«Стандарттау, метрология және сертификаттау»


Тақырыбы: Мәтіндік өндірістік құжаттар



жүктеу 1,35 Mb.
бет4/7
Дата04.12.2017
өлшемі1,35 Mb.
#3045
1   2   3   4   5   6   7

Тақырыбы: Мәтіндік өндірістік құжаттар
Дәріс сабағының мазмұны:

1 Мәтіндік өндірістік құжаттардың түрлері мен олардың қысқаша сипаттамалары

2 Құжаттарды жасау және бекіту тәртібі
1 Тағам саласында мәтіндік өндірістік құжаттарға технологиялық нұсқау мен рецептура жатады.

Технологиялық нұсқау: Біртекті өнім топтарын немесе белгілі түрін өндіру процесін қамтамасыз ететін технологиялық операцияларды орындау тізбектілігі мен параметрлерді реттейтін технологиялық құжат.

Рецептура: Шикізат пен материалдар шығындарының нормаларын анықтау мен олардың қажеттіліктерін есептеуі бар өнімнің құрамын орнататын технологиялық құжат.

Технологиялық нұсқау (ТН) мен рецептура (РЦ) тағам өнімдеріне талаптар орнататын техникалық регламенттердің, стандарттардың немесе техникалық шарттардың негізінде дайындалады.

Стандарт жоқ болған кезде өнімге ТН мен РЦ бөлек құжаттар түрінде жасалады. Қажет болған жағдайда, мұндай құжаттарға өнімнің сапа және қауіпсіздік көрсеткіштері кіреді немесе сол құжаттарға сілтемелер жасалады.

Технологиялық нұсқау дайындалу технологиясы жағынан жақын біртүрлі тағам өнімдерінің бір немесе бірнеше нақты атауларына дайындалады.

ТН және РЦ бөлек технологиялық құжаттар түрінде жасалады. Егер өнімнің бір түріне, дайындалу технологиясы жағынан жақын тағам өнімдерінің бірнеше нақты атауларына ТН жасалса, онда РЦ тағам өнімінің бір нақты атауына жасалады.

ТН және РЦ орнатылатын сипаттамалар мен көрсеткіштер нақты тағам өнімінің сәйкестендіруін қамтамасыз етеді.

Технологиялық нұсқауда тағам өнімдерін дайындаудың технологиялық процесс шикізатты және жартылай фабрикаттарды қабылдау мен өндіріске жіберуден бастап дайын өнімдерді шығаруға дейін жазылады.

ТН және РЦ талаптары мен ережелері міндетті болып есептеледі.

ТН және РЦ атауы бір өнімге бір уақытта енгізіледі.

ТН және РЦ енгізу уақытын дайындаушы орнатады, бірақ бекіту күнінен ерте болуы керек, ал тіркеу жүйесі бар болғанда – тіркеу күнінен ерте болуы қажет.



2 Технологиялық нұсқау мен рецептураны дайындау тәртібі

ТН және РЦ заңды және жеке тұлғалар, яғни тағам өнімдерін өндірушілер жасайды. Сонымен қатар басқа тұлғалар да ТН мен РЦ дайындай алады, ол үшін өндірушілермен келісілген түрде жасалу керек, оның ішінде ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдар да жасайды.

ТН мен РЦ кіретін дайын өнімнің нақты көрсеткіштері мен шығу нормалары зерттеулер жүргізу негізінде ҚР СТ 4.4 сәйкес орнатылады.

Рецептурада келесі мәліметтер болуы керек:

- өнімдердің органолептикалық және физико-химиялық қасиеттерінің қысқаша сипаттамалары;

- өнімді өндіруге қолданылатын шикізаттардың, жартылай фабрикаттар мен материалдарының тізімі, өндіру кезінде алмастыруға келетін қолданылатын шикізат пен жартылай фабрикаттар;

- дайын өнімді өндіруге қажетті шикізат, жартылай фабрикаттар мен материалдарын жұмсау нормалары;

- өндіру кезінде шығындардың нормалары;

- салмақ және басқа да негізгі физико-химиялық көрсеткіштер бойынша ауытқулар шектері мен сақтау мерзімі.

ТН бөлек құжаттар түрінде Республикада қолданыста бар техникалық регламенттер мен тағам өнімдеріне қауіпсіздік нормаларын орнататын, оның радиология, микробиология нормалары мен тұтынушыларға арналған ақпараты бар стандарттар.

ТН және РЦ орнатылатын тағам өнімдерінің атаулары ҚР СТ 1010 сай болуы керек.

ТН келесі бөлімдерден тұруы қажет:

- кіріспе бөлімі;

- дайын өнімнің сипаттамасы, оның ішінде өнімнің тағам және энергетикалық құндылығы жөніндегі мәліметтер;

- рецептура (егер ол болуы керек болса, бірақ бөлек құжат түрінде жасалмаса);

- технологиялық процестің және қажет болған жағдайда технологиялық сұлбаның сипаттамасы;

- негізгі технологиялық жабдықталуға қойылатын талаптар;

- шикізатты, жартылай фабрикатты, дайын өнімді қабылдау ережелері;

- шикізатты, жартылай фабрикатты, дайын өнімнің технологиялық процесінде бақылау әдістері мен құралдардың қысқаша сипаттамасы;

- өнімді өндіруге талаптар реттейтін басқару, нормативтік және технологиялық құжаттамалардың тізімі.

Керек болған жағдайда бөлек бөлімдерді біріктіруге және баяндалу тәртібін өзгертуге болады.

Технологиялық нұсқау мен рецептураны құру, баяндау және ресімдеу



Рецептураны баяндау және ресімдеу ҚР СТ 1.5 сай орындалуы қажет.

ТН мен РЦ кіретін бөлімдердің құрылымын дайындаушы-кәсіпорын анықтайды. ТН мен РЦ түпнұсқаны ұстаушы ұйымның басшысы бекітеді.

ТН, РЦ дайындауға басқа ұйым қатысқан кезде өтінім беруші мен дайындаушы арасында келісім-шарт жасалады. ТН мен РЦ бекіту алдында дайындаушы қызметтермен келісулер жүргізіледі, егер мұндай рәсім орнатылса. Өнім жұмысшы және (немесе) Республикалық дегустациялық комиссиялармен бағаланады, егер олар кәсіпорындарда немесе салаларда міндетті ретінде қарастырылса.

Емдәмдік (емдік, сауықтандыру) маңызы бар тағам өнімдеріне бөлек құжаттар түрінде жасалған ТН мен РЦ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдарымен және Тағамтанудың Қазақ Академиясымен келісуге жатады.

Рецептураларды басқа ұйымдармен келісу қажеттілігін сол құжатты бекіткен ұйым анықтайды.

ТН және РЦ жинақтарға енгізген кезде оларды келісу және бекіту жөніндегі мәліметтер жинақтың екінші бетіне жазылады, егер жинаққа кіретін барлық құжаттарға жатқызуға болса.

ТН мен РЦ жинағы қосымша компоненттерді және өзараалмастыратын шикізаттарды енгізудің жалпы ережелеріне және басқа да қажетті жалпы мәліметтерге сілтемелер жасау арқылы толтырылады. ТНғ РЦ жобаларының келісу мерзімі 15 күннен аспау керек.

Бөлек құжаттар түрінде ресімделген бекітілген технологиялық нұсқау мен рецептураларға белгіленулер қойылады және олардың құрылымы мынандай:

- құжаттың (ТН, РЦ) индексі;

- аймақтың немесе қаланың, ұйымның орналасқан жерінің (ТН, РЦ түпнұсқасын ұстаушы кәсіпорынның) коды;

- реттік нөмірі.

Реттік нөмірді түпнұсқаны ұстаушы кәсіпорын орнатады.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Мәтіндік өндірістік құжаттар дегенді қаалй түсінесіздер?

2 Рецептуралар мен технологиялық нұсқауларды қандай органдар дайындайды?

3 Технологиялық нұсқау мен рецептураны жасау және бекіту тәртібі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие по редакцией Тазабекова. Алматы. 2003 г. – 450 с.

2 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар

3 ҚР СТ 1081-2002 Тағам өнімдеріне технологиялық нұсқау мен рецептураны жасау тәртібі


№ 11 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Ұйымдастырушылық-өкімгерлік құжаттарды

жасау әдістемесі мен түрлері
Дәріс сабағының мазмұны:

1 Ұйымдастырушылық-өкімгерлік құжаттардың түрлері

2 Ұйымдастырушылық-өкімгерлік құжаттарды жасау әдістемесі
1 Ұйымдастырушылық-өкімгерлік құжаттардың түрлері:

- келісімдер (жеке еңбектік: материалды-техникалық жабдықтарға; өндіріс жөнінде; жалдау; тапсыру; халықаралық ынтымақтастық; материалды жауаптылық; шаруашылық, тағы басқа жөніндегі);

- жоғарыда тұратын ұйымдардың тапсырмалары;

- нұсқаулар (лауазымдық, лауазымдық міндеттерді тарату, іс қағаздарын жасау жөнінде);

- номенклатуралар (ұйымдардың, лауазымдардың істері, т.б.);

- есептер (ұйымның өндірістік қызметі жөнінде, жоспарларды дайындау бойынша);

- ережелер (құжаттарды жасау мен құжаттамаларды басқару, ұйымның жұмыс жүргізуі жөнінде);

- бағдарламалар (даму, стратегиялық, қысқамерзімдік, өндірістік-техникалық, жұмыстар мен шараларды жүргізу жөнінде, т.б.);

- регламенттер (халықаралық кездесулер; ұйымдардың жұмыстары бойынша);

- ұсыныстар (әдістемелік, ғылыми-әдістемелік);

- қорытындылар (комиссиялардың, кеңестердің);

- құрылымдар (салалық, ведомстволық, ұйымдық);

- талаптар (әдістемелік; нормативтік-әдістемелік; құжаттарды ресімдеу бойынша);

- бірыңғайланған құжаттардың түрлері, т.с.с.

2 Құжаттардың деректемелерінің құрамы

Құжаттарды дайындау мен ресімдеуде келесі деректемелер қолданылады:

01 - Қазакстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы;

02 - ұйым нышаны немесе тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі);

03 - жоғары тұрған органның ресми атауы;

04 - ұйымның ресми атауы;

05 - ұйым туралы анықтамалык деректер;

06 - құжаттың түрінің атауы;

07 - құжаттың күні;

08 - құжаттың тіркеу нөмірі;

09 - кіріс кұжатының тіркеу нөмірі мен күніне сілтеме;

10 - құжаттың қүрылған немесе басылып шығарылған жері;

11 - құжатқа қолжеткізуді шектеу белгісі;

12 - хат алушы;

13 - құжатты бекіту белгісі;

14 - бұрыштама;

15 - мәтіннің тақырыбы;

16 - бақылау туралы белгі;

17 - құжаттың мәтіні;

18 - қосымшасы бары туралы бслгі;

19 - қойылған қол;

20 - құжаттың келісілу белгісі;

21 - құжаттың келісілу рұксатнамасы;

22 – мөр;

23 - көшірменің куәландырылғаны туралы белгі;

24 - орындаушы туралы белгі;

25 - құжаттың орындалуы және іске бағытталуы туралы белгі;

26 - құжаттың ұйымға келіп түскені туралы белгі;

27 - құжаттың электронды көшірмесін сәйкестендіргіш.

Құжаттар бланкілерде әзірленеді.

Құжаттардың бланкілерінін екі негізгі форматы - А4 (210Х297мм) және А5 (148Х210мм) МЕМСТ 9327-60 бойынша белгіленеді; А6 форматты (105X148) бланкілерді пайдалануға рұқсат етіледі.

Құжаттардың бланкілерінің жиектері:

сол жагынан - 20 мм;

оң жағынан - 10 мм;

жоғарғы жағынан - 10 мм;

төменгі жағынан - 10 мм;

болуы қажет.

Құжаттардың бланкілерін ақ қағаздан немесе ашық түсті қағаздан жасаған жөн.

Бланкілерді жедел полиграфиялық кұралдардың көмегімен баспаха-налық әдіспен немесе нақты құжатты дайыңдау кезінде есептеу техникасы құралдарының көмегімен жаңғыртуға рұқсат етіледі. Мемлекеттік ұйымдардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкілері ерекше болып табылады.

Бланкілерде деректемелердің орналасуының екі түрі орнатылады: бұрышта және ұзына бойына.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкілер тек мемлекеттік органдар мен ұйымдар, олардың лауазымдық тұлғалары мен құрылымдык бөлімдері үшін полиграфиялық әдіспен жасалады және қатаң есепке алуға жатады.

Қатаң есеп беруге жататын бланкілерді жасау, пайдалану, есепке алу мен сактау тәртібі Қазакстан Республикасы нормативтік құкыктық актілерімен анықталады.

Елтанбалы бланкілерді жасауға құкығы бар полиграфиялык кәсіпорындар Қазақстан Республикасы сәйкес өкілетті органымен анықталады.

Елтаңбалы бланкілерді жасау мемлекеттік органдар мнп ұйымдардың тапсырыстары бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Елтаңбалы бланкілердің жобалары сәйкес мемлекеттік мұрағаттық мекемемен келісіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы екі түсті алтын (сары) және көкшіл-көгілдір түстерді пайдаланумен түрлі-түсті бейнеде ҚР 989 СТ талаптарына сәйкес жаңғыртылуы тиіс.

Елтаңбалы бланкілердің оң жак төменгі бұрышында мәтін жиегінен тыс баспаханалык әдіспен немесе нөмірлегішпен реттік нөмірлері, қажет болғанда сол нөмірлердің сериялары қойылады. Елтаңбалы бланкілерді есепке алу бланкілердің түрлері бойынша бөлек тіркеу-есепке алу нысанында (карточкада, журналда) жургпіледі, сонымен бірге келесі деректемелер колданылады:



бланкілер келіп түскенде:

- елтаңбалы бланкі түрінің атауы;

- келіп түскен күні;

- ілеспе құжаттың нөмірі:

- ұйымның - елтаңбалы бланкілерді жеткітушінің (жасаушының) атауы;

- даналар саны;

- елтаңбалы бланкілердің сериялары мен нөмірлері;

бланкілерді беруде:

- елтаңбалы бланкі түрінің атауы;

- берілген күні;

- даналар саны;

- елтаңбалы бланкілердің сериялары мен нөмірлері;

- ұйымның құрылымдық бөлімдерінің атауы, лауазымды тұлғаның -елтаңбалы бланкілерді алушының аты-жөні мен фамилиясы;

- алуы туралы қолхат;

- ескерту (жою туралы белгі және т.б.).

Елтаңбалы бланкілер сенімді жабылатын және мөрленетін шкафтарда сақталады.

Елтаңбалы бланкілерді жою акт бойынша есепке алу-тіркеу ны-сандарда белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

Елтаңбалы бланкілерді жасау, есепке алу, пайдалану мен сақтауды бақылау мемлекеттік органның немесе ұйымның іс жүргізуге жауапты бөліміне жүктеледі. Бланкілерді есепке алу, пайдалану мен сақтауға жауапты жеке тұлғалар мемлекеттік органның немесе ұйымның жетекшісінің өкімдік құжатымен тағайындалады.

Тіркеу-есепке алу нысандары мемлекеттік органның немесе ұйымның іс номенклатурасына кіргізіледі.

Елтаңбалы бланкілердің барын, пайдалану және сактау тәртібін тексеру жылына бір реттен сирек емес мемлекеттік органның немесе ұйымның жетекшісінің өкімдік құжатымен тағайындалатын комиссиямен жүзеге асырылады. Жүргізілген тексерулер туралы есепке алу-тіркеу нысандарында соңғы жазбадан кейін белгі қойылады. Елтаңбалы бланкілерді жасау, есепке алу, сақтау мен пайдалануда тәртіп бұзушылық анықталғанда комиссия нәтижелері акт ретінде ресімделетін және мемлекеттік органның немесе ұйымның жетекшісінің назарына жеткізілетін қызметтік тексеру жүргізеді.

Құжаттың әрбір көшірмесі мемлекеттік органмен немесе ұйымның мөрімен куәландырылуы және дананың нөмірі қойылуы шартымен жедел полиграфия құралдарымен жөнелтуге арналған құжаттарды елтаңбалы бланкіде көбейтуге рұқсат етіледі.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Қандай ұйымдастырушылық-өкімгерлік құжаттар сізге белгілі?

2 Құжаттарды ресімдеуге бланктердің қандай форматтары қолданылады?

3 Қандай құжаттарды елтаңбалы бланктерде ресімдейді?

4 Құжаттамаларды ресімдеу кезінде қандай деректер қолданылады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 ҚР СТ 1042-2001 Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар
№ 12 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Техникалық комитеттер
Дәріс сабағының мазмұны:

1 Техникалық комитеттердің құрылымы, құрамы және құру тәртібі

2 Техникалық комитеттердің қызметтері
1 Техникалық комитеттерді құру және әрекет ету тәртібі ҚР СТ 1.15 сәйкес орнатылады. Бұл стандарт Қазақстан Республикасы аумағындағы стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, халықаралық стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және халықаралық техникалық комитеттердің мүшесі болып келетін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу тәртібін және жұмысын белгілейді.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдар мен мүдделі жақтардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды өткізу үшін құрылады.

ТК техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің қызметін үйлестіру техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті органмен анықталған кәсіпорын жүзеге асырады.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер орындалатын жұмыс деңгейіне байланысты Қазақстан Республикасының техникалық комитеттеріне (ТК), мемлекетаралық техникалық комитеттерге (МТК) және ИСО Халықаралық ұйымының техникалық комитеттеріне (ИСО ТК) бөлінеді.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің атауы «Стандарттау жө-ніндегі техникалық комитет» сөздерінен және қызмет саласының атынан (стандартау объектісінен) тұруы керек.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің қысқартылған аты «ТК», «МТК» немесе «ИСО ТК» әріптерінен және бір, екі немесе үш мәнді тіркеу нөмірінен тұрады, мысалы: ТК 48, МТК 504, ИСО ТК 67.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрамына мемле-кеттік органдардың және мүдделі жақтардың өкілдері қосылады.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитет ТК мүше заңды және жеке тұлғалардың (стандарттау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың) қауымдастығы (одағы) түрінде құрыла алады.

Мұндай нысанда Төрағадан, жауапты хатшыдан, қауымдастыққа кіретін ТК мүше өкілетті өкілдерден және қосымша комитеттердің өкілетті өкілдерінен тұратын Кеңес құрылуы мүмкін.

Хатшылықты жүргізу үшін техникалық комитеттің құрамына енетін ТК қызметін үйлестіру, хат алысуды жүргізу, Техникалық комитет Кеңесінің мәжілісі құжаттарын дайындау және ресімдеу мақсатымен техникалық хатшылықты жүргізуге тілек білдірген ұйымдардың бірі таңдалады. Техникалық хатшылықтың құрамы және Төраганың кандидатурасы стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі техникалық комитетке мүше барлық ұйымдармен келісіледі. Техникалық хатшылық хат жазысуды осы ұйымның бланкінде қажетті деректеме жинақталымымен жүргізеді.

Қауымдастық мүшелері өзінің дербестігін және заңды тұлға құқығын сақтайды. Қауымдастық өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қауымдастық мүшелері (ТК мүшелері) оның міндеттемелері бойынша сәйкес қауымдастықтың құрылтайшылық құжаттарымен қарастырылған көлемде және тәртіпте субсидиарлық жауап береді.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитет ғылыми-зерттеу, жобалық-құрастырушылық және технологиялық институттардың, құрастырушылық бюролардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың өкілдерінен сәйкес қызмет салаларында ең жоғары ғылыми-техникалық әлуеті және жұмыс тәжірибесі бар мемлекеттік басқару органдарының қатысуымен құрылады.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитет заңды тұлға негізінде құ-рыла алады. Бұл жағдайда техникалық хатшылықтың құрылуы міндетті емес, ал қызметтік тұлғалар (стандарттау жөніндегі комитеттің төрағасы және жау-апты хатшы) осы ұйымның қызметкерлерінің ішінен тағайындалады. Стан-дарттау жөніндегі техникалық комитеттің хат жазысуын жүргізу үшін заңды тұлғаның бланкі пайдаланылады.

Осындай стандарттау жөніндегі техникалық комитетке тапсырушылыр (тұтынушылар) және өнімді шығарушылар, қызметтерді орындаушылар, стандарттау және сертификаттау жөніндегі ұйымдардың, оқу орындарының, ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да қоғамдық ұйымдардың ішінен заңды тұлғалар, сондай-ақ стандарттау жөніндегі техникалық комитеттінің стандарттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мүше бола алады.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің құзіретіне мыналар жа-тады:

- бекітілген объектілер мен қызмет бағыттары жөніндегі техникалық рет-теудің мемлекеттік жүйесінің негізгі бағыттарын анықтау жөніндегі ұсыныс-тарын дайындау;

- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді, мем-лекетаралық және мемлекеттік стандарттарды және шетел мемлекеттерінің техника-экономикалық ақпараттарының жіктеуіштерін және оларға енгізілген өзгертулерді ҚР СТ 1.2, ҚР СТ 1.23 , ҚР СТ 5.1, ҚР СТ 1.9 сәйкес әзірлеуге және сараптауға қатысу;

- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді және мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөніндегі техникалық реттеудің мемлекет-тік жүйесінің даму бағдарламаларына ұсыныстарды дайындау;

- мемлекетаралық және халықаралық стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің жұмыстарына қатысу;

- бекітілген объектілер мен қызмет бағыттары жөніндегі ұйымдардың стандарттарының келісімшарттық негізінде әзірлеу және сараптау өткізу.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитет өзінің қызметінде Қазақс-тан Республикасында қолданыстағы заңдарды және нормативтік құжаттарды, сәйкес мемлекеттік, мемелекетаралық және халықаралық деңгейлерде қа-былданған стандарттау жөніндегі Келісімдерді, сондай-ақ стандарттау жөнін-дегі нақты техникалық комитеттер туралы ережелерді жетекшілікке алады.

Дауыс құқығы және өз функцияларын мүшелер стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің Кеңесінің мәжілістерінде немесе өзінің өкілдері арқылы стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің тапсырысы бойынша жұмыстарды орындау процестерінде іске асырады.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің ұйымдастырушылық және жұмыс мәжілістері сырттай, жазбаша (почталық немесе электрондық) талқылау және пікір алысу жолымен өткізіле алады. Осындай мәжілістердің қорытындыларын қарастырудан кейін (құжаттарды бекітуге немесе оларды әрі қарай қарастыру мен әзірлеуден алып тастау туралы) ақырғы шешім стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің Кеңесімен қабылданады. Шешімдер дауыстардың көпшілігімен қабылданады. Шешім қабылданғаннан кейін Техникалық хатшылықпен ақпарат стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің барлық мүшелеріне бір апталық мерзімде жетткізіледі.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің жұмысына қатысудан жүйелі бас тарту кезінде мүшелер немесе олардың өкілдері стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің қүрамынан алынып тасталуы жөне басқа мүдделі өкілдермен алмастырылуы мүмкін.

Кез келген заңды және жеке тұлғалар стандарттау жөніндегі техни-калық комитеттің қүрамына стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің төрағасына берілген жазбаша өтініш негізінде кіруі немесе шығуы мүмкін. Өтінішті қарастыру мерзімі берілген күннен бастап бір айдан аспауы керек. Шешім стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің төрағасымен қабылда-нады.

Техникалық хатшылықты жүргізу функциялары жүктелген ұйым хат-тар мен құжаттарды дәл уақытында алу және жүмыста жедел байланысты (телефонмен, факспен, электрондық почтамен) қамтамасыз ету үшін оның жұмысын қаржы қүралдарымен және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етуі керек.

МАС стандарттары жөніндегі Бюромен хат жазысу және ИСО өзара әрекеттесуді стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті органмен анықталған кәсіпорын жүргізеді.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің құрылымында мемле-кеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттаудың (қызмет салалары) жеке объектілері бойынша жұмыстардың анықталған бөлігін өткізу үшін стандарттау жөніндегі техникалық комитетке бекітілген, құзыреті сәйкес шектелген қосымша комитеттер қүрыла алады.

Қосымша комитеттер стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің мәжілістерінде қалыптасады. ҚК құрылымы мен құрамы, олардың жетек-шілері (орынбасарлары) және жауапты хатшылары стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің мәжілістерінде бекітіледі.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің жұмысы үшін стан-дарттау жөніндегі техникалық комитетке мүше ұйымдар тұрақты өкілетті өкілдер ретінде жоғарғы біліктілікті мамандарды бөледі және оларға жүктелген міндеттерді орындауға арналған қажетті жағдайлар жасайды.

Өкілетті өкілдер стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің жұмысына дауыс беру құқығымен қатысады және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің мәжілістерінде мүшелердің жалпы санының 2/3 кем болмайтын кворум болған жағдайда өзінің функцияларын іске асырады.



ТК құру және жұмыс істеу тәртібі

ТК құру туралы негіздемесі бар ұсыныс өкілетті органға негізінде тех-никалық комитет құруға негіз болатын ұйыммен жіберіледі.

Ұсыныс мыналардан тұрады:

- ТК хатшылығын жүргізуге келісім берген ТК құруға негіз болатын заңды тұлғаның, оның қызметі және ТК жұмысыңа жағдайлар жасау мүмкіндіктері туралы толық ақпараты бар толық және қысқартылған аты. Келісім еркін ны-санда жазбаша ресімделеді;

- ТК бекітілген стандарттау объектілерінің тізімі немесе ТК қызметінің са-ласы;

- Ағымдағы жылдағы және(немесе) болашақтағы болжалданған жұмыс бағдарламасы;

- ТК жұмысына қатысуға жазбаша келіскен ТК мүше ұйымдардың бол-жалды тізімі.

¥сынылған материалдарды қарастырудан кейін техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті орган ТК бекіту немесе ұсынылған ұсыныстан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

ТК «Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттері» мемлекеттік стандарттау жүйесінің тізіліміне енгізіледі.

Төрағаның, оның орынбасарының және жауапты хатшының кандидатуралары техникалық реттеу және метрология жөніндегі органның бұйрығымен бекітіледі.

ТК төрағасы мынадай функцияларды орындайды:

- ТК қызметінің техникалық саясатын мемлекеттік стандарттау мақсаттары мен мәселелерімен сәйкес әзірлеу;

- ТК жұмыстарын ұйымдастыру және басқару;

- ТК жұмыс мәжілістерін жүргізу;

- ТК қызметі туралы құжаттар мен материалдарды Кеңеспен қарастырылу үшін дайындау;

- стандарттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды және басқа ұйымдардан келген мамандарды ТК жұмыс істеуге тарту.

ТК төрағасының орынбасары төрағаның функцияларын ол жоқ болған жағдайда орындайды.

ТК хатшылығы мынадай функцияларды орындайды:

- ҒТК мәжілістерін дайындау және өтуін қамтамасыз ету;

- ТК кіретін қосымша комитеттердің және жұмыс топтарының жұмысын үйлестіру;

- ТК және оның жұмыс органдарының (қосымша комитеттерінің және жұ-мыс топтарының) жұмыстарының жоспарларын дайындау;

- жоспарлар мен жұмыстар жоспарын орындауды бақылау;

- ТК шешімдерін және НҚ жобаларын ресімдеу;

- ТК құжаттарын мүдделі ұйымдармен қарастыруды ұйымдастыру;

- сыртқы ұйымдармен хат жазысу жүргізу, құжаттарды тіркеу және есепке алу;

- ТК орындалатын жұмыстардың нақты шығындарын есепке алу.

Төраға, төраға орынбасары, жауапты хатшы, өкілетті өкілдер өздерінің құзіреттерінің және ТК қызмет саласының шеңберінде жауапты деп саналады.

Көрсетілген қызмет тұлғалардың кандидатуралары техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті органмен және ТК құрылуына негіз болған ұйымның өкілетті органымен ұсыныла алады.

ТК құру туралы бұйрықты бекіту күнінен бастап екі ай ішінде ТК жауапты хатшысы құрылымы мен ТК туралы ережені келісу және «Стандарт-тау жөніндегі техникалық комитеттер» мемлекеттік стандарттау жүйесінің тізіліміне енгізу үшін дайындайды және техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті мемлекеттік органға жібереді.

ТК құрылымы ерікті формада мынадай құжаттармен бірге ұсынылады:

- мүшелердің тізімі және төрағаны, төрағаның орынбасарын, жауапты хат-шыны және ТК мүше өкілетті өкілдерді қосатын ТК тізімдік құрамы;

- стандарттау объектілері (қызмет салалары), әр қосымша комитетті, оның құрамы және хатшылықтың мекен-жайы көрсетілген қосымша комитеттердің (бар болса) тізімі.

2 ТК қызметі мемлекеттік стандарттардың сапалық деңгейін жоғарыла-туға, оны отандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсеке қабілеттілігін жоғарылату үшін, сондай-ақ шет елдермен өніммен (технологиямен, қызмет-термен) саудалық айырбас жасасу кезінде техникалық кедергілерді жою үшін халықаралық стандарттармен үйлестіруге бағытталуы тиіс.

Мемлекеттік стандарттау саласында ТК мынадай жұмыстарды ұйым-дастырады және жүргізеді:

- ТК бекітілген объектілер бойынша мемлекеттік стандарттаудың негізгі даму бағыттарын анықтау және техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті органға ұсыныстар беру;

- мемлекеттік стандарттардың жобаларын (ҚР СТ), техника-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсыныстарды және ТК бекітілген объектілер бойынша техникалық реттеу са-ласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу, қарастыру, келісу және бекітуге дайындау;

- ұйымдардың стандарттарын, ТК бекітілген объектілер бойынша Қазақстан Республикасын стандарттау жөніндегі ұсыныстарын әзірлеу, қарастыру, келісу;

- стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға өзгертулерді қайта қарау және дайындау;

- ТК бекітілген объектілер бойынша стандарттау жөніндегі республикада қолданыстағы нормативтік құжаттарды жою туралы ұсыныстарды дайындау;

- республикада қолданылатын нормативтік құжаттарды мемлекетаралық, халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттары мен шет елдердің құжаттарымен сәйкестендіру және үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау және жұмыстарды жүргізу;

- техникалық деңгейді және ТК бекітілген объектілер бойынша стандарт-таудың қол жеткізілген деңгейін бағалау;

- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдердің жо-баларын, мемлекеттік стандарттарды және нарықтық экономикасы дамыған елдердің техника-экономикалық ақпаратының сыныптауыштарын баламалы және (немесе) өзара байланысты стандарттау объектілерін Қазақстан Респуб-ликасында қолдану мақсатымен әзірлеуге және(немесе) қарастыруға қатысу;

- Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттау жөніндегі стан-дарттар мен құжаттарды қайта қарау және өзгертулер енгізу, жаңадан әзірлеу жөніндегі мемелекеттік стандарттау бағдарламаларына және жоспарларына ұсыныстарды дайындау және қажеттілікті анықтау;

- техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті органға ТК ағымдағы және болашақтағы жұмыс жоспарларын және оның жасаған жұмысы туралы жыл сайынғы есебін ұсыну.

ТК жұмыс жоспары жоспарланатын жұмыстардың орындалу жылының алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейін республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ұсынылады.

МТК құрылу және жұмыс жасау тәртібі

МТК құру немесе стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитетінің жұмысына қатысу туралы негізделген ұсыныстар ұйымдар мен кәсіпорындармен өкілетті органға жіберіледі. Ұсыныс мыналардан тұрады:

- МТК құрылуына негіз болуға немесе оның жұмысы туралы толық ақ-паратпен МТК хатшылығын жүргізуге келіскен және МТК жұмысына жағ-дайлар жасауға арналған мүмкіндіктер туралы жұмыс істеп жатқан МТК жұмысына қатысуға ұсынылатын заңды тұлғаның толық және қысқартылған атауы. Келісім еркін түрде жазбаша ресімделеді (келісім ретінде МТК құру жөніндегі Бұйрыққа қол қойылу санала алады);

- МТК бекітілген стандарттау объектілерінің тізімі немесе МТК қызметінің саласы;

- ағымдағы жылдағы және (немесе) болашақтағы жұмыстардың болжалды бағдарламасы;

- МТК жұмысына қатысуға жазбаша келісімімен МТК мүше ұйымдардың болжалды тізімі;

- МТК құрылымының және ережелерінің жобасы.

Ұсынылған құжаттар өкілетті органмен қарастырылады, оң шешім қа-былданған жағдайда Мемлекетаралық кеңеспен (МАК) белгіленген тәртіпте өкілетті органмен МАК стандарттар бюросына ұсынылады, теріс шешім жағ-дайында мәлімдеме пен құжаттама ұйымға аяқталуға қайтарылады немесе ауытқылады.

Қандай да бір техникалық салада стандарттау жөніндегі жұмыстарды өткізуге мәлімдеме бір немесе бірнеше ұйымдармен және/немесе ТК ұсынылуы мүмкін.

Техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті орган МТК құрылуға негіз болған ұйымның қызметтік тұлғаларын ұсына алады.

Ұйымның мәлімденген саланың мемлекетаралық техникалық комитетке мүше болуы туралы соңғы шешімі және мемлекетаралық тізілімде тіркеу МАЕ 02 сәйкес белгіленген тәртіпте қабылданады.

Мемлекетаралық стандарттау саласында МТК МАЕ 02 сәйкес жұмыс-тарды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, қолдану, жаңарту және жою тәртібі ҚР СТ 1.23 сәйкес жү-зеге асырылады.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің техникалық комитеттің мүшелерімен, республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен және техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті органмен хат жазысуын жүргізу және сақтауды стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің бланкінде техникалық хатшылық жүзеге асырады. МАС стандарттары жөніндегі Бюромен хат жазысуды жүргізу және сақтауды техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті органмен анықталған кәсіпорын жүргізеді.

МТК жұмыстарының жоспарлары өкілетті республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жұмыстардың орындалу жылының алдындағы жылдың 1 шілде-сіне дейін ұсынылады, жыл сайынғы жұмыстар туралы есеп беру есепті жыл-дың 15 желтоқсанына дейін.

ИСО ТК құрылу және жұмыс істеу тәртібі

Халықаралық техникалық комитеттің құрамына кіруге тілек білдірген стандарттау жөніндегі техникалық комитет өкілетті органға ұсынылған жұ-мыстардың көлемі мен болжалды қатысу мәртебесі баяндалған осы техникалық комитеттің жұмыстарына белсенді қатысу немесе құрамына оның жұмыстарын сырттан бақылаушылар ретінде кіру тілегі бар түсіндірме жазбасы бар мәлімдеме жібереді.

Көрсетілген құжаттар өкілетті органмен қарастырылады, мақұлданған және оң шешім қабылданған жағдайда құжаттар ИСО белгіленген тәртіпте өкілетті органмен ИСО стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымға ұсыны-лады, теріс шешім қабылданған жағдайда мәлімдеме толықтырылуға қайта-рылапды немесе қабылданбайды.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің мүшелігі туралы ақырғы шешімі, мәлімденген саласы және халықаралық тізілімде тіркелу ИСО белгі-ленген тәртіпте қабылданады.

ИСО ТК өзінің қызметін Жарғыға, ТББ белгіленген процедуралардың ережелеріне немесе директиваларға және осы стандарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

Бірде бір ИСО ТК оның ТББ кеңеюге берген рұқсатынсыз мақұлданған қызметтің шегінен тыс шықпайды.

Мүше комитеттердің бірі ТББ ТК хатшылығын жүргізуге тағайындалады. ИСО хатшылығының міндеттерін орындау кезінде мүше комитет толық бейтараптықты сақтауы және хатшылық ретінде ұсынылатын ұсыныстарды нақты шектеуі керек. ИСО ТК хатшылығы ТББ алдында өзінің жұмысы ғана емес, хат жазысу үшін де жауапты.

ИСО ТК нақты Халықаралық стандартқа қатысты консенсусқа қол жеткізсе, ол өзінің ұсыныстарын Бас хатшыға мүше комитеттермен келісілу үшін береді.

Кез келген мүше комитет кез келген әрекет немесе әрекетсіздік жөнінде бұл Жарғыға, ТББ белгіленген процедура ережелеріне немесе директиваларына немесе халықаралық сауда талаптарына, қауіпсіздікке, денсаулыққа және қоршаған ортаны қорғауға сәйкес келмейді деп санағанда аппеляция беруі мүмкін. Апелляциялар қабылданады және олар бойынша ТК жұмысы жөніндегі директиваларда белгіленген процедураларға сәйкес шешімдер шығарылады.

ИСО ТК-нің техникалық комитет мүшелерімен, республикалық мем-лекеттік кәсіпорынмен және техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті органмен хат жазысуды жүргізу және сақтауды техникалық хатшылық ИСО ТК бланкінде техникалық басқару бюросымен және ИСО техникалық хатшылығымен және республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен ҚР СТ 1.29 сәйкес жүзеге асырады.



ТК жұмыстарын қаржыландыру

ТК жұмыстарын қаржыландыру мүдделі ұйымдармен келісім-шарттық негізде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бағдарламалар құрамында орындалатын жұмыстар рес-публика бюджетінен қаржыландырылады.

Келісім-шарттар жасасу кезінде стандарттау жөніндегі жұмыстардың нормативтері ҚР СТ 1.40 сәйкес пайдаланылады.



ТК тарату

ТК техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті органның шешімімен стандарттау жөніндегі техникалық комитетіне бекітілген жұмыстарды орындағаннан кейін таратыла алады.

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті ор-ганның шешімімен таратылған басқа жаңадан құрылатын стандарттау жөнін-дегі техникалық комитетке берілмеуі керек.

Қажет болса, стандарттау жөніндегі техникалық комитет техникалық реттеу және метрология жөніндегі өкілетті органның бұйрығымен орнына бұрынғы реттік нөмірін берумен келтіріле алады.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Техникалық комитеттерді құру және әрекет ету тәртібі қандай стандартқа сәйкес орнатылады?

2 Техникалық комитеттерді құру және жұмыс істеу тәртібі қандай?

3 Техникалық комитеттердің құрылымы қандай?

4 Техникалық комитеттердің қызметтерін атаңыз.

5 Техникалық комитеттердің жұмыстарын қаржыландыру қалай жүргізіледі?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 ҚР СТ 1.15 – 2004 ҚР МСЖ. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер. Құру және әрекет ету тәртібі

2 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
№ 13 дәріс (1 сағат)


жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау