(13) Хомоненко А.Д. Delphi 7 Учебник для высших учебных заведений, с.804-805
(14) Хомоненко А.Д. Базы данных. С. 8-45
Апта 3
Кредит сағат 1
Дәріс № 3
Тақырып: SQL тілінің сипаттамасы және құрылымы. Microsoft SQL Server ДҚБЖ –де ДҚ құру және онымен жұмыс
Дәріс мазмұны
SQL тілінің стандарты және оны жүзеге асыру
SQL тілінің командалары
ДҚ жасау. Кесте жасау
4. Деректер типін таңдау
Мәліметтердің реляциялық үлгісін өңдеу нәтижесінде пайда болған тілдердің бірі SQL тілі (Structured Query Language) болып табылады, ол қазіргі уақытта өте кең таралған және реляциялық мәліметтер базасының стандартты тіліне айналды. SQL тіліне стандарт 1986 жылы Американдық (ANSI) дәстүрлі стандарттар институтымен шығарылды, ал 1987 жылы (ISO) халықаралық стандарттар ұйымы оны халықаралық ретінде қабыл алды. Бүгінгі SQL стандарты SQL/92 атымен танымал.
SQL тілін орындауда өндірушіге сәйкес SQL бағдарламалық өнімі түсіндіріледі. Функционалдық мүмкіншіліктерінің кеңейтілуі үшін көптеген өңдеушілер SQL стандартты тіліне әртүрлі кеңейтілулер қосып жатыр. Тілдің барлық нақты орындалулары бір – бірінен кішкене ажыратылады. Қазіргі уақытта SQL тілі әртүрлі типті, дербес компьютерлерден бастап және мейнфреймдермен аяқталған, әртүрлі есептеуіш платформалар үшін өңделген оншақты Мәліметтер Базасын Басқару Жүйесімен қолдау табуда.
Көптеген Мәліметтер Базасын Басқару Жүйесі үшін құрылған, барлық мәліметтерді манипуляциялау тілдері реляциялық мәліметтер базасының пайда болуына дейін файлдардың логикалық жазбалары түрінде көрсетілген операцияларға мәліметтермен хабарланған болатын. Әрине, бұл пайдаланушыдан мәліметтерді сақтау ұйымдарын және қандай мәліметтер қажет екенін, олардың қайда орналасатынын және оларды қайдан алу керектігін нұсқау жөнінде толық білімді талап етті.
Қарастырылып жатқан SQL тілі қатынас – кестелердің қосындысының логикалық өзара байланысқан түрінде көрсетілген операцияларға мәліметтермен хабарланған болатын. Оның құрылымының өте маңызды ерекшелігі – мәліметтердің өңделген нәтижесінен хабардар болу, бірақ бұл өңделідің процедурасына емес. SQL тілінің өзі мәліметтердің қайда тұрғанын, индекстерін және тіпті нәтижесін алу үшін қандай операциялардың ең нәтижелі жүйеліліктерін қолдану керек екендігін анықтайды, сондықтан мәліметтер базасының сұранысында бұл мағлұматтарды көрсету қажет емес.
SQL тілі көптеген Мәліметтер Базасын Басқару Жүйесінің негізі болып табылады, яғни ол дискге мәліметтерді жазу және физикалық құрылымдарына жауап береді, және де дискден мәліметтерді оқуға, Мәліметтер Базасын Басқару Жүйесінің басқа компоненттерінен және пайдаланушылық қосымшалардан SQL – сұранысты қабылдауға рұқсат етеді. Сондықтан, SQL – пайдаланушыларға, бағдарламаларға және есептеуіш жүйелерге реляциялық мәліметтер базасында тұрған ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін күшті құрылғы.
SQL тілі мәліметтерге сұраныстарды орындау үшін де, қолданбалы бағдарламаларды құру үшін де қолданылуы мүмкін.
SQL тіліндегі командалардың негізгі категориялары мәліметтер базасында объектілерді құрып және оларды манипуляциялау, кестедегі мәліметтерді бастапқы қосуға жіберу, ақпараттарды жаңарту және өшіру, мәліметтер базасына сұраныстарды орындау, оған қол жеткізуді басқару және оны жалпы администрациялаумен қатар әртүрлі функцияларды орындау үшін арналған.
SQL тіліндегі командалардың негізгі категориялары:
DDL – мәліметтермен анықтау тілі;
DML – мәліметтермен манипуляциялау тілі;
DQL – сұраныстар тілі;
DCL – мәліметтермен басқару тілі;
Мәліметтердің администрациялау командалары;
Транзакциялармен басқару командалары.
SQL-сервер жүйесінде мәліметтер базасын құру процесі екі этаптан тұрады: алдымен мәліметтер базасының өзі ұйымдастырылады, содан кейін оған жататын транзакция журналы. Ақпарат *.mdf (мәліметтер базасы үшін) және *.ldf. (транзакция журналы үшін) кеңейтілуінен тұратын сәйкес файлдарда орналасады. Мәліметтер базасының файылында негізгі объектілер туралы мәліметтер жазылады (кестелерде, индекстерде, көрсетулерде және тағы да басқаларда), ал транзакция журналының файылында – транзакциялармен жұмыс процесінде (мәліметтер базасы транзакцияның орындалуына дейін және кейін, мәліметтердің толықтығын бақылау).
SQL-сервер жүйесінде мәліметтер базасын құру CREATE DATABASE командасымен жүзеге асырылады. SQL-серверде мәліметтер базасын құру процесі сервер администраторы құқықтарының барысын талап ететінін белгілеу керек.
<мәліметтер базасын анықтау> ::=
CREATE DATABASE мәліметтер базасының аты
[ON [PRIMARY]
[ < файл анықталуы > [,...n] ]
[,<топтың анықталуы > [,...n] ] ]
[ LOG ON {< файл анықталуы >[,...n] } ]
[ FOR LOAD | FOR ATTACH ]
Әдебиет:
(2) Астахова И.Ф. SQL в примерах и задачах.с.12-14
Апта 4
Кредит сағат 1
Лекция № 4
Тақырып: SQL-сервер деректер қоймасы құрылымының негізгі объектілері
Дәріс мазмұны:
Объектілердің топтамасы және қызметі.
Логикалық құрылым кестелердің құрылымын, олардың арасындағы өзара қатынасты, пайдаланушылардың тізімін, сақталатын процедураларды, ережелерді және тағы да басқа мәліметтер базасының объектілерін анықтайды.
SQL Server-де логикалық мәліметтер объектілер түрінде ұйымдастырылған. SQL Server мәліметтер базасының негізгі объектілеріне мыналар жатады:
Tables
|
Мәліметтер сақталатын, мәліметтер базасының кестесі
|
Views
|
Кестедегі мәліметтерді бейнелеу үшін қарау (виртуалды кестелер)
|
Stored Procedures
|
Сақталатын процедуралар
|
Triggers
|
Триггерлер – кестедегі мәліметтердің өзгеруі кезінде арнайы сақталатын процедуралар
|
User Defined function
|
Пайдаланушылармен жасалынған функциялар
|
Indexes
|
Индекстер – мәліметтермен жұмыс өнімділігін жоғарылатуға шақырылған қосымша құрылымдар
|
User Defined Data Types
|
Пайдаланушымен анықталатын мәліметтер типі
|
Keys
|
Кілттер – мәліметтердің бүтіндігінің шектеулі түрлерінің бірі
|
Constraints
|
Бүтіндіктің шектелуі – мәліметтердің логикалық бүтіндігін қамтамасыз ететін объектілер
|
Users
|
Мәліметтер базасына ену рұқсатына ие пайдаланушылар
|
Roles
|
Пайдаланушыларды топтарға біріктіруге көмектесетін ролдер
|
Rules
|
Мәліметтердің логикалық бүтіндігін бақылауға көмектесетін мәліметтер базасының ережелері
|
Defaults
|
Мәліметтер базасын стандартты құру
|
SQL – дегі барлық мәліметтер, кестелер деп аталатын объектілерде болады. Кестелер объектілердің, құбылыстардың, процестердің қандай да бір мәліметтерінің жиынтығын көрсетеді. Басқа ешқандай объетілер мәліметтерді сақтамайды, бірақ олар кестедегі мәліметтерге бара алады. SQL – дегі кестелер, барлық басқа МББЖның кестелері секілді құрылымға ие және мыналарды құрайды:
жолдар; әрбір жол (немесе жазба) объектінің нақты данасының атрибуттарының (қасиеттердің) жиынтығын көрсетеді;
бағаналар; әрбір бағана (өріс) атрибуттарды немесе атрибуттар жиынтығын көрсетеді. Жолдар өрісі кестенің ең кіші элементі болып табылады. Кестеде әрбір бағананың аты, мәліметтер типі және өлшемі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |