмкіндіктерін  қарастырған  жөн.  «Қазақстан  инжиниринг» 

ҰК»  АҚ-нда  қазіргі  уақытта  меншікті  өндірістік  ресурстары  жоқ  салаларға 

назар бөлген жөн.  

Қарулы  құрылымдардың  мұқтаждықтарын  қамтамасыз  ету  үшін 

консорциумдарды 

(қауымдастықтарды) 

құру 

бойынша 

Испанияның 

тәжірибесі  

1. Қорғаныс 

және 

аэронавтика 



саласындағы 

технологиялық 

компаниялардың  қауымдастығы  (TEDAE)  76  жоғары  технологиялық 

компанияны біріктіреді.  

Қызметі: 



 

 



-  Ішкі,  сондай-ақ  халықаралық  нарықтарда  компанияларды  алға 

жылжыту;  

-  Өнеркәсіп кешеңін дамыту;  

-  Компаниялар мүдделерін қорғау;  

-  ҒЗТКЖ қолдау;  

-  Кәсіпорындарды үйлестіру мен ынтымақтастығына жәрдемдесу. 

2. Мем.әкімшілік мердігерлерінің қауымдастығы (AESMIDE). 

Қорғаныс  министрлігі  мен  басқа  меморгандар  үшін  жеткізуді  жүзеге 

асырады. Қызмет саласы:  

-  логистика,  телекоммуникациялар,  инфрақұрылым,  жеңіл  өнеркәсіп, 

тұрмыстық химия және б.; 

-  B2G ынтымақтастықты дамыту; 

-  Өзара  әрекет  ету  үшін  алаңдарды  ұйымдастыру  (кездесулер, 

форумдар). 

 

Күтілетін нәтижелер 

2020  жылға  қарай  КИ  2027  жылға  дейін  активтер  қоржынын  қайта 

құрылымдау  жоспарын  әзірлеу  күтілуде.  ROA  активтер  өтелімділігі 

көрсеткішін арттыру.  

Жалпы,  активтер  қоржынын  тиімді  басқару  КИ  барлық  активтерін 

қызметтің  салалық  бағыттары  айналасында  біріктіруге,  бұл  ретте  Холдингтің 

нарық құнын арттыруға мүмкіндік береді. 

 

 



5.3.  Стратегиялық бағыт 4: Инновациялық даму 

Қарқынды  экономикалық  өсу  нарықтық  жүйедегі  компаниялардың 

бәсекеге  қабілеттілігінің  маңызды  факторы  болып  табылады.  Экономиканың 

нарықтық үлгісін жетілдіру процесінде өндірістің жаңа технологиялық негізде 

дамуына,  ғылыми-техникалық  әзірленімдер  нәтижелерін  өндіріске  іске  асыру 

бойынша  инновациялық  қызметті  жандандыруға,  жаңа  технологиялыққ 

процестерді жасауға көңіл бөлінуі тиіс.  

Инновациялық өнімді жасау ғылыми-техникалық ойды өндіріске енгізуге 

жарамды нәтижеге дейін жеткізумен байланысты іс-шаралар кешеңінен тұрады:  

›  Инновациялық өнімді әзірлеуге ҒЗТКЖ;  

›  Инновациялық өнімді игеру және шығару;  

›  Шығарылған инновациялық өнімді сату;  

›  Экономикалық тиімділігін бағалау. 

Кейіннен  инновациялық  өнімді  шығарумен  ҒЗТКЖ  жүргізу  үшін  негіз 

болып  Холдингтің  маркетингтік  стратегиясы  болуы  тиіс.  Нарықтардың 

қажеттілігін,  соңғы  трендтерді  тегіс  қамти  алатын  зерделеусіз  сұранысқа  ие 

және  бәсекеге  қабілетті  өнімнің  өсетін  сатылымдары  түріндегі  сезінерлік 

қаржылық нәтижелерді әкелетін тиімді ҒЗТКЖ ретке келтіру мүмкін емес.  




 

 



Ішкі  және  сыртқы  нарықтардың  маркетингтік  зерттеулері  нәтижесінде 

алынғанн мәліметтер негізінде ортақ стратегия бөлігі ретінде ҒЗТКЖ бойынша 

стратегияны  әзірлеу  қажет,  ол  ҒЗТКЖ  процесінің  екіұштылығын  еңсеруге 

мүмкіндік беріп, осы саладағы қызмет ерекшелігін анықтайды.  

Жалпы, инновациялық даму шегінде мына мақсаттарға жету қажет:  

1) инновациялық құзыретті дамыту;  

2) 

шығарылатын 



өнімнің 

және 


көрсетілетін 

қызметтердің 

инновациялылығын және технологиялылығын арттыру.  

 

 



5.3.1. Стратегиялық мақсат: 

Шығарылатын 

өнімнің 

және 

ұсынылатын 

қызметтердің 

инновациялылығын 

және 

технологиялылығын арттыру 

 «Шығарылатын 

өнімнің 

және 


ұсынылатын 

қызметтердің 

инновациялылығын  және  технологиялылығын  арттыру»  мақсаты  шегіндегі 

міндеттер болып мыналар табылады:  

›  Холдинг құрылымында көп салалы инновациялық орталықты (ҒЗТКЖ) 

құру;  


›  Қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру;  

›  Өндірістік  процестерді  цифрландыру 

арқылы  Индустрия  4.0 

технологияларын енгізу.   

 

Міндет:  Холдинг  құрылымында  көп  салалы  инновациялық 

орталықты (ҒЗТКЖ) құру 

ҚӨК  саласын  дамыту  ғылыми  және  конструкторлық  әлеуетті  қолдаусыз 

мүмкін  емес.  Дүниежүзілік    тәжірибе  ғылыми  әлеуетті  дамыту  қорғаныс 

өнеркәсібіне,  жаңа  технологияларды  жасауға  оң  әсер  етіп  қоймай,  елдерді 

дамытудың  экономикалық  аспектісін  қолдайтынын  көрсетеді.  Көптеген 

дамыған  елдерде  қорғаныс  өнеркәсібі  ғылымды  дамытуға  елеулі  акцент 

жасайды. Мәселен, АҚШ-та DARPA, ал Оңтүстік Кореяда DAPA құрылды.  

DARPA  (Defense  Advanced  Research  Projects  Agency)  қорғаныстың 

перспективалы  зерттеулері  агенттігі  АҚШ  Қорғаныс  министрлігінің  агенттігі 

болып  табылады,  ол  әскерилермен  қолдану  үшін  жаңа  технологияларды 

әзірлеуге  жауап  береді.  DARPA  қосымша  жақсартулардың  орнына  түрлену 

өзгерістеріне  тырысады.  DARPA  штатында  шамамен  240  қызметкер  бар, 

олардың  ішінен  шамамен  140  –техникалық  мамандар.  Агенттік  елдің  әскери 

қызметтеріне  тұрақты  назармен,  академиялық,  корпоративтік  және  үкіметтік 

әріптестері енетін ғылыми, инновациялық экожүйе шегінде жұмыс істейді.  

Оңтүстік  Корея  үкіметінің  DAPA  (Defence  Acquisition  Program 

Administration) Қорғанысты қамтамасыз ету бағдарламасының әкімшілігі елдің 

қорғаныс  қабілеттілігін  арттыруға,  әскери  жеткізілімдерге  және  қорғаныс 

өнеркәсібін дамытуға жауап береді. Ғылымды қажет ететін процестерді дамыта 

отырып,  DAPA  қарудың  озық  және  күрделі  жүйелері  өндірісін  әзірлеу  мен 




жүктеу 1,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау