-
мүмкіндіктері шектеулі балалармен түзете дамыту жұмысының жеке
бағдарламаларын ресурстық қамсыздандыру;
-
педагогтардың арнайы педагогика және психология саласындағы
кәсіптік құзыретін жоғарылату бойынша шаралар;
-
мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың ата-аналарын түзету жұмысының
үдерісі, мазмұны мен табыстылығы туралы хабардар ету;
-
оқуда қиындықтары бар балалар туралы ақпаратты жинау және
қорландыру;
-
оқушылармен түзете дамыту жұмысының жеке бағдарламасын жүзеге
асыруды мониторигілеу жүйесі;
-
мектеп практикасындағы инклюзивтік білім беру саласындағы
қабылданған шешімдерді орындау.
3.10.
Әзірлеу және пайдалану:
-
оқушылардың даму бұзылыстарын жеңуге бағытталған түзете дамыту
жұмысының апробацияланған және авторлық бағдарламасын, сабақтар циклын;
-
мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды кешенді түрде тексеру мен
қолдаудың жеке бағдарламаларын;
-
мектеп және жанұя жағдайындағы мүмкіндіктері шектеулі
оқушылармен жұмыс бойынша педагогтарға, мамандарға және ата-аналарға
арналған ұсынымдар.
3.11.
№ ... ОБМ-інің және жанұялық тәрбиелеу жағдайындағы
мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың бұзылыстарын жеңу бойынша түзету
жұмысының міндеттері мен ерекшеліктері туралы хабарлау мақсатында білім
беру үдерісіне қатысушылармен (педагогтар мен ата-аналар) кеңес беру
жұмсын жүргізу.
3.12.
Қатысу:
-
әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік жұмыстың басқа түрінің
әрекеттеріне;
-
тәжірибелік-эксперименталдық әрекеттерге;
-
Педагогтар кеңесіне, ППҚ қызметінің, психологиялық-медициналық-
педагогикалық консилиум (ары қарай ПМПк) отырыстарына;
-
ата аналар үшін өткізілетін шараларға (жиналыстар, семинар-
практикумдер, дөңгелек үстелдер және т.б.).
3.13.
Балаларды тексеруге және түзете дамыту жұмыстарын жүргізуге
арналған көрнекі құралдар мен материалдар.
3.14.
Қажетті құжаттамаларды, аналитикалық-статистикалық есепті
(тексеру мен жүргізілген түзету сабақтарының нәтижелерін бейнелейтін,
берілген формадағы жылдық есепті құру) қабылданған формада ресімдеу және
жүргізу, ПМПк үшін балаларды тексеру және түзету жұмысы нәтижелері
бойынша тұжырымдама жасау.
3.15.
Өзінің кәсіптік жұмысын орындағанда № ... ОБМ-інің жарғысын,
еңбекті қорғау ережелері мен нормасын сақтау, қауіпсіздік техникасын,
санитарлық және өртке қарсы ережелерді, еңбек тәртібін, еңбек тәртібінің ішкі
ережелерін орындау.
42
3.16.
Нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру.
4.
Құқықтары
Дефектолог мұғалімнің құқығы:
4.1.
№ ... ОБМ-інің әкімшілігінен өзінің лауазымдық міндеттері мен
құқықтарын орындауға, кәсіпптік міндеттерін табысты орындауға қажетті
жағдай туғызуды;
№ ... ОБМ-інің директорынан өзінің құзыреттілігіне
кіретін мәселелер бойынша ақпараттар мен құжаттарды талап ету.
4.2.
Оқушылардың зерделік және сенсорлық дамуларының деңгейін,
аталған бұзылыстардың ерекшеліктерін анықтауға байланысты оқушыларды
тексеру.
4.3.
Оқытудың тиімді құралдарын, формалары мен әдістерін таңдау,
бағдарламаға өзгерістер ендіру, балалармен жүргізілетін түзете дамыту
жұмысы бойынша апробацияланған және авторлық авторлық әдістемелерді
әзірлеу және қолдану.
4.5.
Қатысу құқығы:
-
№ ... ОБМ-інің даму стратегиясын, білім беру бағдарламасын,
концепциясын әзірлеуге, Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің
бағдарламасын және жоспарлауға;
-
сәйкес келетін нормативтік құжаттарды (ППҚ қызметінің
атқарымы, құзыреттілігі, міндеттері, жауапкершілігі туралы ережелер)
әзірлеуге;
-
дефектолог педагогтардың қалалық және облыстық семинарларына,
жиналыстарға, ғылыми-әдістемелік конференциялардың жұмысына қатысуға.
4.6.
Өзінің жұмысын жинақтай, тексерілген ақпараттарды пайдалана
отырып, ғылыми және белгіліғылыми басылымдарда жариялану.
4.7.
Кәсіптік біліктілігін арттыру, өз еркімен сәйкес келетін біліктілік
санатқа аттестациядан өтуге және аттестациядан табысты өткен жағдайда оны
алу.
5.
Жауапкершілігі
5.1.
Дефектолог мұғалім мына жұмыстарға жауапты болады:
-
тәрбиелеу-оқыту үдерісінде еңбек тәртібін, өнеркәсіптік санитария және
өрттен сақтану ережелерін, еңбекті қорғау ережелерін, санитарлық-гигиеналық
ережелерді сақтауға;
-
баланың құқығы мен еркіндігінің бұзылғандығы үшін;
-
түзете білім беру үдерісін жүргізу кезінде баланың өмірі мен
денсаулығы үшін;
-
құжаматтама жүргізу және оны сақтау;
-
тексеру кезінде алынған материалдар мен мәліметтердің құпиялылығын
сақтау;
-
баланы тексеру кезінде (өзінің құзыретінің аясында) негізделмеген
тұжырымдама жасау, оның салдарынан баланың дене және психикалық
43
денсаулығының нашарлауы және әрбір баламен жүргізілетін түзету жұмысы
нәтижесінің төмендеуі үшін;
-
оқу жоспарына және оқу үдерісінің кестесіне сәйкес түзете білім беру
бағдарламасын толық көлемде жүзеге асырылмағаны үшін.
Құжаттама
1.
Оқу жылының болжалды жұмыс жоспары
2.
Жұмыс уақытының циклограммасы.
3.
Дефектолог мұғалімнің әрбір баланы тексеру хаттамасы мен
тұжырымдамасы.
4.
МШ оқушыларды Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке
бағдарламаларының көшірмелері.
5.
Балалардың түзету сабақтарына қатысуын есепке алу журналы.
6.
Оқушылармен жеке-дара және топтық сабақтардың күнделікті
жоспары.
7.
Жеке-дара және топтық сабақтардың болжалды жоспары.
8.
Түзете дамыту жұмысының бағдарламалары мен әдістері, оның ішінде
жұмыстың диагностикалық, ағарту, кеңес беру және басқа да түрлері;
9.
Балалардың жеке дәптерлері.
10.
Ата-аналармен жұмыс жоспары.
11.
Жыл бойғы істелген жұмыс туралы есеп.
12.
Логопедиялық кабинеттің паспорты.
Нұсқаулықпен таныстырылды _______________________ қолы, дата
№ ... жалпы білім беру мектебінің логопед мұғаліміне лауазымдық
нұсқаулық
1.
Жалпы ережелер
1.1.
Осы лауазымдық нұсқаулық ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР Еңбек
кодексіне сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, жалпы орта және
қосымша білім беру жүйесінің педагог қызметкерлерінің лауазымдарының
үлгілік біліктілік сипаттамаларына (ҚР БҒМ 2009 жылғы шілдедегі
қосымшалармен және өзгерістермен №338 бұйрығы), Даму мүмкіндіктері
шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру
бойынша әдістемелік ұсынымдарға (ҚР БҒМ 2011 жылғы 12 желтоқсандағы №
524
бұйрығы) сәйкес әзірленген.
1.2.
Логопед мұғалім қызметке № ... ОБМ-інің басшысының
бұйрығымен тағайындалатын және босатылатын мамандар санатына жатады.
1.3.
Логопед мұғалім Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің
аясында (ары қарай ППҚ) тікелей инклюзивтік білім беруді үйлестірушіге
немесе Қолдау қызметінің басшысына бағынады.
44
Достарыңызбен бөлісу: |