20
5.6.2. Стратегиялық мақсат: Табыстылықты арттыру
Қатты бәсеке заманында табыстылықты арттыру – Холдингтің бастапқы
міндеті. Табыс пен өндірістің табыстылыға – кәсіпорынның тиімді жұмысын
сипаттайтын сапалы көрсеткіштер. Өндірістің табыстылығын арттыратын
жолдарды анық көрсету керек: өнімнің өзіндік құнын азайту, негізгі өндірістік
қорды қолдануды жақсарту, айналыс қаражатының айналысын арттыру.
Кәсіпорынның табыстылығын арттырудың негізгі жолдары – еңбек өнімділігін
арттыру, өнімнің өзіндік құнын азайту, сататын тауар көлемін арттыру, өнім
сапасын арттыру (жоғары сапалы өнім жоғары бағамен сатылады), өндірістік
қорды тиімді пайдалану. Табыстылық деңгейіне сондай-ақ өнімнің құрылымы
мен бағасы да әсер етеді.
Міндет: Заманауи өндірісті құру, дамыту және жаңғырту
Бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында Холдинг ЕТҚ технологиялық
жаңғырту, өндірісті цифрлауға өту және автоматтандыру қажет. Мұндай
бастамаларды қаржыландыру үшін компания ИИДМБ, Цифрлы Қазақстан
тәрізді мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы тиіс. Сонымен қатар,
қаржыландыру көзі болып компанияларды біріктіру немесе бәсекелестік ортаға
көшуден түсетін Компанияның өз қаражаты табылады. Компанияларды
біріктіру себебі болуы мүмкін: қызмет бағытының ұқсастығы, географиялық
жақындығы, ұжымдық мәдениеттің үйлесімділігі, өндірістік қуаттың төмен
жұмысбастылығы. Мұндай бірігулер нәтижесі ретінде әкімшілік шығындарды
үнемдеуді айтуға болады.
Ұжымдық орталықтың («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ) жалпы және
әкімшілік шығындарын субсидиялау шешімін қабылдау қажет, бұл еншілес
кәсіпорындар базасында заманауи өндірісті құру немесе қолданыстағы
өндірісті жаңғырту жобаларын қаржыландыру мәселесін біршама шешеді.
Қазіргі таңда ұжымдық орталықтың толықтай жұмыс істеуі үшін
компанияларға даму үшін қаражат қалдырмай, дивиденд арқылы ЕК табысын
тартып алуға мәжбүр.
Міндет: Машина жасау, ҚӨК дамыту саласында мемлекеттік
бағдарламаларға қатысу және бастама болу
21
Қазіргі күні Қазақстанда ҚӨК-ті дамыту мен оған қолдау көрсетуге
бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоқ. Мысалы, мемлекет көлік өндірісіне –
36 млрд теңге, құрылысқа – 2,1 трлн теңге, банк саласына – 2,33 трлн теңге
қаражат бөледі. ҚӨК саласындағы компаниялар нарықтағы банк өнімдеріне
шектеулі мөлшерде ғана қол жеткізе алады. Бұл елдің ,ылыми-зерттеу
әлеуетінің төмендеуіне әкелді. Сондықтан, Қазақстан инжинирингке ҚӨК
дамыту мен оған қолдау көрсету бойынша мемлекеттік бағдарламаларды
бастауға қатысуы керек (Сонымен бірге, «Операциялық тиімділікті арттыру»
Стратегиялық бағытын қараңыз).
Міндет: МҚТ жоспарлау мен жүзеге асыруға қатысу
Зауыттардың төмен жұмысбастылық мәселесін шешу үшін Компания
ҚӘТ қажеттілігін толық және нақты түсіну мақсатында ҚР қарулы күштерін
басқарумен өзара тығыз байланыс орнатуы қажет. Бұл шара әскери
тапсырыстарда толық техникалық міндет ала отырып, шығынды біршама
қысқартуға әер етеді.
Міндет: Ірі салааралық жобаларға қатысу
МҚТ-ға қатысудан бөлек, компания азаматтық салада тауар мен қызмет
өндіру және оларды сатудың үлкен әлеуетіне ие. БКЖ ТШО, Қашаған мұнай
кен орнын өңдеу жұмыстары сияқты жобалар жеткізушілерден толық
инжиниринг қызметтерімен қатар, жеке тауарларды жеткізуді: резервуар,
контейнер, сорғы, құбырларды қажет етеді. Компанияның ЕК аталған
қажеттіліктерді жабу үшін өздеріне жеткілікті құзіретті жинады. Сондай-ақ
Компания түйін мен оның компоненттерінің сериялы өндірісін жасап, ауыл
шаруашылығы саласында өндіруге де қатысуы тиіс.
Күтілетін нәтижелер
Аталған міндеттер орындалған жағдайда, ROIC көрсеткіші ағымдағы -
2,5%-дан 2027 жылына қарай 10%-ға артыруды қамтамасыз етеді.
5.6.3. Стратегиялық
мақсат: Ақша қаражаттарының болуын
қамтамасыз ету
Компанияның қаржылық тұрақтылығына басқара білу көрсеткіші болып
компания өтімділігін тиімді басқару үшін жеткілікті ақша қаражаттарының
болуы және жинақталуы саналады.
Міндет: Қазынашылық қызметін кеңейту және орталықтандыру
Қазынашылықтың негізгі міндеті уақытша бос ақша қаражаттарын тиімді
қолдану арқылы қаржылық табысты арттыру. Қазынашылық саласына
өтімділікті, ақша ағынын, айналым капиталы мен қаржылық тәуекелді басқару
кіреді. Компанияға өзіне өтімділікті басқару орталығын, шығыс және кіріс
22
төлем операциялары, әрі қарай, дебиторлық және кредиторлық қарызды
орталықтан басқаруды қамтитын қазынашылық қызметін кеңейту керек. Бұл
қызметтерді орталықтандыру ҚӨК қолдау мемлекеттік бағдарламасы жоқ
болуы есебінен, ЕК жетпейтін айналым капиталының топ ішінде
қаржыландырылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Уақытша бос ақша
қаражаттары РЕПО «overnight» операциясы тәрізді қысқымерзімді қаржылық
құралдарға инвестициялана алады. Бұл міндетті орындауқызметкердің аз
санымен үздік нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін білім мен тәжірибені
топтайтын банк шығындарын, ЕТҚ елеулі үнемдейді.
Қазынашылықтың орталықтанған қызметін құру
Барлық өндірістік қызметте белгілі бір уақыт аралығында ірі
инвестициялық жоба немесе айналыс капиталын толтыру тәрізді әртүрлі ойлар
үшін қосымша ақша қаражаты қажет етіледі. Мұндай кезде, алдымен әртүрлі
қаржылық институттарынан қарыз алу мүмкіндіктері қарастырылады. Қаржы
институты ретінде әдетте екінші деңгейлі банктер шығады.
Жақсы шешім ретінде әрдайым минималды немесе аз пайыздық
ставкамен ұзақмерзімді қарыз алу саналады. Алайда соңғы жылдардағы әлемдік
дағдарыстар Қазақстанның да несие беру нарығына өз өзгерістерін әкелді.
Мысалы, негізгі банктік өнім Холдингтің кәсіпорындары мен бас
комапнияның қаржылық есептерінен көргендей, қызмет көрсетуге кететін көп
шығын әкелетін ұзақмерзімді қарыздар.
Бұл ретте соңғы кезекте шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне
тұтынушы үшін бағаның қымбаттауы әсер етеді. Кейін, тізбекті реакция
бойынша бұл табысты азайтады, соңында қаржылық қаражаттардың жетіспеуі
себебінен Холдингтың әрі қарай даму мүмкіндіктеріне әсері тиеді.
Толықтыру ретінде ҚӨК кәсіпорындарына қаржылық көмек көрсетуге
рұқсат етілмеген дамудың кейбір институттарының саясатымен бірге, айналым
қаражатын толықтыру үшін несие алу қиындықтары да кездеседі.
Ұзақмерзімді қаржылық қарызға байланысты осындай және өзге де
мәселелердің шешімі ҚӨК кәспорындарына жан-жақты көмек көрсету
мақсатында құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өндірісі министрлігі жанында
қор ашу болып табылады. «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ өзіне жағымды
шарт қосу мақсатында қор құру және қордың қызметін реттеуші ережелерін
қалыптастыру үрдістеріне тікелей қатысуы тиіс.
Сонымен қатар, мәселенің шешімі Ұжымдық орталықтағы Холдингтің
барлық қаржылық жүйесін орталықтандыру нәтижесінде қазынашылықтың
қызметін кеңейту болуы мүмкін. Бұл сөйлемнің мәні барлық бос ақша
қаражаттарын бір орталықта топтастыру, Холдинг кәсіпорындарының жоспары
мен қажеттілігі жөнінде ақпараттар табылады.
Орталықтанған қазынашылықтың артықшылығы:
1. Қаржы институттарымен келіссөз жүргізуге Холдинг атынан бірыңғай
«келіскіш».
Ұжымдық
орталықта
Холдингтің
барлық
жинақталған
Достарыңызбен бөлісу: |