3.13.
Оқушылардың сөйлеу тілінің құрылымдық компоненттерін
тексеруге және логопедиялық түзете дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған
көрнекі құралдар мен материалдар.
3.14.
Қажетті құжаттамаларды, аналитикалық-статистикалық есепті
(тексеру мен жүргізілген түзету сабақтарының нәтижелерін бейнелейтін,
берілген формадағы жылдық есепті құру) қабылданған формада ресімдеу және
жүргізу, ПМПк үшін балаларды логопедиялық тексеру және түзету жұмысы
нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау.
3.15.
Өзінің кәсіптік жұмысын орындағанда № ... ОБМ-інің жарғысын,
еңбекті қорғау ережелері мен нормасын сақтау, қауіпсіздік техникасын,
санитарлық және өртке қарсы ережелерді, еңбек тәртібін, еңбек тәртібінің ішкі
ережелерін орындау.
3.16.
Нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру.
4.
Құқықтары
Логопед мұғалімнің құқығы:
4.1.
№ ... ОБМ-інің әкімшілігінен өзінің лауазымдық міндеттері мен
құқықтарын орындауға, кәсіпптік міндеттерін табысты орындауға қажетті
жағдай туғызуды;
№ ... ОБМ-інің директорынан өзінің құзыреттілігіне
кіретін мәселелер бойынша ақпараттар мен құжаттарды талап ету.
4.2.
Мектеп атынан диагностикалық және түзете дамыту бағытында
жұмыс істейтін тұлғалармен, ұйымдармен іскерлік қатынасқа түсу.
4.3.
Балалардың сөйлеу тілдік дамуларының деңгейін, сөйлеу тіліндегі
бұзылыстарды анықтауға байланысты оқушыларды тексеру.
4.4.
Оқытудың тиімді құралдарын, формалары мен әдістерін таңдау,
бағдарламаға өзгерістер ендіру, балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмысы
бойынша апробацияланған және авторлық әдістемелерді
әзірлеу және
қолдану.
4.5.
Қатысу құқығы:
-
№ ... ОБМ-інің даму стратегиясын, білім беру бағдарламасын,
концепциясын әзірлеуге, Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің
бағдарламасын әзірлеуге және жоспарлауға;
-
сәйкес келетін нормативтік құжаттарды (ППҚ қызметінің атқарымы,
құзыреттілігі, міндеттері, жауапкершілігі туралы ережелер) әзірлеуге;
-
Жарғымен белгіленген тәртіпте № ... ОБМ-інің басқаруына;
-
логопед мұғалімдердің қалалық және облыстық семинарларына,
жиналыстарға, ғылыми-әдістемелік конференциялардың жұмысына қатысуға.
4.6.
Өзінің жұмысын жинақтай, тексерілген ақпараттарды пайдалана
отырып, ғылыми және белгілі ғылыми басылымдарда жариялану.
4.7.
Кәсіптік біліктілігін арттыру, өз еркімен сәйкес келетін біліктілік
санатқа аттестациядан өтуге және аттестациядан табысты өткен жағдайда оны
алу.
48