-
БҰ білім беру үдерісін ұйымдастыруды реттейтін жарғы мен
жергілікті актілерді;
-
кәсіптік және практикалық әрекеттер мәселелері бойынша нормативтік
және әдістемелік құжаттар;
-
жас ерекшелігі педагогикасы мен психологиясын;
-
білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына (оқушылар және
олардың жанұясы, педагогтар)көрсетілетін психологиялық қолдаудың әр түрлі
түрлері бойынша заманауи әдіс-тәсілдерді;
-
білім берудің практикалық психологиясының жаңа жетістіктері.
1.7.
Педагог-психологтың 36 сағаттық жұмыс аптасындағы жұмыс
уақытының түзімі төменде берілгендерді есепке ала отырып, білім беру
ұйымның ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен реттеледі:білім беру үдерісінің
қатысушыларымен оның жұмыс уақытының апталық ұзақтығының
жартысынан аз болмайтын көлемде жеке және топтық сабағаттық жұмысын
орындайды. Қалған жүктеме жеке және топтық сабағаттық жұмысқа
дайындық, алынған нәтижелерді өңдеу, талдау және жинақтау, есептік
құжаттарды толтыру, сондай-ақ өзінің біліктілігін тікелей білім беру ұйымында
да, сондай-ақ одан тыс жерлерде де арттыру түрінде болады.
2.
Қызметтері
2.1.
Педагог-психологқа төмендегі қызметтер жүктеледі:
-
мектеп оқушыларын психодиагностикалау жұмысын жүргізу;
-
психопрофилактикалық шараларды жүргізу;
-
оқушылармен түзете дамыту жұмысын жүргізу;
-
мектеп педагогтарымен, оқушылардың ата-аналарымен психологиялық
сабағаттандыру және психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізеді;
-
ұйымдық-әдістемелік
жұмыстарды
(мектептің
ӘБ,
ПМП
консилиумының жұмысына қатысу, диагностикалау, түзету және дамыту
бағдарламаларын әзірлеу, біліктілігін арттыру) жүзеге асыру;
-
психологиялық-педагогикалық мониторингілеуді жүзеге асыру.
3.Лауазымдық міндеттері
Педагог-психологтың міндеттері:
3.1.
Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу.
3.2.
Кәсіптік мәселелербалалардың мүддесін қорғай, олардың толық
құнды психикалық даму міндеттеріне сәйкес шешу.
3.3.
Кәсіптік құпияны сақтау, құпиялылық талаптарын сақтау.
3.4.
Оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғаумен қамтамасыз ету.
Тұлға үшін психологиялық жайлы және қауіпсіз орта құруға, мектептегі оқу-
білім беру үдерісі кезіндегі гуманистік, өнегелі қарым-қатынастың орнауына
көмектесу.
3.5.
Диагностикалаудың, дамыту, психопрофилактикалық және
психотүзету жұмыстарының сенімді, ғылыми негізділген тәсілдерін қолдану.
51
3.6.
Даму мүмкіндіктері шектеулі және мектептік бейімделмеу «қатер
тобының» баларын анықтау бойынша жұмыс жүргізу.
3.7.
Диагностикалық тексеру нәтижелері бойынша оқушылармен жүретін
түзете дамыту жұмысының мазмұнын анықтау және оқудың барлық кезеңі
бойы жеке тәсілдемемен қамтамасыз етуүшін психологиялық тұжырымдама
жасау.
3.8.
Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға білім берудің жеке
бағдарламалары мен дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу.
3.9.
Баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне (эмоциялық тұлғалық аясының
дамуы және оның кемшіліктерін түзету, танымдық әрекетін дамыту және
жоғары психикалық атқарымдарын қалыптастыру, әрекеттенуін және тәртібін,
коммуникативтік дағдыларын ерікті реттеуді қалыптастыру) сәйкес
психологиялық тұжырымдаманың негізінде жекеше және топтық түзімдегі
түзете дамыту жұмысын жүзеге асыру.
3.10.
Педагогтар мен ата-аналардың психологиялық мәдениеттілігін
қалыптастыру.
3.11.
Психологиялық жайлылықпен қамтамасыз ету, педагогтардың
оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістемелерін ендіру кезінде
балалардың жеке және жас шамасының ерекшеліктерін есепке алу.
3.12.
Мектеп және жанұя жағдайындағы оқушының тұлғасының
психологиялық даму ерекшеліктері мен міндеттері бойынша педагогтармен,
мамандармен, ата-аналармен және білім беру ұйымдарымен серіктестікке
тартылған тұлғалармен сабағаттылық жұмысын жүргізу.
3.13.
Қатысу:
-
қаладағы педагогтар-психологтардың әдістемелік бірлестіктерінің
жұмыстарына және басқа түрдегі әдістемелік жұмыстарға;
-
Педагогикалық
кеңестердің,
психологиялық-медициналық-
педагогикалық консилиум отырысына.
3.14.
Психологиялық диагностикалау, түзете дамыту жұмыстарын
жүргізуге арналған көрнекі құралдар мен материалдардың болуы.
3.15.
Жұмыстардың барлық түрін тіркеу және қажетті құжаттамаларды
қабылданған формада ресімдеу және жүргізу, оқушыларды психологиялық-
педагогикалық қолдау қызметін тексеру нәтижелерін бейнелейтін,
қабылданған нобай бойынша жылдық аналитикалық-статистикалық есеп беру.
3.16.
Өзінің кәсіптік біліктілігін үнемі арттыру.
4.
Құқықтары
Педагог-психолгтың құқығы:
4.1.
Білім беру үдерісіне қатысушылардың жұмысының бағытын
анықтау, жұмыстың түрі мен тәсілін таңдау, жұмыстың әр түрлі түрлерін
өткізудің кезегі туралы мәселені шешу, белгілі бір кезең үшін жұмыстың
басымдылығы жоғары бағытын ерекшелеу.
52
4.2.
Ведомстводан тыс мекемелерге бекітілген форма бойынша
сауалдар жіберу, қажетті құжаттамалармен танысу.
Мектеп атынан диагностикалық және түзете дамыту бағытында жұмыс
істейтін тұлғалармен, ұйымдармен іскерлік қатынасқа түсу.
4.3.
Балалардың сөйлеу тілдік дамуларының деңгейін, сөйлеу тіліндегі
бұзылыстарды анықтауға байланысты оқушыларды тексеру.
4.4.
Оқытудың тиімді құралдарын, формалары мен әдістерін таңдау,
бағдарламаға өзгерістер ендіру, балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмысы
бойынша апробацияланған және авторлық авторлық әдістемелерді әзірлеу
және қолдану.
4.5.
Қатысу құқығы:
-
№ ... ОБМ-інің даму стратегиясын, білім беру бағдарламасын,
концепциясын әзірлеуге, Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің
бағдарламасын әзірлеуге және жоспарлауға;
-
сәйкес келетін нормативтік құжаттарды (ППҚ қызметінің атқарымы,
құзыреттілігі, міндеттері, жауапкершілігі туралы ережелер) әзірлеуге;
-
Жарғымен белгіленген тәртіпте № ... ОБМ-інің басқаруына;
-
логопед мұғалімдердің қалалық және облыстық семинарларына,
жиналыстарға, ғылыми-әдістемелік конференциялардың жұмысына қатысуға.
4.6.
Өзінің жұмысын жинақтай, тексерілген ақпараттарды пайдалана
отырып, ғылыми және белгілі ғылыми басылымдарда жариялану.
4.7.
Кәсіптік біліктілігін арттыру, өз еркімен сәйкес келетін біліктілік
санатқа аттестациядан өтуге және аттестациядан табысты өткен жағдайда оны
алу.
4.8.
Қатысу құқығы:
-
мектептің даму стратегиясын, білім беру бағдарламасын,
концепциясын әзірлеу, Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің
бағдарламасын әзірлеу және жоспарлау;
-
жергілікті нормативтік құжаттарды) әзірлеу;
-
педагог-психологтардың қалалық және облыстық семинарларына,
жиналыстарға, ғылыми-әдістемелік конференциялардың жұмысына қатысу.
4.9.
Өзінің жұмысын жинақтай, тексерілген ақпараттарды пайдалана
отырып, ғылыми және белгілі ғылыми басылымдарда жариялану.
4.10.
Кәсіптік біліктілігін арттыру, өз еркімен сәйкес келетін біліктілік
санатқа аттестациядан өтуге және аттестациядан табысты өткен жағдайда оны
алу.
5.
Жауапкершілігі
Педагог-психолог мына жұмыстарға жауапты болады:
5.1.
Педагог-психолог ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес
мекетептің Жарғысы мен ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, мектеп директоры
мен ППҚ жетекшісінің заңды өкімдерін және басқа да лауазымдылық
нұсқаулықта бекітілген нормативтік актілерді, лауазымдылық міндеттемелерді
53
Достарыңызбен бөлісу: |