«Стандарттау, метрология және сертификаттау»



жүктеу 1,35 Mb.
бет7/7
Дата04.12.2017
өлшемі1,35 Mb.
#3045
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау сұрақтары:

1 Мемлекеттік стандарттар деп қандай стандарттарды айтады?

2 Мемлекеттік стандарттардың нысандары болып не табылады?

3 Қандай органдар мемлекеттік стандарттарды жасайды?

4 Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі қандай?

5 Мемлекеттік стандарттарды қандай орган бекітеді?

6 Мемлекеттік стандарттардың жобалары қандай органдармен келісіледі?

7 Мемлекеттік стандарттарды қандай орган басып шығарады?

8 Тұтынушы жаңадан бекітілген стандарттар жөнінде ақпаратты қайдан алады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов / В.А. Швандар, В.П. Панов, Е.М. Купряков и другие под редакцией В.А. Швандара. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 487 с.

2 ҚР СТ 1.2-2002 ҚР МСЖ Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі

3 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар


18-19 тәжірибелік сабақ (2 сағат)

Тақырыбы: Стандарттарға өзгерістер

Сабақтың мақсаты: Стандарттарға өзгерістерді дайындау бойынша және стандарттардың ақпараттық көрсеткіштерімен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу

Мазмұны:

1 ҚР СТ 1.2 стандартымен танысу

2 Оқытушының тапсырмасы бойынша стандарттарға өзгерістер дайындап шығару

3 Стандарттардың ақпараттық көрсеткіштерімен жұмыс жасау



Әдістемелік ұсыныстар:

Тексеретін нысанның деңгейі экономика және тұтынушы қажеттілігіне сәйкес болса және оларға стандарттың талаптары мен мөлшерлеріне қатысты өзгертулерді және толықтыруларды енгізу, оның күшінің мерзімін ұзарту жіне шектеу мерзімі қажет болмаса және де стандарт күшінің қалпына келуі Мемстандарттың ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттарымен ресімделеді.

Стандартгарға өзгертулерді стандарттардың жеке талаптарын ауыстырган, толықтырған немесе жойған, оның күшін ұзартқан, шектеген және қалпына келтірген кезде әзірлейді. Егер өзгерту мәтінінің көлемі қолданыстағы стандарттар келемінен 50 % асқан кезде, онда қолданыстағы стандарт бекітілгеннен кейін бір ай ішінде өзгертуімен бірге кайта басылып шығарылу керек.

Стандарттарга өзгертулер қолданыстағы стандарт бойынша дайындалған өніммен жаңа өнімнің өзара алмасуы мен үйлесушілігі талаптарын бұзбайтын халықаралық талаптармен және мөлшерлермен үйлестірген жөне оларға жаңа және ілгері талаптарды енгізген кезде әзірленеді.

Редакциялык және сілтеме сипатты өзгертулерді өнім сапасына талаптарды ауыстыруға (қосуға, шеттен шығаруға) немесе халықаралық стандарттар талаптарымен үйлестіруге негізделген өзгертулерді енгізген кезде ескереді.

Қолданыстағы стандарттарға өзгертулерді әзірлеген кезде өзара байланысты стандарттарға жәпе құжаттарга өзгертулерді енгізу жөніндегі ұсыныстар дайындалады.

Стандартқа өзгертулер жобасын мемлекеттік стандарттарды келіскен мекемелермен келіспесе де болады, егер өзгертулер олардың құзырына жататын талаптарға тимесе.

Стандарттың өзгертулер жобасын Мемстандартқа бекітуге екі данада (мемлекеттік және орыс тілдерінде) ұсынады.

Стандарттың өзгертулер жобасымен бірге өзгертулер жобасын қарауды және келісуді растайтын түпнұсқалық құжаттар, пікірлер жиынтығы мен түсіндірме жазбахат ұсынылуы тиіс.

Өзгертулер бекітіледі және Мемстандарттың ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттарымен күшіне енгізіледі. Бекітілген өзгертулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің Мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.

Әр өзгертуге бөлшек арқылы өзгертулер нөмірі көрсетіліп, стандартка берілген реттік тіркеу нөмірі беріледі және бірақ оны бекіткен күннен 6 айдан ерте емес күшіне енгізілген күні белгіленеді.

Бекітілген өзгертулер мәтіні және олармен бірге бекітуге ұсынылған құжаттар ҚР СТ 1.22 сәйкес Стандарт ісіне кіргізіледі.



Бақылау сұрақтары:

1 Стандартқа өзгертулерді қалай әзірлейді?

2 Стандартқа өзгертулерді бекіту және күшіне енгізу тәртібі қандай?

3 Стандартқа түзетулерді енгізу тәртібі қандай?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов / В.А. Швандар, В.П. Панов, Е.М. Купряков и другие под редакцией В.А. Швандара. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 487 с.

2 ҚР СТ 1.2-2002 ҚР МСЖ Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі

3 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар


20-23 тәжірибелік сабақ (4 сағат)

Тақырыбы: Мәтіндік өндірістік құжаттар

Сабақтың мақсаты: Мәтіндік өндірістік құжаттарды дайындауда тәжірибелік дағдыларға ие болу

Мазмұны:

1 ҚР СТ 1081 стандартымен танысу

2 Оқытушының тапсырмасы бойынша нысанға рецептура таңдау

3 Оқытушының тапсырмасы бойынша нақты нысанға патенттік-лицензиялық зерттеулер жүргізу

4 Жетілдірілген тағам өніміне рецептура жасау

5 Нысанның дәстүрлі өндіріс технологиясын оқып меңгеру

6 Жетілдірілген тағам өнімінің өндіріс технологиясын дайындау

7 Нормативтік құжаттың талаптарына сай мәтіндік құжатты ресімдеу



Әдістемелік ұсыныстар:

Егер қоғамдық тағамтану кәсіпорындарында белгіленген стандарттар болмаса, онда технологиялық нұсқаулар, рецептуралар өз бетінше құжат ретінде қоғамдық орындарында тағамтану кәсіпорындар өнімдеріне арнайы жасалады. Керек болған жағдайда мұндай құжаттарға өнімнің сапа және қауіпсіздік көрсеткіштері көрсететін немесе құжаттарға белгіленген сілтемелер енуі мүмкін. Рецептурада бекітілген сипаттамалар мен көрсеткіштер нақты тағам өнімінің сәйкестендіруін қамтамасыз ету керек. Технологиялық нұсқауда тамақ өнімінің дайындалуының технологиялық процестері шикізатты және жартылай фабрикатты қабылдап, оны өндіруден бастап дайын өнімнің шығарылу жолына дейін іс-әрекет кезекпен сипатталады.

Технологиялық нұсқау мен рецептураның талаптары мен ережелерін сақтау міндетті болып саналады.

Бақылау сұрақтары:

1 Қандай мәтіндік құжаттар өндірістік құжаттарға жатады?

2 Қандай нормативтік құжатта мәтіндік өндірістік құжаттарды жасау тәртібі жазылған?

3 Қандай өндірістік құжаттар бойынша тағам өнімдері жасалады?

4 Мәтіндік өндірістік құжаттарды ресімдеу кезінде қандай мемлекеттік стандарттарға негізделу керек?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие по редакцией Тазабекова. Алматы. 2003 г. – 450 с.

2 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар

3 ҚР СТ 1081-2002 Тағам өнімдеріне технологиялық нұсқау мен рецептураны жасау тәртібі


24-27 тәжірибелік сабақ (4 сағат)

Тақырыбы: Ұйым стандарттары

Сабақтың мақсаты: Ұйым стандарттарын жасауда тәжірибелік дағдыларды меңгеру

Мазмұны:

1 ҚР СТ 1.14 стандартымен танысу

2 Оқытушының тапсырмасы бойынша нақты нысанға патенттік ізденіс жасау

3 Берілген нысан бойынша ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау

4 Нақты нысанға ұйым стандартының құрылымын құрастыру

5 Ұйым стандартының жобасын дайындау



Әдістемелік ұсыныстар:

Ұйым стандарттарын ұйымдардың өздері әзірлеп, бекітеді. Ұйым стандарттарының жасау, бекіту, есептеу, өзгерту, жою, тіркеу, белгілеу және басып шығару тәртібін уәкілетті орган орнатады. Ұйым стандарттарын қолдану ерікті сипатта жүреді және олар техникалық регламенттердің талаптарына қайшы келмеу керек.



Бақылау сұрақтары:

1 Ұйым стандарттары қандай нысандарға жасалады?

2 Ұйым стандарттарын жасаудың ережелері қандай?

3 Ұйым стандарттарын әзірлеушісі болып кім табылады?

4 Ұйым стандарттарын қандай орган бекітеді?

5 Ұйым стандарттарының құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар қандай?

6 Қандай стандартта ұйым стандартының мазмұнын ресімдеу және баяндау ережелері жазылған?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие по редакцией Тазабекова. Алматы. 2003 г. – 450 с.

2 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар

3 ҚР СТ 1.14-2000 ҚР МСЖ Ұйым стандарттары. Түрлері мен жасау тәртібі

28-29 тәжірибелік сабақ (2 сағат)

Тақырыбы: Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар

Сабақтың мақсаты: Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды дайындауда тәжірибелік дағдыларға ие болу

Мазмұны:

1 ҚР СТ 1042 стандартын меңгеру

2 Келесі ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың біреуін әзірлеу:

- құрылымдық бөлімше (студенттік топ) жөнінде ереже немесе лауазымды нұсқаулар;

- ішкі тәртіп жөнінде ереже;

- келісу хаттамасын.



Әдістемелік ұсыныстар:

Құжаттар бланктерде әзірленеді. МЕСТ 9327-60 бойынша құжаттарға екі негізгі бланк форматтары бекітіледі – А4 және А5, А6 форматты бланкіні қолдануға рұқсат етіледі.

Құжаттар бланкісінің жолдары келесіден кем болмауы тиіс:

20 мм – сол жағы

10 мм – оң жағы

10 мм – жоғары жағы

10 мм – төменгі жағы

Құжаттар бланкін ақ қағазға немесе ақ ашық түсті қағаздарда дайындау керек. Бланкілерді әзірлеу типографиялық әдіспен, яғни нақты құжатты орындау кезінде есептеуіш техника әдістері көмегімен жүзеге асыру немесе полиграфия әдісінің көмегімен әзірлеу рұқсат етіледі.

Рұқсат берілгендер бұл – мемлекеттік органдар немесе ұйымдардың ҚР мемлекеттік туы көрсетілген бланкілер.

Бланкте реквизиттің орналастырудың екі нұсқауы бекітіледі: бұрыштық және көлденең.

Реквизиттің көлденең орналасқан мемлекеттік ұйымның А4 форматты бланкіде орындалған ҚР мемлекеттік туының суреттелуі – 26 мм артық емес диаметрге ие болады, А5 форматты бланкіде және А4 форматты бланкіде реквизиттердің бұрыштық орналасуы – 15 мм артық емес.

Электронды көшірменің сәйкестендіруші болып әрбір құжаттың бетінің оң жақ төменгі бұрышындағы белгі болып табылады, ол файлдың атауын, оператор кодын? Сонымен қатар басқа да ұйымда бекітілетін ізденіс мәліметтерін көрсетеді.

Кез-келген ұйым бланктерінде, ведомстволық бағыныштылыққа, өзіндік жеке-меншік түрлерге және ұйымдасқан-құқықтық түрлерге қарамай реквизиттер мемлекеттік және орыс тілінде де бірдей шрифпен басылады.

Екі немесе одан да көп бетте әзірленген құжаттарда екінші және одан кейінгі беттер нөмірленуі керек және әрбір бет жеке нөмірленеді. Беттердің нөмірлері араб сандарымен нүкте белгісін және тағы басқа белгілерді қолданбай көрсетіледі.



Бақылау сұрақтары:

1 Қандай ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар сізге мәлім?

2 Құжаттардың реквизиттерінің құрамын атаңыз?

3 Құжаттар бланктерінің қандай форматтары сізге белгілі?

4 Құжаттардың жолдары қандай болуы керек?

5 Қандай ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар бекітуге жатады?

6 Қандай ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар мемлекеттік туы бар бланктерде ресімделеді?

7 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы бар бланктерді есептеу, сақтау және қолдану ережелері қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 ҚР СТ 1042-2001 Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар


30 тәжірибелік сабақ (1 сағат)

Тақырыбы: Нормативтік құжаттамаларға нормабақылау

Сабақтың мақсаты: Нормативтік құжаттамалардың сапасын бағалау бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеру

Мазмұны:

1 МЕСТ 2.111-68 стандартын меңгеру

2 Нормативтік құжаттамалардың сапасына бағалау жүргізу

Әдістемелік ұсыныстар:

КҚБЖ стандарттар кешені 1971 жылдан бекітіліп енгізілді. МЕСТ 2.111-68 «КҚБЖ. Нормабақылау» ұйымдық-әдістемеге қатысты бұл стандарт келесіні бекітті: бақылау нормасының мақсаты мен тапсырмасын, мазмұнын, бақылау нормасының жүргізу тәртібін және бақылау нормасының ескертулерін өңдеуді, сонымен қатар бақылау нормасының міндеттерін, құқығын және жауаптылығын.

Нормабақылаудың негізгі мақсаты – техникалық құжаттамаларда әзірленген нормативтік техникалық құжаттардың талаптарының кез-келгенін орындалмау немесе бұзылғаны жөнінде ескерту және оны тоқтату болып табылады. Нормабақылаудың мақсаты және қарастыратын мәселелері келесіні бағытталуы керек: әзірленген бұйымдардың нормативтік-техникалық құжаттарда бекітілген нормалары мен талаптарын қадағалау; КҚБЖ стандартының талабымен сәйкесінше конструкторлы құжаттардың орындалу дұрыстығы; әзірленіп жатқан бұйымдарға стандарттаудың жоғары деңгейіне жету.

Қателіктердің жіктелуі. Нормабақылауда табылған жұмысшылармен жіберілетін көптүрлі техникалық құжаттамалардағы қателіктерді, олардың мәндері мен сипатталуы бойынша келесідей категорияларға жіктеуге болады:

1 Ары қарай нормабақылауды жүргізбей қайтарылатын құжаттамаларда табылған қателіктер

2 Түзетілмейтін жарамдылықты шақыратын қателіктер

3 Түзетілетін жарамдылықты шақыратын қателіктер

4 Өндірісте кешіктіруді шақыратын қателіктер

5 Құжаттамаларда сәйкесінше түзетулерді жүргізуге және өзгерту жөніндегі хабарламаның шығарылуын талап ететін қателіктер

Қателіктердің жіктелуін техникалық құжаттамалардың сапасын бағалау және орындаушылар еңбегін бағалау үшін қолданады. Сипаттамалары мен мазмұнына қарай қателіктердің әрбір категориясы сәйкесінше балдармен бағаланады.



Бақылау сұрақтары:

1 Нормабақылаудың нысандарын атаңыз?

2 Нормабақылауда көрсетілетін құжаттар тізімі жөнінде не білесіз?

3 Нормабақылаудың мазмұны мен жүргізу тәртібін сипаттаңыз?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 МЕСТ 2.111-68 «КҚБЖ. Нормабақылау»


3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

3.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы қажет. Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын әдебиетті оқып, теориясына көп тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана тоқталып, түсініксіз жерлерін белгілеу керек.

Содан кейін материалды мұқиятты түрде игеру қажет, яғни теориялық ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады.

Курсты оқу барысында студент СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй тапсырмасы түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін.

Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі:

1 Қоғамдағы стандарттаудың рөлі

2 Стандарттау және өнімнің сапасы

3 Қазақстан Республикасындағы нормативтік құжаттарды жіктеу

4 Стандарттардың құрылымдық элементтері

5 Ақпаратты штрих кодтау

6 Конструкторлық құжаттардың бірегей жүйесі

7 Қазақстан Республикасында қабылданған техникалық регламенттер

8 Құжаттамалардың унификатталған жүйесі

9 Мемлекеттік стандарттау жұмыстарын жоспарлау

10 Өнімді тіркеу тәртібі

11 Каталогтық парақтар

12 Стандарттарды енгізу

13 Кәсіпорындарда стандарттарды енгізудің тиімділігі

14 Стандарттар мен нормативтік құжаттарды жасау кезінде стандарттау принциптері мен әдістерін қолдану

15 Әзірлеушілерге арналған құжаттама

16 Дайындаушыларға арналған құжаттардың формалары

17 Тұтынушыларға арналған құжаттардың формалары

18 Стандарттау және өндірістің тиімділігі

19 Стандарттаудың деңгейін талдау мен өнімді унификаттау әдістері

20 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды кешенді түрде пайдалану

21 Құқықтық нормалар, заңнамалық актілер, стандарттардың заңдық күші

22 Өнімнің сапасын басқарудың құқықтық қамтамасыз етілуі

23 ТР МЖ құрылымы

24 Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры

25 Мемлекеттік органдардың қызметтері

26 Аккредиттелген сертификаттау органдары мен сынақ орталықтарының қызметтеріне мемлекеттік бақылау жүргізу

27 Құжаттамалардағы қателіктер жіктеуіші

28 Нормативтік құжаттамалардың сапасын бағалау

3.2 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.

2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.

3 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.

4 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.

5 ҚР СТ 1.0-2000 ҚР МСЖ. Негізгі ережелер

6 ҚР СТ 1.1-2000 ҚР МСЖ. Стандарттау және шектес қызмет түрлері. Терминдер мен анықтамалар

7 ҚР СТ 1.2 – 2002 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі.

8 ҚР СТ 1.5 – 2000 ҚР МСЖ. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар

9 ҚР СТ 1.7 – 1998 ҚР МСЖ. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау тәртібі

10 СТ РК 1.8-98 ГСС РК Порядок издания и обеспечения нормативными документами и информацией Государственного фонда стандартов РК

11 ҚР СТ 1.9 – 2003 ҚР МСЖ. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды және стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі

12 ҚР СТ 1.15 – 2004 ҚР МСЖ. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер. Құру және әрекет ету тәртібі

13 ҚР СТ 1.16-2000 ҚР МСЖ. Стандартау жөніндегі нормативтік құжаттардың, сертификаттау ережелерінің міндетті талаптарын сақтауға және сертификатталған өнімдерге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүргізу тәртібі

14 ҚР СТ 1.25-2001 ҚР МСЖ. Өнімді әзірлеу және өндіріске қою кезеңдерінде мемлекеттік қадағалауды жүргізу әдістемесі

15 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

16 Единая система конструкторской документации: Справ. пособие -М.: Изд-во стандартов,1986 г.

17 Управление качеством: Учебник для вузов/ С.Д. Ильенкова, В.С. Мхитарян и др.; под ред. С.Д.Ильенковой, - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999 г.-199 с.

18 В.В. Окрепилов Управление качеством: Учебник для вузов/ 3-е., изд., доп. и перераб.- СПб.: Наука, 2000 г. - 911с.

19 ҚР МЖ 01-99 Сабақтар (пәндер) жіктеуіштері

20 ҚР МЖ 02-99 Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіштері (ҚҰЖЖ)

21 ҚР МЖ 03-99 Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштері (ЭҚЖЖ)

22 ҚР МЖ 04-99 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіштері (ЭҚТӨЖ)

23 ҚР МЖ 05-2000 Бастапқы және орта кәсіптік білім мамандықтарының жіктеуіштері

24 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.0-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 1 бөлім. Мемлекеттердің коды

25 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.2-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 2 бөлім. Мемлекеттің әкімшілік-аймақтық бөлімшелерінің кодтары

26 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.3-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 3 бөлім. Бұрын қолданған мемлекеттердің атауларын белгілені кодтары

27 ҚР МЖ 07 (ИСО 4217-2001) Валюталар мен қорларды белгіленуге арналған кодтар

28ҚР МЖ 08-2001 ҚР жоғары кәсіптік білім мамандықтарының және оларды дайындау бағыттарының жіктеуіштері

29 ҚР МЖ 09-2002 Төлемдерді тағайындаудың бірыңғай жіктеуіштері

30 ҚР МЖ 10-2002 ҚР білім деңгейлерінің мемлекеттік жіктеуіштері

31 ҚР СТ 1.14-2000 ҚР МСЖ Ұйым стандарттары. Түрлері мен жасау тәртібі

32 ҚР СТ 1081-2002 Тағам өнімдеріне технологиялық нұсқау мен рецептураны жасау тәртібі



33 ҚР СТ 1042-2001 Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар



жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау