(2) Астахова И.Ф. SQL в примерах и задачах, с.10-12
(12) Сорокин А. В. Delphi. Разработка баз данных, с.14-16, 32-36
(14) Хомоненко А.Д. Базы данных. С. 8-45
Апта 2
Кредит сағат 1
Дәріс № 2
Дәріс мазмұны:
Жергілікті деректер қоймасы және «файл-сервер» архитектурасы
Клиент/Сервер ахитектурасы.
"клиент-сервер" көпзвенолық архитектурасы
Қосымшалар мен МБ‑ң орналасуна қатысты олар локалды және алыстатылған болады. Локалды МБ‑мен операторлар орындау үшін локалды қосымшалар қолданылады, ал жойылған МБ‑мен жұмыс үшін серверлік қосымшалар қолданылады.
Delphi‑қосымша МБ-на қол жеткізуді BDE арқылы орындайды (BDE–Borland DataBase Engine – Borland фирмасының МБ-ң процессоры). BDE мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін динамикалық драйверлері мен кітапханалар қатынасын білдіреді. BDE МБ-мен жұмыс істеуді камтамассыз ететін Delphi‑қосымшалар орындалатын барлық компьютерларда қойылуы мүмкін. BDE-ні қолдану қосымшаға локалды және алыстатылған МБ-на қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Локалды МБ, сонда жұмыс істейтін қосымшалар сол компьютерде орналасады. Бұндай жағдайда ақпараттық жүйе локалды архитектура түрінде болады (1.1‑сурет). МБ-мен жұмыс бірқолданушылық режимде орындалады. Қажет жағдайда компьютерде басқа сол мәліметтерге қол жеткізетін қосымшаны жүктейді. МБ-н басқару үшін мәліметтерді арнайы басқару мен бақылау құралдары қажет.
Локалды МБ-на қол жеткізу үшін BDE Paradox, dBase, FoxPro және мәтіндік файл форматындағы МБ-мен жұмыс істейтін стандартты драйверлер қолданылады.
Ақпараттық жүйенің локалды архитектурасының схемасы
Локалды МБ қолдануда желіде оған көпқолданушылық қол жеткізуді ұйымдастыруға болады. Ол үшін МБ мен қосымшалар файлдары желі серверінде орналасады. Әрбір қолданушы өз қалпында осы қосымшаны жүктей алады. Сол кезде онда осы қосымша көшірмесін алады. Бұндай МБ базасын қолданудың желілік нұсқасы «файл‑сервер» архитектурасына сәйкес келеді. Бұндай архитектурада қосымша әрбір компьютерде жазылуы мүмкін. Әрбір қолданушылық компьютерлік желіде мәліметтермен жұмыс кезінде оның көшірмесі коданылады. Ол әрқашан серверде орналасқан мәліметтермен жаңарып отырады.
Схема түрінде «файл‑сервер архитектурасы» 1.2‑суретте көрсетілген
«Файл‑сервер» архитектурасының схемасы
«Файл-сервер» архитектурасы көбінесе көп емес қолданушылық желілерде колданылады. Оны іске асыру үшін Paradox және dBase МББЖ‑ң мәліметтер форматы жарайды. Оның артықшылығы – қарапайымдылық және қосымша бір қолданушыға құрылып, өзі орналасқан желідегі компьютерге тәуелсіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |