№
|
Құрылымдық элементтің атауы
|
Қолданыстағы редакция
|
Ұсынылатын редакция
|
Негіздеме
|
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына
|
1
|
8-тармақ
|
8. Қоныс аударушылардың ерікті түрде қоныс аударуы Бағдарламада белгіленген критерийлерге сәйкес жұмыс күші көп облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші тапшы облыстарға (бұдан әрі – қоныстандыру өңірлері) жүзеге асырылады.
|
8. Бағдарламаға қатысушыларды ерікті түрде қоныстандыру:
1) жұмыс күші көп облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші тапшы облыстарға (бұдан әрі – келу өңірлері);
2) бір облыс шегінде – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкін болған жағдайда экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға жүзеге асырылады.
|
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын (2017 ж.) ЖҰЖ 17-т. іске асыру туралы Үкімет қаулысымен сәйкестендіруге келтіру мақсатында
Осы толықтырулар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 390 Үкімет қаулысымен сәйкестендіру мақсатында енгізілуде
|
2
|
8-1-тармақ
|
Жоқ
|
8-1. Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2 %-ға артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы километрге 6,4 артық адамды құрайтын шығу өңірлері деп айқындалған.
|
Шығу өңірлері тізімін және оларды анықтауды нақтылау мақсатында
Осы толықтырулар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2017 жылғы 22 маусымдағы № 390 Үкімет қаулысымен сәйкестендіру мақсатында енгізілуде
|
3
|
49-1-тармақ
|
Жоқ
|
49-1. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханаларға және қызметтік тұрғын үйге қоныстану үшін Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді:
1) халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, Бағдарламаға қатысушылардың құжаттарын қатысуға іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды және 10 жұмыс күні ішінде құжаттарды Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жолдайды;
2) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу немесе қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді;
3) халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш білдірушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу немесе қосудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде үміткерді хабардар етеді;
4) Бағдарламаға қатысушылар тізіліміне қосылған адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады, ол көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен бірге жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасу бойынша іс-шараларды қамтиды.
|
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы Бағдарламасы шеңберінде салынған жатақхана, қызметтік тұрғын-үйге әлеуетті Бағдарлама қатысушыларын орналастыруды тәртіпке келтіру мақсатында
Осы толықтырулар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2017 жылғы 22 маусымдағы № 390 Үкімет қаулысымен сәйкестендіру мақсатында енгізілуде
|
4
|
2-1-параграф
|
Жоқ
|
2-1-параграф. Ауылдан қалаға қоныс аударуды ұйымдастыру үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін өңірлік комиссияның қарауына облыс шегіндегі ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалар тізбесінің жобасын енгізеді;
2) өңірлік комиссия ауылдар мен қалалар тізімі жобасын алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін облыс шегіндегі ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың тізбесін қарап, бекітеді және тізбені халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ әкімдеріне жібереді;
3) халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округтер әкімдері ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың бекітілген тізбесіне сәйкес халық арасында ерікті түрде қоныс аудару мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
4) облыс шегінде қоныс аударуды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысқысы келетін адамдар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ әкімдеріне жүгінеді;
5) халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округ әкімдері үміткерлерді Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы хабардар етеді;
6) халықты жұмыспен қамту орталықтары бір аудан ішінде және облыс шегінде көшуді жоспарлайтын үміткерлердің тізімін қалыптастырады;
7) үміткерлер келіскен жағдайда халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді;
8) халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушылардың қатарына қосу туралы өтінішті және басқа ауданға көшкісі келетіндердің құжаттарын – облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына, аудан ішінде – Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жібереді және бұл туралы өтініш берушілерді хабардар етеді;
9) облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыс шегінде облыстық (аудандық) маңызы бар қалаға көшкісі келетіндерден өтініштер мен құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды өңірлік комиссияның қарауына жібереді;
10) өтініш берген адамдардың құжаттарын қарау қорытындылары бойынша 5 жұмыс күні ішінде:
аудандық (қалалық) комиссиялар бір аудан ішінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді;
өңірлік комиссиялар бір облыс шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді.
11) аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар ұсынымдарды әзірленген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде тиісті халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді;
12) өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның отырысы Бағдарламаға қатысуға өтініштер мен құжаттардың келіп түсуіне қарай өткізіледі;
13) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынымдарды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынымдардың негізінде азаматтарды ауылдардан қалаға қоныс аудару үшін Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
14) халықты жұмыспен қамту орталықтары шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ауылдардан қалаға қоныс аударуға қатысатын адамдарды хабардар етеді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушымен жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады.
|
Ауылдан қалаға жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру бойынша «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында (2017 ж. ЖҰЖ 17-т.)
Осы толықтырулар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2017 жылғы 22 маусымдағы № 390 Үкімет қаулысымен сәйкестендіру мақсатында енгізілуде
|
5
|
60-тармақ
|
60. Шығу өңірлерінен қоныстану өңірлеріне көшуге арналған субсидия – әрбір отбасы мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет.
|
60. Шығу өңірлерінен қоныстану өңірлеріне көшуге арналған субсидия – әрбір отбасы мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
Бір облыс шегінде көшуге арналған субсидия – әрбір отбасы мүшесіне жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет.
|
Қоныс аудару кезінде қоныс аудару алшақтығы мен шығындар мөлшеріне байланысты
мемлекеттік қолдауды ұсыну бойынша қолдау шараларын бөлшектеу мақсатында
Осы толықтырулар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2017 жылғы 22 маусымдағы № 390 Үкімет қаулысымен сәйкестендіру мақсатында енгізілуде
|
6
|
61-1-тармақ
|
Жоқ
|
61-1. Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімімен олардың жеке меншігіне тұрғын үй сатып алу үшін өңірлік комиссия ұсынымдарының негізінде отбасына бір жылға аударылған сома шегінде біржолғы субсидия сомасын төлеуге жол беріледі.
|
Ерікті қоныс аударуды ынталандыру және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге арналған жылдық соманы бір жолғы төлеу есебінен тұрғын үй беру арқылы қоныс аударған Бағдарламаға қатысушының жаңа тұрғылықты жерге сіңу мүмкіндігін арттыру
Осы толықтырулар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2017 жылғы 22 маусымдағы № 390 Үкімет қаулысымен сәйкестендіру мақсатында енгізілуде
|
7
|
61-2-тармақ
|
Жоқ
|
61-2. Отбасына жылына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үйді сатып алу үшін біржолғы төлем алдын ала сату-сатып алу шарты болған кезде жүзеге асырылады.
|
8
|
61-3-тармақ
|
Жоқ
|
61-3. Егер қоныстану өңірлерінде сатып алынған тұрғын үйдің құны:
1) біржолғы төлем мөлшерінен төмен болса, сомалар айырмасы Бағдарламаға қатысушыда қалады;
2) біржолғы төлемнің мөлшерінен жоғары болса, құнының айырмасын Бағдарламаға қатысушы өзінің ақшалай қаражаты есебінен өтейді.
|
9
|
61-4-тармақ
|
Жоқ
|
61-4. Ауылдардан қалаларға қоныс аудару шараларын іске асыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
|