Сравнительная таблица



жүктеу 247 Kb.
бет1/3
Дата25.01.2020
өлшемі247 Kb.
#27304
  1   2   3


«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына салыстырмалы кесте






Құрылымдық элементтің атауы

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Түзету енгізу негіздемесі

1

2

3

4

5

1

1-тармақтың

4) тармағы



1. Қоса берілiп отырған:
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

1. Қоса берілiп отырған:
4) алып тасталды

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы»

2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес



2

6-тармақтың

4) тармақшасы



6. Қоса берілiп отырған:

.................................................................................

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекiтiлсiн.


6. Қоса берілiп отырған:

......................................................................................

4) алып тасталды


Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы»

2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес



3




Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) - өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.
Министрлiктiң ведомствосы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетi бар.
  2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
   3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары болады.

Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
   4. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
  5. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесi, № 8 үй, 6-кiреберiс, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты.
  6. Министрлiктiң толық атауы – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi.
   7. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
   8. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
   Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
    Еер Министрлiкке заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Министрліктің ведомствосы бар: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті.

3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Министрлік ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.



7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.



Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы»

2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес



4




2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары


2. Мемлекеттік органның миссиясы,

негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Министрліктің миссиясы: азаматтардың еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласында конституциялық кепілдіктері мен құқықтарын қамсыздандыру арқылы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға ықпал ету.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес

5




9. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
  1) еңбек, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау;

     

        


15. Міндеттері:

1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;



Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес

6




2) жұмыспен қамту;

2) жұмыспен қамту;

Өзгеріссіз

7




3) әлеуметтiк қамсыздандыру, оның iшiнде зейнетақымен қамсыздандыру және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру;

3) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру;

Өзгеріссіз

8




6) мүгедектердi оңалту және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету

4) мүгедектерді әлеуметтік қорғау;


Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы»

2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес.



«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 2-тарауы 4-бабы, 7-бабының 1-тармағы 1) тармақшасы

9




4) балалы отбасыларды әлеуметтiк қолдау;

5) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау;

Өзгеріссіз

10




5) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету;

6) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;

Өзгеріссіз

11




6) мүгедектердi оңалту және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету

7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы

12




7) Қазақстан Республикасының заңнамасында Министрлiкке жүктелген өзге де мiндеттер болып табылады.

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.

Өзгеріссіз

13




10. Министрлiк қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
   1) еңбек, оның iшiнде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтiк қамсыздандыру, оның iшiнде зейнетақымен қамсыздандыру және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтiк қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету; мүгедектердi әлеуметтiк қорғау, оның iшiнде медициналық-әлеуметтiк сараптама және арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы; сондай-ақ мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн; мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетiн әлеуметтiк жәрдемақыларды; Орталықтан және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн зейнетақылар мен әлеуметтiк төлемдердi; жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн зейнетақы төлемдерiн; арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыны, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн арнайы жәрдемақыны (бұдан әрi – мемлекеттiк арнайы жәрдемақы); балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыны; банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына берiлетiн ай сайынғы төлемдердi; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргiн құрбандарына арналған жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдердi; бiржолғы ақшалай  өтемақыларды тағайындау және төлеу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, бекiтедi;

    2) еңбек, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi және бекiтедi;


   3) еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ қызметкерлердiң және жұмыс берушiлердiң өкiлдерiмен үйлестiрудi және өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
   4) еңбек жөнiндегi үлгi нормалар мен нормативтердi ауыстыру және қайта қарау тәртiбiн белгiлейдi;
   5) қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келiсу тәртiбiн белгiлейдi;

   6) қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi бойынша параметрлердi ұсыну, қарау және келiсу тәртiбiн белгiлейдi;


7) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiнде жасалған салалық келiсiмдер мен өңiрлiк келiсiмдердi тiркеудi жүзеге асырады;

8) мемлекеттiк еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргiзедi;

9) жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлерге сүт, емдiк-профилактикалық тағам, арнаулы киiм, арнаулы аяқ киiм және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртiбi мен нормаларын әзiрлейдi және бекiтедi, сондай-ақ қызметкерлердi ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлейдi;

10) анықтамалықтарды, бiлiктiлiк сипаттамаларын әзiрлеу, қайта қарау, бекiту және қолдану тәртiбiн айқындайды;

11) экономикалық қызметтiң әрқилы түрдегi ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгi бiлiктiлiк сипаттамаларын қарайды және келiседi;

12) тиiстi қызмет салаларындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың еңбек жөнiндегi үлгi нормалары мен нормативтерiн бекiту тәртiбiн белгiлейдi;

13) тиiстi қызмет салаларының мемлекеттiк органдары бекiткен еңбек жөнiндегi үлгi нормалары мен нормативтерiн өздерi белгiлеген тәртiппен келiседi;

14) әлеуметтiк қорғау және еңбек саласы қызметiнiң еңбек жөнiндегi үлгi нормалары мен нормативтерiн бекiтедi;

15) әлеуметтiк қорғау және еңбек саласы қызметiнiң басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын бекiтедi;

16) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың тiзбесiн айқындайды;

17) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығын, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипатамаларын, Басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығын өзi айқындаған тәртiппен бекiтедi;

17-1) мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларын бекiтедi;

18) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мониторингтi және тәуекелдi бағалауды ұйымдастырады;

19) әлеуметтiк әрiптестiк жүйесiн реттеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

20) еңбек нарығының бiрыңғай ақпараттық базасын құру негiзiнде жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, халықты және Қазақстан Республикасының Үкiметiн еңбек нарығының жай-күйi туралы хабардар етiп отырады;

20-1) экономика салаларының кадрларға қажеттілігін салалар, мамандықтар және өңірлер бөлінісінде айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;



21) халықты жұмыспен қамту бағдарламасын әзiрлейдi;

22) iшкi еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келiсiмшарттар жобаларын қарауға қатысады;

23) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген шекте және тәртiппен бөледi;

24) мүдделi органдармен бiрлесiп, кадрлар даярлау мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттiлiктi анықтайды;

25) еңбек нарығының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастырады;

26) ағымдағы бос орындар және болжамды жұмыс орындарының деректер базасына қосу үшiн қажеттi мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәлiметтердi ұсынуға арналған нысандарды әзiрлейдi және бекiтедi;

27) Орталықтан, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн зейнетақы және әлеуметтiк төлемдердi, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, берiлетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау және төлеу әдiстемелерiн әзiрлейдi;

28) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын талдауды, бағалауды жүзеге асырады;

29) Орталықтан және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн зейнетақы және әлеуметтiк төлемдердiң барлық түрлерi бойынша қаржылық және өзге де есептiлiктiң тiзбесiн, нысанын, мерзiмiн айқындайды;

30) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының басшы қызметкерлерi үшiн бiлiктiлiк талаптарын айқындайды, оларды тағайындауға келiсiм бередi;

31) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау және оңалту бойынша iс-шаралар жоспарын әзiрлейдi;

32) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарын әзiрлейдi;

33) медициналық-әлеуметтiк сараптаманы және мүгедектердi оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгiлейдi;

34) халықтың мүгедектiгiнiң деңгейi мен себептерiн зерделейдi;

35) әлеуметтiк қызметкерлердiң бiлiктiлiк талаптарын әзiрлейдi және денсаулық сақтау және бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша әлеуметтiк қызметкерлердi аттестаттау тәртiбiн бекiтедi;

36) денсаулық сақтау және бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;

37) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудiң түрлерi мен нысандарын дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

38) атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн өңiрлерде ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң нақты қалыптасқан шамасына негiзделе отырып, кедейлiк шегiнiң мөлшерiн айқындайды;

39) мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу; еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтiк қамсыздандыру, оның iшiнде зейнетақымен қамсыздандыру және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтiк қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету; мүгедектердi оңалту және арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жүйелерiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

40) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;

41) еңбек, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтiк қамсыздандыру, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау, әлеуметтiк көмек көрсету және арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, әлеуметтiк қызметтердiң жұмысын әдiстемелiк және ұйымдастырушылық үйлестiрудi жүзеге асырады;

42) өз құзыретi шегiнде ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарын және тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысады;

43) өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалармен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

44) өзiнiң қызметi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;



45) Министрлiктiң құзыретi шегiнде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырады;

46) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.





16. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады;



2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлейді;
3) өзінің қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

4) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама саласында; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы; сондай-ақ мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды; арнаулы мемлекеттік жәрдемақы; жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі – мемлекеттік арнайы жәрдемақы); банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемдерді; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына арналған, жерлеуге берілетін біржолғы ақшалай өтемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

5) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

6) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

7) еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгілейді;

8) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;

9) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;

10) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын әзірлейді, сондай-ақ қызметкерлерді ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;

11) біліктілік анықтамалықтарды және сипаттамаларды әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды;

12) экономикалық қызметтің әрқилы түрдегі ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын келіседі;

13) тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін бекіту тәртібін белгілейді;

14) тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары бекіткен еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін келіседі;

15) әлеуметтік-еңбек саласы қызметінің еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін бекітеді;

16) әлеуметтік-еңбек саласы қызметінің басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекітеді;

17) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін айқындайды;

18) жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру тәртібін бекітеді;

19) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипатамаларын, Басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекітеді;

20) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекітеді;

21) Ұлттық біліктілік шеңберін бекітеді;


22) әлеуметтік-еңбек саласының салалық біліктілік шеңберін бекітеді;

23) кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану тәртібін бекітеді;
24) әлеуметтік-еңбек саласы қызметкерлерінің кәсіби стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
25) тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдарының кәсіби стандарттарын келіседі;
26) Кәсіби стандарттар тізілімін жүргізудің нысанын бекітеді;

27) әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

28) экономика салаларының кадрларға қажеттілігін салалар, мамандықтар және өңірлер бөлінісінде айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

29) ағымдағы бос орындар және болжамды жұмыс орындарының деректер базасына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді ұсынуға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді;

30) Орталықтан, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн зейнетақы және әлеуметтiк төлемдердi, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, берiлетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау және төлеу әдiстемелерiн әзiрлейдi;

31) жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алудың;

міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шығарудың, ұстап қалудың (есептелуінің) және аударудың;


салымшылардың (алушылардың), инфляция деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына мониторинг жүргізудің тәртібін әзірлейді;
32) әлеуметтік аударымдарды есептеудің және аударудың тәртібін әзірлейді;

33) Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері бойынша қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысанын, мерзімін айқындайды;

34) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшы қызметкерлері үшін біліктілік талаптарын айқындайды, оларды тағайындауға келісім береді;

35) мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді;

36) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді;

37) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;

38) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау тәртібін әзірлейді және оларды денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;

39) медициналық-әлеуметтік сараптаманы және мүгедектерді оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілейді;



40) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау; халықты әлеуметтік қорғау жүйесі ұйымдарының қызметін үйлестіру жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

41) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;

42) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді, медициналық-әлеуметтік сараптама саласында кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

43) Кәсіби стандарттар тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;

44) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және тәуекелді бағалауды ұйымдастырады;

45) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

46) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

47) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, балалы отбасыларға, соғыс қатысушылары мен мүгедектерге және соларға теңестірілген адамдарға; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға; саяси қуғын-сүргін құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың, әлеуметтік қызметтердің жұмысын әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіруді жүзеге асырады;

48) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжам жасайды және халық пен Қазақстан Республикасының Үкіметін еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етеді;

49) ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісімшарттар жобаларын қарауға қатысады;

50) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі;

51) мүдделі органдармен бірлесе отырып, кадрлар әзірлеу мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттілікті анықтайды;

52) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастырады;

53) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын талдауды, бағалауды жүзеге асырады;

54) атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейінің нақты қалыптасқан шамасына негізделе отырып, кедейлік шегінің мөлшерін айқындайды;

55) халықтың мүгедектігінің деңгейі мен себептерін зерделейді;

56) өз құзыреті шегінде ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

57) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

58) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің түрлері мен нысандарын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

59) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.


Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 16-бабы 21) тармақшасы

«Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 тамызда № 4888 болып енгізілді»

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-3-бабы 2-тармағы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-4-бабы 3-тармағы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабы 2-тармағы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабы 1-тармағы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабы 3-тармағы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабы 4-тармағы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 48-бабы 1-тармағы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 22-1-бабы 3-тармағы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 6-бабы1-тармағы)

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 15-бабы 3-тармағы

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабын, 61-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларын, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша басқа да бірқатар нормаларын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 15 қазандағы № 8 Нормативтік қаулысының 1-бабы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 11) тармақшасы; «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 7-бабы 1-тармағы 8) тармақшасы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабы 4-тармағы

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабын, 61-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларын, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша басқа да бірқатар нормаларын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 15 қазандағы № 8 Нормативтік қаулысының 1-бабы



жүктеу 247 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау