6.
Құжаттама
1. Психологиялық-педагогикадық қолдау қызметінің болжалды жұмыс
жоспары.
2. Психологиялық-педагогикалық қолдауға мұқтаж мүмкіндіктері шектеулі
балалар туралы мәліметтер.
3. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жеке даму картасы.
4. Серіктес ұйымдармен ынтымақтастық туралы шарттар.
5. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жеке бағдарламалары,
оқытудың жеке бағдарламалары (қажет болған жағдайда).
6. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру үдерісіне қосу барысы
туралы статистикалық және сапалы есептер.
7. Мүмкіндіктері шектеулі балалардыПсихологиялық-педагогикалық қолдау
жүйесі бойынша әдістемелік және ақпараттық материалдар.
8. Жыл бойғы жұмыстың талдамасы.
Нұсқаулықпен таныстырылды _______________________ қолы, дата
№ ... жалпы білім беру мектебінің дефектолог мұғаліміне лауазымдық
нұсқаулық
1.
Жалпы ережелер
1.1.
Осы лауазымдық нұсқаулық ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР Еңбек
кодексіне сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, жалпы орта және
қосымша білім беру жүйесінің педагог қызметкерлерінің лауазымдарының
үлгілік біліктілік сипаттамаларына (ҚР БҒМ 2009 жылғы шілдедегі
қосымшалармен және өзгерістермен №338 бұйрығы), Даму мүмкіндіктері
шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру
бойынша әдістемелік ұсынымдарға (ҚР БҒМ 2011 жылғы 12 желтоқсандағы №
524
бұйрығы) сәйкес әзірленген.
1.2.
Дефектолог
мұғалім
(олигофренопедагог,
сурдопедагог,
тифлопедагог) қызметке № ... ОБМ-інің басшысының бұйрығымен
тағайындалатын және босатылатын мамандар санатына жатады.
1.3.
Дефектолог
мұғалімПсихологиялық-педагогикалық
қолдау
қызметінің аясында (ары қарай ППҚ) тікелей инклюзивтік білім беруді
үйлестірушіге немесе Қолдау қызметінің басшысына бағынады.
1.4.
Дефектолог
мұғалім
Психологиялық-педагогикалық
қолдау
қызметінің қызметкері болып табылады және онда пәнаралық негізде жұмыс
істейді.
1.5.
Дефектолог мұғалім қызметіне «Дефектология»
мамандығы
бойынша жоғары педагогикалық білімі бар маман тағайындалады.
1.6.
Дефектолог мұғалім өз қызметінде мына құжаттарды басшылыққа
алады:
-
Баланың құқығы туралы концепция;
39