Среднесрочной и долгосрочной основе методические рекомендации



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет21/53
Дата30.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#27780
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53

3.2. 
Оқушыларға  психологиялық  жайлы  және  қауіпсіз  жағдай  тудыруға 
көмектесу, түзете білім беру үдерісінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын 
сақтаумен қамтамасыз ету. 
3.3.   
Оқушылардың әлеуметтік даму  және  олардың  жақын әлеуметтік 
ортасының  мәселелерін зерттеу; оларды  жеңу үшін дер кезінде көмек көрсету.  
3.4. 
Оқушыларды  тексеру,  тексеру  нәтижелері  бойынша  тұжырымдама 
жасау,  олардың  негізінде  –  оқушының  әлеуметтік-тұлғалық  дамуындағы 
анықталған  мәселелерді  жеңу  бойынша  мамандарға,  педагогтарға  және  ата-
аналарға арналған ұсынымдар әзірлеу. 
3.5. 
Әлеуметтік-пеадгогикалық  жұмыстың  міндеттері,  түрі,  тәсілдері, 
жеке тұлғалық және әлеуметтік мәселелерді шешу тәсілдері, әлеуметтік қорғау 
және  әлеуметтік  көмек  көрсету  шараларын  қабылдау,  оқушылардың  құқығы 
мен  еркіндігін  жүзеге  асыру,  оқушыларды  қоғамда  ары  қарай  да  әлеуметтік 
бейімдеумен қамтамасыз ету. 
3.6.  
Заманауи білім беру және оқушыларды әлеуметтік ортаға бейімдеу  
жобаларын жүзеге асыруда мектептің болашақтағы мүмкіндіктерін талдау.   
3.7. 
Болжау, жоспарлау және ұйымдастыру: 

оқушыларды  әлеуметтік  бейімдеу  жобалары  мен     бағдарламаларын 
ресурстық қамсыздандыру; 

оқушыларды  әлеуметтік  бейімдеу  бойынша  педагогтардың  және  ата-
аналардың   кәсіптік құзыретін жоғарылату бойынша шаралар; 

әлеуметтік бейімдеу бойынша мәселелері бар  балалар туралы ақпаратты  
жинау және  қорландыру; 

оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу бағдарламасын жүзеге 
асыруды бақылау жүйесін;   
-  
оқушыларды  әлеуметтік  бейімдеу    саласынлда    қабылданған 
шешімдерді орындау. 
3.10. 
Әзірлеу және пайдалану: 

оқушыларды  әлеуметтік  бейімдеудің  жобалары  мен  бағдарламаларына 
қатысатын құрылымдарға арналған нормативтік құжаттарды;  

оқушыларды әлеуметтік дамыту проблемалары жоюға және алдын алуға 
бағытталған  бағдарламаларды  (апробацияланған  және  авторлық),  сабақтар 
циклын; 

әлеуметтік  даму  мәселелері  бар  балалармен  жұмыс  бойынша   
педагогтарға, мамандарға және ата-аналарға арналған ұсынымдар. 
3.11. 
Мектеп  және  жанұя  жағдайындағы  оқушылардың  әлеуметтік 
тұлғалық  даму  ерекшеліктері  және  міндеттері    бойынша  педагогтармен, 
мамандармен, ата-аналармен сабағаттық  жұмыс жүргізу. 
3.12. 
Қатысу: 

әдістемелік  бірлестіктер  мен  әдістемелік  жұмыстың  басқа  түрінің 
әрекеттеріне; 

Педагогтар  кеңесіне,  ППҚ  қызметінің,  психологиялық-медициналық-
педагогикалық консилиум (ары қарай ПМПк) отырыстарына; 
57 
 



ата  аналар  үшін  өткізілетін  шараларға  (жиналыстар,  семинар-
практикумдер, дөңгелек үстелдер және т.б.). 
3.13. 
Оқушылардың  әлеуметтік дамуы бойынша дамуын   тексеруге және  
дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған көрнекі құралдар мен материалдар. 
3.14.   
Қажетті  құжаттамаларды,  аналитикалық-статистикалық  есепті 
қабылданған  формада  ресімдеу  және  жүргізу,  оқушыларды,  педагогтар  мен 
ата-аналарды  тексеру  мен  психологиялық  қолдау  нәтижелерін  білдіретін 
белгіленген схемедағы жылдық есепті құрастыру.   
3.15. 
Өзінің  кәсіптік  жұмысын  жүзеге  асырғанда  Жарғыны    орындау,   
еңбекті  қорғау  ережелері  мен  нормасын  сақтау,  қауіпсіздік  техникасын, 
санитарлық және өртке қарсы ережелерді, еңбек тәртібін, еңбек тәртібінің ішкі 
ережелерін орындау. 
3.16. 
Нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру. 
 
4. 
Құқықтары 
 
Әлеуметтік педагогтың құқығы: 
4.1.  
Балалардың  мүдделерін  заң  орындарында  және  өкіметтің  атқару 
органдарында  білдіру және қорғау.  
4.2. 
Балалардың  құқықтарының  бұзылуы  туралы  мектеп  әкімшілігі  мен 
өкімет органдарына хабарлау. 
4.3. 
Оқушылардың құқықтарына нұсқан кетіретін шешімдерді қабылдауға 
кедергі жасау. 
4.4.   
Мектеп    әкімшілігінен  өзінің  лауазымдық  міндеттері  мен 
құқықтарын  орындауға,  кәсіпптік  міндеттерін  табысты  орындауға  қажетті 
жағдай туғызуды;    
мектеп  директорынан  өзінің  құзыреттілігіне  кіретін 
мәселелер бойынша ақпараттар мен құжаттарды талап ету. 
4.5. 
Мектеп  атынан    ұйымдармен,  мамандармен,  әр  түрлі  әлеуметтік 
қызметтермен, ведомстволар мен әкімшілік органдарымен    іскерлік қатынасқа 
түсу. 
 
4.6. 
Балалардың    әлеуметтік    даму  деңгейінанықтауға  байланысты 
оқушыларды тексеру. 
4.7.   
Әлеуметтік-педагогикалық  жұмыстың  тиімді  құралдарын, 
формалары  мен  әдістерін  еркін  таңдау,  бағдарламаға  өзгерістер  ендіру, 
балалармен жүргізілетін әлеуметтік дамыту    бойынша  апробацияланған  және 
авторлық авторлық әдістемелерді   әзірлеу және қолдану.   
4.8. 
Қатысу құқығы: 

мектептің даму стратегиясын, білім беру бағдарламасын, концепциясын 
әзірлеуге,  Психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің  бағдарламасын 
әзірлеуге  және жоспарлауға; 

сәйкес  келетін  нормативтік  құжаттарды  (ППҚ  қызметінің  атқарымы, 
құзыреттілігі, міндеттері, жауапкершілігі туралы ережелер) әзірлеуге; 
-   
әлеуметтік  педагогтардың    қалалық  және  облыстық  семинарларына, 
жиналыстарға, ғылыми-әдістемелік конференциялардың жұмысына қатысуға. 
58 
 


4.9. 
Өзінің  жұмысын  жинақтай,  тексерілген  ақпараттарды  пайдалана 
отырып, ғылыми және  белгілі ғылыми басылымдарда жариялану. 
4.10
.Кәсіптік  біліктілігін  арттыру,  өз  еркімен  сәйкес  келетін  біліктілік 
санатқа аттестациядан өтуге және аттестациядан табысты өткен жағдайда  оны 
алу. 
 
5. 
Жауапкершілігі 
 
5.1. 
Әлеуметтік педагог   мына жұмыстарға жауапты болады:  

тәрбиелеу-оқыту үдерісінде еңбек тәртібін, өнеркәсіптік санитария және 
өрттен сақтану ережелерін, еңбекті қорғау ережелерін, санитарлық-гигиеналық 
ережелерді сақтауға; 

баланың құқығы мен еркіндігінің бұзылғандығы үшін; 

түзете  білім  беру  үдерісін  жүргізу  кезінде  баланың  өмірі  мен 
денсаулығы үшін; 

тексеру кезінде алынған материалдар мен мәліметтердің құпиялылығын 
сақтау; 

баланы  тексеру  кезінде  (өзінің  құзыретінің  аясында)  негізделмеген 
тұжырымдама  жасау,  оның  салдарынан  баланың  дене  және  психикалық 
денсаулығының  нашарлауы  және  әрбір  баламен  жүргізілетін  түзету  жұмысы   
нәтижесінің төмендеуі үшін; 

құжаттаманы  жүргізу және оны сақтау; 

оқу  жоспарына және оқу  үдерісінің кестесіне  сәйкес  түзете  білім беру 
бағдарламасын толық көлемде жүзеге асырылмағаны үшін. 
 
Құжаттама: 
1. 
Оқу жылына болжалдық   жұмыс жоспары. 
2. 
Жұмыс уақытының циклограммасы. 
3. 
Мектептің әлеуметтік бейнесі.   
4. 
Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың тізімі.   
5. 
Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды ПМПк ұсыну.   
6. 
Әрбір топқа арналған  күнделікті  жұмыс жоспары. 
7. 
Балалармен, ата-аналармен және мектептің мамандарымен жеке-дара 
жұмыстың   күнтізбелік жоспары.  
8. 
Оқушылар мен ата-аналарды диагностикалық тексеруді есепке алу.   
9. 
Жыл бойғы істелген жұмыс туралы есеп. 
10. 
Әлеуметтік педагог  кабинетінің паспорты. 
 
Нұсқаулықпен таныстырылды _______________________  қолы,  дата 
 
 
 
 
59 
 


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау