1
Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық
қолдаудың міндеттері, қағидалары
Психологиялық-педагогикалық
қолдау
мүмкіндіктері
шектеулі
оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған және арнайы білім беру жүйесінде әзірленген және жүзеге
асырылған технология болып табылады. Жалпы білім беру жағдайындағы
оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау арнайы білім беру
ұйымдарының тәжірибелерін пайдалану негізінде құрылуға міндетті.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алудағы ерекше қажеттіліктері:
-
психологиялық-педагогикалық қолдауға қажеттілік анықтала
салысымен бірден онымен қамтамасыз ету;
-
қалыпты дамыған балаларды оқытуға қатысты қолданылмайтын
оқытудың арнайы құралдары мен тәсілдерін пайдалану;
-
оқытудың таңдалған бағдарламасының баланың даму деңгейіне,
шынайы жетістіктеріне (білім беру мониторингісі) сәйкестігін үнемі бақылау;
-
балалардың психосоматикалық ерекшеліктеріне сәйкес келетін
кеңістіктік және мезгілдік білім беру ортасын ұйымдастыру;
-
баланықоршаған барлық ересектердің оның білім алудағы ерекше
қажеттіліктерін шешуге қатысуы.
Жоғарыда аталғандарға негізделе отырып, психологиялық-педагогикалық
қолдау (педагогикалық қолдау) бағытталуға тиістілер:
-
баланың денсаулығын және дене күшін қолдау: бала өмірінің
денсаулық-сақтау түзімін ұйымдастыру, оларды жеке таңдалған қимылдық
белсенділіктерге, денсаулықты нығайтатын сабақтарға қатыстыру;
-
балалардың зерде дамуын қолдау: әрбір баланың танымдық
ерекшелігін анықтау және дамыту, оқу әрекетінің табысты болуы үшін жағдай
тудыру;
-
баланы қарым-қатынас саласында қолдау: балаларға гуманистік өзара
әрекеттенуіне жағдай тудыру, балалардың қолы бос кезіндегі әрекеттерде жеке
қабілеттерін байқатуларын қолдау, тәртіп түрін саналы түрде таңдауына
көмектесу;
-
баланың жанұясын қолдау: жанұялық қатынасты зерттеу, олардың
үйлесімді болуына көмек көрсету.
Педагогикадық қолдау ерекше шығармашылық ахуалды құру мен
балаларға жағдайды таңдауды ұсынуды білдіреді. Бұндай жағдайлар
оқушылардан білімді, икемділікті ғана емес, сондай-ақ рефлексия тәжірибесін,
шешімді өздігінен қабылдауды, ерік пен мінезін байқатуды талап етеді.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары:
1)
бала дамуындағы кез келген мәселені шешудің кешенді, пәнаралық
тәсілдемелері.
Кәсіпаралық серіктестік баланың мектепте және жанұяда дамуының,
мамандар (психолог, логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог) мен
5