Стратегическое направление 3


Функционалдық мүмкiндiктердi дамытуды талдау



жүктеу 2,03 Mb.
бет8/12
Дата28.02.2018
өлшемі2,03 Mb.
#10869
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Функционалдық мүмкiндiктердi дамытуды талдау


Әділет министрлігінің стратегиялық бағыты мен мақсаттарының атауы

Әділет министрлігінің есепті 2012 жылға жоспарланған стратегиялық бағыты мен мақсаттарын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар

2012 жылдғы деректері

Орындалмау себептері

1

2

3

4

1-стратегиялық бағыт. Заңнаманы жетiлдiру, сапалы норма шығару қызметi

1.1-мақсат. Ұлттық құқықтық жүйенi жаңғырту және оны үздiк халықаралық тәжiрибеге сәйкес келтiру


3-стратегиялық бағыт. Сот актiлерiн орындау институтын жетiлдiру

3.1-мақсат. Сот актiлерiн орындау сапасын арттыру


4-стратегиялық бағыт. Сот-сараптамалық қызметтi жетiлдiру

4.1-мақсат. Сот сараптамаларының сапасын арттыру


5-стратегиялық бағыт. Дүниежүзiлiк сауда ұйымының және Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымының нормаларына сәйкес зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау

5.1-мақсат. Зияткерлiк меншiктi дамыту үшiн Қазақстанда қолайлы жағдайлар қалыптастыру


6-стратегиялық бағыт. Әдiлет органдарымен ұсынылатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасын, азаматтардың құқықтық мәдениетiн арттыру және бiлiктi заң көмегiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету

6.1-мақсат. Әдiлет органдары көрсететiн мемлекеттiк қызмет сапасын арттыру


6.2-мақсат. Азаматтардың бiлiктi заң көмегiн алу құқықтарының жүзеге асуын қамтамасыз ету
6.3-мақсат. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру

Әдiлет министрлiгiнiң кадр әлеуетiн жетiлдiру.

1. Адами ресурстарды басқарудың үздiк қағидаттары және әдiстерi негiзiнде кадр қызметтерiнiң тиiмдi жұмыстарын қамтамасыз ету.


Әділет органдарының кадр қызметінің жұмыс үрдісі автоматтандырылды. Министрліктің орталық аппаратының, комитеттердің, аумақтық органдардың кадр қызметі тиімді жұмыс үшін «Кадрлық есеп» орталықтандырылған ақпараттық жүйесін қолданады.

Жүйенің функционалын жақсарту мақсатында 2012 жылы толықтырулар жүргізілді, Министріліктің Жағдайаттық орталығымен интеграциялау бойынша жұмыстар орындалды, «Кадрлық есеп» АЖ дерекқорын 100% өзекті ету үшін бақылау жүргізілуде.







2. Кадр мәселелерiн шешуде гендерлiк теңдiктi қамтамасыз ету.


2012 жылы Әділет Министрілігінің орталық аппаратың штат саны 182 қызметкерді құрады, оның ішінде 106 әйел (58,2% ортақ штат санынан), Министрліктің Комитеттерінде штат саны 114 қызметкерінің ішінде 84 әйелді құрайды (59% ортақ штат санынан).




3. Шешiмдер деңгейiнде билiктегi әйелдердiң өкiлдiктерiн 2016 жылға қарай 30% жеткiзу.



2012 жылы орталық аппарат пен комитеттерде басшы лауазымдарының жалпы саны – 78, оның ішінде 37 әйел (47,4%). Политикалық қызметкерлер саны – 4, оның ішінде Комитет төрағасының орынбасары – 7, оның 4 әйел қауымы, департамент директоры -9, оның ішінде 2 әйел қауымы, департамент директорының орынбасары -13, оның ішінде әйелдер саны – 7, басқарма бастықтары 42 олардың ішінде 23-і әйел..

Аумақтық әділет департаменттері бойынша 16 облыстық басшы лауазымы-департамент бастығы, оның ішінде әйелдер – 3 (18,7% осы лауазымның жалпы штат санынан ), барлық департамент бастығының орынбасары – 35, оның ішінде әйелдер – 14 (40% осы лауазымның жалпы штат санынан), барлық аудандық және қалалық әділет басқарма бастығы – 207, оның ішіндң -57 әйел(27,5% осы лауазымның жалпы штат санынан).

Сот актілерін орындаудың аумақтық департаменттері бойынша департамент бастықтары – 16 бірлік құрайды, оның ішінде – 2 әйел(12,5% осы лауазымның жалпы штат санынан), барлық депаратмент бастығының орынбасары – 19, оның ішінде – 1 (5,3% осы лауазымның жалпы штат санынан).

Министірліктің барлық басшылық лауазымдар саны – 371, оның ішінде – 114 әйел қауымын құрайды, бұл шешім қабылдау деңгейіндегі мемлекеттік әкімшілік қызмет әйелдерінің саны 30,7 % құрайды.






4. Әдiлет министрлiгiнiң барлық қызмет салаларында қызметкерлердiң кәсiби деңгейiн арттыру (даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру).


Біліктілік деңгейін жоғарлатуда жалпы Мнистірлік ішінде 360 қызметкер өтті, оның ішінде орталық аппарат саны – 90;комитет саны – 14; әділет департамент саны – 222; сот актілерін орындау департамент саны – 34.





5. Әдiлет органы әр қызметкерiнiң өз бiлiмiн, дағдысын, қабiлетiн, кәсiбилiгiн және бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң тұрақты жетiлдiрiлуiн ынталандыру.


Өз білімін, дағдыларды, қабілеттілікті, кәсіби біліктілікті және қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілігін тұрақты жетілдіруді ынталандыру ұдайы ай сайын жүргізілетін қызметкерлер еңбегінің нәтижесін бағалау рәсімі арқылы (Үлгі әдістемесіне сәйкес құрылым, аумақтық бөлім және Қазақстан Республикасының әділет Министірлігінің ведомствоға бағынысты ұйым қызметкерлерінің жұмысысының тиімділік бағасы ), сонымен қатар, кәсіби деңгейін анықтау мақсатымен әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді атестаттау жүргізіледі.

Орталық аппарат басшылары мен қызметкерлерін, комитеттерді, аумақтық органдарды және ведомстволық бағынысты ұйымдарды атестаттау 2012 жылдың шілде жіне желтоқсан айларында жүргізілді.






6. Мемлекеттiк тiлдi ұлттық бiрлiктi нығайтудың басты факторы ретiнде дамыту.


Мемлекеттік тілді оқыту курсын Министірлік ішінде – 479 қызметкер өтті, оның ішінде орталық аппарат саны – 70, әділет департамент – 391, сот актілерін орындау департаменті бойынша – 18.




7. Әр қызметкер қызметiнiң тиiмдiлiгiн одан әрi жетiлдiруге ықпал ететiн қолайлы еңбек жағдайын жасау.


2012 жылы Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде еңбекке ынталандыруды жоғарлату мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілді:

  1. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби және қызметінің өсу шартары жасалуда. Тек Министріліктің орталық аппаратының ішінде 2012 жылы жоғарғы лауазымдарға 31 қызметкер өтті.

  2. Министрліктің ведомстволық наградаларымен марапаттау – бұл белгіленген жүйеде орталық аппарат, комитет, аумақтық және ведомствоға бағынысты ұйым қызметкерлері, әділет органның ардагерлері, сонымен қатар басқада өз тарапынан әділет органың дамытуға үлес қосқан 570 адам марапатталды.

  3. Қаржылық көтермелеу – қызметкерлерге ақшалай сыйлықтар берілді (тоқсан сайынғы, мемлекеттік және кәсіби мейрамдарда).

  4. Әлеуметтік кепілдік – 2012 жылы әділет Министірлігінің Тұрғын үй комитетімен қызметкерлерге:

  • 2 бірлік үй жалға берілді;

15 бөлме жатақханадан бөлінді.




8. Әдiлет органдарының қызмет бағыттары бойынша олардың сапасын одан әрi жетiлдiру және арттыру үшiн талдау жұмысын жүргiзу.


Әділет Министірімен 2011 жылдың 19 сәуір айының № 152 бұйрығымен бекітілген Үлгілік әдістемеге сәйкес құрылым, аумақтық бөлім және Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінің ведомствоға бағынысты ұйым қызметкерлерінің жұмысысының тиімділік бағасы барлық бөлімдердің мемлекет қызметкерлері мен Министрліктің аумақаралық бөлімдерін айсайынғы және тоқсан аралық еңбек нәтижесін бағалау жүргізілуде.




9. Әдiлет министрлiгiнiң оң имиджiн қалыптастыруға бағытталған шараларды iске асыру.


Әділет министрлігі есептік кезеңде жағымды имидж қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырды.

Атап айтқанда, «Әділет кеңес береді» республикалық акциясының аясында әділет органдарының қызметкерлері нотариаттық және адвокаттық бірлестіктермен, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясының өкілдерімен бірлесіп барлық санаттағы азаматтарға тұрақты түрде кеңес беру жұмыстары жүргізіліп тұрады, сонымен бірге, ауылдық округтерге шығулар ұйымдастырылды.

Интернет-сегментінің қарқынды дамуын ескере отырып, ағымдағы жылдың сәуір айында «www.zakon.kz» ақпараттық порталында Әділет министрлігінің тарихында алғаш рет мемлекеттік органның бірінші басшысының қатысуымен онлайн-конференция ұйымдастырылды.

Министрліктің қызметіне қатысты 295 сұраққа жауап берілді, сондай-ақ, ведомствоның құзіретіне кірмейтін сұрақтар бойынша түсіндірулер берілді.

Әділет министрлігінің ведомстволық сайтында «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің мәліметтер базасы іздеу веб-жүйесі енгізілді.

Аталған веб-жүйе 2020 жылға дейінгі ҚР Даму стратегиялық жоспарында (ҚР Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген) көзделген жүйеленген жалпыға ортақ нормативтік құқықтық актілер базасына тегін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

«Әділет» мәліметтер базасы – нормативтік-құқықтық актілердің дұрыстығына кепіл беретін ресми дереккөздерден құралған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Қазақстанның нормативтік-құқықтық актілерінің толық электрондық жинағы. «Әділет» МБ-да нормативтік-құқтық актілердің (НҚА) ескі редакциялары мен күшін жойған құжаттар сақталатын кітапхана бар.

Қазіргі уақытта «Әділет» МБ тәжірибе ретінде енгізілді және жетілдіру үстінде.

Алайда, бұған қарамастан «Әділет» мәліметтер базасы интернет-қолданушыларының қызығушылығын тудырды. Мәселен, 2012 жылдың басынан бері аталған базаға 162 553 қолданушы кірген (ҚР - 155 935, Ресей – 2 275, Украина – 371, Беларусия – 284, Ұлыбритания – 246, Германия – 241, АҚШ – 201, Қырғызстан – 148, Канада – 126, өңірі анықталмаған – 2 034), кірушілердің саны 47 329 адамды құрады.

2012 жылғы 16 мамырдағы Әділет министрлігінің қамқорлығымен Заңгерлердің бірінші съезі өткізілді, нәтижесі бойынша жалпы республикалық заңгерлердің қоғамдық бірлестігі – «Қазақстан заңгерлерінің одағы» құрылды. Құқықтық жүйенің дамуының жаңа кезеңінің негізі қаланды.

Қазақстан заңгерлерінің одағы кеңесудің дәстүрлі алаңы болады, ол қазіргі уақытта құқықтық мемлекеттің даму барысында өте маңызды.





10. Құқықтық қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Бiрыңғай ақпараттық ортаны дамыту.




Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Нидерланды корольдігінің Қауіпсіздік және әділет министрлігі арасындағы құқықтық саладағы жедел емес ынтымақтастығы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум жобасы қол қоюға дайындық сатысында.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Босния және Герцеговина Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум, Қазақстан Республикасы мен Босния және Герцеговина арасындағы Азаматтық және коммерциялық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт, Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт жобалары талқылау сатысында.

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы келісім, Қазақстан Республикасы мен Иран арасындағы Қылмыстық және азаматтық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шарт Парламент Мәжілісіне (ратификацияға) енгізу мақсатында қазақ және орыс тілдерінде мәтіндердің теңтүпнұсқалығын жою сатысында.

Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы Азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім әзірлеу және мемлекеттік органдармен келісу сатысында.

Азаматтық сот өндірісі, алименттерді өтеу және бала асырап алу саласындағы ынтымақтастыққа қатысты халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциясының бес конвенциясына Қазақстанның қосылуы туралы ұсыныс СІМ енгізілді. Халықаралық шарттарға қосылу және халықаралық ұйымдарға кіру бойынша ҚР Үкіметі жанындағы комиссия қарауы үшін СІМ тиісті өтініш берілді. Осы мәселенің жағымды шешілуі екі жақты шарттар жасамай-ақ осы конвенциялардың қатысушылары болып табылатын Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттерінің көбісімен өзара әрекеттесуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осы ұсыныс ҚР мен ЕО арасындағы ынтымақтастық туралы жаңа келісімнің жобасы бойынша келіссөздер процесі шеңберінде ЕО ұсыныстарын талдау қорытындысы бойынша енгізілді.

ЕуразЭҚ мүше мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесінің қызметіне Министрліктің қатысуы жалғасуда. 2012 жылғы 19 мамырда Санкт-Петербургте ЕуразЭҚ мүше мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесінің 19-шы отырысы өткізілді. 2012 жылғы 21 қыркүйекте Несвиже қаласында (Беларусь Республикасы) ЕуразЭҚ мүше мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесінің 20-шы отырысы өткізілді. Осы отырыстар шеңберінде министрлер Сот актілерін күштеп орындауды жүзеге асыру кезінде ынтымақтастық туралы келісім, Адвокатура және адвокатуралық қызмет саласындағы ЕуразЭҚ мүше мемлекеттердің Әділет министрліктерінің ынтымақтастығы туралы келісім, сондай-ақ ЕуразЭҚ азаматтық заңнамасын дамыту бойынша тұжырымдама және ЕуразЭҚ азаматтық заңнамасының негіздері жобаларын қоса бір қатар өзекті мәселелерді талқылады. Кеңестің кезекті 21-ші отырысы 2013 жылдың бірінші жартысында Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) өткізу жоспарлануда.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасы мен Кеден одағы мен БЭК шарттық құқықтық базасын кодификациялау процесін талқылауға, сондай-ақ БЭК Кеңесінің жұмысында, оның ішінде халықаралық ұстанымдау және БЭК халықаралық шарттарын жасасу бойынша БЭК өкілеттігі бөлігінде тұрақты негізде қатысудамыз. Осы мәселені үйлестіруді қазақстандық тараптан ЭДСМ жүзеге асырады.

2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы қабылданған Заң шеңберінде Әділет министрлігіне «Қазақстандағы құқық қорғау тетіктерін жетілдіру және БҰҰ әмбебап кезеңдік шолу ұсыныстарын тиімді іске асыру» 39370 мың теңгеге байланыс грант бөлінді. Грантты іске асыру мерзімі 2013-2014 жылдар. Бөлінген бюджеттік қаражатты игеру үшін грантты іске асыруға 2013 жылы Министрлік пен БҰҰ ДБ арасында байланыс грантты іске асыру бойынша меморандумға қол қою жоспарланған.

«ҚР сот және құқықтық реформаны қолдау» жобада Министрлік қатысуын жалғастыруда (әріптестер – ЖС, ӘМ, Еурокомиссия; жоба құны – 3 млн. 400 мың евро, жоба мерзімі – 4 жыл, 2010 жылы басталды, 50 % аз қаражат қалды). Министрліктің қатысуымен іске асқан ісшаралар қатарында «Ұлттық заңнаманы гармонизациялаудың өзекті мәселелері. Халықаралық құқықты ұлттық заңнамаға имплементациялау және гармонизациялау тәжірибесі: Еуропалық одақ елдерінің тәжірибесі» тақырыбында 2012 жылғы 11-12 сәуірінде өткен мемлекеттік органдардың заң және халықаралық қызметтерінің өкілдері үшін екі күндік семинар. Семинарды ЕО заңнамасы бойынша халықаралық сарапшы Федерико Касолари, жоба басшысы Флавии Галанти, қазақстандық ғалымдар Абайдельдинова Е.М., Сәрсембаева М.А. өткізді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ҚР ЕО офисынан және ҚР Әділет министрлігінен сертификат алды.





11. Құрылымдық бөлiмшелер қызметкерлерi қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу.


Әділет министрімен 2011 жылы 19 сәуірінде №152 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әдідет министрлігінің құрылымдық, аумақтық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерінің қызметін тиімді бағалау әдістеме Үлгісіне сәйкес Министрліктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің барлық мемлекеттік қызметкерлері еңбегінің нәтижесіне ай сайын және тоқсан сайын жүргізілуде.




12. Менеджмент және сапа жүйесiн енгiзу.


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы А.Мусиннің атына Б.Байбектің қызметтік жазбасына сәйкес мемлекеттік органдарда сапалы менеджмент жүйесін (бұдан әрі - СМЖ) енгізуді талдауда кеңесшілердің қызметін төлеу қажеттілігі бөлігінде бірқатар проблемалық мәселелер анықталды.

Осыған байланысты Премьер-Министр Кеңсесімен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технология министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне (бұдан әрі - ИЖТМ) мемлекеттік органдарда СМЖ енгізу жөнінде біркелкі талаптарды әзірлеуді және орталық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы орагандарға жұмыста қолдану үшін жолдау тапсырылды.

Бүгінгі таңда Министрлікке тиісті біркелкі талаптар келіп түспеген.





Бiрыңғай ақпараттық ортаны дамыту.

1. Ақпараттық жүйелердi ықпалдастыру.


2012 жылдың 25 шілдеде Әділет министрлігі мен Көлік және коммуникация министрлігі арасында «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры және «Жеке тұлғалар» мен «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорлардың интеграциялық бөлігі арасында «Электрондық үкімет» шлюз арқылы өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету үшін ақпаратты тапсыру және кіруге мүмкіндік туралы Ережені бекіту туралы бірлескен бұйрыққа қол қойылды.

Қазіргі таңда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша бірыңғай республикалық база жасалды.

Министрліктің хатшысымен а.ж. 17 желтоқсанында бекітілген кесте-жоспарға сәйкес аталған базаны енгізу жұмыстары жүргізілуде, жұмыстар а.ж. 17 желтоқсанында аяқталады (14 облыстық ӘД енгізілді, Астана және Алматы қалалары қалды).

Берілген ықпалдастыру тапсырылатын құжаттар тізімнен жеке куәліктердің көшірмелерін, құрылтай қужаттардың көшірмелерін, жеңілдіктерге құқықтарды растайтын құжаттар көшірмелерін, жер теліміне және ғимараттарға сәйкестендіру құжаттар көшірмелерін алып тастауға мүмкіндік туады, осыған байланысты, жоғарыды көрсетілген сәйкестендіру деректерін етілетін құжаттар санын 2012 жылдың аяғына дейін қысқартылады.

Осылайша, жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу және деректер базаларымен ыкпалдастыру қарастырылған Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі «Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша позиция Қазақстанды жоғарылау көтеру мүмкіндік туғызу деп ойлаймыз.

Ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру. Бизнес - үрдістерді оңтайландыру бойынша шаралар жоспарды жүзеге асыру шеңберінде, 2011-2012 жылдарда халықтан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде талап етілетін құжаттардың тізімін қысқарту, - «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдар мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» 2012 жылда Салық комитеттің және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының Ақпараттық жүйелермен ықпалдастыру көзделген.

Әділет министрлігімен Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесе отырып лицензияларды және рұқсаттама құжаттарды автоматтандыру және оңтайландыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Көрсетілген жоспарлармен және Премьер - Министрдің 2012ж. 12.09. №167 өкіміне сәйкес В соответствии с указанными планами и распоряжения Премьер-Министра РК от 12.09.2012г. № 167-р в реализацию Закона от 10 июля 2012 года «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Комитетпен адвокаттық, нотариалдық, бағалаушылық және сот-сараптама қызметтерін лицензиялау бойынша кейбір сұрақтары туралы Үкімет қаулылары әзірленді, онымен белгілі қызмет түріне талап етілетін біліктілік талаптар көрсетілген, және де жобалармен қолданыстағы біліктілік талаптарында кейбір құжаттар алып тасталынады мысалға: (например: соттылығы бар (жоқ) туралы, псих/нашашы диспансерлер, жеке куәлік, СТН, құрылтай құжаттарының көшірмелері және т.б.).







2. Әдiлет органдары электронды форматта көрсететiн мемлекеттiк қызметтердi енгiзу.


Электронды форматта 2 түрі беріледі:

  • Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама;

  • Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.

Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы жаңа түрі анықтамасын осы жылдың аяғына дейін жоспарлануда.
2012 жылда электронды түрде берілетін 4 анықтамаларды енгізуді жоспарланады:

- заңды тұлғаның барлық тіркеу әрекеттері бойынша;

- көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы;

- құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгендері туралы;

- заңды тұлғаның үлесіне тиым салынғаны туралы.

- Тууды тіркеуге өтініш беру;

- Неке бұзуды тіркеуге өтініш беру;

- Неке қиюды тіркеуге өтініш беру;

- Т.А.Ә атын ауыстыруға өтініш беру;

- Құжаттарды апостилдеуге өтініш беру;

- Азаматтық хал актілері туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар алуға өтініш беру.





3. Ақпарат транзакцияларының жалпы санына рұқсатсыз қол жеткiзу әрекеттерiнiң және фактiлердiң алдын алу.


Жауапшы хатшымен 2011 жылғы желтоқсан айында 12 регламенттер бекітілді, олар «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорыНЫҢ (бұдан әрі – ЖМТ МД) информациялық қауіпсіздікке қатысты:

1. Штаттан тыс (апаттық) жағдайлардағы пайдаланушылар әрекетінің тәртібі туралы нұсқау ;

2.АҚ саясаты.

3.Сервер әкімшісіне функциялар мен уәкілеттіліктер тағайындау жөніндегі нұсқау;

4.Корпоративтік желіде пайдаланушыларды тіркеу ережесі;

5. Серверлік үй-жайға пайдаланушылар мен әкімшілердің қолжетімділік ережесі;

6. Ақпараттарды резервтік көшіру туралы нұсқау;

7. Антивирустық қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық;

8. Паролдық қорғау туралы нұсқау;

9. Компьютерлік құрал-жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану жөніндегі пайдланушының нұсқаулығы;

10. Серверлер мен ақпараттық жүйелердің жүйелік әкімшілерінің жұмысы үшін жадынама;

11. Есептеу техникалары құралдарын пайдаланушылар жадынамасы;

12 Есептеу техникалары құралдарын паспорттау және ақпараттық жүйелердің есептеу желілерінің ақпараттық ресурстарын пайдалану ережесі

2012 жылда 4-ші тоқсанда ЖМТ МД информациялық системасын аттестациялық зерттеу жоспарлауда қауіпсіздікқа сәйкестендіру, рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерінің, фактілердің алдын алу және қабылданған регламентерге.






4. Ақпараттық коммуникациялық технологияға мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру барысында Қазақстандық мазмұнды қамтамасыз ету: 1) IT-қызметтерiнде (2011 – 40%, 2012 – 50%, 2013 – 60%, 2014 – 70%, 2015 – 80%); 2) бағдарламалық қамтамасыз етудiң қалбырлы (лицензиялық) көлемiнде (2011 – 0,2%, 2012 – 1,2%, 2013 – 2,0%, 2014 – 2,5%, 2015 – 3,1%); 3) IT-технологияның жабдықтау секторы көлемiнде (2011 – 1,5%, 2012 – 2,2%, 2013 – 3,1%, 2014 – 4,1%, 2015 – 4,5%).


Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз ету кезінде 100% қазақстандық ұстаным қамтамасыз етілген. АҚ НИТ, ДКП АҚ «Қазақтелеком», ЖШС Азия-Софт, ЖШС «VinComCentral Azia», ЖШС «Halyk-telekom», ЖШС «Lime on Global Company», РМК «РҚАО» бақдарламалық қамтамасыз ету бойынша келісім шарттар жасалды.





5. Персоналдық және ұйымдастырушылық жабдықтарды жүйелi-техникалық сүйемелдеу, ведомстволық және корпоративтiк ақпараттық жүйелердi, серверлiк жабдықтарды, сондай-ақ телекоммуникациялық құралдарды сүйемелдеу бойынша тараптық ұйымдармен келiсiм жасау арқылы Әдiлет министрлiгiнiң АТ-инфрақұрылымының үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.

Телекоммуникациялық қызметтер бойынша келісім шарттар жасалды:

- 2012 жылғы 18 ақпандағы №30/ои АҚ «Қазақтелеком»

- 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 17/ои ЖШС «Халықтелеком»

МДБ ілестіру бойынша:

- «Заңды тұлғалар» МДБ бағдарламаны қамтамасыз ету бойынша қызметтерге 12.03.2012 № 50;

- «Жеке тұлғалар» МДБ бағдарламаны қамтамасыз ету бойынша қызметтерге 27.02.2012 № 40;

- «Жылжымайтын мүлік регисторы» МДБ бағдарламаны қамтамасыз ету бойынша қызметтерге 26.03.2012 № 59;

Ішкі ақпараттық жүйелерді ілестірді жетілдіру бойынша:

- ӘдМин Анақтама қызметі (58-00-58) және АТЖ Ахуалдық орталығын ілестіру бойынша ЖШС «Bee-software» 2012 жылғы 21 ақпандағы № 35/к келісімшарты жасалды;

- Министрліктің Корпоративті порталы және Кадр есепке алу жүйелерін ілестіру бойынша ЖШС «Азия софт» 21.02.2012 № 32/к келісімшарт жасалды;

- жылжымайтын мүлік регисторының электрондық архивын үйлесьіру бойынша ЖШС «Soft Partner» 21.02.2012 № 33/к келісімшарт жасалды.

«ҰАО» АҚ мен жүйелік-техникалық қызмет көрсету бойынша келісім шаттар:

- 02.03.2012 № 49;

- «Заңды тұлғалар», «Жеке тұлғалар», «Жылжымайтын мүлік регисторы» МДБ сервистерін қызмет көрсету бойынша келісім шат 10.02.2012 ж. № 19.








жүктеу 2,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау