Қазіргі уақытта, ядролық айналулар (бір түрінің басқа туріне айналуы) кезінде бөлініп шығатын энергияны пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ деп айтуға болады. Бәрінен бұрын, атом энергиясы энергетикалық құрал ретінде кеңінен қолданылады (АЭС, АЖЭО, атомдық мұзжарғыштар). Сонымен бірге, халық шаруашылығының техникалық және басқа да көптеген салаларында: металлургияда, геологияда, машина жасауда, биологияда, ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, теңіз суларын тұщыландыруда (ҚР Маңғыстау обл), бірқатар ауруларды емдеу және диагнозын анықтау мақсатында медицинада және т.б. қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |