-
психологиялық түзету жұмысы – оқушылармен түзете дамыту жұмысын
жүргізу мен бағдарламаны әзірлеу бойынша педагог-психологтың, әлеуметтік
педагогтың, логопед мұғалімнің, дефектолог мұғалімнің, дәрігердің бірлескен
жұмысы,әлеуметтік-психологиялық тернингілерді, рөлдік ойындарды, білім
беру үдерісіне қатысушылардың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту
бойынша педагогикалық ұжым мен ата-аналардың арасындағы топтық
дисскуссияларды ұйымдастыру және өткізу;
-
әрбір жастық кезеңде оқушылардың, тәрбиеленушілердің жеке бастық
толық құнды дамуына және өзін-өзі тануына жағдай тудыру, сондай-ақ
тұлғалық дамуы мен зерде дамуында мүмкін болатын бұзылыстардың алдын
алу мақсатындағы білім беру үдерісіне қатысушыларды психологиялық-
педагогикалық және медициналық-әлеуметтік тұрғыда ағарту;
-
білім беру үдерісіне қатысушыларға әр түрлі психологиялық-
педагогикалық және әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша әлеуметтік-
педгогикадық және психологиялық кеңес беру; өмірдегі қиын жағдайларды
жеңу үшін оқушылар мен ата-аналарға көмектесу; оқушыларды дамыту,
тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша педагогтарға кеңес беру;
-
ұйымдық-әдістемелік қызмет – ұйымдық-әдістемелік және ғылыми-
әдістемелік жұмыстарды (қолдау нәтижелерін талдау және жинақтау,ғылыми
зерттеу жұмыстарының материалдарын өңдеу) жүргізу; тәрбиелеу және
әлеуметтендіру мәселелері бойынша әдістемелік бірлестіктер, семинар
практикумдер, конференциялардың жұмысына қатысу; тәрбиеленушілердің
денсаулық жағдайын есепке ала отырып, оларды сауықтыру бағдарламаларын
әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; инновациялық әдістерді меңгеру
бойынша семинарлар, тренингілер мен кеңес жұмыстарын ұйымдастыру және
өткізу; мүмкіндіктері шектеулі балалар туралы мәліметтер қорын
қалыптастыру; психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік
қолдау бойынша отандық және шетелдік ғылым мен практиканың жетістіктерін
зерттеу.
5.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құжаттамасы
5.1. № ... ОБМ-інің директоры бекіткен, Психологиялық-педагогикалық
қолдау қызметінің болжалды жылдық жұмыс жоспары.
5.2.
№ ... ОБМ-інің директоры бекіткен, қолдау мамандарының жұмыс
кестесі.
5.3.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі отырысының кестесі
мен хаттамасы.
5.4. Оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жеке
бағдарламалары.
5.5. Топтық тақырыптық кеңес беру және ата-аналардың жеке санаттарына
кеңес беру жоспарының кестесі.
5.6. Білім беру үдерісіне қатысушыларға арналған оқыту семинарларының
тақырыптары және өткізу кестесі.
5.7. ПМП консилиумының құжаттамасы.
24
5.8.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын жылдық
талдау.
5.9. Серіктестік қатынастардың келісім шарттары.
6.
Психологиялық-педагогикалық
қолдау
мамандарының
жауапкершіліктері
6.1.
Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының ҚР
заңнамасымен бекітілген тәртіпте төменде берілгендерге қатысты
жауапкершіліктері:
-
№ ... ОБМ-інің ішкі еңбек тәртіп ережелерін және жарғысын,
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің басшысының бұйрығын
және басқа да жергілікті нормативтік актілерді, лауазымдық міндеттемелерді
орынды себепсіз орындамау немесе толық және дұрыс орындамау;
-
түзету сабақтары уақытындағы балалардың өмірі мен денсаулығы;
-
баланы тексеру барысында өзінің құзыреттілігінің аясында негізделмеген
тұжырымдама жасау, осының себебінен баланың дене және психикалық
денсаулығының нашарлауы;
-
баланың құқығы мен жеке бастық еркіндігін сақтау;
-
тексеру кезінде алынған мәліметтердің құпиялылығы;
-
құжаттаманы жүргізу және оны сақтау;
-
еңбек тәртібін, өндірістік санитарияны және өрттен қауіпсіздік ережелерін
сақтау.
№ ... ОБМ-індегі Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ....
оқу жылдарына арналған үлгілік жұмыс жоспарының үлгісі
Жұмыс мақсаты: психологиялық-педагогикалық қолдау, оқушылардың
жеке тұлғалық және әлеуметтік бейімделуіне көмектесу, педагогикалық
үдерістің ізгілендірілуін қамтамасыз ету.
Қызмет міндеттері:
•
оқуда және жеке тұлғалық дамуында қиындықтары бар оқушыларды ерте
анықтау;
•
оқушыларға
мектептік
қиындықтарды,
әлеуметтік-эмоциялық
мәселелерді жеңуге психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
•
бұзылған атқарымдарды дамытуға және түзетуге арналған жеке
бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
•
білім беру субъектісінің дене, психикалық және әлеуметтік саулығын
сақтауға және нығайтуға кепілдік беретін жағдайларды жобалау;
•
мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдары бос кезінде өзін-өзі тануға
көмектесу;
•
оқушыларға өздерінің қабілеттеріне, бейімділігіне, қызығушылығына,
денсаулық жағдайына қарай өз мүмкіндіктерін анықтауға көмектесу;
25
•
білім беру үдерісінің субъектілеріне МШ оқушыларға қатысты
толерантты қатынасты, әлеуметтік өзара белсенді әрекеттену қабілетін
қалыптастыруға көмектесу;
•
қызметтің ақпараттық-әдістемелік және диагностикалық кешенін дамыту
және қалыптастыру.
№ Қызметтің негізгі бөлімдері
мен мазмұны
Орындаушы-
лар
Мерзімі Бақылау түрі
1
2
3
4
Психологиялық-педагогикалық диагностика
1
МШ балаларды медициналық
зерттеу
медициналық
қызметкерлер
қыркүйек Оқушыға
медициналық
ұсыныс
2
МШ балалардың танымдық
әрекеті мен эмоциялық ерік
аясындағы даму деңгейін
анықтау
психологтар қыркүйек Психологиялық
ұсыныс
3
Логопедиялық диагностика:
сөйлеу тілінде бұзылыстары
бар балаларды анықтау
логопедтер
қыркүйек Сөйлеу тілдік
карталар
4
МШ оқушыларында мектеп
үшін маңызды дағдылардың
қалыптасу деңгейін анықтау
дефектолог
мұғалім,
психолог
қыркүйек Педагогикалық
ұсыныс
5
МШ оқушылардың
әлеуметтік дамуының
диагностикасы
әлеуметтік
педагог
қыркүйек Әлеуметтік
ұсыныс
6
МШ оқушылардың жанұялық
тәрбиелену жағдайын зерттеу
сынып
жетекшісі
қазан-
қараша
Жанұяның
әлеуметтік
көрінісі
7
Оқу үдерісіндегі МШ
оқушылармен жеке
тәсілімдерді жүзеге асыру
бойынша педагогтарға
арналған ұсынымдарды,
психологиялық-
педагогикалық қолдаудың
жеке бағдарламаларын және
жанұялық тәрбие бойынша
ата-аналарға арналған
ұсынымдарды құрастыру
Қолдау
қызметінің
мамандары
қыркүйек
Психологиялық
-
педагогикалық
қолдаудың жеке
бағдарламалары
8
Оқушылармен жүргізілетін
түзете дамыту жұмысын
жүзеге асырудың
табыстылығын және
Қолдау
қызметінің
мамандары
жыл
бойы
Мамандардың
бақылауы
26
Достарыңызбен бөлісу: |