«Стандарттау, метрология және сертификаттау»



жүктеу 1,35 Mb.
бет6/7
Дата04.12.2017
өлшемі1,35 Mb.
#3045
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау сұрақтары:

1 ҚР МТРЖ кіретін органдарды атаңыз?

2 Техникалық реттеу саласындағы Үкіметтің құзыреттілігі қандай?

3 Ақпараттық орталық қашан және қандай себептермен құрылды және оның міндеттері неде?

4 Өнімдердің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен қандай орган сарапшылық кеңестерді құрады?

5 ҚР МТРЖ қандай органы техникалық регламенттерді бекітеді?

6 Қандай органдардың құзыреттілігіне техникалық регламенттерді дайындау бойынша жоспарды бекіту кіреді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы (05.07.2008 ж. өзгерістерімен).

2 Дәріс конспектілері.
3 тәжірибелік сабақ (1 сағат)

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің уәкілетті органы

Сабақтың мақсаты: ҚР МТРЖ уәкілетті органның қызметі мен құрылымы жөніндегі теориялық білімді бекіту

Мазмұны

1 Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреттілігін оқып меңгеру

2 Стандарттау саласындағы уәкілетті органның құзыреттілігін қарастыру

Әдістемелік ұсыныстар:

1 3 тәжірибелік сабаққа дайындалған кезде «Техникалық реттеу туралы» заңының соңғы нұсқасы болу керек (05.07.2008 ж. өзгерістерімен)

2 Заңның 1 бөлімінің 7 бабын оқып, уәкілетті орган өз қызметтерін қандай бағыттарда жүргізетінін анықтаңыз

3 Заңның 1 бөлімінің 7 бабын өте мұқият оқып, уәкілетті орган техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестікті растау салаларында қандай қызметтік міндеттерді атқаратындығын нақты ұғыну керек



Бақылау сұрақтары:

1 Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет туралы қандай мәліметтеріңіз бар?

2 Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдар мен олардың құзыреттілігі жөнінде не білесіз?

3 Техникалық реттеу саласындағы сарапшы кеңестер қайда және қандай мақсатпен құрылады?

4 Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік ұйымдарда Қазақстанды қандай орган ұсынады және халықаралық, өңірлік стандарттау жұмыстарына қатысады?

5 ҚР МТРЖ тізілімін жүргізуді қандай орган ұйымдастырады?

6 Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын қандай орган ұйымдастырады және үйлестіреді?

7 Ақпараттық орталықтың жұмыс істеуін қандай орган қамтамасыз етеді?

8 Техникалық комитеттер және олардың функциялары жөнінде не білесіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы (05.07.2008 ж. өзгерістерімен)

2 Дәріс конспектілері
4 тәжірибелік сабақ (1 сағат)

Тақырыбы: Нысандарды сәйкестендіру

Сабақтың мақсаты: Нысандарды сәйкестендіру бойынша теориялық білімді тереңдету және тәжірибелік дағдылар алу

Мазмұны

1 Сәйкестендіру әдістерінің жіктелуін оқып меңгеру.

2 Оқытушы берген тапсырма бойынша нысанға сай келетін сәйкестендіру әдістерінің біреуін сипаттау.

Әдістемелік ұсыныстар:

Өнім сәйкестендіруді ықылассыз дайындаушыдан (жеткізушіден, сатушыдан) тұтынушыны қорғау мақсатымен; қоршаган орта, адамдардың өмірі, денсаулығы, және оның мүлігі үшін өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұсынылған талаптарға өнім сәйкестігін растау мақсатымен жүргізеді.

Нақты өнім туралы ақпаратқа өнімнің толық сипаттамасы ұсынылған, немесе оның сипаттамасына нақты өнімнің сәйкестігін растау қажет болған жағдайда сәйкестендіру жүргізіледі.

Нақты өнімнің сәйкестендіру нәтижелерін стандарттау, метрология, сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттамасымен, сәйкестендіру жөніндегі нормативтік құжаттамасымен ескерілген тәртіпте, ал олар жоқ кезде тұжырымдама түрінде ресімделеді.

Тұжырымды дайындау кезде:

- құжаттаманы сараптау;

- аспаптық, органолептикалық және көзбен шолу тексерулерін, үлгілерді немесе өнімді сынау нәтижелерін пайдаланылады.

Тұжырымдамаға сәйкестендіру жүргізетін сарапшы немесе органның (мекеменің) уәкілетті тұлғасы қол қойады, және осы органның мөртаңбасымен расталады.



Бақылау сұрақтары:

1 Сәйкестендіру дегенді қалай түсінесіз?

2 Сәйкестендіруші деген не?

3 Сәйкестендіру нысандарын атаңыз?

4 Сәйкестендіру әдісінің ең ежелгі әдісі қандай?

5 Нөмірлік сәйкестендірудің қанша тәсілі бар және олардың бір-бірінен айырмашылықтары неде?

6 Біртекті нысандардың топтарын сәйкестендіру қажет болған жағдайда қандай әдіс қолданады?

7 Сілтемелік әдістің ерекшелігі неде және бұл әдіс қайда қолданылады?

8 Сипаттаушы әдіс қайда қолданылады?

9 Сипаттаушы-сілтеуші әдістің сипаттаушы әдістен айырмашылығы неде?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов / В.А. Швандар, В.П. Панов, Е.М. Купряков и другие под редакцией В.А. Швандара. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 487 с.

2 ҚР СТ 1014-2000 Өнімді сәйкестендіру. Жалпы ережелер
5 тәжірибелік сабақ (1 сағат)

Тақырыбы: Нысандарды жіктеу

Сабақтың мақсаты: Теориялық білімді тереңдету және нысандардың жіктелуі бойынша тәжірибелік даңдыларға ие болу

Мазмұны:

1 Жіктелу әдістерін оқу

2 Оқытушы берген вариант бойынша нысанға сай келетін жіктелу әдісін сипаттау

Бақылау сұрақтары:

1 Нысандардың жіктелуін қалай түсінесіз?

2 Жіктелудің нысандарын атаңыз?

3 Жіктелу не үшін қажет?

4 Жіктелу әдістерінің қанша түрін білесіз?

5 Жіктелудің иерархиялық әдісі немен сипатталады?

6 Иерархиялық жіктелу әдісін құру тәртібі қандай?

7 Фасеттік жіктелу әдісі немен сипатталады?

8 Фасеттік жіктелу әдісін құрастыру кезінде қандай ережелерді білу қажет?

Әдістемелік ұсыныстар:

Әртүрлі нысандарды, құбылыстарды және қасиеттерді жіктеу, отандық және әлемдік тәжірибедегі мәліметтерді жинау, өңдеу және ұсыну үшін кең қолданылады. Сонымен, жіктеу деп нысандарды жүйелеуді айтады, яғни ол унификаттау және стандарттау жұмыстарының бірінші, ең негізгі кезеңі болып саналады. Нысандарды жіктеу ең алдымен көптеген нысандардың ішінен нақты өзіне керек нысанды алу үшін мәліметтерді өңдеу кезінде қажет. Мысалы, барлық өнім атаулары ондаған миллионнан асады: ұшақ және бидай, сораптар мен маталар, аяқ киімдер, лампочкалар. Өнімдер туралы мәліметтерді көптеген автоматтандырылған жүйелерде өңделеді.

Өнімдер туралы мәліметтерді мүмкіндігінше жіктеп, әрбір тұтынушы тек өзіне қажеттісін алуға жеңіл және оңай болу керек. Ең көп тараған нысандарға: тұрғындар туралы, кәсіпорындар мен ұйымдар туралы, тұрғындарға көрсетілетін қызмет туралы ақпараттар мен мәліметтер жатады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов / В.А. Швандар, В.П. Панов, Е.М. Купряков и другие под редакцией В.А. Швандара. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 487 с.


6 тәжірибелік сабақ (1 сағат)

Тақырыбы: Каталогтау жүйесі

Сабақтың мақсаты: Өнімді каталогтау бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеру және теориялық білімді тереңдету

Мазмұны:

1 Каталогтау жүйесін меңгеру

2 Оқытушының тапсырмасы бойынша өнімнің бір түріне каталогтық парақты рәсімдеу

Әдістемелік ұсыныстар:

Өнімді каталогтау жүйесі өнімді және оны дайындаушы жөніндегі сипаттамаларды ақпараттық анықталған тәртіпте қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық техникалық жүйе болып табылады. Ол стандарттаудың мемлекеттік қорының құрамдас бөлігі. Сонымен қатар өнімді дайындаушы, тұтынушы және мемлекеттің қызығушылығымен құралады.

Каталогтауға ҚР шекарасында шығарылатын өнім ғана жатады. Әрбір өнімге атауы бойынша каталогтық парақ толтырылады, яғни оның мазмұнында нақты өнім туралы мәлімет; оның атауы; мәні; дайындаушысы; техникалық құжаттар немесе стандарттау бойынша нормативтік құжаттар, сонымен қатар ең негізгі өнімнің тұтынушылық сипаттамалары жөнінде біртекті реквизиттер жиыны келтіріледі.

Каталогтау жүйені құрудың және енгізілуінің негізгі мақсаты Қазақстанда өндірілетін өнім жөніндегі құқықтық және физикалық ақпарат түрлерін және оның нормативтік құжаттарда қолданылатын сипаттамалары мен дайындаушылар мемлекеттік басқару органдарының қызығушылығын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының каталогтау жүйесін функциялау қолданушыларды келесі шешімдерді қабылдау кезінде ақпаратпен қамтамасыз етеді: нарық конъюктурасын зерттеуде; өнімнің нормативтік, техникалық құжаттар талаптарына сәйкестігін бағалау және сәйкестендіруде.

Өнімді каталогтаудың ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі Қазақстанда өндірілетін өнімнің мәліметтер қорын құрастыруды және қолданушыларға қызмет көрсетуді қарастырады. РГКП «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» Мемстандартпен өнім каталогін; өндірістен алынған өнім жөнінде ақпараттық бюллетенін; ҚР өнімді дайындаушылар каталогін құрастыруға және шығаруға уәкілетті.

Бақылау сұрақтары:

1 Өнімді каталогтаудың негізгі мақсаттары мен қарастыратын мәселелері қандай?

2 Каталогтау өнімді өндірушілер үшін не береді?

3 Тұтынушылар үшін каталогтау не береді?

4 Өнімдер жөніндегі мәліметтер банктерін құру және олардың өзараәрекеттесуі бойынша жұмыс қалай ұйымдастырылады?

5 Өнімнің каталогтық парағының құрылымы мен мазмұны қандай?

6 Біртекті өнімдердің көрсеткіштер номенклатурасын унификаттау не үшін қажет?

7 Каталогтау жүйесінде ақпаратты ұсынудың түрлері мен формаларын атаңыз?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов / В.А. Швандар, В.П. Панов, Е.М. Купряков и другие под редакцией В.А. Швандара. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 487 с.

2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие по редакцией Тазабекова. Алматы. 2003 г. – 450 с.
7-8 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)

Тақырыбы: Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнім жіктеуіштері

Сабақтың мақсаты: ҚР МЖ 04-99 жіктеуіштермен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу

Мазмұны:

1 Жіктеуіштердің түрлерін оқу

2 ҚР МЖ 04-99 жіктеуіштердің құрылымын оқып меңгеру

3 Оқытушының тапсырмасы бойынша біртекті өнімдер топтарының жіктелуімен танысу



Әдістемелік ұсыныстар:

ЭҚТӨЖ жіктеуінің негізгі принципі өндірістік тектес принципі болып табылады. ЭҚТЖЖ қызмет түрі анықтап келісілген негізінде өнім сипаттамасын жасау үшін әрбір тауар қызмет түрі бойынша жіктеледі. Қызмет түрі бойынша жіктеудің мұндай толық қатынасы ЭҚТӨЖ жіктеуішінде ЭҚТЖЖ қарағанда үлкен кодтау жүйесі туындайды.

Жіктеуіштерді енгізу эталонды және жіктеуішінің бақылаушы данасын құруды, сенімділігін растау мақсатында және ондағы мәліметтердің толық болу үшін оларға өзгертулер енгізу, жаңа өнімдерді жіктеу және кодтау қарастырады. Жіктеу данасының эталонын Статистика бойынша ҚР Агенттілігі жүргізеді.

Бақылаушы данасын ҚР Мемстандарты жүргізеді. Өзгерістерді дайындау статистика бойынша ҚР Агенттілігімен ҚР Мемстандарт қызметтеріне сәйкес келісісімен жүзеге асырылады.

Статистика бойынша ҚР Агенттілігі жіктеуіштің эталонды данасына өзгерістер енгізуді және қолданушыны енгізілген өзгерістер, тәртіптер және олардың күшіне енген мерзімімен таныстыруды жүргізеді.

Бақылаушы данасына өзгерістер енгізу ҚР Мемстандартымен жүзеге асырылады.

Экономикалық қызметтердің түрлері бойынша өнім жіктеуіші (КПВЭД) статистика жөніндегі ҚР Агенттілігімен енгізілген.

Бақылау сұрақтары:

1 Жіктеуіштердің қандай категориялары сізге белгілі?

2 Қазақстанда қолданылатын мемлекеттік жіктеуіштерін атаңыз?

3 Жіктеуіш неше құрылымдық блоктардан тұрады?

4 Кодтау үшін неше белгі қолданылады?

5 Жіктеуіштің тарауы дегеніміз не және ол қалай белгіленеді?

6 Бөлімше дегеніміз не және ол қалай белгіленеді?

7 Бөлім дегеніміз не және ол қалай белгіленеді?

8 Класс дегеніміз не және ол қалай белгіленеді?

9 Түрі дегеніміз не және ол қалай белгіленеді?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов / В.А. Швандар, В.П. Панов, Е.М. Купряков и другие под редакцией В.А. Швандара. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 487 с.

2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие по редакцией Тазабекова. Алматы. 2003 г. – 450 с.

3 ҚР МЖ 04-99 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің мемлекеттік жіктеуіші.


9-10 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)

Тақырыбы: КҰЖЖ жіктеуіші

Сабақтың мақсаты: ҚР МЖ 02-99 жіктеуіштермен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу

Мазмұны:

1 Кәсіпорындардың және ұйымдардың жалпы жіктеуішін оқып меңгеру

2 Оқытушының тапсырмасы бойынша бір саладағы кәсіпорындардың сәйкестендіру кодтарын анықтау

Әдістемелік ұсыныстар:

Ұйымдар мен кәсіпорындардың жалпы жіктеуіштері заңды тұлғаларды және ҚР аймағында тіркелген олардың филиалдары мен әкімшіліктерін кодтауға арналған. КҰЖЖ жіктеуіші ҚР аймағында тіркелген, әрбір бірлік үшін ерекше кодты қолдану негізінде бірдей ақпараттық кеңістіктің құрылуын қамтамасыз етеді.



Бақылау сұрақтары:

1 ҚР МЖ 02-99 жіктеуішінің нысаны болып не табылады?

2 ҚР МЖ 02-99 жіктеуішінің құрылымы қандай?

3 Жіктеуіштің құрылымына қандай блоктар кіреді?

4 Сәйкестендіру коды неше белгіден тұрады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 ҚР СТ 5.0-2005 Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтаудың бірыңғай жүйесі. Негізгі ережелері

2 ҚР СТ 5.1-2005 Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтаудың бірыңғай жүйесі. Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерді жасау тәртібі

3 ҚР МЖ 02-99 Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші


11 тәжірибелік сабақ (1 сағат)

Тақырыбы: Техникалық құжаттамаларды стандарттау

Сабақтың мақсаты: КҚБЖ және ТҚБЖ стандарттар жүйелерімен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу.

Мазмұны:

1 Кәсіпорындардың және ұйымдардың жалпы жіктеуішін оқып меңгеру

2 Оқытушының тапсырмасы бойынша бір саладағы кәсіпорындардың сәйкестендіру кодтарын анықтау

Әдістемелік ұсыныстар:

Техникалық құжаттамалар – бұйымдардың немесе жабдықтардың өмірлік циклының негізгі сипаттамаларын сипаттайтын құжаттар жиыны. Техникалық құжаттамалар адамдардың өндірістік қызметін регламенттейді және бір уақытта, адамзаттың басқару әдісінде, алдыңғы қатарлы технологияда, техникалық даму саласында жеткен жетістіктерін анықтап көрсетеді. Техникалық құжаттамаларды нысандарға сәйкес, олар конструкторлық құжаттамалардың бірыңғай жүйесі (нысаны - конструкция), технологиялық құжаттамалардың бірыңғай жүйесі (нысаны технология) болып бөлінеді.



Бақылау сұрақтары:

1 Қандай құжаттамалар техникалық құжаттамаларға жатады?

2 Қандай көрсеткіш бойынша техникалық құжаттаманы жүйелерге бөледі?

3 КҚБЖ стандарттардың класын қалай белгілейді?

4 ТҚБЖ стандарттардың класын қалай белгілейді?

5 КҚБЖ стандарттары неше және қандай топтарға бөлінеді?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Кокорев В.И. Основы стандартизации в информационных системах. М.: Издательство стандартов, 1988. – 240 c.


12 тәжірибелік сабақ (1 сағат)

Тақырыбы: Құжаттың библиографиялық сипаттамасы

Сабақтың мақсаты: СИБиД стандарттар жүйелерімен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу

Мазмұны:

1 МЕСТ 7.1-84 оқып меңгеру



Әдістемелік ұсыныстар:

Библиографиялық сипаттама деп құжаттардың сәйкестендіруі және жалпы сипаттамалары жөнінде жазылған құжаттар топтары немесе оның негізгі бөліктері туралы библиографиялық мәліметтер үйлесімділігін айтады.



Бақылау сұрақтары:

1 СИБиД жүйесінің негізгі нысандары болып не табылады?

2 Ақпарат көзінің библиографиялық сипаттамасы дегенді қалай түсінесіз?

3 Кітапты сипаттау ережелері қандай?

4 Журналдан алынған мақалаларды сипаттау ережелері қандай?

5 Нормативтік құжаттарды сипаттаудың ерекшеліктері неде?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 МЕСТ 7.1-84 Құжаттың библиографиялық сипаттамасы. Жалпы талаптары мен құрылу ережелері


13 тәжірибелік сабақ (1 сағат)

Тақырыбы: Техникалық регламент. «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР заңы

Сабақтың мақсаты: «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңымен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу

Мазмұны:

1 Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптерін оқып меңгеру

2 Субъектілердің құқықтары мен міндеттерін оқып меңгеру

Әдістемелік ұсыныстар:

2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР заңы күшіне енді. Бұл заңда Қазақстанда жасалатын тағам өнімінің оны жасау, өндіру, буып-түю, таңбалау, сақтау, тасымалдау және тұтыну кезінде қауіпсіздігіне қойылатын талаптар келтірілген. Заң сыртқысауда қызметіндегі интеграциялық процестер негізінде және Қазақстаннның ДСҰ кіру жағдайына байланысты жасалған. ҚР барлық заңдары, оның ішінде «Техникалық реттеу туралы» заңы және белгілі стандарттар түрінде шығарылатын регламенттер «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР заңына сай болуы қажет.



Бақылау сұрақтары:

1 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР заңы қашан қабылданды?

2 Бұл заң күшіне қашан енді?

3 Бұл заң қандай заңның жетілдіруі үшін жасалды?

4 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР заңы неше бөлімнен тұрады?

5 Заңның мақсаттары мен принциптерін атаңыз?

6 Үкіметтің құзыретіне жататын қандай функцияларды білесіз?

7 Жергілікті орындаушы органдар қандай функциялар атқарады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР заңы (2007 жылдың 31 шілдесінен)


14 тәжірибелік сабақ (1 сағат)

Тақырыбы: Техникалық регламент. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпығаміндетті білім стандарты (МЖМБС)

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік жалпығаміндетті білім стандарты техникалық регламентімен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу

Мазмұны:

1 Оқытушының тапсырмасы бойынша мемлекеттік жалпығаміндетті білім стандартының мазмұнын оқып меңгеру

2 Бітірушілердің білімділік деңгейіне қойылатын талаптарды оқып меңгеру

Әдістемелік ұсыныстар:

ҚР МЖМБС 5.03.001 «Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер» негізінде мамандық бойынша стандарт жасалады және бұл стандарт 050732 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау деңгейі мен білім алуына талаптар орнатады.



Бақылау сұрақтары:

1 МЖМБС қандай құрылымдық элементтерден тұрады?

2 Берілген мамандықты бітірушілердің қызмет шегін атаңыз?

3 Бітірушінің кәсіптік қызмет аймағы дегенді қалай түсінесіз?

4 Ұйымдастырушылық-басқару қызметі дегенді қалай түсінесіз?

5 Өндірістік-технологиялық қызмет дегенді қалай түсінесіз?

6 Есептік-жобалық қызмет дегенді қалай түсінесіз?

7 Тәжірибелік-зерттеу қызметі дегенді қалай түсінесіз?

8 Инспекциялық қызмет дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 ҚР МЖМБС 3.08.107-2004 Жоғары кәсіптік қызмет


15 тәжірибелік сабақ (1 сағат)

Тақырыбы: «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығына қойылатын гигиеналық талаптар» санитарлық ережелер мен нормалар

Сабақтың мақсаты: Санитарлық ережелер мен нормалар техникалық регламентімен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу

Мазмұны:

1 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығына қойылатын гигиеналық талаптар» санитарлық ережелер мен нормалардың мазмұнын оқып меңгеру

2 Оқытушының тапсырмасы бойынша біртекті өнім топтарының гигиеналық көрсеткіштерін оқып меңгеру

Әдістемелік ұсыныстар:

«Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығына қойылатын гигиеналық талаптар» санитарлық ережелер мен нормалар адамға тамақ өнімдеріне қауіпсіздікті және тағамдық құндылығына гигиеналық нормативтерді бекітеді, сонымен қатар тамақ өнімдері үшін дайындағанда, енгізу және айналымға салуда нормативтік талаптардың орындалуын қадағалайды.

Санитарлық ережелер: азаматтарға, жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, қызметтері тамақ өнімдерін дайындау, енгізу және айналымға салумен байланысты адамдарға, тамақ өндірісі саласындағы, сонымен қатар органдарға және ҚР Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге арналған.

Тамақ өнімімен тығыз байланысты материалдарға және заттарға гигиеналық талап арнайы санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормативтермен бекітіледі.

Тағам өнімдері адамдардың физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру қажет және барлық органолептикалық және физико-химиялық көрсеткіштерге, сонымен қатар химиялық, радиологиялық, биологиялық, тағы басқа заттар нормативтік құжатқа сәйкес болу керек.

Жаңа өнімдерді, жаңа технологиялық үрдістер және олардың дайындалуы, буып-түю, сақтау, тасымалдау кезінде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар сапасына және қауіпсіздігіне міндетті түрде дәлелдемелер болу қажет.

Техникалық құжат жобалары санитарлық-эпидемиологиялық сараптауға белгіленген тәртіппен жатады.

Бақылау сұрақтары:

1 Қандай заңға сәйкес санитарлық ережелер мен нормалар бекітілген?

2 Санитарлық ережелер мен нормалардың құрылымы қандай?

3 Санитарлық ережелер мен нормаларда қандай көрсеткіштер келтіріледі?

4 Қандай уытты элементтерді білесіздер?

5 Микробиологиялық көрсеткіштер дегеніміз не?

6 Санитарлық ережелер мен нормаларда қандай радионуклидтер регламенттелген?

7 Радионуклидтердің өлшеу бірліктерін атаңыз?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР заңы

2 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығына қойылатын гигиеналық талаптар» санитарлық ережелер мен нормалар № 4.01.071.03 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі бұйрығымен бекітілген (11.07.2003 №447)
№ 16-17 тәжірибелік сабақ (2 сағат)

Тақырыбы: ҚР мемлекеттік стандарттар

Сабақтың мақсаты: ҚР мемлекеттік стандарттармен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу.

Мазмұны:

1 Өнімге, процестерге, бақылау әдістерге жасалатын ҚР мемлекеттік стандарттардың құрылымы мен мазмұнымен танысу

2 ҚР СТ 1.2 және 1.5 негізге алынатын стандарттарды оқып меңгеру

Әдістемелік ұсыныстар:

Мемлекеттік стандарттарды жасау, келісу, қабылдау, есептеу, өзгерістерді енгізу және оларды жоюды уәкілетті орган орнатады.

Мемлекеттік стандарттар міндетті болып есептеледі, егер оларға ҚР заңдарында және техникалық регламенттерде сілтемелер жасалса.

Мемлекеттік стандарттарда мыналар орнатылады:



  • техникалық регламенттермен орнатылған талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін өнімнің, процестердің қауіпсіздігіне қойылатын қажетті талаптар;

  • өнімді, қызметтерді жіктеуге қойылатын талаптар;

  • өнімнің бірыңғайландыру, өзара ауыстырымдылық көрсеткіштері;

  • терминдер мен анықтамалар;

  • өнімнің, қызметтің тұтынушылық қасиеттері мен сипаттамаларын қосқандағы функционалдық белгілену көрсеткіштері;

  • қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, жою ережелері;

  • сапаны сынау жәе қауіпсіздік әдістері;

  • барлық ресурстарды тиімді қолдану және сақтауға қойылатын талаптар;

  • менеджмент жүйелерін енгізуді қамтамасыз ететін өндірісті ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

  • белгілі қызмет саласына байланысты ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы ережелер.

жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау