Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 0,55 Mb.
бет5/6
Дата13.04.2020
өлшемі0,55 Mb.
#29386
1   2   3   4   5   6

СПОРТШЫНЫҢ ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ
      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Тегі _____________________________________________________________


2. Аты_______________________________________________________________
3. Әкесінің аты (болған кезде)_______________________________________
4. Туған күні________________________________________________________
                             (күні, айы, жылы)
5. Туған жері________________________________________________________
                             (облысы, қаласы)
6. Білімі____________________________________________________________
                     (білім деңгейі, оқу орнының атауы)


7.

Жеке басын куәландыратын құжаттың № ___________________

13.

Спортшының антропометрлік деректері:



Бойы___сантиметр, салмағы __килограмм.

8.

Жеке сәйкестендіру нөмірі______________



Костюмінің мөлшері ___________

9.

Спорттық атағы ________________



Бас киімінің мөлшері: ________

10.

Жеке жаттықтырушысы __________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған кезде)



Аяқ киімінің мөлшері: ________

11.

Тілдерді меңгеруі ____________



Тұрақты тұратын жері: ________

12.

Байланыс телефоны:____________

14.

Спорт түрі ___________________



Республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы



Жарыстың атауы

Өткізу мерзімі мен орны (хронолия бойынша)

Жоспарлаған нәтижесі

Көрсеткен нәтижесі

1









2








Спортшының қолы _______________ Жаттықтырушының қолы ________________


Спорт резервін және жоғары дәрежелі 
спортшыларды даярлау жөніндегі   
оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын
жоғары спорт шеберлігі мектептерінің
қызметі қағидаларына 2-қосымша   


Оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



Топтар (оқу кезеңдері бойынша)

Оқу кезеңі

Бір аптадағы оқу сағаттары

Спорт түрлері бойынша топтардағы адам саны (ең төменгі саны)

1

2

3

4

5

6

7

8



Бірінші топ

Екінші топ

Үшінші топ

Төртінші топ

Бесінші топ

Жоғары спорт шеберлігі

Кезең бойы

32 сағат
36 сағат (топ құрамында Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі болған жағдайда)

3 адам

5 адам

4 адам

2 адам

2 адам

Спорттық жетілдіру

Бірінші оқу жылы

24 сағат

5 адам

6 адам

6 адам

2 адам

3 адам

Екінші оқу жылы

26 сағат

4 адам

6 адам

5 адам

2 адам

3 адам

Екінші оқу жылынан астам

28 сағат

4 адам

6 адам

5 адам

2 адам

3 адам

Ескертулер:

1. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші топтарға жататын спорт түрлері бойынша топтардағы адам саны:

1) бірінші топ: акробатика, биатлон, бобслей, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, коньки спорты, ат спорты, жеңіл атлетикалық көпсайыстар, лақтыру және сырықпен секіру, желкенді спорт, суға секіру, батутта секіру, шаңғымен трамплиннен секіру, шана спорты, жүзу, үйлесімді жүзу, тауға өрмелеу, садақтан ату, нысана көздеу, стенд ату, қазіргі бессайыс (биатл, триатл), мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велоспорт (трек, шоссе, маутинбайк), су-шаңғы спорты, автомобиль, мотоцикл, су-мотор, су астындағы, ұшақ, тікұшақ, парашют, планер, дельтапланер спорт түрлері, спорттық жүріс, марафондық жүгіру, триатлон, полиатлон, теннис және қолданбалы спорт түрлері;

2) екінші топ: ойын спорты түрлері, көкпар;

3) үшінші топ: қалған барлық спорт түрлері;

4) төртінші топ: ат спортының ұлттық түрлері (бәйге, аламан бәйге, жорға, қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату), есу слаломы, байдарка мен каноэде есу, академиялық есу, жағажай волейболы;

5) бесінші топ: теннис, саятшылық (құс бегі) – құсты аңға салу (сұңқар, қаршыға, бүркіт).

Қазақстан Республикасы   


Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы  
№ 106 бұйрығымен бекітілген
6-қосымша         

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу


жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Балалар мен
жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубының қызметінің
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубының қызметін ұйымдастырудың ережесі (бұдан әрі – Ереже) балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубтарының (бұдан әрі – клуб) қызметін реттейді.
      2. Клубтың басты мақсаттары:
      1) дене шынықтыру және спортпен шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру;
      2) тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу арқылы жан-жақты дамуы үшін жағдайлар жасау;
      3) балаларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
      4) олардың денсаулығын және дене тәрбиесін нығайтуға бағытталған балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.

2. Клуб қызметін ұйымдастыру

      3. Спорт түрлері бойынша секциялар (бұдан әрі - секциялар) клубтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Секцияларды ұйымдастыру клубтың педагогикалық кеңесі бекітетін оқу жоспарымен немесе жылдық күнтізбелік жоспармен және оқу кестесімен реттеледі.
      4. Клубтың жұмыс уақыты ішкі тәртіп ережелерімен анықталады.
      5. Секциялардың жұмысы жұмыс жоспарына қарай толық күнтізбелік жылға ұйымдастырылады.
      Жазғы демалыс кезінде секциялар арнайы кесте бойынша жұмыс істей алады.
      6. Секциялардың толықтығы келесі талаптардың ескерілуімен жүзеге асырылады:
      1) секциялардың сандық құрамы спорт түріне байланысты анықталады;
      2) бір топтағы балалардың жас айырмашылығы үш жастан аспауы қажет;
      3) топтың саны клубтың жарғысына сәйкес оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асырудың шарттарына байланысты анықталады.
      7. Кестені жасаған кезде оқу орындарындағы оқушыларының бос уақыты мен жұмыс бастылық көлемін ескеру қажет.
      8. Секциялардың жұмысын ұйымдастыру дене шынықтыру, спорт жаттығулары мен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік пен санитарлық-гигиеналық нормалар ережесінің талаптарына сай болуы қажет.
      9. Клубтағы нұсқаушы-әдіскер мен жаттықтырушы-оқытушының штаттық бірлік саны спорт түрлері бойынша секциялардың санына байланысты аңықталады.
      10. Секциялардағы балалардың саны спорт түріне қарай 25 адамнан аспауы қажет.

3. Клубты басқару

      11. Клубты басқару алқалық қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.
      Алқалық басқарудың түрі клубтың педагогикалық кеңесі болып табылады.
      12. Клубты тікелей басқаруды дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар тағайындайтын директор жүзеге асырады.
      13. Клубтың директоры дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша клубтың штаттық кестесін, клуб қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын, оқу жіктемесінің көлемін бекітеді.

4. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру

      14. Оқу-жаттығу үдерісі балалардың жұмысқа қабілеттілігі, олардың даму динамикасы, оқу материалдарын игеру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері және оқушыны одан әрі жетілдірудің келешек қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
      Оқу аптасы ішінде сабақтардың ұзақтығы (3-4 күн) педагогикалық кеңеспен белгіленеді және клубтың директорымен бекітіледі.
      15. Балаларды клубқа қабылдау ата-аналарының (заңды өкілдерінің, қамқоршыларының, қорғаншыларының) атынан клуб директорының атына өтініш, оған қоса оқу орнынан анықтама, екі 3x4 сурет, денсаулығы туралы медициналық анықтама ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
      Клубқа қабылдауға ұсынылған өтінішті қосымша құжаттармен бірге педагогикалық кеңес 3 күн ішінде қарастырады.
      Көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбау және теріс медициналық клубқа қабылдаудан бас тартуға негіздеме болып табылады.
      16. Клубтан шығару ата-аналарының (заңды өкілдерінің, қамқоршыларының, қорғаншыларының), өтініші негізінде сондай-ақ бала дәлелсіз себептермен сабаққа 1 айдан көп уақыт қатыспаса, педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады.
      17. Оқу-жаттығу үдерісі жеке немесе баланың жасы мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, жинақталатын топта (шағын топ) ұйымдастырылады.

5. Оқу-жаттығу үдерісінің қатысушылары

      18. Оқу-жаттығу үдерісінің қатысушылары балалар, жасөспірімдер және олардың ата-аналары (заңды өкілдері, қамқоршылары, қорғаншылары), клубтың педагогикалық, медициналық қызметкерлері болып табылады.
      Клубта педагог-психолог, медбике-массажшы, емдік дене шынықтыру мамандары, әлеуметтік педагог қызметтерінің лауазымдары қарастырылады.

Қазақстан Республикасы    


Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы  
№ 106 бұйрығымен бекітілген
7-қосымша           

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектерге арналған спорт клубтарының қызметі қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектерге арналған спорт клубтарының қызметі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) спорт клубтарының, мүгедектерге арналған спорт клубтарының (бұдан әрі - клубтар) қызметі тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Клубтар оқу-жаттығу, жарыстарды, дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелеу қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.

2. Клубтардың мақсаттары мен міндеттері

      3. Клубтар, оның ішіндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда мына мақсаттарда құрылады:
      1) түрлі жіктегі халықты тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға кеңінен тарту;
      2) салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді демалысты ұйымдастыру, дене дайындығының деңгейін көтеру, жігерлік және азаматтық-патриоттық қасиеттерді қалыптастыру;
      3) дене шынықтыру және спортпен айналысуға жағдай жасау;
      4) бұқаралық спорттық қозғалысты қалыптастыру;
      5) мүгедектер арасында жоғары спорт жетістіктерін дамыту.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Клубтардың негізгі міндеттері:
      1) Қазақстан азаматтарының дене, рухани және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге белсеңді жәрдемдесу, олардың күнделікті өміріне дене шынықтыру мен спортты енгізу;
      2) спорт секцияларында және сауықтыру бағытындағы топтарда клубтық сабақтарды ұйымдастыру, бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шараларды өткізу;
      3) азаматтардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жүргізу;
      4) спартакиадаларды, бұқаралық спорттық жарыстарды, спорттық мерекелерді өткізу;
      5) кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерде, оның ішінде білім беру мекемелерге бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмысты ұйымдастыруға көмек көрсету;

3. Клубтардың қызметін ұйымдастыру

      5. Спорт түрлері бойынша клубтардың қызметі:
      1) дене шынықтыру мен спорттың бұдан әрі дамуын жоспарлау;
      2) өз қызметі туралы ақпаратты тарату;
      3) спорттық-бұқаралық спорттық жарыстардың, спартакиадалардың және басқа да дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын қаржыландыруды жүзеге асыру;
      4) клубтар жылына кемінде екі рет отырыстар өткізеді, оларда дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу қорытындыларын шығарумен, комиссиялардың, секциялардың, топтардың есептері мен жұмысы талқыланады, сондай-ақ клубтардың қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қарастырылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Клубты басқару

      6. Клубтарды ұйымдастыру мен қызметіне басшылық ету өздерінің жарғыларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Спорт резервін және жоғары дәрежелі


спортшыларды даярлау жөніндегі 
оқу-жаттығу жиыны процесі жүзеге
асырылатын спорт клубтарының, 
мүгедектерге арналған спорт   
клубтарының қызметі қағидаларына
қосымша              

Мүгедектер арасындағы оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және
топтардың толықтырылуы

      Ескерту. Қағида қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



Топтар (оқу кезеңдері бойынша)

Оқу кезеңі

Бір аптадағы оқу сағаттары

«тірек қимыл аппараты зақымдалған», «көру қабілеті зақымдалған», «есту қабілеті зақымдалған», «интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі» мүгедек тұлғалардың топтарында адамдардың саны (ең төменгі саны)

1

2

3

4

5

6

7



тірек-қимыл аппараты зақымдалған

көру органы қабілеті бұзылған

есту қабілеті зақымдалған

интелек-туалдық мүмкіндіктері шектеулі

Жоғары спорт шеберлігі

Кезең бойы

32 сағат
36 сағат (топ құрамында Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі болған жағдайда)

2 адам

2 адам

2 адам

2 адам

Спорттық жетілдіру

Бірінші оқу жылы

24 сағат

2 адам

2 адам

2 адам

2 адам

Екінші оқу жылы

26 сағат

2 адам

2 адам

2 адам

2 адам

Екінші оқу жылынан астам

28 сағат

2 адам

2 адам

2 адам

2 адам

Оқу-жаттығу

Бірінші оқу жылы

12 сағат

3 адам

4 адам

4 адам

4 адам

Екінші оқу жылы

14 сағат

3 адам

3 адам

4 адам

4 адам

Үшінші оқу жылы

18 сағат

3 адам

3 адам

3 адам

3адам

Үш оқу жылынан астам

20 сағат

2 адам

3 адам

3 адам

3 адам

Алғашқы даярлау

Бірінші оқу жылы

8 сағат

5 адам

5 адам

5 адам

5 адам

Бір оқу жылынан астам

10 сағат

4 адам

5 адам

5 адам

5 адам

Спорттық-сауықтыру

Кезең бойы

6 сағат

5 адам

6 адам

6 адам

6 адам

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы  
№ 106 бұйрығымен бекітілген
8-қосымша           

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу


жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Спорт түрлері
бойынша кәсіпқой спорт клубтары қызметінің қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын кәсіпқой спорт клубтарының қызметі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) кәсіпқой спорт клубтарының (бұдан әрі - клубтар) қызметі тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Ұйымдастырушылық құрылым, қызмет бағыты, қызмет түрлері мен нысандары, клубтардың қызметкерлері мен мүшелерінің құқықтары мен міндеттері құрылтай құжаттарымен белгіленеді.
      3. Клубтар оқу-жаттығу және жарысу қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады және әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарда құрылады.
      4. Клубтар мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет елдердің дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтасып, өзара әрекет етеді.

2. Клубтардың мақсаттары мен міндеттері

      5. Спорт түрлері бойынша кәсіптік клубтар мына мақсаттарда құрылады:
      1) Қазақстан Республикасында жоғары жетістіктер спортын дамыту;
      2) спорттық, олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық қозғалыстарды дамыту;
      3) халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Клубтардың қызметін ұйымдастыру



      7. Спорт түрлері бойынша клубтардың қызметі:
      1) жоғары жетістіктер спорты саласындағы қызметті жүргізу;
      2) оқу-жаттығу бағдарламаларын және спортшылардың жеке дайындық жоспарларын іске асыру;
      3) спортшылардың жеке дайындық жоспарларына және спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес олардың республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
      4) жаттықтырушы-оқытушы құрамның біліктілігін және тағылымдамасын арттыру бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
      5) дене шынықтыру мен спорт саласындағы жетекші мамандарды, жаттықтырушыларды, ғылыми қызметкерлерді, медицина қызметкерлерін шақыру арқылы семинарлар, курстар ұйымдастырып, өткізу;
      6) кеңінен таратылатын спортты одан әрі дамытуды жоспарлау;
      7) халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес спорттық бірлестіктерге кіру;
      8) спорт жарыстарын, оқу-жаттығу жиындарын, басқа да спорт іс-шараларын қаржыландыруды жүзеге асыру;
      9) спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар кеңесі, төрешілер алқасының қоғамдық комиссиясын құру және жұмысын ұйымдастыру;
      10) спортшыға, жаттықтырушыға және клубтың өзге де маманына спорттық қызмет туралы жасалған шартқа сәйкес төлемдерді уақтылы төлеу;
      11) міндетті алдын ала, мерзімді және кезектен тыс медициналық тексерулерден өту кезеңінде жұмыс орындары (лауазымдары) мен орташа жалақыларын сақтай отырып, өз қаражаты есебінен кәсіпқой спортшылардың, кәсіпқой жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардың көрсетілген медициналық тексерулерден өтуін ұйымдастыру;
      12) спорт федерациясы белгілеген мерзімде спорт федерациясында спорттық қызмет туралы шарттарға тіркеу жүргізу;
      13) жұмыскерлердің жеке қорғану құралдарын қоса алғанда, кәсіпқой спортшының, кәсіпқой жаттықтырушының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның спорттық қызмет туралы шартта көзделген міндеттерін орындауы үшін оларды қажетті спорттық киіммен, мүкәммалмен, медициналық қызмет көрсетумен және өзге де құралдармен қамтамасыз ету;
      14) спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындары өтетін орындарда күзет пен еңбек гигиенасының талаптарына жауап беретін тиісті техникалық жабдықтарды құру және кәсіпқой спортшы мен дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      15) спорттық жарақатқа байланысты спортшының, жаттықтырушының және клубтың басқа да қызметкерінің спорттық қызметі уақытша тоқтатылған кезеңде спорттық қызмет туралы шартта көзделген төлемдерді жүзеге асыру;
      16) кәсіпқой спортшы, кәсіпқой жаттықтырушы және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маман спорттық жарақаттың салдарынан спорттық қызметін уақытша тоқтата тұрған кезеңде оған өз есебінен мөлшері спорттық қызмет туралы шартта көзделген төлемді толық көлемде төлеу;
      17) спорттық жарыстарға дайындалу және оларға тікелей қатысу кезінде спортта допингті және денсаулыққа зиянды басқа да құралдарды және (немесе) әдістерді пайдалануға қарсы күресу;
      18) спортты халық арасында насихаттауды және кеңінен таратуды ұйымдастыру;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіпқой спортшының, кәсіпқой жаттықтырушының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырылуын жүзеге асыру;
      20) кәсіпқой спортшыны, кәсіпқой жаттықтырушыны және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманды еңбекті қорғау және жазатайым оқиғалар болған жағдайда алғашқы көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету, еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулар беру, жұмыс орнында тағылымдамадан өткізуге және еңбек қорғау талаптарын, жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін білетіндіктеріне тексеру жүргізу;
      21) жастар арасында спорт резервін даярлауды жүзеге асыру, балаларға арналған спорт мектептерін ашу, бейімдеуші спорт түріне жаттықтырушылар мен төрешілер даярлау;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен спортшылармен, жаттықтырушылармен және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандармен спорттық қызмет туралы шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу;
      23) кәсіпқой спортшыларды, кәсіпқой жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандарды жоғары спорттық нәтижелерге жеткені үшін көтермелеу;
      24) кәсіпқой спортшылардан және жаттықтырушылардан, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардан олардың спорттық қызметі туралы жасалған шарттарда қамтылған міндеттерін орындауын талап ету;
      25) дене шынықтыру мен спорт саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы іске асырылады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Клубты басқару

      8. Клубтардың қызметіне жалпы басшылық құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      9. Клубтардың басшылығы:
      1) клубтар қызметінің стратегиялық және басым бағыттарын айқындайды;
      2) клубтар қызметкерлерінің штаттық санын бекітеді;
      3) клубтарға мүшелікке қабылдау мен клубтардан шығаруды жүзеге асырады;
      4) оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарын бекітеді;
      5) кіріс және шығыс сметаларын бекітеді;
      6) клубтың штаттық қызметкерлеріне сыйақы беру және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды;
      7) спорт қызметі туралы келісім-шарттар негізінде кәсіпқой спортшыларға ақшалай төлемдер мөлшерін бекітеді.
      Клубтар басқармасы кемінде жарты жылда бір рет отырыс өткізіп, онда комиссияның, секциялардың, топтардың, командалардың есептерін талқылайды және өткізілген дене шынықтыру-сауықтыру мен бұқаралық-спорттық іс-шаралардың қорытындыларын шығарады, сондай-ақ клубтардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды.

Қазақстан Республикасы    


Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы   
№ 106 бұйрығына       
8-1-қосымша          

Спорт резервін және жоғары дәрежелі мүгедек-спортшыларды


жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау