6-тарау. Жерастылық ғимараттарды жобалауға қойылатын талаптар
1-параграф. Тіреуіш қабырғалар
27. Осы бөлімнің нормаларын өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қалалардың және ауылдардың, сонымен қатар өтпелі және алаңішілік темір жол және автомобиль жолдарының аумақтарындағы табиғи іргеде салынатын жеке тұрған тіреуіш қабырғаларды жобалаған кезде сақтау қажет.
Ескертпе* – Осы құрылыс нормалары гидротехникалық имараттар мен агистралдық жолдарды тіреуіш қабырғаларына таралмайды.
28. Тіреуіш қабырғалар топырақты немесе басқа сусымалы денелерді, егер табиғи еңістерді орналастыру мүмкін емес болса, ұстап тұру үшін керек.
29. Тіреуіш қабырғаларды темірбетон жіңішке қабырғалы бұрыш бейінді, оның ішінде контрфорстармен жобалау қажет.
30. Массивтік тіреуіш қабырғаларды бетоннан, бут-бетоннан, арнайы техника-экономикалық негіздеме болған кезде бут қалаудан жобалауға жол беріледі.
31. Қабырға іргетасын төменгі жақтан топырақтың бетінен төмен тереңдету тіректің биіктігіне, топырақтың жүктемесі мен сипаттамасына байланысты қабылданады.
Жыра бар болған кезде төсеу тереңдігі жыраның түбінен қабылданады.
32. Тірек қабырғалардың конструкцияларын есеппен тексеру талап етіледі. Температуралық-тырмалы жіктердің арасындағы қашықтық, тірек қабырғаларының геометриялық өлшемдері тиісті технологиялық нормативтік құжаттарда берілген.
33. Жақын темір жол осьінен тікелей телімдегі тірек қабырғасының ішкі шегіне дейінгі минималдық қашықтықты қолданыстағы технологиялық нормативтерге сай қабылдау қажет
34. Тау баурайындағы телімдерде атмосфералық суларды қабырғаның шетіне топырақ жақтан бұру үшін су бұратын жыра орнатылады.
35. Тірек қабырғаларын темір жол және автомобиль көлігінің қозғалмалы құрамынан түсетін жүктемелерді қоса, шашпаның эквиваленттік биіктігіне әкелетін уақытша жүктемелердің есебімен шашпа топырағының белсенді қысымынан болатын жүктемеге есептеу керек.
36. Тірек қабырғалар үшін топырақтың қысымы қолданыстағы нормативтерге сай есептермен анықталады.
37. Тірек қабырғаларын бірінші топтың шекті жағдайы бойынша (күш түсетін қабілеттілігі бойынша) есептеген кезде орындалуы тиісті нормативте жүргізілген:
1) қабырға күйінің жылжуға, аударуға және бұрылуға қарсы тұрақтылығына;
2) ірге топырағының тірек қабырғаларының табанының астындағы тұрақтылығына (жартасты емес топырақтар үшін);
3) жартасты іргенің беріктігіне;
4) конструкция элементтері мен қосылыс тораптарының беріктігіне (жиналмалы тірек қабырғалар үшін, анкерлік және кернеу элементтері үшін) есептеуді орындау керек.
38. Екінші топтың шекті жағдайы бойынша (пайдалануға беруге жарамдылығы бойынша) есептеген кезде:
1) іргені рұқсатты деформацияларға;
2) темірбетон элементтерді сызат ашудың рұқсатты шамаларына тексеру қажет.
Қажет болған жағдайда іргенің сүзуге тұрақтылығын тексеру жүргізіледі.
39. Іргені деформациялар бойынша есептеуді белгілі тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес топырақтың нормативтік қысымына жүргізу қажет.
Кернеулердің эпюрасын трапециялы түрде қабылдау керек. Кернеудің үшбұрышты эпюрасына жол беріледі.
2-параграф. Жертөлелер
40. Осы бөлімнің нормаларын жеке тұрған, сонымен қатар кірістірілген өндірістік мақсаттағы жертөлелерді жобалау кезінде сақтау қажет.
41. Жертөленің негізгі сипаттарына:
1) біраралықты жертөлелердегі аралық;
2) көпаралықты жертөлелердегі бағандардың торлары;
3) еденнен арақабырға тақталарының қабырғаларының табанына дейінгі биіктік;
4) шоғырсымдық ажыратпаларға арналған техникалық қабаттың биіктігі;
5) жертөле өтпелеріндегі (таза күйіндегі) биіктік жатады.
Қолайлы құрылыс шешімдері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сай орындалады.
42. Жертөлелердің қабырғаларын вертикаль орналасқан күш түсетін темірбетон панельдерден жобалау қажет. Жертөлелердің қабырғаларын темірбетон блоктар мен монолиттік темірбетоннан жобалауға жол беріледі.
Құрылыс алаңының күрделі гидрогеологиялық жағдайында жертөлені орнату кезінде, цехтің еденіне үлкен жүктеме түскен кезде немесе қабырғалар мен арақабырғаларда әртүрлі ойықтар бар болған кезде, сонымен қатар ерекше технологиялық талаптар кезінде жертөлелер монолиттік темірбетоннан орындалады.
43. Жерастылық сулар бар болған кезде жертөлелік үй-жайлар қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сай гидрооқшаулаумен қорғалады.
Қорғаудың негізгі шарасы ретінде жертөленің барлық еденінің астына қыртыстық дренажды орнату қажет.
44. Жертөледегі температуралық-отырмалы жіктерді қолданыстағы технологиялық нормативтердің есебімен және оларға сай қарастыру қажет.
45. Қазандық қуысын кері толтыруды жертөленің екі қарама-қарсы жағынан жүргізеді.
46. Еденге түсетін жүктеме 100 кПа (10 тс/м2) асатын ғимараттар мен құрылыстарда жертөлені орналастыруға болмайды.
47. Жертөленің конструкциялары жіктерді құюдың есебімен темірбетон конструкцияның өзіндік салмағынан, арақабырғалардағы еденнің өзіндік салмағынан, топырақтың еденге түсетін қысымынан, жабдықтың салмағынан және қоймаланатын материалдардың, адамдардың, бөлшектердің және сондай сипаттағы салмағынан бірқалыпты бөлінетін пайдалы жүктемеден болатын тұрақты және уақытша ұзақ жүктемелердің әсер етуіне есептелінген болуы тиіс.
Жертөленің сыртқы қабырғалары тірек қабырғалары сияқты бірінші және екінші топтардың шекті жағдайы бойынша есептелінеді.
48. Топырақтың өзіндік салмағы мен уақытша жүктемеден түсетін горизонталь белсенді қысымды есептеуді тиісті нормативке сай анықтау қажет.
49. Жертөлені уақытша жүктемемен бір тараптық батыру кезінде есептеуді тиісті нормативке сай анықтайды.
50. Жертөле қабырғасының жылжуға қарсы төзімділігін есептеу қолданыстағы нормативтерге сай жүзеге асырылады.
51. Егер жертөле қабырғаларының жылжуға қарсы төзімділігі іргетастардың қабылданған өлшемдерімен қамтамасыз етілмеген болса, жылжуға қарсы келетін шараларды, мысалы, кергішті орнатуды, қарастыру қажет.
3-параграф. Туннельдер мен арналар
52. Осы бөлімнің нормаларын биіктігі 1700 мм асатын туннельдерді (конвейерлік, штабель астылық, жаяу жүретін, коммуникациялық, шоғырсымдық және құрама) және ашық әдіспен тұрғызылатын аз биіктікті арналарды жобалаған кезде сақтау қажет.
53. Туннельдердің, арналардың (тіреу конструкцияларының шығыңқы бөліктерінің арасындағы) биіктігі мен енін нақты модульге еселенген етіп қабылдау керек.
Ғимараттар және жолдан тыс туннельдер мен арналар жерді жоспарлаудың деңгейінен төмен етіп көміледі.
Ашық арна – траншеялар ұстағыштармен қоршалады.
54. Туннельдер мен арналарды унифицирленген темірбетон элементтерден немесе монолиттік темірбетоннан жиналмалы етіп жобалау керек.
Адамдар жаяу жүретін туннельдерді әрлеу үшін ұзақ ғұмырлы, үнемді, пайдалану үшін ыңғайлы, оңай тазаланатын және жуылатын жанбайтын материалдарды қолдану қажет.
55. Автомобиль жолының астында орналасқан туннельдер мен арналар жол жабынының үстінен бастап көміледі.
56. Туннельдер мен арналарды цехтардың ішінде орналастырған кезде аражабынның үстінен таза еденнің белгісіне дейінгі минималдық көмуді қолданыстағы нормативтер бойынша қабылдау қажет.
57. Аралар мен туннельдер:
1) бірінші топтың шекті жағдайы бойынша (күш түсетін қабілеттілігі бойынша) – конструкция элементтері мен қосу тораптарының беріктілігіне;
2) екінші топтың шекті жағдайы бойынша (дұрыс пайдалануға беруге жарамдылығы бойынша) – сызаттарды ашудың деформациясы мен енінің рұқсатты мәндеріне есептелінуі тиіс.
58. Туннельдер мен арналарды есептеуді орындауды қолданыстағы технологиялық нормативтерге сай орындау қажет.
59. Жерастылық сулардың болжамды деңгейінен төмен орналасқан туннельдер мен арналар есептік жүктемелердің шығуына есептеледі.
60. Туннельдер мен арналар белгіленген тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес жерастылық және үстілік сулардың енуінен қорғалуы тиіс.
4-параграф. Ысырмалы құдықтар
61. Осы бөлімнің нормаларын мақсаты бойынша:
1) жауапты ғимараттар мен құрылыстардың іргетастарын орнықтыруға арналған ысырмалы құдықтар;
2) ішінде әртүрлі технологиялық жабдықтар мен қызметтік үй-жайларды (су жинайтын және кәріздік сору станциялары; тау-құнартқыш, металлургиялық және калий комбинаттарын үгіту камералары; домен пештерінің қайнату шұңқырлары; әртүрлі мақсаттағы қоймалар мен сақтау орындары және басқа да жерастылық объектілер) орналастыруға арналған ысырмалы жерастылық ғимараттар сияқты екі типке бөлінген ысырмалы құдықтарды жобалаған кезде сақтау керек. Құдықтардың және терең тіреулердің ішкі көлемін пайдалану арқылы тереңдетілген ғимараттардың құрылғыларына арналған ысырмалы құдықтарды жобалаған кезде, ысырмалы құдықтардың қалпы дөңгелек немесе көп бұрышты етіп алынады
62. Ысырмалы құдықтардың жоспарда дөңгелек немесе ішінде көпбұрыш жазылған формасы болуы тиіс. Монолиттік құдықтарды тік бұрышты етіп жобалауға жол беріледі. Тік бұрышты кескінді құдықтың бұрыштары дөңгелектенеді.
63. Жақтарының өлшемдері 1:2 артық қатынасы бар жоспардағы тікбұрышты құдықтарда көлденең күш түсетін арақабырғалар немесе уақытша (ысыру кезеңіне) кермелер қарастырылады.
64. Құдықты басқа ғимараттарға жанастырған кезде ғимарат шөгінділерінің әртүрлілігі ескеріледі.
65. Құдықтар тасты топырақтағы, көшкіндермен, карсттармен немесе қуыстармен алаңдарда құрылысты қоспағанда, тиксотропты жейдеге жүктелетін, жұқа қабырғалы етіп жобаланады.
66. Құдықтардың жиналмалы темірбетон қабырғаларын класы В25 төмен емес ауыр бетоннан жазық панельдер мен ірі габаритті қуыс денелі бұғаттардан жобалау керек. Жиналмалы конструкцияларды құйып бекітуге арналған бетон немесе ерітінді класы қосылатын элементтер класынан төмен болмауы тиіс.
Құдықтардың монолиттік темірбетон қабырғалары В15 төмен емес кластың ауыр бетонынан жобаланады.
67. Құдықтардың темірбетон түптері В15 төмен емес кластың ауыр бетонынан монолиттік болуы тиіс.
68. Суланған топырақтарға батырылатын құдықтардың бетонының су сіңіртпеушілік бойынша W4 төмен емес маркасы болуы керек; бетонның аязға төзімділігі мен орташа тығыздығы бойынша маркасын белгілі тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес қабылдау қажет.
69. Топырақтың құдық қабырғалары мен пышағынан түсетін горизонталь қысым: топырақтан немесе тиксотроптық ерітіндіден болатын – негізгі және құдықты батыру нәтижесінде пайда болатын құдықтың жантаюынан болатын – қосымша қысымдардың сомасы ретінде анықталады.
70. Ысырмалы құдықты есептеуді келесі тәртіп бойынша жүргізу қажет: құдықтың тереңдігін, құдықтың сыртқы өлшемдерін (диаметрін), қабықша қабырғаларының қалыңдығын анықтайды, қабықшаның жеке конструктивтік элементтерін есептейді.
Құдықты батыру тереңдігін құдыққа салынған ғимарат құрылысының алаңында орындалған инженерлік-геологиялық іздеулердің деректеріне сәйкес белгілейді. Ысырмалы құдықтың контурының шегінде бұрғылау ұңғымасы төселген болуы тиіс.
71. Құдықтың іргесі ретінде қысылмайтын жартастық және жартылай жартасты жынысты алаңдар таңдалған жағдайда, құдықты батыру тереңдігі осы жыныстар мен ол түсірілетін беттің шатырларының белгілерімен анықталатын болады. Құдықты қысылмайтын топыраққа қалаған кезде оны батыру тереңдігін осы имарат үшін рұқсатты шөгіндіден шыға анықтайды.
72. Пайдалануға беру кезеңінде құдықтарды тыныш күйдегі топырақтың горизонталь қысымына есептеу қажет.
73. Құдықтарды есептеуді:
1) құрылыс салу жағдайында – жұмыс өндірісі амалдарының жобасында қабылданған талаптарды ескеретін есептік схемалар бойынша;
2) пайдалануға беру жағдайында – түптің, ішкі қабырғалардың, бағандардың, арақабырғалардың және сондай сияқтылар бар екендігін, құдықтың ішінде орналасқан және құдыққа сүйенетін құрылыс конструкциялары мен жабдықтарының барлығынан болатын жүктемелер мен әсерлерді қоса, сонымен ғимараттардың, құрылыстар мен жабдықтардың көрші іргетастарының әсерін ескеретін есептік схемалар бойынша құрылыс салу мен пайдалануға беру жағдайында әрекет ететін жүктемелер мен әсер етудің ең тиімсіз үйлесіміне орындау керек.
74. Құдықтың құрылысын салу жағдайында пайда болатын жүктемелер мен әсер етулер:
1) сыртқы қабырғалардың (түпсіз) ғана бар екендігін ескеретін:
құдықты батырудың;
құдықтың немесе уақытша іргеден шешу кезінде батыруға тиесілі (егер ол жұмыс өндірісінің жобасымен қарастырылған болса) оның бірінші ярусы беріктілігінің;
құдықты батырған кездегі сыртқы қабырғалардың беріктілігінің;
тиксотроптық жейдеде батыратын құдықтың цилиндр қабықшасының формасының тұрақтылығының есептік схемалары бойынша;
2) сыртқы қабырғалар мен түптің бар екендігін ескеретін:
құдықтың судан шығуының;
үптің беріктілігінің;
қабырғалардың беріктілігінің;
құдықтың маңындағы топырақты бір жақты шығарған кезде (егер ол жобамен қарастырылған болса) табан бойынша жылжудың есептік схемалары бойынша есептер орындалуы тиіс.
75. Құдықты пайдалануға беру жағдайында пайда болатын жүктемелер мен әсер етуге:
1) сыртқы және ішкі қабырғалардың, түптердің, арақабырғалардың, бағандардың және тағы басқалардың беріктілігін;
2) құдықтың судан шығуын;
3) деформациялар бойынша құдықтың іргелерін есептеу жүргізілуі қажет.
76. Ысырмалы құдықтардың барлық есептерін, екінші топтың шекті жағдайлары бойынша орындалатын конструкция элементтерінің деформациялары мен сызаттарын ашу бойынша іргелерді есептеуден басқа, бірінші топтың шекті жағдайы бойынша жүргізу керек.
77. Құрылыс салу жағдайларында пайда болатын жүктемелерге батыратын қабырғалардың беріктігін есептеу құдық немесе әрбір ярус жобалық тереңдікке дейін батырылған кезде жүргізіледі.
78. Темірбетон түптің беріктілігін есептеу:
1) егер құдықтың тұрақты вертикаль жүктемелерінің мәндері судан шығу күшінен артық болса, құдық түбінің астындағы топырақты соққының;
2) егер құдықтың тұрақты вертикаль жүктемелерінің мәндері судан шығу күшінен төмен болса, жерастылық сулардың гидростатикалық қысымының жүктемелеріне жүргізіледі.
Ішкі қабырғалар мен бағандарсыз құдық – құдық түбінің беріктілігін есептеу серпінді іргеде жатқан пластиналар сияқты, ал жерастылық сулардың гидростатикалық қысымынан болатын жүктемеге – жүктемемен тегіс бөлініп жүктелген топсалы біректері бар пластиналар сияқты жүргізілуі тиіс.
Ішкі қабырғалар немесе бағандар сәйкесінше тірелетін түп тікбұрышты панельдерден тұратын көпаралықты пластина, немесе бағанның тікбұрышты торларының ұшына тірелген пластина ретінде есептелінеді.
79. Құдықтың шөгінділерін есептеу белгілі тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орындалады.
80. Құдықты гидрооқшаулау конструкциясын ең қатты тереңдетілген үй-жайдың еденінің деңгейіндегі жерастылық сулардың гидростатикалық ағынының мәндеріне және белгілі тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес құдықтың ішкі үй-жайларына қойылатын талаптарға байланысты белгілеу қажет.
81. Табақшалы болаттан соғылған құдықтардың ішкі жақтан орнатылған гидрооқшаулауы тиісті негіздеу кезінде ерекше жағдайларда ғана қолданылады. Гидрооқшаулауды есептеу толық гидростатикалық ағынға жүргізілуі тиіс.
7-тарау. Сұйықтықтар мен газдарға арналған сыйымдылық ғимараттарын жобалауға қойылатын талаптар
1-параграф. Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарлар
82. Осы бөлімнің нормаларын мұнай мен мұнай өнімдеріне арналған болат және темірбетон резервуарларын жобалау кезінде сақтау қажет.
Ескертпе* – Осы нормалар:
арнайы мақсаттағы мұнай мен мұнай өнімдеріне арналған;
200С температура кезінде 93,6 кПа (700 мм рт. ст.) жоғары будың серпінділігі бар мұнай өнімдеріне арналған;
70 кПа (0,7 кгс/см2) атмосфералық қысымнан жоғары ішкі жұмыс қысымы сақталатын мұнай мен мұнай өнімдеріне арналған;
кен қазбаларында және казематтық типтегі резервуарларда орналасқан мұнай мен мұнай өнімдеріне арналған;
технологиялық орнатудың құрамына кіретін резервуарларды жобалауға таралмайды.
83. Жерүстілік және жерастылық резервуарларды жобалаған кезде мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттардың талаптары ескеріледі.
84. Резервуарлардың жобасында сақталатын мұнай мен мұнай өнімдерінің пайдалануға беру кезінде ұшып кетуін барынша қысқартуды қарастыру қажет.
85. Жобалау кезінде:
1) жерүстілік сақтау үшін – жүзіп жүретін қақпағы және стационарлық қақпағы бар (понтондармен және понтондарсыз) болат және темірбетон вертикаль цилиндрлік; горизонталь цилиндрлік (болат);
2) жерастылық сақтау үшін – траншеялық типті темірбетон (цилиндрлік және тік бұрышты), болат горизонталь цилиндрлік типті резервуарларды қабылдау керек.
Ескертпе 1* – Резервуарлардың пайдалы көлемі стационарлық төбесі бар резервуарлар үшін барынша көп толтыру деңгейіне дейін және жүзіп жүретін қақпағы немесе понтоны бар резервуарлар үшін жүзіп жүретін құралымдардың түбінің барынша көп көтерілуіне дейін түптен биіктікке резервуардың горизонталь қиысуын жүргізу арқылы анықталады.
Ескертпе 2* – Резервуарлардың геометриялық көлемі резервуардың қабырға биіктігіне горизонталь қиысуын жүргізу арқылы анықталады.
Ескертпе 3* – Сөндіру құралдарын таңдаған және резервуар топтарының сыйымдылығын анықтаған кезде резеруарлардың геометриялық көлемін қабылдау қажет.
86. Резервуарларда өрт қауіпсіздігі және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өрт сөндіру мен суытуды орнатуды қарастыру керек.
87. Резервуарлар типі мен сақталатын өнімге байланысты технологиялық жобалау нормаларына сәйкес жобамен қарастырылған, резервуарлардың ішіндегі рұқсатты қысымды қамтамасыз ететін құралдармен жабдықталған болуы тиіс.
88. Резервуарлардың конструкциялары сақталатын өнімнің қалдықтарын тазалау, резервуарларды жөндеген және бояған кезде оларды желдету мен газын шығару мүмкіндігін қарастыруы қажет.
89. Жабдыққа (тыныс құралына, аспаптарға және басқа құралдарға) қызмет көрсету үшін барлық резервуарлардың жоспарланған шектеулерге сәйкес стационарлық баспалдақтары, алаңдары мен өтпе жолдары болуы тиіс.
90. Резервуарлардың технологиялық, жарықтық, монтаждық люктары, сонымен қатар өрмелеу-люктары болуы тиіс.
Өрмелеу-люктарының саны мен олардың типі жобамен белгіленеді.
91. Біртүпті жүзетін қақпағы бар резервуарларды қар жабыны 2.4 кПа дейінгі есептік салмағы бар аудандардағы құрылыс ауданы үшін, ал екі түпті жүзетін қақпағы бар резервуарларды – шексіз қабылдау қажет.
92. Жүзетін шатыры бар резервуардың қабырғасының үстінен немесе понтоны бар резервуардағы тірек сақинасынан сұйықтықтың максималдық деңгейіне дейінгі қашықтықты технологиялық шектеулердің есебімен нақты өлшемді етіп қабылдау керек.
Стационарлық шатыры бар резервуарларда көбік камерасының кескінінің төменгі жағынан сұйықтықтың максималдық деңгейіне дейінгі минималдық қашықтық температуралық кеңейтудің және технологиялық шектеулердің есебімен анықталады.
93. Металл жүзетін шатырлар мен понтондардың жүзгіштігі герметикалық қораптармен немесе бақылау мен қызмет көрсету үшін қолжетімді болуы керек бөлімшелермен қамтамасыз етілуі тиіс.
Металл емес понтондардың немесе экрандардың жүзгіштігі понтонның формасы мен өздері әзірленетін материалдың көлемді салмағымен қамтамасыз етіледі.
94. Жүзетін шатырлардың жауын және жиналған суларды резервуардан тыс жоюға арналған құралы болуы керек. Жүзетін шатырдың жауын қабылдайтын құрылғысы су жіберудің герметикалығы бұзылған кезде өнімнің шатырға түсуіне жол бермейтін қақпақшамен жабдықталуы тиіс.
95. Жүзетін шатырлардың, понтондардың және оларды бағыттаушылардың герметизацияны қамтамасыз ететін тығыздағыштары (бекітпелері) болуы тиіс. Жобада көрсетілген температурада қатып қалатын мұнайға арналған тығыздағыштардың мұнайдың қабырғадан жүзетін шатырға немесе понтонға ағуын болдырмайтын құралдары болуы қажет. Бекітпелердің материалын сақталатын өніммен, газ өткізбеушілікпен, ескірумен, қажалу тұрақтылығымен, температурамен үйлесімділігінің есебімен таңдайды.
96. Резервуарларды стандартты емес шатырлармен жобалаған кезде жүзетін шатырлар мен понтондардың ерекше жүктемелер мен әсер ету (тегіс емес қар жүктемесі, бекітпенің қабырғаға жергілікті қатып қалуы, бекітпенің қабырғамен байланысқан беттегі шатырдың (понтонның) қимылына тегіс емес кедергі және сейсмикалық жүктемелер) кезінде резервуардың қабырғасына және бағыттаушыға апаттық жағдайы жоққа шығарылуы тиіс.
97. Біртүпті жүзетін шатырлар мен понтондардың тірейтін болат тіректері резервуарды пайдалануға беру кезеңінде жүзетін конструкциялардың астында олардың биіктігінің өзгеру мүмкіндігімен жобаланады.
98. Стационарлық шатырлары бар резервуарларды жобалаған кезде мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау шарттарын нормативтік құжаттар, сонымен қатар белгілі тәртіпте бекітілген мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттар бойынша қабылдау қажет.
99. Горизонталь болат цилиндрлік резервуарларды газ кеңістігінде қысымы бар мұнай өнімдері үшін жобалау және:
1) жазық түппен;
2) конус түппен қабылдау қажет.
100. Траншеялық типті жерастылық болат резервуарлар тек қана ашық мұнай өнімдері үшін жобаланады.
101. Технологиялық талаптар бойынша оның пайдалануға беруге жарамдылығының шегіне сәйкес келетін резервуардың іргесінің шекті деформацияларын жабдықты технологиялық пайдалануға беру ережелерімен немесе жобалау тапсырмасымен белгілеу керек. Бұл жерде іргелер мен іргетастардың өлшемдерінің шекті ауытқуларын нормативтік құжаттарға, сонымен қатар белгілі тәртіпте бекітілген мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттарға сәйкес қабылдау қажет.
102. Жерүстілік резервуарлардың түптерінің астының белгісі резервуар маңындағы жердің жоспарлық белгісінің деңгейінен 0,5 м кем емес етіп қабылданады.
103. Резервуарларда деңгейі түптің шетінен жоғары болмайтын көпірлік қарастырылады.
2-параграф. Болат резервуарлар
104. Вертикаль және горизонталь цилиндр резервуарлардың негізгі өлшемдерін (диаметрін, биіктігін, ұзындығын) болаттың барынша минималдық үлестік шығынының, жасау мен монтаждаудың индустриялық әдістерінің есебімен, сонымен қатар белгілі тәртіпте бекітілген мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттарға сәйкес вертикаль резервуарлар мен горизонталь резервуарларға арналған илемдік болаттың табақшасының ұзындығы мен еніне еселі етіп қабылдау қажет.
105. Резервуарлардың конструкцияларын есептеу нормативтік құжаттардың және белгілі тәртіпте бекітілген мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес орындалады.
Стационарлық металл шатыры бар вертикаль цилиндрлік резервуарлар өнімнің типі мен оны сақтаудың шартына байланысты жарылыстан қорғалған нұсқада жобаланады.
106. Жерүстілік вертикаль резервуарлар үшін іргелер мен іргетастарды белгілі тәртіпте бекітілген мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес орындау қажет.
Этилдендірілген бензинге арналған резервуарлардың түбінің астында орталықтан периметрге қарай еңісі бар тұтас бетон немесе темірбетон тақтайшалары болуы тиіс.
3-параграф. Темірбетон резервуарлар
107. Осы бөлімнің нормалары мұнай және қара мұнай өнімдеріне арналған жерастылық темірбетон резеруарларды жобалауға атарлады.
108. Резервуар түбін төсеудің белгісі құрылыс салған және пайдалануға берген уақытта жерастылық сулардың максималдық деңгейіне бір метрге жоғары болуы тиіс.
Арнайы негіздеме болған кезде резервуар іргетасының табанын жерастылық сулардың деңгейінен төмен орналастыруға жол беріледі. Бұл жағдайда резервуарды судан жүзіп шығуға есептеу мен түп пен қабырғаларды бос және топырақ толтырылған резервуар кезінде жерастылық сулардың қысымына беріктілігі мен сызатқа төзімділігіне тексеру жүргізілуі қажет.
109. Резервуарлар жабынының су құйылатын темірбетон конструкцияларының аязға төзімділік бойынша Ғ300 төмен емес және су сіңіртпеушілік бойынша W8 төмен емес бетон маркасы болуы керек. Резервуардың басқа темірбетон конструкциялары аязға төзімділік бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарын қанағаттандыруы, ал суға сіңіртпеушілігі бойынша W6 төмен емес маркаға сәйкес келуі тиіс.
110. Тораптар мен түйістер бетонмен немесе ерітіндімен монолиттенеді, олардың қысуға беріктілігі бойынша жобалық кластары, конструкцияны кернеген кездегі аязға төзімділігі мен су сіңіртпеушілік маркалары негізгі конструкциялардың кластары мен маркаларынан төмен болмауы тиіс.
111. Бетонды толтырғыштар ретінде белгілі тәртіп бойынша бекітілген мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес қиыршықтас пен құм қолданылады. Малтатасты бетонды толтырғыш ретінде қолдануға тыйым салынады, бұл жерде қатпарлы және тікен формалы толтырғыш дәндерінің құрамы 15 % аспауы тиіс.
112. Резервуарлардың конструкциялары құрылыс салу және пайдалануға беру кезеңінде пайда болатын:
1) үйілмеген резервуарларды сынаған кезде судан болатын жүктеменің;
2) вакуумның есебімен үйілген және бос резервуар кезінде топырақтан болатын жүктеменің (тереңдетілген резервуарлар үшін);
3) монтаж кезіндегі жел жүктемесіне;
4) құрылыс салған кездегі температураның ауысуының және бетонның отыруының әсер етуіне есептелінуі қажет.
Өнім мен сыртқы ортаның пайдалануға беру жүктемелері мен температураларының ауысуы жобалау тапсырмасымен қарастырылады.
113. Резервуарларды жобалаған кезде:
1) ыстық мұнай өнімдерімен толтырған кезде қабырғалардың қалыңдығы бойынша температураның бірқалыпты емес бөлінуінен немесе сыртқы ауаның температурасының есептік қысқы температураға дейін төмендеген кезде пайда болатын иілмелі сәттерді;
2) бойлық бағытта резервуарлар қабырғаларының орташа температурасының өзгеруінің есебінен пайда болатын температуралық күшейтуді ескеру керек.
114. Бетон мен болаттың есептік және нормативтік кедергілері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сай қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |