Сравнительная таблица



жүктеу 247 Kb.
бет2/3
Дата25.01.2020
өлшемі247 Kb.
#27304
1   2   3

14




11. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға мынадай функциялар жүктелуi мүмкiн:
    1) еңбек, оның iшiнде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтiк қамсыздандыру, оның iшiнде зейнетақымен қамсыздандыру және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтiк қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету; мүгедектердi әлеуметтiк қорғау, оның iшiнде медициналық-әлеуметтiк сараптама және арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды, Орталықтан және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн зейнетақы және әлеуметтiк төлемдердi, арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыны; мемлекеттiк арнайы жәрдемақыны; балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн берiлетiн ай сайынғы төлемдердi, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргiн құрбандарына бiржолғы ақшалай өтемақыларды, жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдердi тағайындау және олардың төленуiн қамтамасыз ету;

3) Орталықтан және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн зейнетақы және әлеуметтiк төлемдердi тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдау;

4) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның iшiнде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру, арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

5) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң, зейнетақы төлемдерiнiң мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың арнаулы мемлекеттiк жәрдемақының мемлекеттiк арнайы жәрдемақының бала тууға және оның күтiмiне берiлетiн жәрдемақылардың саяси қуғын-сүргiн құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға берiлетiн бiржолғы ақшалай өтемақылардың жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдердiң банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн берiлетiн ай сайынғы төлемдердiң Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң уақтылы және толық төленуiн бақылауды жүзеге асыру;

6) Орталықтан берiлетiн зейнетақы және әлеуметтiк төлемдердi және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердi тағайындау үшiн қажеттi құжаттардың дұрыстығын тексеру;

7) Орталықтан берiлетiн зейнетақы және әлеуметтiк төлемдерi мен Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердi алушылар саны мен сомасы туралы деректер жинауды ұйымдастыру;

8) Орталықтан және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан зейнетақы және әлеуметтiк төлемдердi тағайындау және алу мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер беру;

9) өз құзыретi шегiнде Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен инспекциялау;

10) өндiрiстiк жарақаттанудың, кәсiптiк аурулардың, кәсiптiк уланудың себептерiне талдау жүргiзу және олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тексерудiң уақтылы және объективтi жүргiзiлуiн бақылау;

11-1) жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізде қазақстандық кадрлардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысу;

12) жұмыс берушiлер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингiн жүзеге асыру;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тексеру;

14) басшы қызметкерлердiң және жұмыс берушiлерде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың бiлiмiн тексерудi жүргiзу;

15) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;

16) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өкiлеттi өкiлдерiмен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау нормативтерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау;

17) қызметкерлердiң, жұмыс берушiлердiң және олардың өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарау;

18) оралмандардың көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелерiне бiржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеудi жүзеге асыру;

19) «Е-собес», «Әлеуметтiк көмек», «Шетелдiк жұмыс күшi», «Еңбектi қорғау», «Еңбек нарығы», «Жұмыспен қамту» ААЖ деректер базасын қалыптастыру;

20) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу;

21) мүгедектiк тобын, оның себептерiн, мерзiмiн, мүгедектiктiң басталған уақытын, еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн, ағза функцияларының бұзылуы және тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуi дәрежесiне қарай «мүгедек бала» санатын айқындау;

22) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау және олардың iске асырылуын бақылау.


17. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға мынадай функциялар жүктелуі мүмкін:

1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; мүгедектерді әлеуметтік қорғау; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызмет көрсету; әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемді, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақыны, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге берілетін біржолғы ақшалай өтемақыны тағайындау;

3) Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау;

4) Орталықтан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдері мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар саны мен сомасы туралы деректер жинауды ұйымдастыру;

5) Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері жөнінде түсініктемелер беру;

6) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланудың себептеріне талдауды жүзеге асыру және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

7) жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізде қазақстандық кадрлардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысу;

8) жұмыс берушілер табыс еткен ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру;

9) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру;

10) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу;

11) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;

12) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

13) қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;

14) оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеуді жүзеге асыру;

15) «Мүгедек адамдардың орталықтандырылған дерекқоры», «Еңбекті қорғау» ААЖ деректер базасын қалыптастыру, сондай-ақ «Е-собес», «Әлеуметтік көмек: АӘЖ, МБЖ», «Шетелдік жұмыс күші», «Еңбек нарығы», «Жұмыспен қамту» ААЖ сүйемелдеу;

16) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;

17) мүгедектік тобын, оның себептерін, мерзімін, мүгедектіктің басталған уақытын, еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін, ағза функцияларының бұзылуы және тыныс-тіршілігінің шектелуі дәрежесіне қарай «мүгедек бала» санатын айқындау;

18) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау және олардың іске асырылуын бақылау;

19) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін бақылау;

21) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің; зейнетақы төлемдерінің; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың; арнаулы мемлекеттік жәрдемақының; мемлекеттік арнаулы жәрдемақының; бала тууға және оның күтіміне берілетін жәрдемақылардың балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақының; жерлеуге берілетін біржолғы ақшалай өтемақының; банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өміріне немесе денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Орталықтан берілетін ай сайынғы төлемнің; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық төленуін бақылауды жүзеге асыру;

22) Орталықтан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру;

23) өз құзыреті шегінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инспекциялау.



Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 7-бабы 2-тармағы 1) және 6) тармақшалары




15




     


18. Министрліктің құқықтары:

1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыс үшін қажетті мәліметтер мен материалдарды сұрау және алу;


2) өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдау;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.


Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы 16-бабы 2-тармағы 1) тармақшасы

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 38-бабы 2) тармақшасы

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 15-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы)

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 1-бабы 15) тармақшасы


16




     

Министрліктің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтарды және заңмен қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін сақтау;

2) ведомствоның, оның аумақтық органдарының, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;
3) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.


Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы»

2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес

Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-бабы 1-тармағы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-тармағы 4) тармақшасы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 22-бабы 1-тармағы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы қаулысы.


17




3. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру

    


 12. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.

     Министрдiң Қазақстан Республикасының Үкiметi Министрдiң ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) болады.

    13. Министр Министрлiкке басшылықты жүзеге асырады және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.


3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

19. Министрлікте басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Министр жүзеге асырады.

20. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.



Өзгеріссіз

18




   14. Министр:

   1) еңбек, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтiк қорғау, зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру саласындағы саясатты қалыптастырады;

  2) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi қамтамасыз етедi;

3) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн белгiлейдi;


  4) ведомствоның құзыретiн және өзге мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл тәртiбiн айқындайды;

5) өзiнiң қызметiнде оның бақылауында болатын ведомствоның басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

  6) жауапты хатшының келiсiмi бойынша ведомство басшысының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

7) Министрлiктiң құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;



8) Министрдiң бұйрықтарына қол қояды;

  9) Қазақстан Республикасының Парламентiнде, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Министрлiктiң атынан өкiлдiк етедi;



10) Министрлiктiң стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекiтiледi;

11) мемлекеттiк қызметтер көрсету регламенттерiн бекiтедi;

  12) Министрлiк жұмысының регламентiн бекiтедi;

  13) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
  14) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды және босатады;

 14-1) Министрлiкте сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиiстi шаралар қабылдамағаны үшiн дербес жауапкершiлiкте болады;

   15) заңнамада белгiленген тәртiппен еңбек қатынастарының мәселелерi оның құзыретiне жататын Министрлiктiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;

  16) өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.



22. Министрдің өкілеттігі:

1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы саясатты қалыптастырады;

2) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;

3) ведомствоның құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;

4) өзінің қызметінде оның бақылауында болатын ведомствоның басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;

6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;

7) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

8) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды және босатады;

9) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

10) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері оның құзыретіне жататын Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;

11) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.



Министр болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

Өзгеріссіз

19




Жоқ

23. Министр өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

Өзгеріссіз

20




15. Министрлiк аппаратын Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен келiсiм бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

24. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

Өзгеріссіз

21




  16. Жауапты хатшы:

1) Министр қалыптастыратын саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi және оның актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;

2) Министрлiк аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;
    3) Министрлiк қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
   4) Министрмен келiскеннен кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Министрлiктiң штат санының лимитi шегiнде Министрлiктiң, ведомствоның құрылымы мен штат санын бекiтедi;
  5) Министрмен келiскеннен кейiн Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
  6) Министрлiктiң тәртiптiк, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртiбiнiң сақталуын, кадр қызметi жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
    7) мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудi ұйымдастырады;
    8) Министрмен келiскеннен кейiн Министрлiк департаменттерiнiң директорлары мен басқармаларының басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;


9) ведомство басшысы тағайындау үшiн ұсынатын ведомство басшысының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келiседi;

10) еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретiне жатқызылған қызметкерлердi қоспағанда, Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

11) Министрмен келiсiм бойынша Министрлiк қызметкерлерiн iссапарға жiберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), бiлiктiлiгiн арттыру, көтермелеу, үстемақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерiн шешедi;

12) Министрмен келiсiм бойынша еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретiне жатқызылған қызметкерлердi қоспағанда, Министрлiк қызметкерлерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мәселелерiн шешедi;

13) Министрлiктiң Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Министр бекiтетiн стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;

14) Министрлiктiң жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметiнiң нәтижелерi туралы жыл сайынғы есептi әзiрлеудi қамтамасыз етедi және Министрге бекiтуге ұсынады;

15) Министрлiктiң бюджеттiк өтiнiмiн дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзетiн Министрге бюджеттiк өтiнiмдi ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерiсiнiң өзге де рәсiмдерiн орындауды қамтамасыз етедi;

16) Министрмен келiскеннен кейiн Министрлiктiң қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептiлiгiн әзiрлеудi қамтамасыз етедi және бекiтедi;

17) мемлекеттiк қызметтер көрсету регламенттерi мен стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады;

18) Министрлiктiң құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;

19) Министрлiкке келiсуге түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;

20) өз өкiлеттiктерi шегiнде мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлiктiң атынан өкiлдiк етедi;

21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.              

Алып тасталды

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы»

2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес



22




жүктеу 247 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау