2. Дыбысты әсерлеу. Таза дикциялық сөз - сот оратордың үлкен абыройы . Дикция - үндері, буындары, сөздері нақты, түснікті ашық айтылуы. Дикцияның анықтылығында оратордың мәдениеті көрінеді, оның тілге деген, сотқа, азаматтарға, сот процесінің тыңдаушыларына деген сыйластығын білдіреді. Нақты дикциямен сөйлеу үшін тілмен, ерінмен және жақпен дұрыс жұмыс істеу кезінде ғана жетуге болады. Осыған жақсы көмекші ретінде жаңылтпаш айтудан бастауға болады. Егер жаңылпашты тез айта білсе, әр сөздің мағынасын түсініп, дикцияны дұрыстау мүмкіндігі туады. Тез оқып үйренген соң, жайлап оқып, сосын тез оқу керек, бірақ дикцияны сақтау керек. Сондай-ақ оратор өз сөзінде темпті өзгертіп отыруы оның ішкі сезімдерінің әсерінен болады. Бірақ өте тез темпта сөйлеген кезде, мәліметтерті толық түсінуге мүмкін болмайды. Ал өте жәй темпте сөйлеу, соттың шаршауына әкеліп соқтырады, мұның бәрі оратордың есті толық білмеуі, дәлелдемелердің болмауынан.
Егер сөз оптимальді темпте беріліп, бірақ еш өзгеріссіз айтса, онда оны түсіну қиынға түседі, яғни әр түрлі мән-жайларды, айыпталушының іс-әрекеттерін және оның мінездерін айтқанда материалдарға анализ жасағанда, сот ораторы оның шындыққа сәйкес екеніне немесе жалған дәлелдемелер екенін айтқанда, аргумент жасағанда шешім қабылданғанда бір темппен айту дұрыс емес, қайта ол сөзді нақты, анық, тоқталып, кей жерде асықпай айту оның шеберлігін көрсетеді.
Мәнерлеп айтылу сот сөзінде интонацияның байлығымен қамтамасыз етіледі. Интонация дегеніміз сөздер әсерлеу, кезектілікпен үннің шығуы, темп пен тембрдің шығу жоғарлығымен айтылуы. Интонация(лат. іntono)[– сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалык бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:
Мелодия
Ритм
Темп
Қарқындылық
Тембр
Фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні.
Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.
Түрлері
Әйел интонациясы - тілдік бірлікті дыбыстау кезінде жоғары әуенді дауыс сипаттамаларының едәуір контраст тербелісі.
Қаратпа (ШАҚЫРУ) интонация - зат есімнің атау септігімен немесе соған сәйкес сез формасымен тіркесе байланысатын ерекше интонациямен, дауысты «0» одағайымен, айтылуы. Интонация сұлбасы (фр. contour кескін, сұлба)— интонациянын деңгейі, калпы. Сөйлеу интонациясынын құрамы күрделі, оған әуен, ырғақ, қарқын, логикалык екпін т.б. кіреді.
Тон - үннің шығу жоғарлығы, сөйлеу кезінде үннің өзгеріп отыруы; адам даусының жоғары дәрежеде шығуы. Немесе дыбыстың биіктігі деп те атауға болады. Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқының басқаша тон деп атайды. Сондықтан көбінесе дыбыс биіктігін дыбыс тоны деп айтады. Біз еститін дыбыстар тон биіктігімен ерекшеленетін болады.
Тембр - бұл адам даусының табиғи үндік өзгеруі яғни әр адамда өзіне тән қайталанбас болуы. Бірақ тембр оратордың физикалық және моральдық күйіне байланысты өзгеріп отырады.
Тембр (фр. tіmbre – кішкене қоңырау) – дыбыстың сапасы (оның “бояуы”, “характері”). Ол әр түрлі аспаптарда немесе түрлі дауыста орындалған белгілі бір биіктіктегі дыбыстарды ажыратуға мүмкіндік туғызады. Тембр дыбыс тербелістерінің формасына байланысты болады. Тембрге музалық аспаптың материалы, формасы, дыбыс шығару тәсілі, т.б. әсер етеді. Тембр арқылыдауыс ырғағын өзгерте отырып, сезім-күйді (қуаныш, реніш) білдіруге болады.
Дыбыстың тағы да бір маңызды сипаттамасы — оның бояуы немесе музыканттардың айтуынша, оның тембірі болып табылады.
Тембр — адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
Дыбыстың тембрі бойынша біз кімнің сөйлеп жатқанын немесе қандай аспапта ойнап жатқанын анықтай аламыз, яғни дыбыс тембрі бойынша дыбыс көзі анықталады. Мысалы, қаттылығы да, жиілігі де бірдей дыбыстардың әртүрлі музыкалық аспаптардағы үні түрліше шығады, бірдей нота түрліше орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |