Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита
стр. 28
түрткі болады. Стандарттарды мəжбүрлік қолдану бойынша əрекеттерді олар белгілі бір
рөл атқаруға арналса да, азаматтық немесе қылмыстық санкциялармен шатыстырмау жəнк
капитал нарықтарының жұмыс істеу тиімділігін көтеру үшін, елеулі параметрлері
бойынша шүбəсіз болуға тиіс қажетті ақпаратқа қол жеткізуге кұш салу керек. АФН егер
жарияланған қаржылық есеп-қисапта елеулі қателік табылса, тиісті түзету жұртшылықтың
мəліметіне жеткізілетін болуы үшін, стандарттарды қолдануды қамтамасыз ету бойынша
шешім қабылдауға тиіс.
• Қадағалау органдары (АФН, НБК, Қаржы министрлігі жəне т.б.) өздерінің негізгі
жұмыскерлерін сынақ өтілін жəне тиісті қызмет салаларында, сондай-ақ ХҚЕС қолдану
саласында мониторинг жəне қадағалау тұрғысынан озық халықаралық тəжірибені үйренуі
үшін шетелдегі баламалы мекемелерге жолдап отыруға тиіс. Сонымен қатар, қадағалау
органдары екіақты ынтымақтастық бағдарламаларына қосылып, Қазақстанға АФН, НБК,
КАФБ жəне т.б. үздік қызметкерлерімен жұмыс істеу жəне оларға «жұмыс орынында»
практикалық көмек көрсету үшін туыстас мекемелерден тəжірибелі реттеушілерді шақыра
алады.
• АФН ХҚЕС таныс қосымша қызметкерлер құрамын жинаудың есебінен өзінің сандық
құрамын ұлғайтуға тиіс. Бухгалтерлік есеп стандарттарын қолдануды қамтамасыз ету
бойынша өзінің міндетін орындау үшін, АФН ХҚЕС шеңберінде терең білімдері мен
жұмыс тəжірибесі бар қызметкерлер құрамын жинауды жүргізуге тиіс. Кез келген
жағдайда АФН үшін ХҚЕС толық көлемде жəне бүгінгі талаптарға сəйкестікте сақталуын
қамтамасыз етуге арналған желі мен тиісті рəсімдер құру қажет болады.
• АФН екі жақтың да мүдделерінде өзінің практикашы аудитормен жұмыстық
байланыстарын нығайтуға ұмтылуға тиіс. Қадағалау органдары мен аудиторлардың
мақттары бөлек болса да, қадағалау саласындағы мамандар мен сырттай аудиторлардың
жұмысы қиғаштасып отырады жəне екі жаққа да пайдасын тигізіуі мүмкін. Төменде
аудиторлардың назарын тартуы жəне қадағалау органдарының өкілдерінің тарапынан
шұғыл шараларды қажет етуі мүмкін басқа аспектілердің мысалдары берілген:
o
шешімдер
қабылдау
үшін
жауапты
компанияның
органдарында
елеулі
келіспеушіліктердің орын алуы немесе əлдебір басшының негізгі қызметтен күтпеген
жерден кетуі;
o
аудитордың тапсырмадан бас тартуға ниеті немесе аудиторды тапсырмадан шақырып
алу;
o
банктің тəуекелдіктеріндегі немесе сақтандыру фирмасының бизнесіндегі негативті
елеулі өзгерістер жəне тəуекелдіктермен жағдаяттың одан əріде қолайсыз даму
тəуекелдігі.
Сонымен қатар, АФН аудитордан қадағалау органдарына олардың функцияларын
орындауда көмек көрсету ретінде əлдебір тапсырмалар орындауды немесе арнайы
қорытындылар дайындауды (мысалы, бухгалтерлік жəне өзге есеп жүйесі мен ішкі аудит
жүйесінің баламалығы туралы; банк немесе сақтандыру компаниясы қадағалау органдары
үшін материалдар дайындауда пайдаланатын əдстемелердің баламалығы, тап солай
ағымдағы активтердің міндеттемелерге қатысты белгілі бір қатынастық коэффициенттері
жəне басқа міндетті көрсеткіштер кіруі мүмкін аталған материалдардың құрамындағы
ақпараттың сенімділігі туралы жəне басқа) талап ету мүмкіндігін көздей алады. Ондай
жүйелер құрған кезде қадағалау органдарых\қ мойындалған, мысалы, Базель банктік
қадағалау комитеті мен Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (МБФ) Халықаралық
аудиторлық практика жөніндегі комитеті 2002 жылдың қаңтарында əзірлеген «банктік
қадағалау органдары мен сыртқы банк аудиторларының арасындағы қарым-қатынастар»
бойынша ұсыныстамаларды басшылыққа алуға тиіс. Ондай шешімдердің тиімділігі
осындай қарым-қатынастарды құқықтық аспектіде, атап айтқанда өздерінің қадағалау
органдарымен қатынастарында жабықтыққа құқықтан тура бас тарту тұрғысынан дұрыс
ұйымдастыруға байланысты болады. Ол сондай-ақ тек сенімді біліктілігі бар
Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита
стр. 29
аудиторлардың банктерді, сақтандыру жəне листингілік компаниялардың алықө
тексерістерді орындауға жіберіле алатынына кепілдіктерден негіз алады.
• Қазақстан аудиторлар палатасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңға сəйкес міндетті
аудитпен шұғылданатын барлық аудиторлар мен аудиторлық фирмалардың сапасын
қамтамасыз ету жүйесін табысты енгізуі қажет. Сонымен қатар, сапаны бақылау жүйесі
жұртшылық үшін қол жетерлік болуға тиіс. Міндетті аудит үшін сапаны қамтамасыз ету
жүйесі аудиторлық тексерісті орындау сапасына кепілдіктер үшін əбден қажетті жəне
сондай сапа жарияланатын қаржылық көрсеткіштерге сенімді нығайтады жəне бизнестің
құны мен акционерлердің, инвесторлардың, несиегерлер мен басқа мүдделі тұлғалардың
қорғалуын арттырады. Ондай жүйе ЕО елдерінде, əсіресе Еуропалық одаққа 2004 жылғы
1-ші марыда қосылған жəне аталғна жүйелерді Қазақстанда бар шарттарға сəйкес болмаса
да, ұқсас шарттарда іске асыруға тура келген елдерде қазір бар практикалық тəжірибенің
базасында құрыла алады. Сонымен қатар, МФБ мүшелерінің міндеттері туралы № 1 қағида
осы тұрғыдан пайдалы ұсыныстама болып табылады. Сырттан аудит сапасын қамтамасыз
ету жүйесінің талаптарын сақтау нəтижелері аудиторлық лицензия берген кезде
ескерілуге, үзіліссіз кəсіптік даму бағдарламасында жəне/немесе мəн-жайларға
байланысты тəртіптік əсер ету шараларында көрсетілуге тиіс.
• Қазақстанда міндетті аудиторлық тексерістерді тиіссіз орындауды анықтауға, түзетуге
жəне алдын алуға арналған тиімді тергеу жəне санкциялар қабылдау жүйесін құру қажет.
Аталған жүйе «Аудиторлық қызмет туралы» заңды, ХАС жəне/немесе Дипломды
бухгалтерлер этикасының кодексін бұзатын аудиторлар мен аудиторлық фирмаларға
қатысты қабылдауға болатын тиімді пропорционалды жəне сақтандырушы азаматтық,
əкімшілік немесе қылмыстық жазалау шараларын қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар,
қабылданған шаралар немесе міндетті аудитпен шұғылданатын аудиторлар мен
аудиторлық фирмаларға салынған санкциялар тиісті түрде жариялылыққа жатқызылуға
тиіс.
81.
Бухгалтерлер мен аудиторлардың кəсіптік біліктілігін көтеруді ұйымдастыру жөнінде
ұсыныстамалар
• Қазақстанда қазақстандық салықтар, азаматтық құқық, сақтандыру жəне зейнетақылық
заңнама бойынша емтиханды табысты тапсыру шартында шетелде алынған АССА (UK)
жəне СРА (USA) секілді жоғары кəсіптік білікшілік мойындалуға тиіс. Басқа елдердің
аудиторларының біліктілігі Қазақстанда мойындалмайтыны басқа елдердің озық
тəжірибесінің мысалдарымен келіспейді. РОСК дайындаған топ егер қажетті білімдер мен
тəжірибенің орын алуына растама болса, емтиханды толық көлемде тапсыруды талап
етудің қажеті жоқ деп санайды. Өзара мойындау туралы мəселе Қазақстандағы
аудиторлардың біліктілігі толық көлемде халықаралық стандарттардың талаптарына
беретін болғаннан кейін ғана əлдебір маңызға ие болады.
• АССА (UK) жəне СРА (USA) сертификаттары бар кандидаттарға, ҚР азаматтарына,
сондай-ақ бейрезиденттерге аудитордың біліктілігін аталған сертификаттардың негізінде
беру жəне олар үшін қазақстандық салықтар, азаматтық құқық, сақтандыру жəне
зейнетақылық заңнама бойынша емтихан тапсыруды шектеу.
• Қазақстан бухгалтерлік есеп, аудит, сақтандыру бизнесі, банк секторы саласында жəне
басқа салалардағы кəсіпқойлардың бүгінгі жетіспеушілігін толтыра алатын қажетті
біліктілікті шетелдік мамандар үшін физа мен жұмысқа рұқсат алу рəсімдерін оңайлатуға
тиіс.
• Аудиторлар палатасы тиісті мүдделі тұлғалар əлдебір нақты аудитордың немесе
аудиторлық фирманың ресми болып табылатынын жылдам айқындай алуы жəне басқа
ақпарат ала алуы үшін, міндетті аудиторлық тексерістер жүргізетін аудиторлар мен
аудиторлық фирмалардың қоғамдық электрондық тіркелімін құруға тиіс. Оны қоғамдық
электрондық тіркелімде тіркеу болғанда жасауға оңай. Егер аталған қоғамдық тіркелім