Среднесрочной и долгосрочной основе методические рекомендации


  Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет2/53
Дата30.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#27780
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

1  
Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық   
   
қолдаудың  міндеттері, қағидалары   
 
Психологиялық-педагогикалық 
қолдау 
мүмкіндіктері 
шектеулі 
оқушылардың  білім  алудағы  ерекше  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға 
бағытталған  және  арнайы  білім  беру  жүйесінде  әзірленген  және  жүзеге 
асырылған  технология  болып  табылады.  Жалпы  білім  беру  жағдайындағы 
оқушыларды  психологиялық-педагогикалық    қолдау    арнайы  білім  беру 
ұйымдарының тәжірибелерін пайдалану негізінде құрылуға міндетті.  
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алудағы ерекше қажеттіліктері: 

психологиялық-педагогикалық    қолдауға    қажеттілік  анықтала 
салысымен бірден онымен қамтамасыз ету; 

қалыпты  дамыған  балаларды  оқытуға  қатысты    қолданылмайтын 
оқытудың арнайы құралдары мен тәсілдерін пайдалану; 

оқытудың  таңдалған  бағдарламасының  баланың  даму  деңгейіне, 
шынайы жетістіктеріне (білім беру мониторингісі) сәйкестігін үнемі бақылау; 

балалардың  психосоматикалық  ерекшеліктеріне  сәйкес  келетін  
кеңістіктік және мезгілдік білім беру ортасын ұйымдастыру; 

баланықоршаған  барлық  ересектердің  оның  білім  алудағы  ерекше 
қажеттіліктерін шешуге   қатысуы. 
Жоғарыда аталғандарға негізделе отырып, психологиялық-педагогикалық 
қолдау (педагогикалық қолдау)   бағытталуға тиістілер: 

баланың  денсаулығын  және  дене  күшін  қолдау:  бала  өмірінің 
денсаулық-сақтау  түзімін  ұйымдастыру,  оларды  жеке    таңдалған  қимылдық 
белсенділіктерге, денсаулықты нығайтатын сабақтарға қатыстыру; 

балалардың  зерде  дамуын  қолдау:  әрбір  баланың  танымдық 
ерекшелігін анықтау және дамыту, оқу әрекетінің табысты болуы үшін жағдай 
тудыру; 

баланы  қарым-қатынас  саласында  қолдау:  балаларға  гуманистік  өзара 
әрекеттенуіне жағдай тудыру, балалардың қолы бос кезіндегі әрекеттерде жеке 
қабілеттерін  байқатуларын  қолдау,  тәртіп  түрін  саналы  түрде  таңдауына 
көмектесу; 

баланың  жанұясын  қолдау:  жанұялық  қатынасты  зерттеу,  олардың 
үйлесімді болуына көмек көрсету. 
Педагогикадық  қолдау    ерекше  шығармашылық  ахуалды  құру  мен 
балаларға  жағдайды  таңдауды  ұсынуды  білдіреді.      Бұндай  жағдайлар 
оқушылардан  білімді, икемділікті ғана емес, сондай-ақ рефлексия тәжірибесін, 
шешімді өздігінен қабылдауды, ерік пен мінезін байқатуды талап етеді.  
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың  негізгі қағидалары: 
1) 
бала дамуындағы кез келген мәселені шешудің кешенді, пәнаралық 
тәсілдемелері. 
Кәсіпаралық  серіктестік  баланың  мектепте  және    жанұяда  дамуының, 
мамандар  (психолог,  логопед,  дефектолог,  әлеуметтік  педагог)  мен 

 


мұғалімдердің  іргелес  ғылымның  білімін,  әдістемелерін  меңгерудің    бірыңғай 
стратегиясын әзірлеуге және жүзеге асыруға бағытталған. 
2) 
Білім беру үдеріндегі баланың дамуын  қолдаудың үзіліссіздігі.  
 
Балада  тұлғалық,  танымдық  және  әлеуметтік  мүмкіндікті    арттыру 
міндетін табысты шешу үшін  мектепте оқытудың барлық сатыларында  жүзеге 
асырылатын  мамандар  мен  педагогтардың  командасының  ұзақ  та  күрделі 
жұмысы қажет болады.  
3) 
Қолдау  үдерісін  ақпараттық-әдістемелік  қамсыздандыру.    Білім  беру 
ұйымнындағы  оқушыларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  бойынша 
мамандардың  командасының  жұмысын    реттемелеу  үшін    жергілікті  
нормативтік  актілерді  әзірлеу.  Психологиялық-педагогикалық  қолдау  үдерісін 
оқу-әдістемелік қамсыздандыру. 
4)   
Қолдау  әрекетін  әлеуметтік-педагогикалық  және  психологиялық 
жобалау. 
 
Мамандардың  келісілген  әрекеттерін  бекітуге  арналған  мамандардың 
құжаттарының пакетін әзірлеу үшін олардың   бағыты мен мазмұнын алдын ала 
анықтау. 
5) 
Мүмкіндіктері 
шектеулі 
оқушыларды 
психологиялық-
педагогикалық қолдау бойынша шараларға ата-аналарды, педагогикалық және 
балалар ұжымын белсенді тарту. 
Педагогикалық қолдаудың қажетті жағдайы ретінде тәртіптің толерантты 
мәдениеттілігін қоса отырып, жайлы және кедергісіз ортаны құру.  
Құрамына ең алдымен мүмкіндіктері шектеулі балалар кіретін білім алуда 
ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  
білім берудің әрбір сатыларында төмендегі міндеттерді шеше отырып, жүзеге 
асырылады: 
бастауыш  мектеп  –  мектепте  оқуға  дайындығын  анықтау,  мектепке 
бейімделуін  қамтамасыз  ету,  оқушылардың  оқу  әрекетіне  деген 
қызығушылығын арттыру, танымдық және оқу уәждерін дамыту, дербестік пен 
өзін реттеу қабілетін дамыту, «оқи білу» және қалауын қалыптастыруда қолдау, 
әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін және әлеуеттік мүмкіндіктерін есепке ала 
отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту; 
негізгі  мектеп  –  оқушының  негізгі  мектепке  көшуде  қолдау,  оқытудың 
жаңа  талаптарына  бейімделу,  жеке  тұлғалық  және  құндылықты-мағыналық 
өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту  міндеттерін шешуде қолдау, жеке тұлғалық 
мәселелері  мен  әлеуметтендіру  мәселелерін  шешуде,  өмірдік  дағдыларын 
қалыптасыруда  көмектесу,  неврозды  алдын  ала  емдеуде,  ата-анасымен  және 
құрдастарымен құрылымды қатынасты құрастыруда көмектесу; 
орта  мектеп  –  оқушыға      бейінді  бағдарлауда  және    кәсіптік    тұрғыда 
өзін-өзі   анықтауда, экзистенциалдық  мәселелерді   (өзін-өзі  тану,  өмірдің 
мәнін  іздеу,  жеке    бірдейлікке  жету)  шешуде  қолдау,  уақытша  келешекті, 
мақсатты  тұжырымдау  қабілетін  дамыту,  психоәлеуметтік  құзыреттілікті 
дамыту. 

 


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау