Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы


даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Дене



жүктеу 0,55 Mb.
бет6/6
Дата13.04.2020
өлшемі0,55 Mb.
#29386
1   2   3   4   5   6

даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Дене
мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау
орталығының қызметі қағидалары

      Ескерту. Бұйрық 8-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі мүгедек-спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының қызметі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының (бұдан әрі – Орталық) қызметі тәртібін айқындайды.


      2. Орталық заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік, дене шынықтыру және спорт жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағидаларды және Орталық жарғысын басшылыққа алады.
      3. Осы Қағидалар мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) аға жаттықтырушы – спорт түрлерi бойынша жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты жүзеге асыратын және оқу-жаттықтырушылық қызметпен тiкелей айналысатын спорт жаттықтырушысы;
      2) ауыспалы құрам – Орталық құрамына қабылданған, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар кезінде тартылатын мүгедек-спортшылар құрамы;
      3) жеке жаттықтырушы – дене шынықтыру және спорт саласында білімі бар және мүгедек-спортшының оқу-жаттығу процесі мен жарысушылық қызметінің барысында оның жеке дайындығын жүзеге асыратын, өзі даярлайтын мүгедек-спортшыға барынша көңіл бөлетін жеке тұлға;
      4) оқу-жаттығу жиыны – мүгедек-спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шара;
      5) спорт түрi – спорттың құрамдас бөлігі, оның ерекше белгілері жаттығатын ортасы, дене жаттығуларының жиынтығы немесе зияткерлік қабілеті мен жарыс ережелері болып табылады;
      6) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі – Орталықтың күнтізбелік жылға арналған оқу-жаттығу жұмысын жоспарлауды және өткізуді регламенттейтін ресми құжат;
      7) халықаралық жарыстар – кемінде бес мемлекеттің өкiлдерi қатысатын мүгедек-спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрінен сайыстар.

2-тарау. Орталықтың қызмет тәртібі



      4. Мүгедек-спортшыларды даярлау жыл бойы жүзеге асырады, бірақ мүгедек-спортшыларды дайындаудың перспективалық бағдарламасына сәйкес бір мүгедек-спортшыға 250 күннен аспауы керек.
      5. Жүйелі түрде жоғары спорттық нәтижелер көрсететін (халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері) және келешекте өзінің спорттық көрсеткіштерін арттыратын мүгедек-спортшылар Қазақстан Республикасының штаттағы құрамына немесе құрама командасына жіберіледі.
      6. Халықаралық жарыстарда мүгедек-спортшының көрсеткен нәтижелері Орталыққа да, мүгедек-спортшыны Орталыққа ұсынған ұйымға да бірдей есептеледі.
      7. Орталықтың аға жаттықтырушысы мүгедек-спортшыларды дайындаудың келешек бағдарламасын әзірлейді және Орталықтың директорымен келіседі, сондай-ақ шақырылған жаттықтырушылармен бірлесіп, оның орындалуын бақылауға алады, мүгедек-спортшыларды дайындауды және оларды жарыстарға қатыстыруды ұйымдастырады, мүгедек-спортшылардың жарыстарға қатысу нәтижелеріне әрдайым талдау жасайды, мүгедек-спортшылардың дайындық жоспарларын және келешектегі бағдарламаларын іске асырады, оқу-жаттығу жұмысының жеке жоспарларының орындалуын бақылайды, мүгедек-спортшылармен патриоттық және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді.
      8. Жеке жаттықтырушы мүгедек-спортшының жеке жоспары бойынша жаттығу жүргізеді және Орталықтың аға жаттықтырушысының басшылығымен жұмыс істейді.
      9. Қазақстан Республикасының штаттағы құрамасына немесе құрама командаларына өткен жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар мен ересектер жасындағы мүгедек-спортшылар Орталықтың ауыспалы құрамында қалады.
      10. Орталыққа мыналар қабылданады:
      1) Орталықтарда спорт түрлерінен мүгедек-спортшылардың жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар мен ересектер жасындағы және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының (біріншіліктерінің) немесе халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын мүгедек-спортшылар, сондай-ақ спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін мүгедек-спортшылар;
      2) спорттың ойын түрлері бойынша Қазақстан Республикасының жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар және ересектер құрама командаларының мүшелері болып табылатын мүгедек-спортшылар;
      3) жоғары деңгейдегі екінші біліктілік санатынан төмен емес жаттықтырушылар.
      11. Орталықтың контингенті ауыспалы құрамда болады.
      12. Спорт түрлерінен бөлімдер әр жас санаты бойынша мүгедек-спортшылар қатарынан қалыптасады және халықаралық жарыстарға қатысуға жіберілетін команда құрамының ең көп санынан үш құрамнан артық емес құрайды.
      13. Бір спорт түрінен әр жас топтағы жаттықтырушылар құрамы 4 бірліктен аспауы тиіс.
      14. Мүгедек-спортшылардың, жаттықтырушылардың (спорт түрлері бөлімшелер бойынша) құрамы, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісімі бойынша Орталық басшысымен жыл сайын жазғы паралимпиялық, сурдлимпиялық спорт түрлері бойынша 20 қаңтарға дейін, қысқы паралимпиялық, сурдлимпиялық спорт түрлері бойынша 20 мамырға дейін бекітеледі.
      15. Орталық директоры уәкілетті органның келісімімен бір спорт түрінен барлық жас санаты бойынша (жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар және ересектер) жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар және ересектер санаты бойынша Қазақстан Республикасының бір аға жаттықтырушысын тағайындайды.
      16. Осы Қағидалардың 19-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, спорт түрінен әр бөлімдегі мүгедек-спортшылардың және жаттықтырушылардың құрамы уәкілетті органның келісімі бойынша, Орталықтың шешімімен жаттығу және жарыс кезеңі аяқталғаннан кейін қайта қаралады, бірақ жылына екі реттен аспауы тиіс.
      17. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын мүгедек-спортшылар келесі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      2) спорттық атақ беру туралы куәліктің көшірмесін;
      3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген бұйрығымен бекітілген 088/у нысандағы медициналық құжаттамасының көшірмесін (тұрғылықты жері бойынша мүгедектер тапсыратын (МССК) медициналық-санитарлық сараптамасының анықтамасы);
      4) республикалық Спорттық медицина және оңалту орталығының немесе дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің спортшының денсаулығы және оның осы спорт түрімен келешекте одан әрі шұғылдануы туралы қорытындысының (еркін нысанда) көшірмесін;
      5) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек-спортшының жеке картасын;
      6) спорттық нәтижелердің растамаларын (жарыс хаттамаларының көшірмесін).
      18. Орталықта мүгедек-спортшыны дайындауға тартылатын жаттықтырушылар келесі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      2) біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесін;
      3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген бұйрығымен бекітілген 086/у нысандағы медициналық құжаттамасының көшірмесі.
      19. Мүгедек-спортшы Орталықтан келесі негіздер бойынша шығарылады:
      1) жеке жоспарына сәйкес жарыстарда медальдар және орындар иелену бөлігінде спорттық нәтижелерінің төмендеуі;
      2) медициналық қортынды негізінде денсаулық жағдайына;
      3) тыйым салынған субстанциялар мен әдістер құралдарды қолдануына;
      4) Орталықтың еңбек тәртібі қағидаларын бұзуына байланысты.
      20. Орталықтың спорт түрлерінен бөлімдерінде әр спорт түрі бойынша төрағасынан және мүшелерінен тұратын жаттықтырушылар кеңесі құрылады. Жаттықтырушылар кеңесінің мүшелері жаттықтырушылардан тағайындалады. Орталықтың спорт түрі бойынша аға жаттықтырушысы Жаттықтырушылар кеңесінің төрағасы болып тағайындалады.
      Жаттықтырушылар кеңесінің отырысына қатысу үшін Орталықтың мүдделі мамандары және дауыс беру құқығы жоқ мүдделі ұйымдардың мамандары тартылады.
      21. Жаттықтырушылар кеңесі Орталықтың мүгедек-спортшыларының, жаттықтырушыларының және басқа мамандарының спорттық жарыстарға дайындалуы мен қатысуына қатысты мәселелерді қарастырады.
      22. Жаттықтырушылар кеңесінің отырысы жаттықтырушылар кеңесі мүшелерінің жалпы саны 2/3-ден кем болмаған жағдайда өткізіледі.
      23. Жаттықтырушылар кеңесінің шешімі оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Жаттықтырушылар кеңесінің шешімі хаттамамен ресімделеді және оған жаттықтырушылар кеңесінің төрағасы мен мүшелері қол қояды. Жаттықтырушылар кеңесінің төрағасының даусы шешуші болып табылады.
      24. Мүгедек-спортшыларды медициналық бақылау және олардың функционалдық дайындығын диагностикалау үшін Орталықтың алдын-алу іс-шараларын өткізу және қалпына келтіру процесін оңтайландыруға бөлінген қаражат шегінде қажетті медициналық үй-жаймен, жабықтармен, қажетті дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы құралдармен қамтамасыз етіледі.
      25. Спорт дәрігерлері Орталықтың жаттықтырушыларымен бірлесіп, оқу-жаттығу жиыны мен жарыстар кезінде мүгедек-спортшыларға дәрігерлік бақылауды жүзеге асырады. Дәрігерлік бақылаудың нәтижелерін жаттықтырушылар мүгедек-спортшылардың жеке дайындық жоспарларын түзету үшін пайдаланады.
      26. Орталықтың мүгедек-спортшылары жылына екі рет Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығында және медициналық мекемелерде тереңдетілген медициналық тексеруден өтеді.
      27. Орталықтың оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру үшін келесі құжаттамалары болады:
      1) Орталықтың жылдық жоспары;
      2) жылдық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі;
      3) жарыс хаттамалары мен Орталық мүгедек-спортшыларының қатысуының талдамалары;
      4) мүгедек-спортшыларды даярлаудың жеке жоспарлары;
      5) мүгедек-спортшының, жаттықтырушының жеке карточкалары;
      6) мүгедек-спортшылар мен жаттықтырушылардың тізімі;
      7) статистикалық деректердің міндетті нысандары.

Спорт резервін және жоғары


дәрежелі мүгедек-спортшыларды
даярлау жөніндегі оқу-жаттығу
процесі жүзеге асырылатын 
дене мүмкіндіктері шектеулі
тұлғаларға арналған спорттық
даярлау Орталығының қызметі
қағидаларына қосымша   

Нысан            



Сурет

МҮГЕДЕК-СПОРТШЫНЫҢ ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ

1. Тегі _____________________________________________________________


2. Аты_______________________________________________________________
3. Әкесінің аты (болған кезде)_______________________________________
4. Туған күні________________________________________________________
                              (күні, айы, жылы)
5. Туған жері________________________________________________________
                                (облыс, қала)
6. Білімі____________________________________________________________
                     (білім деңгейі, оқу орнының атауы)

7.

Жеке басын куәландыратын құжаттың № ___________________

13.

Спортшының антропометрлік деректері:



Бойы___сантиметр, салмағы __килограмм
Спорттық санаты_________

8.

Жеке сәйкестендіру нөмірі_____



Костюмінің мөлшері ___________

9.

Спорттық атағы _______________



Бас киімінің мөлшері ________

10.

Жеке жаттықтырушысы ___________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған кезде)



Аяқ киімінің мөлшері ________

11.

Тілдерді меңгеруі ____________



Тұрақты тұратын жері ________

12.

Байланыс телефоны:____________

14.

Спорт түрі ___________________

Республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы

Р/С


Жарыстың атауы

Өткізу мерзімі мен орны (хронолия бойынша)

Жоспарланған

нәтиже


Көрсеткен нәтижесі

1









2









Спортшының жеке қолы ____________ Жаттықтырушының қолы ______________

Қазақстан Республикасы    


Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы  
№ 106 бұйрығымен бекітілген
9-қосымша          

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның күші


жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Дене шынықтыру және спорт саласындағы балалар мен жасөспірімдер клубтарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 02-02-18/74 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 20 мамырда № 6970 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 маусымдағы № 260-263(26661) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).


      2. «Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (спорт клубтары) қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 3 тамыздағы № 02-02-18/153 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 25 тамызда № 7145 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 қазандағы № 488-490 (26882) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      3. «Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша кешенді ғылыми топтың қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 02-02-18/183 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 17 қазанда № 7258 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 қарашадағы № 529-530 (26922) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      4. «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын және олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 287 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8282 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 шілдедегі № 172 (28111) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      5. «Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 тамыздағы № 298 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 18 қыркүйекте № 8718 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      6. «Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 298 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 7/ӘМ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 13 ақпанда № 9146 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 сәуірдегі № 81 (28305) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      7. «Олимпиада резервін даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 60 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 наурызда № 9277 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымдағы № 121 (28345) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      8. «Олимпиадалық даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 59 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 наурызда № 9276 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымдағы № 121 (28345) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау