Sql тілі (Таңдау курсы-9)



жүктеу 0,96 Mb.
бет9/11
Дата15.11.2018
өлшемі0,96 Mb.
#20394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әдебиет:


(2) Астахова И.Ф. SQL в примерах и задачах. с.51-63

(4) Джудит С. Боуман Практическое руководство SQL, с. 176-202

(12) Сорокин А. В. Delphi. Разработка баз данных. с.222-224
Апта 11
Кредит сағат 1

Дәріс № 11

Тақырып: Ішкісұранысқа In, Any, All салыстыру және Having, Exists операторларын қолдану.


Дәріс мазмұны:

  1. In, Any, All салыстыру операторларын қолдану мүмкіндігі

  2. Having сөйлеміндегі кіріктірілген сұраныстар.

  3. Бос мәндерді (Null) өңдеуде Exists операторын қолдану.

SQL тілінде Exists операторының қолданылуы шындық және жалған мағыналарын білдіреді (бульдікке ұқсас). Сұраныстарды аргумент ретінде қолдана отырып, бұл оператор сұраныстың орындалу нәтижесін шындық деп бағалайды, егер бұл сұраныста ең болмағанда бір табылған мәнінің бар болған жағдайында. Ал керісінше болған жағдайда сұраныстың нәтижесі жалған болады. Exists операторы UNKNOWN (белгісіз) мәнін қабылдай алмайды. EXISTS және NOT EXISTS кілттік сөздері тек қана бағыныңқы сұраныстармен бірге қолдану үшін арналған. Олардың өңделу нәтижесі TRUE немесе FALSE логикалық мағыналарын көрсетеді. EXISTS кілттік сөзі үшін нәтижесі TRUE мәніне тең, егер бағыныңқы сұраныспен қайтарылған нәтижелі кестеде ең болмаса бір жол қатысқан жағдайда ғана. Егер бағыныңқы сұраныстың нәтижелі кестесі бос болса, EXISTS операциясының өңдеу нәтижесінің мағынасы FALSE болады. NOT EXISTS кілттік сөзі үшін EXISTS кілттік сөзіне қатысты керісінше өңдеу ережелері қолданылады. Сондықтан EXISTS және NOT EXISTS кілттік сөздерімен бағыныңқы сұраныстың нәтижелі кестесіндегі жолдардың тек қана барысы тексеріледі, онда бұл кесте өз бетінше бағандар санын құрай алады.

Әдебиет:


(2) Астахова И.Ф. SQL в примерах и задачах. с.51-63

(4) Джудит С. Боуман Практическое руководство SQL, с. 176-202

(12) Сорокин А. В. Delphi. Разработка баз данных. с.222-224
Апта 12

Кредит сағат 1

Дәріс № 12

Тақырыбы: Union біріктіру операторы.

Дәріс мазмұны:


  1. Union операторының синтаксисі және қызметі.

  2. Union операторында қайталауды болдырмау.

  3. Union операторын Order By- мен қолданбау.

UNION операторы екі немесе одан да көп SQL – сұраныстарының шығыс деректерін бірегей жолдар мен бағандар жиынына біріктіру үшін қолданылады.

«;» (нүктелі үтір) символымен тек қана соңғы сұраныстардың аяқталатынына назар аударыңыз. SELECT – сұранысының соңында бұл символдың болмауы оның артындағы келесі сұраныстың UNION – мен бірге жалпы сұраныстың бір бөлігі болып табылатынына алып келеді.



UNION операторының қолданылуы тек қана сұраныстарды біріктіру кезінде ғана мүмкін, олардың сәйкес бағандары біріктіру бойынша бірдей, яғни сәйкес сандық өрістер толық сәйкес келетін типі мен өлшеміне ие болуы керек, ал символдық өрістер дәл сәйкес келетін символдар санына ие болуы керек. Егер NULL – мағыналары ең болмаса бір кез – келген біріктіру подзапросының бағаны үшін тиым салынған болса, онда олар басқа да біріктіру подзапростарының бағандары үшін де тиым салынған болуы керек.

Әдебиет:


(2) Астахова И.Ф. SQL в примерах и задачах. с.63-67

(4) Джудит С. Боуман Практическое руководство SQL, с. 157-176

(12) Сорокин А. В. Delphi. Разработка баз данных. с.224-225

Апта 13

Кредит сағат 1

Дәріс № 13

Тақырыбы: Деректерді манипуляциялаудың Insert, Update, Delete операторлары


Дәріс мазмұны:

  1. Insert операторының мәні және қызметі.

  2. Update операторының синтаксисі және қолданылу тәсілі.

  3. Delete операторының синтаксисі және қолданылу тәсілі.

SQL тілінде кестеге деректерді енгізу операциясының орындалуы үшін, олардың өзгертілуі және өшірілуі үшін деректердің манипуляциялық тілінің (DМL) үш комбинациясы арналған. Олар INSERT (қою), UPDATE (жаңарту), DELETE (өшіру) командалары.

SQL тілі жазбалар топтарына операцияның орындалуынан хабарланған, бірақ кейбір жағдайларда оларды бөлек жазбаларға да жүргізуге болады.

Әрекет етуші сұраныстар тек бөлек жолдарға ғана емес, жолдар жиынтығына да операция жасауға рұқса ететін жеткілікті қуатты құрал. Әрекет етуші сұраныстардың көмегімен пайдаланушы деректер блогын жаңарта алады, өшіре алады немесе қоса алады. Әрекет етуші сұраныстың үш түрі бар:

INSERT INTO – қою сұранысы;

DELETE – өшіру сұранысы;

UPDATE – жаңарту сұранысы.

INSERT операторы кестеге жаңа жолды орнатуды жүзеге асырады.

Оператордың мынадай форматы бар:

INSERT INTO <кестенің_аты> [(бағанның_аты [,...n])]

{VALUES (мағынасы[,...n]) | }

Мұнда кестенің_аты параметрі немесе деректер базасындағы кестенің атын, немесе жаңартылған ұсынудың атын көрсетеді.

Update командасы кестенің жолдарындағы және бағандарындағы өрістерінің барлығын немесе кейбіреуінің мәндерін жаңартуға, өзгертуге мүмкіндік береді.

Оператордың синтаксисі

UPDATE операторы жазбалар тобындағы немесе көрсетілген кестенің бір жазбасындағы мағынаның өзгеруі үшін қолданылады.

Оператордың форматы:

UPDATE кестенің_аты

SET бағанның_аты= <өрнек>[,...n]

[WHERE <таңдау_шарты>]

Мұнда кестенің_аты параметрі – бұл, немесе деректер базасындағы кестенің аты, немесе жаңартылған ұсынудың аты. SET ұсынысында деректерін өзгерту керек бір немесе бірнеше бағандардың атын көрсетіледі. WHERE ұсынысы міндетті емес болып табылады. Егер ол түсірілген болса, көрсетілген бағандардың мағынасы кестенің барлық жолдарында өзгертіледі. Егер WHERE ұсынысы қатысатын болса, онда тек қана таңдау шартын қанағаттандыратын жолдар ғана жаңартылады. Өрнек сәйкес бағанның жаңа мағынасын көрсетеді және онымен деректер типі бойынша бірдей болуы керек.

Кестеден жолдардың өшірілуі DELETE командасының көмегімен жүзеге асырылады.

Оператордың синтаксисі

DELETE операторы кестеден жазбалар тобын өшіру үшін арналған.

Оператордың мынадай форматы бар:

DELETE FROM <кестенің_аты>

[WHERE <таңдау_шарты>]

Мұнда кестенің_аты параметрі немесе деректер базасындағы кестенің атын, немесе жаңартылған ұсынудың атын көрсетеді.

Егер WHERE ұсынысы қатысатын болса, онда кестедегі таңдау шартын қанағаттандыратын жазбалар өшіріледі. Егер WHERE ұсынысын түсірген жағдайда, кестеден барлық жазбалар өшіріледі, бірақ кестенің өзі сақталады.

Әдебиет:


(2) Астахова И.Ф. SQL в примерах и задачах. с.78-87

(4) Джудит С. Боуман Практическое руководство SQL, с. 74-83

(12) Сорокин А. В. Delphi. Разработка баз данных. с.225-228
Апта 14

Кредит сағат 1

Дәріс № 14

Тақырып: Сақталатын процедуралар (СП). Параметрсіз және параметрлі сақталатын процедуралар.


Дәріс мазмұны:

  1. Сақталатын процедуралардың мәні.

  2. Create Proc операторының синтаксисі.

  3. Параметрсіз СП. Exec процедурасының шақыру операторы.

  4. Кіріс және шығыс параметрі бар СП.

Сақталатын процедураларды құру келесі тапсырмалардың шешімін болжайыд:

  • құрылушы сақталатын процедураның типін анықтау: уақытша немесе қолданушылық.

  • рұқсат құқықтарының жоспарлануы. Сақталатын процедураны құру кезінде деректер базасының объектілеріне де қолданушымен құрғандай рұқсат құқықтарына ие болатынын ескерген жөн;

  • сақталатын процедураның параметрлерін анықтау. Көптеген бағдарламалау тілдерінің құрамына кіретін процедураларға ұқсас, сақталатын процедуралар кіріс және шығыс параметрлеріне ие бола алады;

  • сақталатын процедураның кодын өңдеу. Порцедураның коды басқа сақталатын процедуралардың шақыруын қосқанда SQL тіліндегі кез – келген команданың жүйелілігін құрай алады.

Create Proc операторының синтаксисі

Сақталатын процедураны өзгерту немесе жаңасын құру келесі команданың көмегімен жүзеге асырылады:

{CREATE | ALTER } PROC процедураның_аты [;нөмірі]

[{@параметрдің_аты деректер_типі } [VARYING ]

[=default][OUTPUT] ][,...n]

[WITH { RECOMPILE | ENCRYPTION | RECOMPILE,

ENCRYPTION }]

[FOR REPLICATION]

AS

sql_оператор [...n]


Sp_, #, ## префикстерін қолдана отырып, құрылатын процедураны жүйелік немесе уақытша ретінде анықтауға болады. Құрылушы сақталатын процедураны нақты бір деректер базасында орналастыру үшін осы деректер базасының контекстінде CREATE PROC командасын орындау қажет. Сақталатын процедураның денесінен сол деректер базасындағы объектіге назар аудару кезінде деректер базасының атын көрсетпей – ақ, қысқартылған аттарды қолдануға болады. Ал басқа деректер базасында орналасқан объектілер үшін міндетті түрде атын көрсету керек.

Атындағы нөмірі – бұл сақталатын процедураны процедуралар тобынан анықтайтын теңестірілген нөмір.

Құрылушы сақталатын процедурада кіріс және шығыс деректерін жіберу үшін параметрлер қолданылуы мүмкін, олардың аттары жергілікті өзгергіштердің аттары секілді @ символынан басталуы керек. Бір сақталатын процедурада үтірлермен ажыратылатын параметрлер жиынын беруге болады. Процедура денесінде осы процедураның параметрлерінің атымен аттары сәйкес келетін жергілікті өзгергіштер қолданылмауы керек.

Сақталатын процедураға лайық параметрге ие болатын мәліметтер типін анықтау үшін падаланушымен анықталған мәліметтер типімен қоса SQL тіліндегі кез – келген мәліметтер типтері қолданыла алады.


Әдебиет:


(12) Сорокин А. В. Delphi. Разработка баз данных. с.30-32, 427-443

(13) Хомоненко А.Д. Delphi 7 Учебник для высших учебных заведений с.839-850


Апта 15

Кредит сағат 1

Дәріс № 15

Тақырып: Деректер қоймасының объектілерін жасау операторлары.


Дәріс мазмұны:

  1. Кесте жасау командалары

  2. Бар кестені өзгерту командалары.

  3. Кестені жою командалары.

Мәліметтер базасының жалпы құрылымын құрғаннан кейін мәліметтер базасының жобасының құрамына кіретін кесте құруды бастауға болады.

Кесте – реляциялық мәліметтер базасында ақпаратты сақтау үшін негізгі объект. Ол жолдар мен бағандардың деректерін құраудан тұрады, мәліметтер базасында физикалық кеңістіктің орнына ие болады және тұрақты немесе уақытша бола алады.

Реляциялық мәліметтер базасында бағандар деп аталатын өрістер кестенің бір бөлігі болып табылады, оларға айқын бір мәліметтер типі бекітілген. Мәліметтер базасындағы әрбір кесте ең болмаса бір бағанды құрауы керек. Мәліметтер жолы – бұл мәліметтер базасы кестесінің жазбасы, ол кестенің бір жазбасының мәліметтерін құрайтын өрістерді қосады.

Кесте құруға кіріспес бұрын мына сұрақтар қатарына жауап беру керек:



  • Кесте қалай аталады?

  • Кестенің бағандары (өрістері) қалай аталады?

  • Әрбір бағандарға қандай мәліметтер типтері бекітіледі?

  • Әрбір бағанды сақтау үшін жадының қандай мөлшері бөлінуі тиіс?

  • Кестенің қандай бағандары міндетті түрде кірісті талап етеді?

  • Алғашқы кілт қандай бағандардан құралады?

Кесте құру операторының негізгі синтаксисі келесідей түрге ие:

CREATE TABLE кесте_аты

(баған_аты мәліметтер_типі

[NULL | NOT NULL ] [,...n])

Келтірілген стандарт MS SQL Server ортасында кесте құру операторын орындаумен сәйкес келеді.

Кесте құру командасында бастысы – кестенің атын анықтау және көрсетілген талапқа сай реттелген өрістер аттарының жиынтығын бейнелеу.

NULL кілттік сөзі берілген бағанда NULL мағынасы болуы мүмкін екендігін көрсету үшін қолданылады. NULL мағынасы бос орын немесе нөлден ерекшеленеді, ол деректердің қол жетімсіз, түсірілген немесе мүмкін емес екендігін білдіреді. Егер NOT NULL кілттік сөзі көрсетілсе, онда берілген бағанға NULL мағынасын орналастырудың кез – келген әрекеттері рұқсат етілмейді. Егер NULL параметрі көрсетілсе, бағанға NULL мағынасын орналастыру рұқсат етіледі. SQL стандарты кішіреюі бойынша NULL кілттік сөзін ұсынады.

Команда, бағандарды қосуға және өшіруге, олардың анықтамасын өзгертуге рұқсат етеді.

Кестеге бағандарды қосу кезіндегі негізгі ережелердің бірі: кестеде мәліметтер бар болса, қосылатын баған NOT NULL атрибутымен анықтала алмайды. Бұл атрибут әрбір мәліметтер жолдары үшін талапқа сай келетін баған кейбір мағыналарды құрауы керек екендігін білдіреді, сондықтан NOT NULL атрибутымен баған қосу кейбір қайшылықтардың пайда болуына алып келеді, кестенің мәліметтерінің жолдары жаңа бағанда нөлдік мағынаға ие болмайды.

Әйткенмен, кестеге міндетті өрістерді қосудың әдісі бар. Бұл үшін қажетті:



  • кестеге NULL атрибутымен анықталған жаңа баған қосу (баған қандай да бір мәндерді құрауы міндетті емес);

  • кесте мәліметтерінің әрбір жолдары үшін жаңа бағанға қандай да бір мәндер енгізу;

  • мәліметтерінің әрбір жолдары үшін жаңа баған нөлдік мағыналарды құрайтынына көз жеткізген соң, бұл бағанның атрибутын NOT NULL атрибутына ауыстырып, кестенің құрылымын өзгерту керек.

  • Бағандардың анықтамаларының өзгеруі кезінде кейбір жалпы қабылданған ережелерді ескеру қажет:

  • мәліметтер типіне лайық жіберілген, бағанның мөлшері ең көп мағынаға дейін үлкейтілген болуы мүмкін;

  • бағанның мөлшері тек мына жағдайда азайтылуы мүмкін, егер онда құралған ең көп мағына оның жаңа мөлшерінен басым болса ғана;

  • сандық мәліметтер типінің дәрежелерінің саны әрқашан үлкейген болуы мүмкін;

  • сандық мәліметтер типінің дәрежелерінің саны мына жағдайда ғана азайтылған болуы мүмкін, егер сәйкес бағанда ең көп мағыналар дәрежелерінің саны бұл баған үшін анықталған дәрежелердің жаңа санынан басым болмаса ғана;

  • сандық мәліметтер типінің ондық белгілерінің саны үлкейтілген немесе азайтылған болуы мүмкін;

  • бағанның мәліметтер типі, ереже бойынша, өзгертілуі мүмкін.

Кейбір орындаулар ALTER TABLE командаларының кейбір опцияларын қолдануда өңдеушіге нақты шек қоюы мүмкін. Мысалға, кестеден бағандарды өшіру мүмкін емес болуы мүмкін. Бұған қол жеткізу үшін алдымен кестенің өзін өшіру керек болады және содан кейін ғана керекті бағандарымен кестені қайтадан құруға болады. Және де кестеге енгізілген мәліметтер жоғалады.

Басқа кестедегі кейбір бағандарға тәуелді кестеден бағандарды өшіруге байланысты қиындықтар туындауы мүмкін. Бұндай жағдайда, алдымен бағанның шектелуін өшіру керек болады, содан кейін бағанның өзін.

Кестені өшіру командасы

Уақыт өте келе мәліметтер базасының құрылымы ауысады: жаңа кестелер құрылады, ал бұрынғылар керек емес болады және мәліметтер базасынан мына оператордың көмегімен өшіріледі:

DROP TABLE кесте_аты [RESTRICT | CASCADE]

Бұл команданың тек көрсетілген кестені ғана емес, оған кіретін мәліметтер жолдарын да өшіретінін ескерген жөн. Егер кестеден тек мәліметтерді ғана өшіру талап етілсе DELETE командасын қолданған жөн.

DROP TABLE операторы өшіру операциясын каскадтық түрде орындау керек пе екенін қосымша көрсетеді. Егер операторда RESTRICT кілттік сөзі көрсетілсе, онда мәліметтер базасында өшірілетін кестеге тәуелді ең болмаса бір объектінің бар болуы DROP TABLE операторының орындалуын қабылдамайды. Егер CASCADE кілттік сөзі көрсетілсе, мәліметтер базасындағы өшірілетін кестеге тәуелді барлық объектілер автоматты түрде өшіріледі, және де өшірілетін объектілерге тәуелді басқа да объектілер. CASCADE кілттік сөзімен бірге DROP TABLE операторының орындалуының жалпы эффектісі өте елеулі болуы мүмкін, сондықтан осыған ұқсас операторларды барынша сақтықпен қолданған жөн.

Көбінесе, DROP TABLE операторы кестені құру кезінде жіберілген қателерді дұрыстау үшін қолданылады. Егер кесте мағынасыз құрылыммен құрылған болса, оны өшіріп, содан кейін кері құру үшін DROP TABLE операторын қолдануға болады.


Әдебиет:


(2) Астахова И.Ф. SQL в примерах и задачах, с.87-112

(4) Джудит С. Боуман Практическое руководство SQL, с. 55-65

(13) Хомоненко А.Д. Delphi 7 Учебник для высших учебных заведений, с.822-836
6. Практикалық жұмыстардың жоспары.




Тақырыбы

Практикалық жұмыс мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1

Microsoft Access ДҚБЖ- де деректер қоймасын құру. Кесе жасау және одан деректерді іздеу, алмастыру.

Microsoft Access ДҚБЖ- де деректер қоймасын құру. Кесе жасау және одан деректерді іздеу, алмастыру.

1

(1) 6-35 бет

(12) 232-235 бет



2

Деректер қоймасында кестеге сұраныстар жасау. Параметрлі сұраныс.

Кестеге сұраныстар жасау. Параметрлі сұраныс.

2

(1) 6-35,20-24 бет

(12) 332-335 бет



3

MS SQL Server программасын қолданып, «Студенты» ДҚ жасау.

«Студенты» ДҚ жасау.

3

(2) 18-22 бет

(12) 396-406 бет




4

MS SQL Server программасын қолданып, «Успеваемость» ДҚ жасау.

Зертханалық жұмыс №1. «Успеваемость» ДҚ жасау.

4

2) 18-22 бет

(12) 396-406 бет




5

Қарапайым Select-сұраныстар.


Зертханалық жұмыс №2. Қарапайым Select-сұраныстар.


5

(2) 32-31,49-51 бет

(4) 136-157 бет

(12) 207-220 бет


6

Деректерді сорттау.

Зертханалық жұмыс №3. Деректерді сорттау.

6

(2) 32-31,49-51 бет

(4) 157-171 бет

(12) 220-222 бет


7

Конкатенации операциясы және қондырылған функциялар.

Зертханалық жұмыс №4. Конкатенации операциясы және қондырылған функциялар.


7

(2) 32-31,49-51 бет

(12) 207-220 бет




8

Агрегацияланатын және топтық функциялар.

Зертханалық жұмыс №5. Агрегацияланатын және топтық функциялар.

8

(2) 43-47 бет

(4) 136-157 бет




9

Агрегацияланатын және топтық функциялар. Group және Having операторлары.

Зертханалық жұмыс №5. Агрегацияланатын және топтық функциялар. Group және Having операторлары.

9

(2) 43-47 бет

(4) 136-157 бет




10

Кіріктірілген ішкісұраныстар.


Зертханалық жұмыс №6. Кіріктірілген ішкісұраныстар.


10

(2) 51-63 бет

(4) 176-202 бет

(12) 222-224 бет


11

Exists операторын қолдану.

Зертханалық жұмыс №7. Exists операторын қолдану.

11

(2) 51-63 бет

(4) 176-202 бет

(12) 222-224 бет


12

UNION операторын қолдану. Мәндер жиынымен операторларды салыстыру.


Зертханалық жұмыс №8. UNION операторын қолдану. Мәндер жиынымен операторларды салыстыру.

12

(2) 63-67 бет

(4) 157-176 бет

(12) 224-225 бет


13

INSERT, DELETE, UPDATE операторлары


Зертханалық жұмыс № 9.

INSERT, DELETE, UPDATE операторлары



13

(2) 78-87 бет

(4) 74-83 бет

(12) 225-228 бет


14

Сақталатын процедуралар.

Зертханалық жұмыс №10. Сақталатын процедуралар.

14

(12) 30-32, 427-443

(13) 839-850 бет



15

Деректер қоймасын жасау.

Зертханалық жұмыс №11. Пәндік аймақ бойынша деректер қоймасын жасау.


15

(4) 34-55 бет

(12) 14-23,37-41 б

(13) 525-536 бет

(14) 167-186 бет




7. Пәнді оқыту жөнінде әдістемелік нұсқаулар.
Пәнді оқыту негізінен дәріс, практикалық жұмыс, СОБӨЖ және өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны дәрісте беріліп, теориялық білім түсініледі.

Мәліметтердің реляциялық үлгісін өңдеу нәтижесінде пайда болған тілдердің бірі SQL тілі (Structured Query Language) болып табылады, ол қазіргі уақытта өте кең таралған және реляциялық мәліметтер базасының стандартты тіліне айналды.

SQL тілі мәліметтерге сұраныстарды орындау үшін де, қолданбалы бағдарламаларды құру үшін де қолданылуы мүмкін.

SQL тіліндегі командалардың негізгі категориялары мәліметтер базасында объектілерді құрып және оларды манипуляциялау, кестедегі мәліметтерді бастапқы қосуға жіберу, ақпараттарды жаңарту және өшіру, мәліметтер базасына сұраныстарды орындау, оған қол жеткізуді басқару және оны жалпы администрациялаумен қатар әртүрлі функцияларды орындау үшін арналған.

Сондықтан студенттер SQL- сұраныс жасайтын Microsoft SQL Server программасында жұмыс жасауды жүзеге асырады.

Өздік жұмыста студенттер практикалық тапсырмаларды орындап, бақылау сұрақтарына әзірленеді. Оқытушы басшылығымен өткізілетін өзіндік жұмыста оқу материалының теориялық қосымша сұрақтары талданады, өздік жаттығулар компьютерде жүзеге асырылады. Бақылау сұрақтарының жауаптары тексеріледі. Студенттің үй жұмысында бұрын алған білімдерін бекітуге арналған тапсырмалар беріледі. Студенттердің білімін тексеру өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауы, шығармашылық жұмыс, коллоквиум, тестілеу түрінде ұйымдастырылады. Шығармашылық жұмыста студент Microsoft SQL Server программасын қолданып жасаған деректер қоймасы моделін презентациялайды. Шығармашылық жұмыс студенттің алған білімін қорытындылау, шығармашылық белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысын жоспарлай алу, пән бойынша алған білімін өз бетінше қолдана алу сиқты қасиеттерін дамытады. Пәнді оқытуда кафедра оқытушысы Г.И: Аймичеваның «Работа с базами данных» электрондық оқулығы қолданылады. Ол арқылы студент әр тақырып бойынша өз білімін толықтырады және практикалық жұмыстарын компьютерде орындайды.



8. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ

САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Практикалық жұмыстар орындау жөнінде әдістемелік нұсқаулар.

Практикалық жұмыста Microsoft SQL Server программасы ортасында мәліметтер қоры жасалып, кестеден SQL- сұраныстар жасау жүзеге асырылады.

Практикалық жұмыс соңында студент орындаған жұмысының компьютерлік программасын көрсетіп, сәйкес бақылау сұрақтарына жауап береді.
Апта 1.

Практикалық жұмыс №1.

Тақырыбы: Microsoft Access ДҚБЖ- де деректер қоймасын құру. Кесте жасау және одан деректерді іздеу, алмастыру.

Келесі тапсырмаларды Microsoft Access программасында орындаңдар:


  1. С дискісінде деректер қоймасы файлын жасаңдар.

  2. Онда конструкторлық режимде төмендегі өрістерден тұратын Студенты таблицасын жасаңдар:

Код студента (счетчик) Возраст (сандық)

Фамилия (текстік) Адрес (текстік)

Имя (текстік) Телефон (текстік)

Дата рождения (дата/уақыт)

  1. Режим таблицы көмегімен Код товара, Количество, Дата заказа өрістерінен тұратын Заказы таблицасын жасаңдар.

  2. Мастер таблиц режимімен Код товара, Название товара, Количество, Цена, Дата выпуска өрістерінен тұратын Товары таблицасын жасаңдар.

  3. Товары таблицасынан бағасы белгілі бір санға тең болатын товарларды тауып, оларды басқа санға алмастырыңдар. (Найти/Заменить)

6. Студенты таблицасындағы деректерді сорттап, фильтрлеңдер:

а) Фамилия өрісін алфавит бойынша сорттаңдар.

б) Возраст өрісін жастың кемуі бойынша сорттаңдар.

в) Имя өрісінен кейін Отчество өрісін жасаңдар.

г) Фамилиясы А немесе Б әріптерінен басталатын студенттер

тізімін шығарыңдар.

д) Белгілі бір дата аралығында дүниеге келген студенттер тізімін

шығарыңдар.

8.Товары таблицасындағы деректерден

а) Бағасы белгілі бір санға тең товарларды экранға шығарыңдар.

б) Әр түрлі 3 товар атын экранға шығарыңдар.

в) Таблицаны товар бағасының өсуі бойынша сорттаңдар.

г) Саны белгілі бір аралықтағы товарлар тізімін шығарыңдар.

9. Заказы таблицасынан белгілі бір айда тапсырыс берілген заказдар тізімін шығарыңдар.

10. Заказы таблицасынан белгілі бір жылы тапсырыс берілген заказдар тізімін шығарыңдар.


жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау