1.4.
Логопед мұғалім Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің
қызметкері болып табылады және онда пәнаралық негізде жұмыс істейді.
1.5.
Логопед мұғалім қызметіне «Дефектология»
мамандығының
«Логопедия» бөлімі бойынша жоғары педагогикалық білімі бар маман
тағайындалады.
1.6.
Логопед мұғалім өз қызметінде мына құжаттарды басшылыққа
алады:
-
Баланың құқығы туралы концепция;
-
ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы;
-
ҚР «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-
педагогикалық қолдау туралы» заңы;
-
ҚР «Білім туралы заңы»; ҚР әлеуметтік және инклюзивтік білім беру
мәселелері бойынша заңнамасы;
-
№ ... ОБМ-інің жарғысы;
-
№ ... ОБМ-інің жергілікті нормативтік актілері;
-
№ ... ОБМ-інің ішкі еңбек тәртібінің ережелері; № ... ОБМ-інің
басшылығының бұйрықтары мен үкімдері;
-
еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелері және өрттен сақтану ережелері мен
нормалары;
-
осы лауазымдық нұқсаулық;
-
еңбек шарты.
1.7.
Логопед мұғалім төмендегі мәселелерді білуі керек:
-
ҚР Конституциясын;
-
БҰҰ балалар құқығы туралы конвенциясын;
-
«Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» заңын;
-
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау туралы»заңын;
-
Қазақстан Республикасының арнайы және инклюзивтік білім беру
мәселелері бойынша заңнаманы;
-
№ ... ОБМ-інің білім беру үдерісін ұйымдастрыуды реттейтін жарғы
мен жергілікті актілерді;
-
кәсіптік және практикалық әрекеттер мәселелері бойынша нормативтік
және әдістемелік құжаттар;
-
арнайы педагогика мен арнайы психологияны;
-
дефектология мен логопедияның анатомиялық-физиологиялық
клиникалық негіздерін;
-
дамуында мәселелері бар балаларға әр түрлі түзету көмегін көрсету
бойынша заманауи әдіс-тәсілдерді;
-
баланың сөйлеу тілдік және жүйкелік-психикалық дамуындағы
ауытқушылықтардың алдын алу мен түзетудің әдіс-тәсілдерін;
-
сөйлеу тілі дамуында ауытқушылықтары бар балалармен жұмыс
бойынша бағдарламалық-әдістемелік әдебиетті;
-
логопедиялық ғылым мен практикадағы жаңа жетістіктерді.
45
1.8.
Логопед мұғалімнің жалақысы оның білімі мен біліктілік деңгейіне
сәйкес есептеледі.
1.9.
Логопед мұғалім № ... ОБМ-інің басшысының бекіткен 18
сағаттық жұмыс аптасынан құрылатын қалыпты жұмыс күні түзімінде кесте
бойынша жұмыс істейді.
2.
Қызметтері
Логопед мұғалімге төмендегі қызметтер жүктеледі:
2.1.
Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың сөйлеу тілі және психикалық
дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алуға, өтеуге және түзетуге
бағытталған түзете дамыту үдерісіне қатысу.
2.2.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейін, әр
түрлі генезді сөйлеу тілдік бұзылыстар мен кемшіліктердің құрылымын
анықтау үшін оларды тереңдете тексеру.
2.3.
Оқушылармен сөйлеу тілдік дамуындағы ауытқушылықтарды
жеңу мен бұзылған атқарымды өтеу бойынша апробацияланған түзете дамыту
әдістемелерін практикалық пайдалану.
2.4.
Балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстардың алдын алу және жеңу
мақсатында ата-аналарға (олардың орындағы тұлғаларға), педагогтарға және
мамандарға әдістемелік көмек көрсету және кеңес беру.
3.
Лауазымдық міндеттері
Логопед мұғалімнің міндеттері:
3.1.
Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу.
3.2.
Оқушыларға психологиялық жайлы және қауіпсіз жағдай тудыруға
көмектесу, түзете білім беру үдерісінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын
сақтаумен қамтамасыз ету.
3.3.
Оқушыларды тексеру, олардың дамуындағы ауытқушылықтарының
құрылымы мен байқалу айқындығын анықтау, логопедиялық тексеру
нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау және оларды рұқсат етілетін
көлемде ата-аналарына және педагогтарға (оқушылар дамуындағы мәселелерде
және оларды жеңуде бағдарлау мақсатында) жеткізу.
3.4.
Түзету жұмысының міндеттерін, формасын, тәсілдерін анықтау,
бастапқы сөйлеу тілдік бұзылыстардың салдарынан туындауы мүмкін туынды
бұзылыстардың алдын алу, оқушылардың дамуындағы жүйкелік-психикалық
ауытқушылықтарды жеңу, сөйлеу тілдік бұзылыстарды барынша түзетуге
бағытталған жеке даму бағдарламасы аясындағы түзете дамыту жұмысын
жүргізу; оқушылардың ары қарай қоғамда бейімделуін қамтамасыз ету.
3.5.
Балаларды ПМПК-ке, психологиялық, медициналық орталықтарға
(қажет болған жағдайда) жіберу.
3.6.
Сабақ өткізу үшін
оқушыларды психофизикалық, және сөйлеу
тілдік жағдайын есепке ала отырып, топтастыру.
46