Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита
стр. 26
Қазақстандағы қаржылық есеп-қисап жүйесі көз жетер болашақта дамыған елдердің деңгейіне
көтерілгенін қаласақ, олар бірінші кезекті болып қала береді.
77.
Тиісінше, аудиттың міндеттілігіне қатысты тұрғыдан біз төмендегі талаптарды енгізуге
ұсыныс жасаймыз:
.
• Заңды тұлғаның жəне/немесе жиынтық қаржылық есеп-қисаптың аудитын тек сондай
тұлғаның мəртебесінен тəуелсіз, мемлекеттік немесе қоғамдық құрылымдардың тарапынан
мүдделілік болғанда талап етіледі. Алайда, егер тіпті аталған талаптар іске асырылғаннан
кейін де қажет етілген аудиттардың саны нарықтағы білікті аудиторлардың бар санынан
асатын жағдаяттар туындап отыратын болса, директивтік органдар міндетті аудит
талаптары Қазақстанда бар оны өткізу мүмкіндіктерінен асып кетпеуіне жол бермеу
мақсатында ол талаптарды сатылап енгізуге тиіс болады.
• Оған сəйкес ХАС құрамына қосымша егер олар міндетті аудиттың форматына қатысты
нақты талаптардан (мысалы, АФН міндетті бақылау рəсімдерінің шеңберінде банк
аудитына қосымша талаптардан) туындайтын болса, толық көлемде қосымша стандарттар
мен рəсімдер белгілене алатын "ХАС плюс" үлгісін жарақтануға мүмкіндік.
• Аудиторлар палатасының мандатына оған жұртшылықтың, атап айтқанда, клиенттерден,
несиегерлерден, үкіметтік құрылымдардан, жұмыс берушілерден, жұмыскерлерден,
инвесторлардан, бизнес қоғамдастықтардан, қаржылық институттардан, сондай-ақ
аудиторлардың объективтілігі мен адалдығына тəуелді басқа тұлғалардан тұратын
аудиторлық қызметтерді тұтынушыларжың мүдделерін ескеру міндетін енгізу үшін,
түзету.
• Аудиторлық кəсіпьің іс жүзінде қоғамның мүдделеріне қызмет етуін қамтамасыз ету
мақсатында Аудиторлар апалатасының қызметін қоғамдық бақылау жүйесін құру.
• Көпшіліктік мүдделі ұйымдарға алғашқы талап бойынша өздерінің тексерілген (жəне
жиынтық) қаржылық есеп-қисап құжаттарын баланс дайындаудан кейін ақылға қонымды
мерзімдерде жұртшылықа беруге талап
18
.
78.
Бухгалтерлік есеп стандарттары жөніндегі ұсыныстамалар.
• Аударма процессін жандандыру, яғни, бүкіл елде ақылға қонымды баға бойынша алғашқы
талап еткеннен аталған стандартардың ресми мəтінін алу мүмкіндігіне ие болу үшін,
ХҚЕС орыс жəне/немесе қазақ тілдеріне аудармасының орнықты орындалуын қамтамасыз
ету. Бұл орайда аударма процессін мемлекеттік сектордағы Халықаралық қаржылық есеп-
қисап стандарттарының (ХҚЕСГС) жəне Халықаралық аудит стандарттарының
аудармасымен үйлестіру (мысалы, ортақ ресурстар пулын құру, ортақ бағдарламалық
жасақтама пайдалану жəне т.б. арқылы) керек.
• Көпшіліктік мүдделі ұйымдарға жатпайтын заңды тұлғаларда қолдану үшін оңайлатынған
есеп-қисап жүйесін келісу үшін Бухгалтерлік есеп стандарттары жөніндегі комитет немесе
Кеңестемелік кеңес құру қажет. Қазақстанда қолданыстағы бухгалтерлік есеп
стандарттарын аталған стандарттарды талдау жəне қайта қарау жүргізілген шартта шағын
жəне орта кəсіпорындардың оңайлатылған қаржылық есеп-қисап режимін əзірлеу үшін
негіз ретінде алуға болады. Альтернативті нұсқа ретінде Қазақстан Халықаралық
қаржылық есеп-қисап стандарттары жөніндегі комитеттің (КХҚЕС) «МСП үшін
бухгалтерлік есеп стандарттарының» ағымдағы жобасымен таныса алады.
• Директивтік жəне бақылау органдары қаржылық сектордағы міндетті есеп-қисап пен
жалпы мақсаттағы есеп-қисаптың арасындағы байланысты қайтадан қарастыруға тиіс.
ХҚЕС енгізу əдетте аталған стандарттардың оларға сəйкес «нормативтік меншік қорлар»
18
Аналогичные требования имеются в странах-членах ЕО. Они установлены Четвертой и Седьмой
Директивами ЕО «Законодательство о компаниях», и Директивой о прозрачности.
Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита
стр. 27
(i) тұрақты болуға, (ii) қажет болған əркез сайын залалдардың өтемақысы үшін
пайдаланылуға, жəне (iii) олардың құрамындағы сомалар тұрғысынан орнықты болуға
сəйкес өлшемдердің маңызына күмəн келтіруі мүмкін деген қауіптен қадағалау
органдарының елеулі мазасыздығын туғызады. Сондай-ақ ХҚЕС қаржылық мекемелердің
қаржылық есеп-қисап көрсеткіштерінде, соның ішінде нормативтік меншік қорларда
тұрақсыздық туғызуы мүмкеін жəне ол аталған мекемелердің қаржылық позицияларының
экономикалық мазмұны жасырын болуына əкеліп соғуы мүмкін. Қазақстан Ұлттық банкі
(НБК) жəне АФН ХҚЕС сақтай отырып, жұмыс істейтін қаржылық мекемелердің есеп-
қисабынан көрініс тапқан меншік капиталда жасалған өзгертулерді түзету үшін,
капиталдың жеткіліктілік көрсеткіштері бойынша міндетті есеп-қисап сүзгілерін əзірлеуге
тиіс. Мұндай контекстте НБК жəне АФН Базель банктік қадағалау комитетінің жəне
Еуропалық банктік қадағалау органдары комитетінің қамқорлығымен жүзеге асырылған
жұмыстардың нəтижелерін пайдалана алады. Мұндай тəсілдеме жалпы мақсаттағы
есептемелер мен міндетті есептемелердің арасындағы айырмашылықты түсіндіреді.
Алайда бұл орайда бақылау органдары ХҚЕС бойынша жасалған қаржылық есеп-қисап
сенімді болатын (өйткені олардың қорытындысы осы есеп-қисапқа негізделетін болады)
жағдайды қамтамасыз етуге өте мүдделі, бұл оларды сондай-ақ акционерлер үшін немесе
оларға бағдарланып қаржылық есеп-қисапты жасауға көмек көрсетуге мəжбүрлейтін
болады.
• Қаржы министрлігі бухгалтерлік есеп саласындағы реформалардың жолында салық
кодексін
қолданудың
нəтижесінде
туындайтын
кедергілерді
минималдандыру
мүмкіншіліктерін қарастыру үшін стандарттау жəне салықтық органдардың өкілдерінің
қатарынан жұмысшы топты құруға тиіс.
79.
Аудитты стандарттау жөніндегі ұсыныстамалар
• Аударма процессін жандандыру, яғни, бүкіл елде ақылға қонымды баға бойынша алғашқы
талап еткеннен аталған стандартардың ресми мəтінін алу мүмкіндігіне ие болу үшін,
ХҚЕС орыс жəне/немесе қазақ тілдеріне аудармасының орнықты орындалуын қамтамасыз
ету. Бұл орайда аударма процессін мемлекеттік сектордағы Халықаралық қаржылық есеп-
қисап стандарттарының (ХҚЕСГС) жəне ХҚЕС аудармасымен үйлестіру (мысалы, ортақ
ресурстар пулын құру, ортақ бағдарламалық жасақтама пайдалану жəне т.б. арқылы)
керек.
• Аудиторлар палатасына оларға мұқтаж аудиторлық фирмалар басшыларының пайдалануы
үшін стандартты аудит əдістемесі мен Аудить жөніндегі нұсқаулықты əзірлеуге кеңес
беріледі. Ол барлық аудиторлар қоғамдастығына аудиттың сапасын көтеруге мүмкіндік
береді, ол өз кезегінде қоғамның қаржылық есеп-қисаптың құрамындағы ақпараттың
шүбəсіздігіне сенімін арттырады.
80.
Бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп-қисап стандарттарының сқаталуына
мониторинг жəне қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстамалар
• Қазақстан қор биржасы (КАФБ) өзінің вебсайтына келіп түскен тіркелген компаниялардың
ақпарат ашу процессін бақыауын күшейтуге тиіс. Бақылау тобы алынған ақпараттың қ
КАФБ сайтында дəл əрі уақытында ашылуын жəне белгіленген тəртіпті бұзу фактілерінің
барлығының тергеу жүргізу үшін АФН атына хабарланып отыруын қамтамасыз етуге тиіс.
• АФН бухгалтерлік есеп стандарттарын жүзеге асырудың халықаралық мойындалған
принциптерін қабылдауға тиіс. Осы есептемеде Еуропалық бағалы қағаздарды
реттеушілер комитеті (КЕРЦБ) АФН үшін анықтамалық ретінде ұсынған «Еуропада
қаржылық ақпарат стандарттарын жүзеге асыру» № 1 стандарты қарастырылады. Аталған
принциптерді қабылдау АФН үшін басқасымен қатар, қаржы нарықтары мен жалпақ
жұртшылыққа керекті жəне шүбəсіз қаржылық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету
үшін мониторинг рəсімдерін əзірлеу жəне оларды практикада жүзеге асыруды əзірлеуге