ПОӘК 042-14.1.04.01.20.53/03-2009
|
26.09.2008 ж. № 2 басылым
|
16 беттен -бет
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейдегі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042–14.1.04.01.20.53/03 -2009
|
ПОӘК
«Стандарттар мен нормативтік құжаттаманы
жасау технологиясы» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
|
26.09.2008 ж.
№ 2 басылым
|
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
мамандығының студенттеріне арналған
«Стандарттар мен нормативтік құжаттаманы
жасау технологиясы» пәнінен ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2009
Мазмұны
1
|
Дәрістер
|
3
|
2
|
Тәжірибелік сабақтар
|
49
|
3
|
Студенттердің өздік жұмысы
|
62
|
1 ДӘРІСТЕР
№ 1 дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Кіріспе
Дәріс сабағының мазмұны:
1 Пәннің негізгі мақсаттары мен қарастыратын мәселелері
2 Нормативтік құжаттардың түрлеріне қысқаша шолу
1 Бұл пәнді оқу барысында студенттер келесі мәселелерді қарастырады:
Техникалық реттеу саласындағы негізгі түсініктер. Техникалық реттеудің мақсаттары, принциптері. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы.Стандарттаудың әдістемелік негіздері. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың сипаттамасы. Техникалық регламенттерді, стандарттарды және нормативтік құжаттарды жасау және бекіту тәртібі. Техникалық реттеу саласындағы орнатылған нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау және қадағалау. Нормативтік құжаттаманы нормабақылау.
Осы пәннің басты мақсаты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің нормативтік-құқықтық негіздері және стандарттар мен нормативтік құжаттамаларды жасау технологиясы бойынша студенттерге теориялық білім және тәжірибелік дағдылар кешенін беру.
Осы курсты оқудың негізгі мәселесі - техникалық реттеу саласындағы негізге алынатын стандарттарды меңгеру және олардың талаптарын тәжірибе жүзінде қолдануды үйрену.
Пәнді оқу нәтижесінде студент келесілерді:
• құқықтық нормаларды, заңнамалық актілерді (заңдарды) және техникалық регламенттер мен стандарттардың заңды негізін білуі керек;
• стандарттарды және басқа да нормативтік құжаттамаларды жасау, бекіту, сараптау жөніндегі тәжірибелік дағдыларға ие болуы керек;
• нормативтік құжаттар мен стандарттардың жіктелуін, оларды жасау принциптері мен әдістерін, қолдану ережелерін; жасау және бекіту тәртібін меңгеру керек;
• тәжірибелік қызметте құқықтық нормаларды, заңнамалық актілерді; стандарттар мен нормативтік құжаттарды жасау принциптері мен әдістерін қолдана алуы керек;
• техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіне білуі керек;
• техникалық реттеу саласындағы халықаралық, ұлттық, өңірлік және салалық қызметтері; нормативтік өндірістік құжаттардың номенклатурасы жөніндегі түсініктері болуы керек;
• өнімді, қызметті және процестерді әзірлеушілеріне, дайындаушыларына және тұтынушыларына арналған нормативтік құжаттардың әртүрлі формаларын құрастыру; қателіктер жіктеуіштерін қолданып, нормативтік-техникалық құжаттамаларға нормабақылауды жүргізуді; стандарттау жөніндегі кәсіпорынның жұмысын жоспарлау; стандарттар мен нормативтік құжаттардың өмірлік циклы технологиясын іске асыру бойынша дағдыларға ие болуы керек.
2 Нормативтік құжат - әртүрлі қызмет түрлері немесе олардың нәтижесіне де қатысты ережелер, жалпы принциптер немесе сипаттамалары бар қүжат.
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат — стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат.
Стандарт - белгілі бір ауқымда қолайлы дәрежедегі тәртіпке (реттілікке) жетуге бағытталған, танымал орган бекіткен, консенсус негізінде әзірленген нормативтік құжат.
Ережелер, біріншіден - стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу сферасында өндірістік процестердің белгілі бір түрін орындағанда сақтау міндетті болатын типтік ұйымдастыру-техникалық және (немесе) жалпы техникалық ережелер, жалпы принциптер, сипаттамалар, нормалар, екіншіден - осы жұмыстар нәтижелерін рәсімдеуге міндетті талаптар болатын Мемстандартпен қабылданған стандарттау жөніндегі нормативтік құжат.
Стандарттау жөніндегі ережелер еш уақытта өнім мен көрсетілетін қызметтердің өзіне әзірленбейді, тек қана мына жағдайларда ғана болмаса:
- сәйкес негіз қалаушы ұйымдастыру-техникалық және (немесе) жалпы техникалық стандарттардың міндетті талаптары жеке нақты болу қажеттілігінде;
- ондай стандарттар болмағанда (белгілі бір ұйымдастыру-техникалық және (немесе) жалпы техникалық қатынастарды жедел реттестіру үшін);
- сәйкес ұйымдастыру-техникалық және (немесе) жалпы техникалық стандарттар дәлелденген жағдайларда әзірлеу мен қабылдау дұрыс болатынында.
Мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар, техникалық регламенттер міндетті талаптарын орындауды мемлекеттік бақылау мен қадағалау, лицензиялау, аккредиттеу, сертификаттау, метрология, стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен басқару міндеттерін шешуге байланысты нақты өндірістік процестер мен олардың элементтеріне әзірленеді. Стандарттау жөніндегі ережелерді Қазақстан Мемстандарты мен Мемқұрылысы қабылдайды. Егер олар Қазақстан Әділет министрлігінде тіркеуден өткен болса, ондағы талаптар міндетті болады.
Стандарттау жөніндегі ережелерді құрастыру, баяндау, рәсімдеу мен олардың мазмұны 1.5 ҚР СТ бойынша іске асырылады
Ережелер - хабарлау, нұсқаулар, ұсыныстар немесе талаптар нысаны бар нормативтік құжаттың мазмұнының логикалық бірлігі.
Ережелер әдістемелік немесе сипаттамалық болып келеді.
Әдістемелік ереже - нормативтік құжаттар талаптары сәйкестігіне жету тәсілдерін көрсетеді. Осындай ережесі бар нормативтік қүжатты «әдістемелік стандарт» - деуге болады.
Сипаттамалық ереже - өнім, процесс (жұмыс) және көрсетілетін қызмет сипаттамаларына қатысты мақсат сәйкестігі туралы ережелер. Одан басқа нормативтік құжатта стандарттау нысанын пайдаланғандағы, оның «тәртібі» сипатталатын пайдалану (эксплуатация) ережесі болады.
Ережелер жинагы алдыңғы нормативтік құжат сияқты, жеке өзінше стандарт немесе құжат және сондай-ақ стандарттың бөлігі болуы да мүмкін.
Әдетте ережелер жинағы жобалау, жабдықтар мен конструкцияларды құрастыру, нысандар, конструкциялар, бұйымдарға техникалық қызмет көрсету немесе пайдалану процестері үшін әзірленеді. Құжаттағы техникалық ережелер ұсыныс сипатында болады.
Жоғарыдағы барлық аталған нормативтік құжаттар ұсыныс түрінде болып келеді.
Регламент - міндетті құқықтық нормалары болатын қүжат. Регламентті басқа нормативтік құжаттар сияқты стандарттау жөніндегі орган емес, билік органы қабылдайды.
Регламенттердің түрі - техникалық регламентте стандарттау нысандарына техникалық талаптар болады. Олар құжаттың тікелей өзінде беріледі, немесе басқа нормативтік құжатқа (стандарт, техникалық шарттар қүжаты, ережелер жинағы) сілтеу жолымен көрсетіледі.
Кейбір жағдайларда техникалық регламент толық нормативтік құжатқа енгізіледі. Техникалық регламенттер, әдетте әдістемелік құжаттармен, тәртіп бойынша регламент талаптарына өнімнің (көрсетілетін қызмет, процесс) сәйкестігін тексеру немесе бақылау әдістері жөніндегі нұсқауларымен то-лықтырылады. Қазақстанда Техникалық регламенттер ретінде ҚР техникалық заңнамалары, техникалық сипаттағы талаптар болатын ҚР Президенті Жарлығы мен Үкімет қаулылары, міндетті талаптар болатын стандарттар, сондай-ақ техникалық нормалар мен арнаулы мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының ережелері қаралады.
Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші - техникалық-экономикалық акпарат нысандарының жіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін қүжат.
Ұсынымдар - жұмыстар орындаудың ұйымдастыру-техникалық және (немесе) жалпы техникалық қағидаларының тәртіптеріне, әдістеріне арналған қолдануға ерікті мәндегі құжат.
Ұсынымдар - стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша жүмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және іске асыру міндеттерін шешумен байланысты нақты өндірістік процестер мен олардың элементтеріне әзірленеді.
Ұсынымдардағы болатын қагидалар ерікті болып келеді.
Ұсынымдар стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қандай да бір болмасын қызметтің түрін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін және кеңесті немесе нұсқауды қамтитын ережені белгілейді.
Ұсынымдарды құруға, рәсімдеуге, мазмұнына, жазуға, оларды әзірлеудің, келісудің, бекітудің, тіркеу мен қолданудың тәртібіне қойылатын талаптарды техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді
ҚР стандарттау жүйесі халықаралық тәжірибелер нәтижелерін жинақтай келе, олардың стандарттау ережелері, нормалары және тәжірибелеріне сәйкестене түсті, бірақ оның да халықаралықтардың талаптарына қайшы келмейтін отандық мол тәжірибесі мен ерекшеліктері де бар.
Еліміздің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңымен белгіленген және оларға мыналар жатады:
1) халықаралық стандарттар;
2) аймақтық стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері;
4) ұйымдар стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;
6) шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелері, нормалары мен ұсынымдары.
Қазір біздің елімізде ҚР заңнамаларына қайшы келмейтін бұрынғы КСРО стандарттарының барлығы қолданыста.
Өнімнің нормативтік құжаттарына ерекше талаптар қойылады және олар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес міндетті сертификаттауға жатады. Нормативтік құжатта сертификаттау арқылы расталатын өнімнің талаптары және де өнімнің таңбалау тәртіптері, сәйкестігін белгілеу үшін пайдаланатын бақылау (сынау) әдістері көрсетілуі қажет.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Пәннің мақсаттары мен қарастыратын мәселелерін атаңыз?
2 Қазақстанда қолданылатын қандай нормативтік құжаттарды білесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.
3 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
№ 2 дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Сәйкестендіру
Дәріс сабағының мазмұны:
1 Нысандардың сәйкестендіруі жөніндегі түсінік
2 Нысандарды сәйкестендіру әдістері
1 Сәйкестендіру дегеніміз нысанға оны басқа нысандардан ерекшелендіретін өзгеше атау, нөмір, белгі, шартты белгіленулер, қасиет беруді айтады.
2 Нысандарды сәйкестендірудің жиі қолданылатын әдістеріне мыналар жатады:
1 өзгеше атаулар;
2 сандық нөмірлер;
3 шартты белгіленулер;
4 жіктеуші;
5 сілтемелік;
6 сипаттаушы;
7 сипатаушы-сілтемелік.
Өзгеше атаулар әдісі ең ежелгі әдістерге жатады. Тауарлардың, өзендердің атаулары, өзгеше болып келеді, сондықтан олар «нысан-атау» немесе «атау-нысан» болып байланыста жүреді. Мысалы, Қара теңіз, Ертіс өзені, т.с.с.
Сандық нөмірлер әдісі жиі қолданылатын (пайдаланатын) әдістерге жатады. Нысанның атауымен бірге оның нөмірі жүрген кезде нысанды сәйкестендіру оңай болып келеді. Тәжірибелік қолдануда нөмірлік сәйкестендірудің 2 негізгі тәсілі қолданылады: реттік және сериялы-реттік.
Шартты белгіленулер әдісін өнімді және құжаттарды сәйкестендіру кезінде көп қолданады.
Көбінесе шартты белгіленулер әдісінің 3 тәсілін қолдануға болады: мнемоникалық, жіктеуші және мнеможіктеуші.
Жіктеуші әдісті көбінесе есептелінетін мәселелерге керек біртекті нысандардың топтарын сәйкестендіру қажет болған жағдайларда қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі оның кө ақпарат беруінде, яғни көптеген нысандардан белгілі қасиетерге ие болатын нысандарды бөліп алуға болады.
Осы әдісті қызметтің көптеген салаларында қолданылады, өйткені нысандардың жүйелілігін қамтамасыз етеді. Әсіресе бұл әдісті мәліметерді (деректерді) өңдеуде қолдану тиімді. Мысалы, бала-бақшалар, қызметтердің түрлері немесе зиянды өндірістер туралы ақпараттарды жинауда қолдану жөн деп есептелінеді. Жіктеуші топ берген код, оның белгілі жіктеушінің шегінде толық сәйкестендіруін жүргізуді қамтамасыз етеді.
Сілтемелік әдісті нысандарды сәйкестендіру кезінде мынандай жағдайларда қолданылады: егер нақты сипаттамалар нормативтік немесе техникалық құжаттарда берілсе, соларға сілтемелер беру қажет. Сәйкестендіруге бұйымдардың атаулары, олардың шартты белгіленулері және осы бұйымға барлық талаптары бар құжатқа сілтемелер жатады.
Сипаттаушы әдісті нақты нысанды оның сипаттамалары арқылы сипаттау жүргізіп, сәйкестендіру жасау керек болған жағдайда қолданылады. Мұнда бірдей атаулары, қолдану саласы және көрсеткіштердің жақын номенклатурасы бар біртекті нысандар бір-бірінен осы көрсеткіштердің мәндерімен ерекшелінеді.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Сәйкестендіру дегенді қалай түсінесіз?
2 Сәйкестендіруші деген не?
3 Сәйкестендіру нысандарын атаңыз?
4 Сәйкестендіру әдісінің ең ежелгі әдісі қандай?
5 Нөмірлік сәйкестендірудің қанша тәсілі бар және олардың бір-бірінен айырмашылықтары неде?
6 Біртекті нысандардың топтарын сәйкестендіру қажет болған жағдайда қандай әдіс қолданады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.
№ 3 дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Жіктеу
Дәріс сабағының мазмұны:
1 Нысандарды жіктеу
2 Нысандарды жіктеу әдістері
1 Жіктеу дегеніміз нысандарды жіктеу топтарына олардың бір-бірімен ұқсастығына және айырмашылығына қарайорнатылған ережелерге сай белгілі қасиеттердің негізінде бөлінуін айтады. Жіктеудің 2 әдісі болады: иерархиялық және фасеттік.
2 Иерархиялық жіктеу – нысандардың көптеген түрлерінің жіктеу топшаларына тізбектес бөлінуін айтады. Иерархиялық жіктеудің негізінде белгілі мәселелерді шешуде қажетті қасиеттер жатады. Мұнда қасиеттердің тізбектілігі келесі принцип бойынша анықталады: «жалпыдан жекеге».
Иерархиялық жіктеудің негізгі артықшылықтарына оның логикалықтылығы, тізбектілігі және ақпаратты қолмен өңдеуге бейімделуі жатады. Ал кемшілігі құрылымның аз мөлшерде
Фасеттік жіктеу деп көптеген нысандарды бір-бірінен тәуелсіз жіктеу топшаларына қатар бөлінуін айтады.
Фасеттік жіктеуді құру тізбектілігі иерархиялық әдісті құру тізбектілігіне ұқсас, яғни нысандардың көптеген түрлері анықталады, негізгі қасиеттері мен осы қасиеттерінің топтары бөлініп алынады және қасиеттер сипаттамаларының құрылуы тәртібі таңдалады.
Көптеген нысандардан белгілі қасиеттері бар негізгі қасиеттер – сипаттамаларды бөліп алуы керек, яғни бұл қасиеттер нысанды жан-жағынан сипаттап, оның сәйкестендіруін қамтамасыз ету керек, біртектілік принципі бойынша топшаларға бөліп, оларға код беру, көптеген түрлерін шығаруға қажетті фасеттік формулалар анықтап алу керек.
Сонымен фасеттік әдістің ерекшелігі мынада: көптеген түрлері «жекеден жалпыға» принципі бойынша қалыптасады, яғни нысанның әртүрлі нақты сипаттамалардың негізінде нақты түрлері қалыптасады.
Мұнда жіктеудің объектілеріне статистикалық ақпарат жатады, оларға макроэкономикалық, қаржылық және құқықтықорғау қызметтерін, банктік істі, бухгалтерлік есепті, стандарттауды, сертификаттауды, өнімді өндіру, қызметтерді беру, кедендік іс, сауда және сыртқы экономикалық қызметтерді жатқызуға болады.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Нысандардың жіктелуін қалай түсінесіз?
2 Жіктелудің нысандарын атаңыз?
3 Жіктелу не үшін қажет?
4 Жіктелу әдістерінің қанша түрін білесіз?
5 Жіктелудің иерархиялық әдісі немен сипатталады?
6 Иерархиялық жіктелу әдісін құру тәртібі қандай?
7 Фасеттік жіктелу әдісі немен сипатталады?
8 Фасеттік жіктелу әдісін құрастыру кезінде қандай ережелерді білу қажет?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.
№ 4 дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Нысандарды кодтау
Дәріс сабағының мазмұны:
1 Нысандарды кодтау
1 Кодтау дегеніміз белгілі ережелер бойынша нысанға немесе нысандардың тобына кодтарды құру және оларды орнатуды айтады, бұл кодтар осы нысандардың атауларын бірнеше белгілермен алмастыруға мүмкіндік береді. Кодтардың көмегімен өте қысқа тәсілмен нысандардың сәйкестендіруі жүргізіледі, яғни белгілердің өте аз санымен.
Кодтық белгіленуі:
1 кодтың алфавитімен;
2 кодтың құрылымымен;
3 белгілердің санымен – кодтың ұзындығымен;
4 кодтау әдісімен сипатталады.
Кодтың алфавиті белгілі тәртіпте құрастырылған белгілердің жүйесін құрайды, оған сандар, әріптер және тағы басқа белгіленулер кіру мүмкін. Осыған байланысты кодтар сандық, әріптік және әріптік сандық болады.
Отандық, шетелдік және халықаралық тәжірибеде ақпаратты кодтаудың кеңінен таралған әдісіне сандық кодтар жатады.
Кодтың құрылымы бұл кодтың белгілерінің біртекті орналасуының график түріндегі бейнелеуі. Кодтағы білгілердің саны оның құрылымымен анықталады және ол бөлінудің әрбір деңгейінде түзілетін түрлердің құрамына кіретін нысандардың санына байланысты болады.
Кодтау әдістері түрлердің түр астындағы түрлерге бөліну әдістерімен байланыста болады.
Жоғарыда аталғандай, нысандарға реттік сандық нөмірлерді орнату әдісі нысандардың толық сәйкестендіруін қамтамасыз етеді, бірақ ақпаратты беру жағынан тиімсіз болып келеді, себебі олар түрлерге сай келетін қасиеттерді көрсетеді. Бұл әдіске қарағанда кодтаудың сәйкестендіру әдістері кодтар арқылы нысандардың сәйкестендіруін қамтамасыз етеді, бұл кодтар белгілі ережелер бойынша құрастырылған және олар осы нысандарды сипаттайтын бөлек қасиеттердің белгілі кодтар жиынынан тұрады.
Кодтар келесі негізгі талаптарды қанағаттандыру керек:
нысандарды немесе нысандардың топтарын бірмәнді сәйкестендіру керек, яғни сәйкестендіруші болуы қажет;
белгілердің минималды саны (минималды ұзындығы) болуы және бұл сан берілген түрлердің барлық нысандарын кодтау үшін жеткілікті болуы керек;
кодталатын түрлердің пайда болатын нысандарын кодтау үшін жеткілікті резервісі болуы қажет;
адамға қолдануға және кодталған ақпаратты компьютермен өңдеу үшін ыңғайлы болуы шарт;
компьютерлік жүйелерге енгізу кезінде қателіктерді автомат түрінде бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Кодтаудың жіктеу әдістері екі типке бөлінеді: тізбектес және қатарлас.
Тізбектес әдіс жіктеудің иерархиялық әдісі кезінде қолданылады. Бұл әдіс бойынша көптеген түрлер түр астындағы түрлерге керекті тізбекте бөлінеді, мұндағы кодтық белгіленуі берілген құрылым бойынша құрылады. Осы әдістің басты кемшілігі орнатылған құру ережелерінен кодтың байланысы, қасиеттердің құрамы мен санын өзгерпеу мүмкіндігі.
Қатарынан (тәуелсіз) әдісі көбінесе нысандарды фасеттік жіктеу кезінде қолданылады, мұнда кодтар фасеттрге және қасиеттерге орнатылады. Осындай жағдайда кодтық белгіленудің құрылымы фасеттік формуласымен анықталады. Мұнда атап кететін жағдай бар, екі әдіс бойынша кодтауды жүргізу кезінде реттік нөмірлерді орнату арқылы жүргізіледі. Қатарынан әдіс жіктеудің иерархиялық әдісі кезінде қолданыла алады, яғни бірдей кодтармен бөліну деңгейі бір, бірақ әртүрлі түр астындағы түрлерде оаналасқан бірдей нысандар (қасиеттер) кодталады.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Кодтау дегеніміз не?
2 Нысандарды кодтау не үшін жүргізіледі?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.
№ 5 дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Мемлекеттік жіктеуіштер
Дәріс сабағының мазмұны:
1 Жіктеуіштердің түрлері
2 Мемлекеттік жіктеуіштерді жасау тәртібі
1 Технико-экономикалық және әлеуметік ақпараттардың жіктеуіштері бекіту деңгейі мен қолдану аймақтарына қарай келесі категорияларға бөлінеді:
а) мемлекеттік жіктеуіштер – МЖ;
б) салалық (ведомстволық) жіктеуіштер – СЖ;
в) бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың жіктеуіштері (ары қарай – кәсіпорын жіктеуіштері).
Технико-экономикалық және әлеуметік ақпараттардың мемлекеттік жіктеуіштері техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен бекітіледі және тіркеледі.
Мемлекеттік жіктеуіштер құжаттамалардың бірыңғайланған жүйеге кіретін мемлекеттік маңызы бар салааралық (ведомстволық) құжаттардың формаларында тұратын ақпараттар кіреді.
Салалық (ведомстволық) жіктеуіштер ҚР министрліктері мен ведомстволарымен бекітіледі және тіркеледі.
Салалық жіктеуіштерде мемлекеттік жіктеуштерге кіргізілмеген ақпараттар немесе мемлекеттік жіктеуіштерден жіктеу нысандарымен немесе белгілі салаларға тән қасиеттермен толтырылған іріктемелер болады.
Осы категориядағы жіктеуіштер министрліктің, ведомствоның кәсіпорындары мен ұйымдары арасында ақпараттармен алмасу үшін қолданады.
Кәсіпорын жіктеуіштері кәсіпорын басқарушыларымен бекітіледі және оларды кәсіпорын ішінде ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру кезінде қолданылады.
Кәсіпорын жіктеуіштерінде мемлекеттік және салалық жіктеуіштеріне енгізілмеген ақпарат немесе жіктеу нысандарымен және осы кәсіпорынға тән қасиеттермен толтырылған басқа категориялы жіктеуіштерден іріктемелер кіреді.
Қазақстанда қолданылатын мемлекеттік жіктеуіштердің тізімі:
1 ҚР МЖ 01-99 Сабақтар (пәндер) жіктеуіштері
2 ҚР МЖ 02-99 Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіштері (ҚҰЖЖ)
3 ҚР МЖ 03-99 Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштері (ЭҚЖЖ)
4 ҚР МЖ 04-99 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіштері (ЭҚТӨЖ)
5 ҚР МЖ 05-2000 Бастапқы және орта кәсіптік білім мамандықтарының жіктеуіштері
6 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.0-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 1 бөлім. Мемлекеттердің коды
7 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.2-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 2 бөлім. Мемлекеттің әкімшілік-аймақтық бөлімшелерінің кодтары
8 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.3-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 3 бөлім. Бұрын қолданған мемлекеттердің атауларын белгілені кодтары
9 ҚР МЖ 07 (ИСО 4217-2001) Валюталар мен қорларды белгіленуге арналған кодтар
10 ҚР МЖ 08-2001 ҚР жоғары кәсіптік білім мамандықтарының және оларды дайындау бағыттарының жіктеуіштері
11 ҚР МЖ 09-2002 Төлемдерді тағайындаудың бірыңғай жіктеуіштері
12 ҚР МЖ 10-2002 ҚР білім деңгейлерінің мемлекеттік жіктеуіштері
2 Жіктеуіштерді жасау тәртібі:
Мемлекеттік жіктеуіштерді жасау кезінде жұмыстарды координациялау және бақылау мақсатымен және оларды енгізуге дайындау үшін жұмыстарды орындаудың келесі кезеңдері болады.
-жіктеуіштерді жасауды ұйымдастыру;
-жіктеуіштерді жасау әдістемелерін құру және бекіту;
-жіктеуіштердің жобасының бірінші редакциясын жасау;
-жіктеуіштердің жобасының соңғы редакциясын жасау;
-жіктеуіштерді бекіту және мемлекеттік тіркеу;
-жіктеуіштерді басып шығару;
-жіктеуіштерді енгізуді ұйымдастыру.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Қазақстанда қандай жіктеуіштер қолданылады?
2 Әртүрлі категориялы жіктеуіштерді сипаттаңыз?
3 Жіктеуіштерді жасау тәртібін атаңыз?
4 Жіктеуіштерді жасау мен бекітуді қандай органдар жүргізеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.
2 ҚР МЖ 01-99 Сабақтар (пәндер) жіктеуіштері
3 ҚР МЖ 02-99 Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіштері (ҚҰЖЖ)
4 ҚР МЖ 03-99 Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштері (ЭҚЖЖ)
5 ҚР МЖ 04-99 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіштері (ЭҚТӨЖ)
6 ҚР МЖ 05-2000 Бастапқы және орта кәсіптік білім мамандықтарының жіктеуіштері
7 ҚР МЖ 08-2001 ҚР жоғары кәсіптік білім мамандықтарының және оларды дайындау бағыттарының жіктеуіштері
8 ҚР МЖ 10-2002 ҚР білім деңгейлерінің мемлекеттік жіктеуіштері
9 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.0-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 1 бөлім. Мемлекеттердің коды
10ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.2-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің атауларын белгіленуге арналған кодтар. 2 бөлім. Мемлекеттің әкімшілік-аймақтық бөлімшелерінің кодтары
№ 6 дәріс (1 сағат)
Достарыңызбен бөлісу: |