- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
- К.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
- СЫЗБА ГЕОМЕТРИЯ ЖӘНЕ ГРАФИКА КАФЕДРАСЫ
- Геология және пайдалы қазбаларды барлау 5В070600 мамандығы
- 3 кредит: баяндама 1, зертханалық сабақ 2, СӨЖО, СӨЖ
- Лектор:доцент, т.ғ.к.
- ЫСҚАҚОВА СОФЬЯ ДІНИСЛАМҚЫЗЫ
- Педстаж : 40 жылдан асты ҚазҰТУ-да
- Безендіруші Д.Х. Қожамжарова
- СЫЗБА ГЕОМЕТРИЯ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА
- Сызба геометрияда кез келген объекттердің- ақиқи және абстрактты болсын, жер асты, жер үсті болсын- проекциялау әдісімен салынған жазық кескіндері зерттеледі, қарастырылады. Компьютерлік графикамен бірге сызба геометрия геологияда қолданылатын бірталай объекттерді: нүкте не түзумен, жазықтық не беттермен модельдеуге мүмкіншілік береді.
- 5 В070600 геология мамандығының студенттеріне СГ және КГ- ның
- қажеттілігі төмендегідей:
- олардың жалпы техникалық және графикалық мәдениеттерін дамыту үшін;
- келесіде геодезия, құрылымдық геология, геологиялық карталау, тағы сол сияқты пәндерді оқып, меңгеру. Компьютерлік графика пәні студенттер үшін графикалық құжаттарды қазіргі озық әдістермен қолданып, орындау үшін қажет.
- Топографиялық беттің планы
- ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- Пәннін мақсаты-мамандық пәндерді меңгеру үшін теориялылық және техникалық негізін құру.
- Сондықтан:
- -Монж эпюрінде, аксонометрия, сандық белгілері бар проекцияларда (СПБ) геометриялық (геологиялық) объектілерінің сызбаларын нуктеден бастап топографиялық пландар мен блок- диаграммаларға дейін салуды үйрету;
- -осы кескіндерде есептерді шығару: жатыс элементтері мен қат қалыңдығын анықтау, профильдер мен блок- диаграммаларды салу;
- -сызбаларды салу үшін AutoCAD жүйесін қолдану.
- Сандық белгілері бар проекциялар
- - берілген шарттар бойынша геометриялық объекттердін проекцияларын сала білу;
- -қарапайым геометриялық объекттерінін сызбаларын оқи білу, осы сызбаларда есептерді:бұрыштарды, ара қашықтарды анықтауды, тіліктерді сала білу;
- -салаға қатысты сызбаларды, графикалық құжаттарды оқып және стандарттарға қатысты құрастыруға машықтану,
- - AutoCAD жүйесін қолдана білу.
- ПӘНДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
- СГ және КГ пәнін оқытудағы жаңалықтар техниканы кең пайдаланып, кеңістіктік қабылетті дамытуға, сызбаны жылдам оқуға негізделгені дұрыс. Берілген 3 кредит қалыптасқан білім көлемің меңгеруге жеткіліксіз. Осындай жағдайда пән жаңалығы есептерді шешу жаңа әдістерге, мамандыққа қатысты есептерді еңгізу, оқыту барысын қарқындатуға байланысты болу керек деп ойлаймын.
- ТАҚЫРЫПТАРДЫ ІРІКТЕУ ЖӘНЕ
- ҚҰРЫЛЫМДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
- СГ және КГ пәнінін бағдарламасы 5В070600 мамандығына сәйкес етіліп құрастырылған, сондықтан СГ –да 5 апта аксонометрия және Монж эпюрі, қалған 10 аптада сандық белгілері бар проекциялар қарастырылады. Соңғы 10 тақырып геология істерінің негізі болып саналады. Барлық графикалық тапсырмалар геология саласына жақындатылған және КГ-да орындалады.
- ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
- Бағдарлама бойынша оқыту түрлері: баяндама, зертханалық сабақтар СГ және КГ-дан, СӨЖО- студенттің өзіндік жұмысы оқытушымен бірге және СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы офисте болып табылады. Баяндамаларда пәннің теориялық негіздері қарастырылады зертханалық сабақтарда сызбаларды салу және есептерді шешу әдістері үйретіледі. Компьютерлік графика сабақтарында СГ есептерінің сызбалары салынады автоматты түрде, міндетті графикалық жұмыстар орындалады (МГЖ). СӨЖО сабақтарында баяндама тақырыптары пысықталып, сұрақтарға жауаптар беріледі, графикалық жұмыстар түсіндіріледі, бақылау, өздік жұмыстары орындалады. СӨЖ-офисте графикалық жұмыстар тексеріледі, қабылданады, кеңестер беріледі.
- Құрметті студенттер! Графикалық жұмыстарды тапсыруды артқа қалдырып жүрмеңдер, мұндай « ақылдылардың» жұмыстарын тексеруге оқытушының уақыты жетпей қалуы мүмкін.
- ОҚЫТУДЫҢ ҰЙҒАРЫЛҒАН НӘТИЖЕЛЕРІ
- Студенттердің СГ және КГ –ны оқып меңгеру нәтижелері төмендегідей болу керек:
- -аксонометрия, Монж эпюрінде, сандық белгілері бар проекцияларда күрделі емес бұйымдардын сызбаларын салуда, оқуда білікті болу;
- - графикалық AutoCAD жүйесін қолданып жоғарыдағы сызбаларды орындауда білікті болу.
- ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
- Озық технологиялар мен мультимедиялық жабдықтарды қолдануды студенттердін кеңістікте ойлау қабылетін дамытуға, сызбаны жылдам оқуға негізделу керек, яғни үйретуші клиптерді жасап, шығару керек. Осыған сәйкес жаңа, қызықтыратын электронды оқулықтар керек. Интерактивтік тақтаны КГ-мен бірге қолданып, үздік нәтижелерге жетуге болады. Менің ойым осыны өзім жасап шығарсам не үйреніп алсам .
- БАҒАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ АСПАПТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
- СГжәне КГ-да берілетін міндетті графикалық жұмыстар «бөтен қолмен» орындалуы мүмкін. Өздік емес жұмыстың нәтижесі сауатсыздыққа апарады, яғни «бөтен қолға» ақша беріп оны беруші сауатсыз қалуды қалағаны. Оқытушылардын сапалы білім беру және пән меңгеруді жеңілдету мақсаттары кредиттердің аз болуынан біріне бірі қайшы болып тур. Мүмкін озық технологияларды қолданып осы 3 кредитпен де жақсы нәтижелерге келешекте қолымыз жетер.
- Казір кафедрада графикалық жұмыстарды қабылдауда төмендегідей жүйе қалыптасқан: тексеріледі-өзіндік орындалуы;-графикалық безендіру сапасы, жұмысты қорғауда не берілді, не анықталу керек, қалай анықталдылар тексеріледі Менің ойымша көрсетілген 1,2 пунктке 50% беріліп, қорғауға да 50% беруге болады. КГ-да орындалған жұмыстарды да жоғарыдағыдай бағалауға болады.
- СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ӨЗІНДІК ҒЫЛЫМИ
- Мен Москва авиация институтында аспирантураны 1975 –жылы бітіріп, 1976-жылы Москвада кандидаттық диссертацияны « Сызықтық емес түрлендірумен беттерді модельдеу» тақырыбы бойынша қорғадым. 20-дан астам ғылыми мақалалар, әдістемелік нұсқауларды жаздым. Соңғы 5-10 жылда геологиялық барлау мамандықтарына арнап оқу-әдістемелік базаны құруды қолға алдым. ОӘК (оқу әдістемелік кешені) пен силлабустарды 050705, 050805 мамандықтары үшін жасап та, жөндеп те жатырмын. Осы мамандықтарға ауадай қажет «Инженерлік графикадан есептер минимумы. Сандық белгілері бар проекциялар» оқу құралын жазып шығардым. Бұл оқулық орыс тілінен көшірмесі емес және өзінің ерекшеліктері бар.
- 41 жылдық педстаждың ішінде ҚазҰТУ-дан басқа жерде жұмыс істемедім, мансап іздемедім, дүние жинауды мақсат етпедім.
- ЖЕТІСТІКТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
- Доцент С.Д.Ысқақованың бағалаудағы орта ұпайы 75%. Бұның себебі геологияға түскендердің көбі басқа мамандыққа түсе алмағандар. Құрметті студенттер! Білімді болған тамаша! Осындай жағдайда да білімді болуды мақсат етіңіздер, бір күн, апта, айды... жіберіп алмаңыздар. Қателеріңізді көбейтпеңіздер!
- БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА КОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
- СГ және КГ бойынша орта ұпай тұралы мәлімет
- СГ және КГ- ны студенттер жүйелі түрде, дәйектілікпен оқып, меңгеру керек. «Шабуыл әдісімен», не орта жолдан меңгере аламын деген қателеседі. Сабаққа сызу аспаптарымен, дайындалып келу керек.Бұл пәнді меңгеру оңай емес, бірақ мүмкін. Компьютер барда қолмен сызудың еш қажеті жоқ демеңдер.
- Компьютер өте керемет машина, бірақ бар болғаны ол сызу аспабы. Оның орындаған сызбаларын түсініп, оқи білу керек, сызбада әр түрлі есептерді шығара білу керек. Ол үшін СГ-ның көмегімен техникалық сауатты алдымен ашып алу керек. Өз қолдарыңмен сызбаны орындауды үйреніп жаттығыңдар, сызудан қашпаңдар.Сызбаны орындап,оны түсініп қуанышқа бөленесіндер.
- Графикалық жұмыстарды уақытында тапсыруды әдет етіп алыңдар, сонда оқу жемісі тәтті болады. Тапсырмада не берілді, нені анықтау керек, қалай орындау керек екенін біліп, сызбаларыңды жақсы қорғаңдар. Білім жолын, жоғары ұпай жолын таңдаңыздар! Оқуларың табысты болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |