7 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНДЕКСТЕР
Мақсаты: Индекстер түсінігі, түрлері туралы білім қалыптастыру, баға, тауар айналымының физикалық көлемінің, өзіндік құн жеке және жинақы индекстерін есептеу формулаларын қарастыру, индекстердің өзара байланыстарын зерттеу.
Жоспар:
7.1 Индекстердің мәні және түрлері
7.2 Жеке индекстер
7.3 Агрегатты қалыптағы жиынтық индекстер
7.1 Индекстердің мәні және түрлері
Индекс-зерттелетін құбылыстың уақыты бойынша, кеңістікте немесе белгілі бір эталонмен салыстыру бойынша өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Әртекті жиынтықтарды сиапттайтын көрсеткіштердің динамикасын талдау үшін индекстер қолданылады.
Мысалы, бағалардың динамикасын талдағанда оратша бағаны есептеуге болмайды, өйткені тұтынушы нарығында әр түрлі тауарлар-тамақ өнімдері, киім, мебель және т.б. сатылады.
Индекстер динамикалық және кеңістіктік (территориялық) болып бөлінеді.
Динамикалық индекстер -екі кезеңнің көрсеткіштерін салыстырудың негізінде жиынтықтың уақыттағы өзгеруін зерттеуге мүмкіндік береді.
Кеңістік индекс - екі жиынтықтың көрсеткішерін кеңістікте салыстыру үшін қолданылады, екі кәсіпорын, екі аймақ, екі мемлекет болуы мүмкін.
Егер салыстыру базасы ретінде өтіп кеткен кезеңнің деңгейі қолданылса - динамикалық индекс шығады, егер салыстыру базасы сол құбылыстың басқа территория бойынша деңгейі болса-кеңістіктік индекс шығады.
Жиынтықтың бірліктерін қамтуы бойынша индекстер: жеке және жиынтық болып бөлінеді.
Жеке индекстер - бір тауар, өнімнің бір түрі, бір бірлік бойынша есептеледі.
Жиынтық индекстер - бір кәсіпорын шығаратын тауардың топтары немесе өнімнің бірнеше түрі бойынша есептеледі.
Жиынтық индекстер:
-агрегаты
-орташа арифметикалық;
-орташа гармониялық болып бөлінеді.
7.2 Жеке индекстер
Индекстік талдауда қолданылатын ең қарапайым көрсеткіш - жеке индекс болып табылады. Ол жиынтықтың элементтерінің сипаттамаларының уақытта (кеңістікте) өзгеруін сипаттайды.
Бағаның жеке индексі келесі формуламен есептеледі:
Мұндағы -осы кезеңдегі өнімнің бағасы, ал -базистік кезеңдегі өнімнің бағасы.
Мысал: А өнімнің бағасы осы кезеңде - 30 теңге, базистік кезеңдегі - 25 теңге, онда бағаның жеке индексі:
Бұл мысалда А өнімнің бағасы базистік кезеңге қарағанда 1,2 есе немесе 20% өсті.
Сатудың физикалық көлемінің жеке индексі өнімді сатудың көлемінің натуралды бірліктерінің өзгеруін бағалауға мүмкіндік береді.
мүндағы - осы кезең және базистік кезеңде сатылған өнімнің саны.
Өнімді сату көлемінің ақшалай түрде өзгеруі тауар айналысының жеке индексін көрсетеді.
Мысал ретінде келтірілген үш жеке индекс өзара байланысты.
Бұл өзара байланыс, тауар айналымының өзгеруі баға динамикасы мен осы өнімнің сату көлемінің өзгеруінің әсерінен болатынын көрсетеді.
Жеке индекстер өсудің динамикасы мен қарқынының салыстырмалы көрсеткіштері, олар бірнеше кезеңнің мәліметтері бойынша үзіліссіз немесе базистік қалыпта есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |