Среднесрочной и долгосрочной основе методические рекомендации



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет12/53
Дата30.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#27780
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53

2.2. 
Оқушы  _____________________________  20___ 20___   оқу 
жылдарына: 
а)  МББС-ына  сәйкес  келетін  жалпы  білім  беру  бағдарламасы  және    ПМПК 
ұсыныстарын  есепке  ала  отырып,  мектептік  психологиялық-медициналық-
педагогикалық консилиум (ПМПк) әзірлеген түзете дамыту жұмысының жеке 
бағдарламасы  бойынша  жеке  психологиялық-педагогикалық  қолдаумен  
_______ инклюзивтік сыныпқа;    
б)  МББС-ының  негізінде  құрылған  арнайы  (бейімделген)  бағдарлама    және  
ПМПК  ұсыныстарын  есепке  ала  отырып,  мектептік  психологиялық-
медициналық-педагогикалық  консилиум  (ПМПк)  әзірлеген  түзете  дамыту 
жұмысының жеке бағдарламасы бойынша жеке психологиялық-педагогикалық 
қолдаумен     _______ арнайы сыныпқа қабылданады. 
 2.3
.№  ...  ОБМ-і  және  ата-аналар    психологиялық-педагогикалық  қолдау 
қызметінің  мамандарының  оқушыны  психологиялық-медициналық-
педагогикалық  кешенді  түрде  тексеру  негізінде  құрастырылған  жеке  түзете 
дамыту  жұмысының    бағдарламасымен,  сондай-ақ  мамандармен  сабақ 
кестесімен өзара келіседі.  
 
2.4.  №  ...  ОБМ-і  әрекеттегі  заңнамаға  сәйкес    білім  беру  үдерісінің 
нәтижелерін    бағалайды,  аттестация  нәтижелері  бойынша  оның  тиімділігі 
туралы шешім қабылдайды.  
 
3. № ... ОБМ-і нің құқығы  мен міндеттемесі   
 
3.1.  № ... ОБМ-інің құқықтары 
 
3.1.1. 
Оқушыны мектептегі  психологиялық-педагогикалық қолдау түрін 
бұл жұмысты    ПМПК  ұсыныстарына сәйкес  және   оқушының  мүмкіндігі  мен 
қажеттілігін    психологиялық-педагогикалық  кешенді  түрде  тексеру  негізінде  
мамандар анықтайды. 
3.1.2. 
Сабақты ұйымдастырудың түрлерін, педагогикалық технологияны, 
оқыту  әдістемесін,    тәрбиелеу  мен  түзете  дамыту  жұмысын  баланың 
мүмкіндігін  есепке  ала  отырып,  ата-аналарының  келісімімен  өздігінен 
әзірлейді, таңдайды және қолданады. 
 
3.1.3. 
Оқушылардың түзете дамыту сабақтарына баруының жеке кестесін 
оқушының ата-анасының келісімімен және № ... ОБМ-інің ПМПк ұсыныстары 
бойынша   құрады және өзгертеді.   
3.1.4. 
Баланы  жанұяда  тәрбиелеу  мен  оқыту,  рухани  және  дене 
тұрғысынан  жетілдіру  бойынша  ұсыныстар  ендіреді,    сонымен  бірге      ата-
аналарға емдік-сауықтыру мекемелеріне баруды ұсынады.  
 
3.2.   № ... ОБМ-інің міндеттемелері 
3.2.1.   
Қамтамасыз ету: 
 

баланың құқығы мен абройын қорғау; 

оқушылардың  дене  және  психикалық  денсаулығын  нығайту,  өмірін 
қорғау;   
30 
 


 
 - 
оны зерделік, дене тұрғысынан және жеке тұлғалық дамыту;  

оның  жеке  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,    шығармашылық 
қабілеттерін және қызығушылықтарын дамыту;   
 

оқу-тәрбиелеу үдерісінде оқушыға жеке тәсілдеме қолдану.   
3.2.2. 
Баланы    мектепте  оқытудың  басталу  сәтінен  4  аптадан  артық 
кешіктірмей,  психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  жеке  бағдарламасын 
әзірлеу.    
3.2.3. 
Оқушылардың  ҚР  заңнамасына  сәйкес  сапалы  білім  алуға    деген 
құқығын    жүзеге асыру үшін жағдай тудыру.   
3.2.4.
МектепмамандарыПМПК  ұсыныстарына  және  психологиялық-
педагогикалық  қолдаудың  жеке  бағдарламасына  сәйкес  оқушыны  қажетті 
психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз етеді.  
3.2.5. 
Оқушыларға    жұмыс  түзіміне  сәйкесмектепте,  сондай-ақ      ПМПК 
мен № ... ОБМ-інің ПМПк ұсыныстарын есепке ала отырып,  ұзартылған күн 
тобында болуға мүмкіндік туғызады.    
3.2.6.  
Ата-аналарға білікті көмек көрсету (№ ... ОБМ-інің мамандарының 
құзыреттілігінің  аясында),  ата-аналарға    жақын  арада  болатын  кеңестер  мен 
кеңестердің нәтижелері, сондай-ақ  білім беру үдерісінде туындаған мәселелер 
туралы хабардар етеді. 
3.2.8.
Психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  жеке  бағдарламасынан 
ауытқығанда  немесе  оны  жүзеге  асыру  мүмкін  болмаған  жағдайда  
бағдарламаны  түзету  мақсатында  бұл  туралы  ата-аналарға  дер  кезінде  хабар 
беріледі.   
3.2.9.  
Ата-аналарды  №  ...  ОБМ-інің  қызметін  реттейтін  жергілікті 
актілермен  және    білім  беру  саласындағы  нормативтік  құқықтық  актілермен 
таныстырады.  
 
4.  
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттемелері 
 
4.1. 
Ата-аналардың құқықтары:   
4.1.1. 
Оқушының  білім  алуға  деген  құқығын  жүзеге  асыру  үшін    №  ... 
ОБМ-інен Жарғыны және осы шарттың талаптарын сақтауды талап етеді.  
4.1.2.  №  ...  ОБМ-інің    әлеуметтік,  мәдени,  білім  беру  және  басқару 
міндеттерін  шешу  мақсатында  №  ...  ОБМ-інде  өзін-өзі  басқару  органдарын 
құруға және оның жұмысына қатыса алады.   
4.1.3. 
Психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің  мамандарынан 
кеңес ала алады.   
4.1.4. 
Мектептің  ПМПк  мамандарымен    бірлесе  отырып,  оқушыны 
психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  жеке  бағдарламасын  әзірлеуге 
қатыса алады.   
4.1.5. 
Білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыру  барысымен,  сондай-ақ  
№  ...  ОБМ-інің    әкімшілігімен    жолығады,  оқыту  жағдайларымен,    оқыту, 
тәрбиелеу және түзету әдістемелерімен танысады.  
31 
 


4.1.6.  №  ...  ОБМ-інің    педагогтары  мен  мамандарына  баланың 
денсаулығы,  олардың  ауырғандары,  емдеу  және  білім  беру  үдерісін 
ұйымдастыруға әсер ететін басқа да жағдайлар туралы толық ақпарат береді.  
4.1.7. 
Оқушыға № ... ОБМ-інен тыс, басқа мекемелерде, ұйымдарда және 
жеке тұлғаларда қолданылған білім беру бағдарламасын меңгеру сапасына әсер 
етуі  мүмкін  медициналық,  психологиялық-педагогикалық  және  басқа  да 
оқушыға  көрсетілген  көмектің  барлық  түрлері  (оның  ішінде  медициналық 
препараттар) туралы   № ... ОБМ-інің  әкімшілігіне дер кезде  хабарлау. 
4.1.8. 
Психологиялық-педагогикалық қоллдаудың жеке бағдарламасынан 
ауытқығаны туралы  және оныңсебебі туралы ақпаратты дер кезінде алу.   
4.1.9. 
Сабаққа      №  ...  ОБМ-інің    әкімшілігінің    келісімімен  қатысуға 
болады.   
4.1.10. 
№  ...  ОБМ-інезаңдағы  бекітілген  тәртіп  бойынша  жарғы 
міндеттерін жүзеге асыруға  ерікті көмек көрсету.  
 
4.2. 
Ата-аналардың міндеттері   
4.2.1.   
ҚР «Білім туралы» заңына  сәйкес өз баласын  тәрбиелеуге  және  
дамытуға,  өз  баласының денсаулығына, дене тұрғысынан, психикалық, рухани 
және  адамгершіліктік  тұрғыда  дамуына        қамқорлық  көрсетуге    жауапты 
болады.   
4.2.2. 
Оқушыға  тағайындалған  емдік  шаралар    туралы  №  ...  ОБМ-інің  
әкімшілігіне дер кезінде хабарлау, егер  тағайындалған емдеу курсы  себебінен  
оқушының білім беру  үдерісін үзуіне тура келсе, онда    № ... ОБМ-інің  ПМПк 
ата-анасымен  (заңды  өкілдермен)  бірге  психологиялық-педагогикалық 
қолдаудың жеке бағдарламасына  түзетулер ендіреді.   
4.2.3. 
Мамандардың  ұйымдық  және  жүзеге  асыру  мәселелері  бойынша 
берген  ұсыныстарын  сақтау:  күн  түзімі,  дамыту  шаралары,  үй  еңбегі  (үй 
тапсырмаларына дайындықты қосқанда) мен  демалысты, қиымыл-қозғалыстық 
белсенділікті  кезектестіру.  баланың  ПМПК-тің  ұсыныстарына  және 
психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламаларына сәйкес жеке-
дара және топтық сабақтарға қатысуын қамтамасыз ету.   
4.2.4.
Өз  баласын оқыту,  тәрбиелеу,  қолдау  бағдарламасын жүзеге  асыру 
мәселелері  бойынша  №  ...  ОБМ-інің    мамандарынан  немесе  тартылған 
мамандардан кеңес алу.   
4.2.5. 
Мектеп  жұмысының  барлық  бағыттары  бойынша  №  ...  ОБМ-імен 
өзара әрекеттену.   
5. 
Қорытынды ережелер 
5.1.  
Шарт бір оқу жылы мерзіміне жасалып, қол қойылған сәттен бастап 
күшіне енеді. 
5.2. 
Осы  шартты  өзгертуге  бір  тараптың  жазбаша  өтініші  бойынша  осы 
шарттың  бөлінбес  бөлігі    болып  табылатын  қосымша  келісім  жасау  арқылы 
рұқсат етіледі. 
5.3. 
Шарттың    заңды  күші  бірдей    екі  данасына  қол  қойылады,  әрбір 
тарапта бір данадан сақталады.   
32 
 


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау