Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 013 жылдың айында атқарған жұмыстары жөнінде мәліметтер



жүктеу 32,54 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі32,54 Kb.
#5462



Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2015 жылдың 3 айында атқарған жұмыстары жөнінде мәліметтер
Халықты жұмыспен қамту бойынша:

2015 жылдың 3 айында бөлімге жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны - 884 адам.

Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 299 адам.

Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 548 адам тартылды.

2015 жылдың 3 айында ауданда 161 жаңа жұмыс орындары ашылды. Олардың ішінде, көлік және қоймалау саласы бойынша 17, өнеркәсіп саласы бойынша 12, экономикалық қызметтің басқа түрлері бойынша 108 орын, уақытша және маусымдық жұмыстар бойынша 24 орын.

Нысаналы топқа жататын жұмыссыздар қатарынан 2015 жылдың 3 айында 29 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған, олардың ішінен 8 мүгедек тұрақты жұмысқа орналастырылып, 1 мүгедек әлеуметтік, 14 мүгедек қоғамдық жұмыс орындарына, 3 мүгедек жастар тәжірибиесіне жолданды.

Жыл басынан бөлімде 2-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері өткізілді. Өткізілген жәрмеңкеде барлығы 21 адам тұрақты жұмыстарға жіберілді. Олар негізінен, «Аралтұз» АҚ-на, аудандық ветеринариялық стансаға және теміржол саласы мекемелеріне жұмысқа орналасты.

2015 жылдың 3 айында тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,9 пайызды құрады.


Бюджеттен жүргізілетін төлемдер бойынша:
Аудандық бюджеттен аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 2015 жылға 15043,0 мың.теңге, республикалық бюджеттен 743,0 мың теңге, барлығы 15786,0 қаржы қаралған.

2015 жылдың 3 айында атаулы әлеуметтік көмек 10 отбасының 44 отбасы мүшелеріне 390,2 мың. теңгесі тағайындалып, төленді.


2015 жылға аудан бюджетінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсетуге 25147,0 мың. теңге қаржы қаралған.

2015 жылдың 3 айында 810 отбасындағы 4483 адамға 19202,1 мың.теңге көмек тағайындалып, төленді.


2015 жылға аудандық бюджеттен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге 90288,0 мың. теңге, респуликалық бюджеттен 7088,0 мың тенге барлығы 97376,0 мың тенге қаражат қаралған.

2015 жылдың 3 айында 1608 отбасындағы 5171 балаға 32075,6 мың.теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді.


Мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша:

2015 жылдың 3 айында 129 жүріп-тұруы қиын І топ мүгедектеріне - 118 жеке көмекшілер қызмет жасады;

34 тіл-құлақ кемістігі бар мүгедектерге - 3 ымдау тілі маманы қызмет көрсетті;

Мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес 2015 жылдың 3 айында мүгедектерге:

протездік-ортопедиялық көмек– 11 адамға,

тифлотехникалық құралдар– 18 адамға,

сурдотехникалық құралдар-1 адамға;

кресло-арбалар – 1 адамға;

міндетті гигиеналық құралдар - 50 мүгедек азаматтарға таратылды.

2015 жылдың 3 айында Қызылорда қаласында орналасқан «Талсуат-мүгедектерді оңалту орталығына» ем алуға 7 мүгедек және 5 қарт азамат жолданды.

2015 жылдың 3 айында үйде тәрбиеленіп оқуға 67 мүгедек бала қамтылды. Бұл мақсатқа 2015 жылға жалпы 3863,0 мың теңге бөлінген.

Сонымен қатар, мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін ұйымдастыруға 2015 жылға 2073 мың теңге бөлініп, 300,0 мың теңге игерілді.


Жекелеген санаттар бойынша жүргізілген әлеуметтік төлемдер:

2015 жылдың ақпан айында – «15 ақпан - Ауғаныстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне» орай 31 Ауғаныстан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 1843,3 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлемдер жүргізілді.



ҚР-ның «Отан», «Данқ» ордендерімен мапапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 7 азаматқа 2015 жылға 317,0 мың теңге қаралып, қазіргі таңда 7 азаматқа 71,5 мың теңге төленді.
жүктеу 32,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау