Стандарт государственной услуги Предоставление мер социальной поддержки



жүктеу 101,61 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі101,61 Kb.
#5512

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы «12» ақпандағы

№ 80 қаулысымен

бекітілген



«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген

денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,

спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау

шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметтi ауылдық аумақтарды дамыту жөнiндегi аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдар (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:

39 (отыз тоғыз) күнтізбелік күн ішінде көтерме жәрдемақы төленеді;

32 (отыз екi) күнтiзбелiк күн iшiнде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келiсiм жасасу рәсiмi жүзеге асырылады;

Келiсiм жасалғаннан кейiн 30 (отыз) жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит ұсынылады;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 минут;

3) қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына (бұдан әрі – мемелекттік қызметі алушы) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

4) азаматтарды тіркеу кітабының немесе тиiстi елдi мекенде тұратынын растайтын мекенжай анықтамасы;

5) бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

6) жылжымайтын мүлікті бағалау актісі (бюджеттік кредит алу үшін);

7) тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт.

Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы өтініш берген күні көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жоғары тұрған уәкілетті орган басшысының атына беріледі.

Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым кабинетінің нөмірі уәкілетті органның стендінде көрсетілген уәкілетті орган басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда ресімделеді. Шағымда шағым берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), почта мекенжайы, телефоны, шағым берген күні мен қолы көрсетіледі.

Қолма-қол және почтамен түскен шағымды қабылдауды растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері журналында оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі, тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымын қабылдағанын растау үшін шағымның көшірмесіне кіріс нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, тиісті кеңсенің байланыс телефоны көрсетілген мөртабан қойылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жабаша түрде хабарланады.

Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Орталық мемлекеттік органның, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген

өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы Министрліктің www.minregion.gov.kz мекенжай бойынша интернет-ресурсында, «Мемлекеттік органның қызметі» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» кіші бөлімінде орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік органның қызметі» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер мен стандарттар» кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және

тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,

әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және

ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау

шараларын ұсыну» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша



Ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы үлгi келiсiм
Елдi мекен _________ 20 ___ жылғы «__»__________

Бұдан әрі «Әкiмшi» деп аталатын «__________________» мемлекеттiк мекемесi атынан басшы ________________________________ бiр тараптан, бұдан әрi «Алушы» деп аталатын әлеуметтiк көмек алушы ____________________ екінші тараптан және бұдан әрi «Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)» деп аталатын ____________________________ үшiншi тараптан төмендегiлер туралы осы өзара мiндеттемелер келiсiмiн жасасты:


1. Келiсiмнiң нысанасы
1. Тараптар өзара жауапкершiлiктi және келiсiмдi ескере отырып, ешбір тараптың мәжбүрлеуінсіз тараптар толық көлемде орындауы тиiс мiндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:

1) әкiмшi, _____________мәслихатының (20 ___ жылғы «__»_______ №_____) шешiмiнiң негiзiнде өзiне мынадай түрдегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мiндеттемелерін қабылдайды:

_________________________________ теңге мөлшерiнде көтерме жәрдемақы;

___ жыл мерзiмге _________ теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит;

2) алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде ________________ елдi мекенiнде орналасқан __________ (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ветеринария) ұйымында кемiнде бес жыл уақыт қызмет iстеуге мiндеттеме қабылдайды;

3) сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне тапсырма шарты негiзiнде әкiмшiнiң атынан және оның есебiнен және оның нұсқауына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындауға мiндеттеме қабылдайды.


2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi
1. .Әкiмшi:

1) алушыдан осы Келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал және тиiсiнше орындауды талап етуге құқылы.

2. .Әкiмшi:

1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң қаулысы қабылданғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде және осы Келiсiм негiзiнде көтерме жәрдемақысының тағайындалған сомасын алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.

3. Алушының:

1) комиссияның жұмыс органының талабы бойынша қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ерiктi түрде таңдауға;

2)..бес жыл мерзiм өткенге дейiн өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасына байланысты басқа ауылдық елдi мекендерге жұмысқа ауысқан кезде алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтап қалуға құқығы бар.

4. Алушы:

1)..әлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні iшiнде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау құжаттарын беруге;

2)..меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқаларын осы Келiсiмдi кемiнде бес жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;

3) .жұмыс органына тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;

4)..осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда, әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.

5. .Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агент):

1) .алушымен есеп айырысуды жүргiзуге;

2) .алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргiзуге құқығы бар.

6. .Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент):

1)..Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредитке қызмет көрсетуге;

2)..кредиттiк шарт бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын алған маман мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзуге;

3)..Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алушылардан берешектi өндiрiп алуды жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Дауларды шешу
1. Осы Келiсiмдi орындау кезiнде туындауы мүмкiн барлық мәселелер мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiне қарай тараптардың арасында келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.

2. Егер даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiлуге тиiс.


4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi
1) Осы Келiсiм тараптардың қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi. Келiсiмнiң қолданысы 20___ жылғы «__»____________ басталады.

2)..Келiсiм бiрдей заң күшi бар үш данада жасалды.


5. Тараптардың заңды мекенжайлары
Әкiмшi          Алушы     Сенiм бiлдiрiлген өкiл

(агент)
_________________         ___________________          ____________________ _________________        ___________________           ____________________ _________________        ___________________          ____________________
жүктеу 101,61 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау