Пайдаланған әдебиеттер:
1. Абай «Қара сөздер», 19-сөзі.
2. Қ. Жарықбаев «Жантануға кіріспе», Алматы, 2000.
3. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев «Педагогика», Астана, 1998.
4. Т.Сабыров «Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері», Алматы, 1977.
5. Х. Сүйіншәлиев «Қазақ әдебиетінің тарихы», Алматы, 2006.
М. ДУЛАТОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ
Полат Жанна, ҚазМемҚызПУ 1-курс студенті
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к. Ж.Т. Өміржанова
М. Дулатұлын «қазақ баспа ісінің, баспасөзінің тарихына қатысты тұңғыш пікір айтқан қаламгерлердің бірі» деп бағалаған ғалым Р.Нұрғалидың пікірі алаш азаматының тағы да бір қырын айқындай түседі [1]. Сонымен бірге Міржақыпқа дейін де қазақ баспасөзі, газет-журналдары туралы азын-аулақ айтылған мынадай да пікірлер бар: Ә. Бөкейханның «Исторические судьбы киргизского края и культурные его успехи» атты А.Н. Сидельников пен С.Д. Чадовпен бірлесе жазған монографиясында («Россия» Т. ХҮІІ. 1903. Санкт-Петербург) Ә. Бөкейхан. Таңдамалы. 1995. 64-бет) Қазақстандағы баспахана, баспагерлік, кітап және газет журналдар шығару жөнінен, кітап дүкендері мен кітапханалар саны жағынан, қысқасы, мәдени шаралардың жүргізілу деңгейі тұрғысынан алғанда Ақмола облысының Омбы қаласы бірінші орында екендігі көрсетіліп, төрт болыстың жетістіктері кестеде белгіленген.
М. Дулатұлының «Газет-журнал» атты өлеңі мен Ы.Гаспыралының опатына арналған мақаласында газет-журналдың пайдасы мен оны шығару жолындағы қиындықтар көрсетілсе, «2-ші февраль» мақаласында «Қазақ» газетінің бір жасқа толған күніне орай газет ісінің жолға қойылуына, оның ісін жүргізуге атсалысқан жандарға «тәңір жарылқасын» айтып, «газет, кітап сияқты нәрселер халықтың градуснигі, тамыршысы» деп бағалайды. «Қазақ баспаханасы» («Қазақ», 1917, №238) атты мақаласында «Азамат» серіктігі атынан «Қазақ» газетінің жеке баспахана сатып алған қуанышын жариялай келіп, «Қазақ» газетін ашу және бес жыл бойы тоқтаусыз шығару жолында кездескен қиыншылықтарды: шағым, тергеу, абақты, тінту, штраф сияқтыларды санамалай келіп, өздерінің үстерінен берілген арыз-шағымдардың мәтінін айғаққа келтіріп, «мұндай шағымдар толып жатыр, бірінен бірі «әдемі», бәрі өзіміздің құдай қарғаған «бауырлардың ісі», – дейді [2]. Мақалада келтірілген шағым мәтіндері мен айыппұл көлемдеріне, абақты кесігі мен қудалау шараларына қарап, бүгінгі оқырмандардың газеттің ұйымдастырушылары: Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы сияқты «Қазақ» газетінің тағдыры да үнемі от пен судың ортасында тұрғандығына көзі жетеді, әрі газетті өздеріне тапсырған халық аманатындай көрген айтулы тұлғаларымыздың газеттің қызметі төңкеріс заманында халыққа бұрынғыдан да қымбат деп ілгері талпынған көңілдерін, өрге сүйреген ортақ істерін сол төңкерістің біржолата жоққа шығарған әрекетіне қапа болмасқа әбді жоқ.
Міржақыптың «Дұрысын айтса, несі кетеді екен» туындысын кеңес өкіметі күшейе бастаған кезде «Қазақ» газетінің тарихи маңызы мен мәніне сын көлеңкесін түсірген қиғаш пікірлерге тойтарыс берген, алғашқы қорғаушы қызметін атқарған мақала деп білеміз. «Ауыл» газетінде Мұқаш атты автор баспасөз тарихына жасаған шолу сипатындағы мақаласында газеттің мінін қазбалап, журналға араша түседі. Осыған орай Міржақып өткен істі сынау оңай, ақиқатқа жету үшін қаламгер өткенге оң көзқараста болу керек дейді. «Қазақ» газетінің барлық қызметін тек қара бояумен көрсетуге тырысқан, журналды «ұлтшыл» десем, бүлдірермін, одан да «халықшыл» десем, «Айқап» қараланбайды деп ойлаған Мұқаш шеберлігін үлкен ептілік деп бағалайды. «Мұқаш жолдас «Қазақты» байшыл деу үшін байлардың, болыстардың жәрдемімен шығып тұрып еді дейді. «Айқап» бір байлардан қашып жүріп өлгендей-ақ» деп, «Айқаптың» қандай «шыл» екенін сол журнал материалдарынан дәлелдер келтіре отырып, көрсетіп, әр дәлелінен кейін «осы да халықшылдық па?» деген сұрау қойған. Талас болған жерде, кез келген нәрсенің түп төркінін ашуда ашыну сезімінен кейде артық сөздер де туындайды. Бұлар Міржақыптың осы мақаласында «Айқапқа» қатысты айтылған. Барлық дәлел, сұраққа жауапты, пікірге төрелікті Мұқаштан емес, осы «Ауыл» газетінің басқармасында отырған «Айқаптың»шығарушысы Мұхаметжанның Сералысынан күтеді. Ал газеттегі мақаланың дұрыс-бұрыстығына М. Сералиннің назар аудармауын түсініксіз нәрсеге балап, мұндай ерсілікті дұрыс көрмеген Міржақып ойлары анық бағасын саяси жүйе өзгерген соң ғана алды.
М.Дулатұлының Қазақстандағы баспасөзді көркейту жолындағы шараларға орай жарияланған «Баспасөз уммесі» атты мақаласында («Еңбекші қазақ», 1923, 5 мамыр) мерзімді қазақ баспасөзінің жайынан хабар берілген. «Әр жұрттың, әр мемлекеттің мәдениет майданында ілгері-кейінгінің қатесіз бір өлшеуіші – баспасөз» болады деп, Еуропа «алтыншы мемлекет» атандырған баспасөздің адамға қаншалықты қажеттігін мысалдармен дәлелдейді. Төңкеріс алдында Россияда екі жарым мыңдай газет-журнал шықса, қазақтан сегіз газеттің де дұрыс шықпауын мәдениттен қашық тұрғанымыздан көреді. Қазақша шыққан аз ғұмыры бір күндік, ұзағы жеті жылдай жасаған және жаңадан шығып жатқан газет-журналдарды қоса есептегенде ұзын саны 42-ге әрең толатын баспасөз құралдарының ісі ұзаққа бармай берекесізденуін «біз қолдан келетін істердің өзіне қарсылық қылып отырмыз» деп, халықтың газет-журнал алуға ынталанбау себептерін ынталандыра алмаудан көріп, баспасөздің күшеюі үшін сөзден гөрі іске көшу керектігін айтып, 12 түрлі өз ұсынысын жұрт талқысына салады. Сөз аяғы ащы аяқталған бұл мақаладан біз қазақ баспасөзінің жай-күйінен толық мәлімет алып, қазақша шыққан 42 түрлі газет-журнал болғандығынан толық хабардар боламыз.
Міржақыптың ағартушылық қырын аша түсетін оның тарихи мәні жоғары, танымдық мақсаты айқын, көркемдік сапасы биік, тарихи тұлғалардың ұлт үшін істеген еңбектерін мадақтайтын бір топ мақалалары бар. Олар бірде заметка, бірде юбилейлік мақала, енді бірде қазанама тұрғысында болып келеді. Мысалы, «Абай» («Уақыт», 1908), «Ғабдолла Тоқаев» («Қазақ», 1915, №9), «Қазақ ақыны» («Қазақ», 1913, №9), «Григорий Николаевич Потанин» («Қазақ», 1915, №150), «Нариманұлы Нариман» («Қызыл Қазақстан», 1925, №3;5) т.б.
Міржақып «Абай» атты мақаласында («Қазақ», 1914, №67) Абайдың қазақ әдебиеті тарихындағы орнына тоқталса, ал ел аузындағы аңыз, әңгімелерді, тарихи жырларды негіз ретінде пайдалана отырып жазған «Хан Абылай» («Айқап», 1912, №6) мақаласында Абылайдың шығу тегінен бастап, хан болып, халықты билеп, дүниеден қайтқан мезгіліне дейінгі аралықты қамтыған. Абылайдың қазақ елі үшін істеген ұмытылмас еңбектерін санамалай келіп, оның ұрпақтарынан баба ісін үзбей жалғастырғандарын мадақтап, ұлы істен бой тартқандарының әрекеттерін қуаттамайды.
Шоқан Уәлиханов туралы жазған ғұмырнамалық мақаласында («Қазақ», 1914, 71-73; 76-77) оқырманды Шоқанның ата тегімен, өскен орта, білім алған оқу орындарымен таныстырып, оны әлемге танытқан Қашқар сапарынан, одан кейінгі Петербург, Черняев экспедициясынан т.б. мол деректер беріп, оның өмірінің соңғы нүктесі – Тезек төре ауылы туралы да айтып өтеді. Осы жылғы бір томдық еңбегімен толық танысқан, әрі Г.Н.Потаниннің деректеріне сүйенген. Сөйтіп Шоқан еңбектерінің қазақ тарихындағы орны мен әлемдік мәніне көпшілік назарын аударып, Шоқан туралы ел ішіндегі түсініксіз сөздерге түсініктеме беріп, ұлы тұлғаны газет арқылы қалың елмен қауыштырған ғылыми сипатты бұл мақаланың шоқантанудағы орны елеулі, мәні жоғары. Ә. Марғұланның анықтауына дейінгі Шоқанның туылған жылын 1837 жылдеп белгілеушілік те осы Міржақып мақаласынан таралғандай. Себебі «Дала уәлаяты» газетіндегі 1894, №18) мақала Шоқанның тууына 60 жыл толуына арналып жазылған.
Міржақып «Хазірет Сұлтан» («Қазақ», 1913, №16) мақаласында орта ғасырдағы мұсылман әлемінің аса көрнекті тұлғасы, орта Азиядағы мұсылмандардың рухани ұстазы, сопылық басшысы Қожа Ахмет Яссауидің Яссы қышлағында тұруы, шаһардың гүлденуіне тигізген әсері, Әмір Темір Көрегеннің дін уағыздарымен де жергілікті халықтың пейілін өзіне аудару үшін мешіт-белгі соқтырғаны туралы, Түркістанды билеген хандар жайлы, Түркістанның қазақ астанасы болғандығы жөнінде, астананың бірде Бұқар, Қоқанға, ақыры орысқа бағынғаны туралы айтып өтіп, мешіттің құрылысымен таныстырады. Мұнда қойылған қазақ хандары мен даңқты батырларды санамалап, «Әмір Темірдің шөбересі Бабыр Хан һәм Ондон сұлтан мұнда қойылған деседі» дейді. Соңғы Ұлы Моңғол мемлекетінің негізін қалаған З.М. Бабырдың (1483-1530) сүйегі өзі билеген Үндістанда, Кабул қаласы маңындағы Шердарвара тауы етегіндегі мавзолейде қойылған, Міржақып та сөйлемнің соңын жорамал мәнін білдіретін көмекші етістікпен аяқтап, кесіп айтпай, ел сөзіне сүйенгендігін білдірген. Ғажайып кесене мен қазақ халқы арасындағы тарихи байланыстарды аша келіп, кесененің күтімсіздіктен бұзыла бастағандығын ескертіп, осы үшін халықтан жиналатын қаржының желге ұшып, іс басындағы құлқынқұмар қожа, молдалардың қалтасына кетіп жатқандығын айтып, оларды қатты шенейді. Ол осы мақаласындағы жайларға кейінірек тағы оралған («Еңбекші Қазақ», 1926). Сол кезде мәдени мұралдарды игеру туралы сөз қозғалып, Міржақып көтерген мәслелерді өзгелері де қуаттаған, мәселен, Б. Майлиннің осы газеттегі мақаласы (1926, №258). Ата-бабаларымыздан қалған тарихи ескерткіштерді қорғау және ортақ игілікке айналдыру шараларын бар қазақтың көзі ашық, көкірегі ояулары ертелі-кеш көтеріп отырды. Міржақыптың ерекшелігі – ертерек ескеруінде, дабыл көтеруінде. Шетпұшпақтап жүргізілген реставрация жұмыстарының түбегейлі нәтижеге жетпеуінің бір себебі болып, коммунистік-атеистік көзқарастар есептеледі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғасыр басында Міржақыптар көтерген тарихи мұраларды сақтау шаралары түбегейлі түрде жүзеге аса бастады.
Міржақыптың Ресей мұсылмандарының рухани көсемі Ы. Гаспыралы туралы мақаласы оның қайтыс болуына орай жазылып, «Қазақтың» 1914 жылғы 78, 80, 82-сандарында жарық көрген. Ы. Гаспыралы мен Міржақып, М. Әбсеметтің дерегі бойынша, 1907 жылы кездесіп, оның әдеби қызметіне 52 жыл толу мерейтойына ортақ болған. Бұл мақалада Ы. Мұстафаұлының дүниеге келуі, туыстары, туған жері, ауылдан – Мәскеу гимназиясына, Парижге дейінгі білім алу сатылары, грек-түрік соғысына қатысуы мен Европа мен Азия, Африка елдеріне сапары, әлемдегі мұсылман елдердің хал-жағдайларымен танысқан соң, Қырымға қайта келіп, балаларды батыс тәртібімен оқыту, езілген мұсылмандарды дұрыс жолға салу, біріктіру, санасын көтеру мақсатымен кітаптар жазып шығару және «Тәржіман» (1988) атты газетті дүниеге әкелуі, т.б. ірі істерін санамалай, салмақтай келіп: «Россия мұсылмандарын тірі бір ұлт халіне қойды, кейінгісін ойлағандай, ілгерісін болжағандай ой берді», – дейді. Ы. Гаспыралыны жұрт қайғырған асан Қайғыға теңеп, М. Сералин арнайы мақала жазса («Айқап», 1914, №217). Ә. Бөкейхан «Мұсылман съезі» мақаласында («Қазақ» 1914 9.07) оны «тарихи жолындағы мұсылман басшысы» деп атаған.
Міржақыптың тағы бір үлкен ғұмырнамалық очеркі Ахмет Байтұрсынұлының тууына елу жыл толу мерекесіне орай орыс тілінде жазылған. Бұл очерктің отандық зерттеушілер мен шетелдік ғалымдар үшін тікелей үлгі, жоба қызметін атқарғаны мәлім. Ахметтің өмір жолындағы кедергілерге қарамастан оның білім алуға деген ұмтылысы, жеткен нәтижелері жайлы, шәкіртті ғана емес, тұтас елді де тәрбиелеуге, жетілдіруге ден қойған ұлы мақсат жолындағы еңбектерін: «Қарқаралы петициясы мен «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің негізгі шығарушысы ретіндегі жұмсаған мұқалмас қайратын деректерді сөйлете отырып, оқырманға тартымды түрде жеткізген. Оның қазақ тілі мен әліпбиі туралы мәселеде халықтың жаны – тіл деп ұғып, оны қорғауға бел шеше кіріскендігі де ерекше ілтипатпен аталынған. Ахметтің «Алаш» партиясында болуы мен кеңестер жағына өтуі де, ағарту саласында түрлі жұмыстар атқарғандығы да бұрмалаусыз айқын көрсетіліп, шындыққа негізделген толымды сипаттама өз оқырманын тапқан. Міржақыптың ақиқатқа қылау түсірмей жазған мақаласы «Тіл құралы» («Қазақ», 1915, №15) деп аталады. Осыған ұқсас мақала «Ақ жол» газетінде (1924, №145) басылған. Авторы – «Майқы». Сөз саптау мәнеріне және «Майқы» бүркеншік есіміне қарай (Мағжанның «Мадиярға» жазған эпиграммасында: «Жолдан» азып, Закон жазып, Майқы боп: ақын Мәкең. Отыр ма екен Қақиып?-делінген) осы «Амал түзету мәселесі» атты мақаланы Міржақыптың мақаласы болар деп жобалаймыз.
Жоғарыда аталып өткен Міржақып қаламынан әр жылдары шыққан еңбектердің жазылу ерекшеліктеріне тән бір белгі – тарихилық белгісі болса, оның мұраларына тән белгілі бір ұстанған бағыт бар. Ол адамдарды бірлікке, теңдікке, әділдікке үндеген адамгершілік жолы. Түріктік ұғымы тек емлемен, сөз бірлігімен ғана шектелмей, рухани туыстықпен нығайтыларын «Жазу тәртібіне» («Айқап», 1912) білдірсе, «Құлдар достығы» деген сериялы мақаласында («Қазақ», №15, №7-9) түріктік идеясымен шектелмей, әлемдік биікке көтеріліп, адам баласының бәріне тән көркем сөзбен уағыздап, осы тұжырымды өміріне серік еткен Гарриет Бичер Стоудың нұрлы бейнесімен қазақтарды таныс еткен. Міржақып Дулатұлы өзінің тарихи тұлғалардың әдеби сипаттамаларын берген мақалаларында соларды есте қалдыру мақсатын және осындай тұлғалардың халық үшін істеген еңбектерін үлгі тұтып, насихаттау арқылы жас ұрпақты ізгі мұраттарға тәрбиелеу, тарихты құрметтеу ниетін көздеген. Бұл мақалалардың өз маңызын бүгінгі күні де жоғалтпағаны – тәрбиелік мәні мен танымдық маңызында.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Р. Нұрғали. Әуезов және алаш. Алматы, «Санат», 1997, 432 б.
М. Дулатұлы шығармалары. ІІ том. Алматы, «Ғылым», 252 б.
«Қазақ» газеті. 1914-1915 жылғы кей сандары.
Резюме
В даной статье рассматривается исследование писателя М.Дулатова о казахской печати.
Ғ. Мүсірепов драматургиясындағы арулар Бейнесі
Ә.Ұ. Рақымжанова, ҚазМемҚызПУ 2- курс студенті
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Э.С.Сейсенбиева
Ғ. Мүсірепов – ХХ ғасыр құрдасы. Оның шығармалары 50 жылдан астам кеңес дәуірінің әлеуметтік және мәдени кезеңінің даму сатысын түгел қамтиды. ХХ-ғасырдағы ірі саяси-әлеуметтік және мәдени қоғамның даму сатылары Мүсірепов шығармаларының барлық кезеңіне сай.
Ғ. Мүсіреповтің поэтикалық әлемінің даралығы, өмірдің динамикалық кезеңі тарих сатыларымен бірге өзектесіп жатады. Суреткер дәуір талабының тарихи шындығын өз замандастарын толғандырған мәселелердің шындығымен көрсетуге тырысады: ұжым мен жеке адам, жаңа этикалық құндылықтар, жаңа психологиялық қабылдау, жаңа мәдениет. ХХ ғасырдағы нақты әлеуметтік мәселелер, адамзаттық құндылықтар оның философиялық сипаты тұрмыс-тіршілік, өмір мен өлім, адам және еңбек Ғ.Мүсірепов шығармашылығының тірегі, шығармашылық айнасы іспеттес. Ірі суреткердің негізгі мақсаты өз оқырманын ояту, оның жаңаша мәнін шығармашылығының өн бойынан көрсету әрі негізін арқау ету болып табылады.
Ғ.Мүсірепов кейіпкерлері қандай жағдайларда болмысын тосын жағдаяттар үстінде өздерінің адами қасиеттерінің ең үздік үлгілерінен көрсету мақсатында суреттелінеді.
Ғ.Мүсірепов кейіпкерлері бір жағынан әлеуметтік-типтік, жеке-характерлік белгілерімен көрінеді, екінші жағынан өзіне және әлемге деген ерекше көзқарасымен танылады. Былайша айтқанда, Ғ.Мүсірепов кейіпкерлері әлемге қалай қарайды оны қалай қабылдайтынына үлкен мән береді. Өз шығармаларында кейіпкерлерін бейнелеп қана қоймайды. Оның кейіпкерлерінің әлемге деген көзқарастарын өмір дегеніміз не, оны кейіпкер қалай қабылдайды деген сұрақтар төңірегінде үлкен толғаныс шеберлігімен суреттейді.
Ғабит Мүсірепов айрықша атап өтер «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» және «Ақан сері – Ақтоқты» пьесалары арқылы әдебиетіміздің қиын бір саласы драматургия жанрын жақсы меңгерген шеберлігін танытты. Пьесаның композициясы шебер, драмалық тартысы шытырман.
Ғ.Мүсірепов драматургиясын зерттеуші ғалым Н.Ғабдуллин «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасы туралы былай деген болатын: «Баян – ең әуелі, алғыр ақыл иесі, алыса қалса әлі жетпес күштіні ол ақылмен жеңгісі келеді дедік. Бұл әрекет – қазақ халқы жырлаған бұрынғы аяулы арулардың бәріне де тән болған. Қараманның алдында сағымды сындырды деп, әйелін шауып тастамақ болып, Қобыланды бұрқанып жетіп келгенде, оның алдынан Тайбурылды алып шығып, батырдың атының жарауы кемдігін көрсетіп, ашуды ақылмен тежеген Құртқа мінезі қандай еді? Өзіне оқталып келген хан мен оның уәзірлеріне емшек сүтінен тағам жасап беріп, олардан амалын асырып кеткен Қарашаш өнері қандай? Қорен ханды ақылмен тұсаған Қыз Жібек қандай?! Баянның әрекеті де солардың әрекетіндей емес пе? Сол замандастарына Баянның қай мінезі үйлеспей тұр? Несі оқшау?» (1, 46-47 бет).
Баян қазақтың басқа арулары сияқты, қазақ халқының асыл қасиеттерін бойына сіңірген, өз замандастарының бәріне ортақ арманы бар, яғни өз сүйген ғашығына қосылу, әділдік, тыныштықты арман тұтқан ұлттық тұлға.
«Аппақ көрік маңдайы, қылығы наз. Малың түгіл басыңды берсең-дағы», - деп бүкіл әйел затының мұң-зарын ғана емес, сонымен қатар жүз жылда бір кездесетін ғажайып, пәк, адал махаббаттың символы Баян сұлуды драматург ерекше шебер суреттеген. Нәзік, сұлу Баянды суреттей отырып, оның бойындағы батылдықты, өжеттікті, шешендігін және ақыл-парасатын да сәтті бейнелеген. Баян өзінің махаббаты үшін күресе білетін өз заманының ержүрек қызы. Махаббаты үшін зұлымдық иелері әкесіне де, Қодарға да, Жантыққа да бірнеше рет қарсы шығады, әрі ол ешуақытта да өзінің есесін жібермейді. Ол өзінің кегін ала жүріп, махаббаттың құрбаны болады.
«Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясына бірнеше әдебиет сыншылары өздерінің оң пікірлерін де айтқан. Олардың көпшілігі пьесаның композициялық құрылысы, драмалық тартыстың шытырман оқиғаға негізделгендігі қазақ драматургиясындағы елеулі шығарма екендігін айтады. Сонымен қатар, пьеса 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде де жоғары бағасын алған.
«Драмалық композицияның ұтқырлығы, шеберлігі жағынан, негізгі конфликтің қатты шиеленісіп, терең астарланып, сыртқы қақтығыстың ішкі философиялық мән алып, әлеуметтік үлкен тұрғыға көтерілу жағынан «Ақан сері – Ақтоқты» драмасы қазақ драматургиясының жаңалығы болды» - деп Тахауи Ахтан да жоғары баға берген болатын (2, 32б).
Трагедияда шебер жасалған, өзіндік даралық сипатымен ерекше көрінген екінші ірі тұлға – Ақтоқты образы. Ақтоқты образы туралы Нығмет Ғабдуллин былай деген болатын: «Ақтоқтының бейнесі бізге заманның жаңа лебін танытады. Ақан сері жалындап сүйген осы арудың жан дүниесіне байсалды оймен үңіліп қараңызшы, - сезімі қандай мөлдір, көкірегі қандай ояу! Оның мінезі мен әрекеті қазақтың бұдан бұрынғы қыздарының мінез-әрекетінен мүлде өзгеше емес пе? Төлегенді зарыға сағынып, қолдан келер қайраты болмаған соң, түсінде көрген бұлдыр қуанышқа ғана көңіл жұбатқан Жібекке де ұқсамайды бұл. Қозы Көрпешті жалындап сүйіп, асыл ғашығына қосылуды ынтыға аңсаған – жалғыз арманы осы ғана болған Баянға да ұқсамайды бұл. Сүйгеніне қосыла алмай, арманы үзілген соң, ендігі тіршілікті тілемей өзін-өзі мерт қылған арулар басындағы қасіреттен Ақтоқты қасіретінің сыры да, мәнісі де бөлек» (Н.Ғабдулиин. Ғ.Мүсрепов – драматург. А., 1982ж, 84 бет).
Драматург Баян сұлуды эпикалық тұрғыда алса, Ақтоқтыны лирикалық тұрғыда алып, өз заманының психологиялық мінездемелерін тура беріп, шебер суреттеген. Ақтоқтының жүрегінде ұялаған таза махаббаттың өзі өзгеше. Оның бар аңсаған арманы еш адам баласының қайғы-қасірет болмаса екен, әрқашан қуанып жүрсе екен деп тілейді. Ол әнді сүйеді, ән арқылы Ақанды сүйеді. Ақан терең мәнді әнімен халық көңілін жырын шертеді. Ақан әнімен жылағанды жұбатады, сол себепті де Ақанның салған әні Ақтоқтыға ерекше қасиетті. Ақтоқтының үміт артқан сүйіктісі өз тобынан бөлініп, дінге кетеді. Бірақ, бұл тұстағы Ақтоқтының басындағы қайғы-мұңды драматург бірінші пердеде көрсетпейді. Ақтоқтының қайғысын екінші пердеден бастап шыққан кезде аңғарамыз. Ақан сері Науан хазіреттің торынан шығып, қайта өз ортасында келгенде, Ақтоқтының елмен бірге қатты қуанғанын көреміз. Оның бұл қуанышын драматург ерекше суреттейді. Ақанның алдынан шыққан топ, Ақтоқтының сәнді өрнек-нақыштарымен Ақанға арнап тіккен құндыз бөркін кигізеді. Осы әсем бөрік арқылы Ақтоқтының көңілінің күйін, қуанышын бізге жеткізеді.
Ақтоқты табиғатынан нәзік, сұлу, жүрегі таза адам. Оның мөлдір сезімі мен нәзік жаны қуанышты кезінде ерекше жарқырап көрінеді. Оны мына бір көріністен байқауға болады:
Ақтоқты Апа, жастық шағың есіңде ме?
Той-думанның туын көрсең,
Ақ иықтай Ақан келсе –
Қыз-бозбала қасында,
Әке барын, шеше барын кетуші ме ең ұмытып?
Ақтоқтың сол қуанған...
Дәмелі Ие, күнім...
Ақтоқты Апа, жастық шағың есіңде ме?
Үлкендерден әрі ұялып, әрі сыйлап,
Қыз-бозбала кетуші ме ед,
Көл жағалап, бел асып?
Үлкендері үндемесе,
Көргендері елемесе,
Қайтушы ма ед қуанысып, бір жасап?
Дәмелі Ие, күнім...
Ақтоқты Апа, жастық шағың есіңде ме?
Қан жайлаудан қайтар күнді
Қайғырып па ең әр талай?
Айырылысқан аққулардың табысқанын көргенде
Әрі жылап, әрі күліп,
Неге қарап тұрушы ең?
Ақтоқтың сол қайтып тапқан арманын...
Ақтоқтың сол анасына жаны ырза... (100 бет)
Бұл Ақтоқтының Ақанға деген нәзік, адал махаббатынан туған іштегі қуанынышын наздана апасына айтқан сыры. Оның махаббатына еш кедергі болмаса, ғашықтарға үлкендер үндемесе, көргендер елемесе, оның нәзік, сұлу махаббатына қиянат жасалмаса, Ақтоқтының аңсаған бақыты осы еді.
Сонымен қатар, Ақтоқтының мінезі Қыз Жібек, Баян сұлуға қарағанда өзгеше. Ол тек өз сүйгеніне қосылуды ғана армандап, өз бақыты үшін ғана күреспейді. Ақанды қаншалықты сүйсе, ол соншалықты нәзік жүрегімен ата-анасын, ел-жұртын да сүйіп, соларды да ойлайды. Егер Ақтоқты Ақаннан кетпесе, онда Ақтоқтының ата-анасын Сердәілі хазіреттің әмірі бойынша зұлымдар қап арқалатып қаңғыртып жіберетінін естіген нәзік жаны, қайғы-қасірет шегіп, қиналады. Ақтоқты Ақанынан қалай кетпек? Ал, өзін мәпелеп өсірген ата-анасын азапқа қалай ғана қалдырмақ? Ақаннан айырылған онсыз да қайғылы елдің күйі не болмақ? Қайғылыны қуантып, жылығанды жұбататын Ақанның әні емес пе еді? Ақтоқты азапқа тек өзін ғана салады.
Осы жерде Ғ.Мүсіреповтің шығармаларындағы ерекше атап өтер жәйт - әйел бейнесін суреттеу болып табылады. Жазушының эстетикалық, көркемдік көзқарасының өзгеше бір сырын қанық боламыз. Оның әйгілі Қапия ананы, Жібекті, Баянды, Ақтоқтыны, Ұлпанды суреттеуінен, адамгершілік пен адамшылық, адалдық қасиеттері бойынан әрдайым табылатын, сұлу, нәзік, сонымен қатар әдемілік пен азаматтық биіктікке қатар көтерілген әйел – жар, әйел – ана, әйел – азамматарды көреміз. Олардың бәрі басқа түскен барлық қиянаттан сынбай, сүрінбей, күйремей өткен абзал, нәзік жандар бүкіл қазақ халқының рухани қасиетінің бір қырын ерекше көрсете білетін тұлғалар.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Н.Ғабдуллин. Ғ.Мүсрепов – драматург. А., 1982ж., 132 бет
Т.Ахтан. Ғ.Мүсірепов әдеби-сын очерк. А., 1956ж, 39 бет
Мусрепов Г. Автобиографический рассказ // Г.М. Рассказы разных лет. А-А., 1979.
История казахской литературы. В 3-х т. А-А., 1971. Т.3. (Глава “Габит Мусрепов”. Автор Адибаев Х.)
Мүсірепов Ғ. Шығармалар жинағы. 5 томдық. А., 1976. 5-Т.
Пушкин и Абай
Русско – казахские литературные связИ
Г. Рустемова, студентка 3- курса КазГосЖенПУ
Научный руководитель: к.ф.н., доцент Ж.Н.Ергалиева
Тема творческого освоения казахской литературы XIX века наследия Пушкина представляет часть общего вопроса о роли русского народа в культурном развитии казахского народа.Литературные связи Пушкина с Казахстаном можно рассматривать в нескольких аспектах: посещение Пушкина Казахстана; его отношение к истории и поэтической культуре казахов; перевод произведений Пушкина на казахский язык.
Вопрос о влянии русской культуры на казахскую ставился еще в трудах первых казахских просветителей-демократов – Чокана Валиханова, Абая, Ибрая Алтынсарина.
Вопрос о влянии русской литературы на казахскую и, в особенности, на творчество Абая освещался в многочисленных публистических, литературно-критических, литературоведчиских трудах, написаных большей частью в сороковые годы. Из многих работ можно назвать статьи С.Муканова, М.Ауезова, Г.Мусрепова, Т.Нуртазина о влянии на Абая русских классиков.
Анализируя влияние русской литературы, хочу обратить внимание на мнение М.Ауезова, который в нескольких трудах доказывает, что из классиков русской литературы самое глубокое влияние на Абая оказал А.С.Пушкин, хотя при ближайшем ознакомлении эти его взгляды оказываются непоследовательными. Идейными источниками творчества Абая считаются: древне-казахская культура, восточная и русская литература. Основоположник казахской письменной литературы качественно новой посвоему содержанию и характеру, Абай в своем творчестве критически использовал все лучшие из многовековой национальной поэтической культуры, опираясь вместе с тем на опыт передовых русских поэтов и писателей, на их лучшие традиции.
Гений Пушкина удивительно многогранен. Выражая в своих творениях сущность «русского духа», он вместе с тем выражал и общечеловеческое. Больше того, пушкинский гений обладал удивительным , поистине редкостным даром: он умел проникнуться духом другого народа. «Песни западных славян», «Подражание Корану», «Цыганы», «Бахчисарайский фонтан» -яркое тому подтверждение. Он был открыт всему миру, и весь мир отвечает ему взаимностью, не считая его чужим и чуждым. Имя Пушкина так же дорого и близко казахам, как и другим народам. «Всенародный акын земли» - так называл Пушкина великий акын казахской степи Жамбыл. Казахи впервые «открыли» для себя Пушкина в 1889 году, благодаря переводам Абая (отрывки из «Евгения Онегина»). Великий казахский поэт глубоко проник в дух подлинника, и потгому переводы пушкинских стихов были восприняты современниками как свое, родное. Переводы произведения Пушкина способствовали становлению Абая-поэта и философа. Абай переводил только то, что было близко его душевным переживаниям и мыслям. Его переводы отличаются оригинальностью и умением сделать стихи поэта другого народа близкими и понятными сердцам своих соотечественников. Более того, Абай, развивал эту линию, полностью от себя пишет «Предсмертное слово Онегина». Великий казахский поэт не только переводил отрывки из «Евгения Онегина», но и к некоторым из них написал музыку, что позволило юношам и девушкам объясняться в любви стихами из писем Онегина и Татьяны.
Переводы своего великого учителя широко популяризировали среди слушателей его ученики: Баймагамбет, Кокпай, Арип, Куат и другие. Вслед за Абаевскими переводами в 1903 году вышел в Казани вольный перевод «Капитанской дочки», осуществленный М. Бегимовым. Казахскому читателю стали доступны в рукописном варианте стихи А. Пушкина: «Зимняя дорога», «Буран», «Пророк».
В 1935 году отдельными книгами вышли «Кавказский пленник» и «Цыганы» в переводе казахского поэта Т. Жарокова. В 1937 году, в связи со столетием гибели гениального русского поэта, был издан трехтомник Пушкина на казахском языке. В Первый том вошли стихи и поэмы, во второй - драматические и прозаические произведения, в третий - варианты перевода повести «Дубровский». Выход трехтомного собрания произведений великого русского поэта, в издании которого принимали участие ведущие казахские писатели и поэты , убедительно свидетельствовал в то время о несомненных успехах казахских переводчиков.
Следует отметить, что казахский читатель впервые смог тогда познакомиться с вольнолюбивыми стихами Пушкина: «Арион», «Анчар», «ГІослание в Сибирь», «К Чаадаеву», «Памятник». В 1975 году увидел свет двухтомник сочинений русского поэта. В первый том вошли поэтические произведения (стихи, поэмы, сказки, «Евгений Онегин»), во второй - проза Пушкина («Арап Петра Великого», «Повести Белкина», «Капитанская дочка», «Дубровский», и др.). В этом издании уделялось внимание качеству переводов. Разумеется әтим не ограничивается издание произведений.
2006 г. был объявлен Годом Пушкина в Казахстане, в России - Годом Абая. Имена этих гениев стали визитными карточками двух великих культур, двух народов, исторически и объективно живущих в добром соседстве, в дружбе и мире. В 2013 г. исполниться ровно 180 лет одному из знаменательных событий - поездке титана мировой поэзии А.С. Пушкина по казахским степям. Следует заметить, что этот факт выходит далеко за рамки понятия «литература» и свидетельствует о глубине корней культурных взаимоотношений между двумя народами.
В творчестве А.С. Пушкина особое место занимала историческая тематика, о чем свидетельствуют такие произведения, как трагедия «Борис Годунов», повесть «Арап Петра Великого», поэма «Полтава». И вот в январе 1833 г. он задумал написать повесть о Шванчине М.А. (1755-1802), сыне петербургского гвардейского офицера, крестнике императрицы Елизаветы Петровны, который в чине подпоручика 2-го Гренадерского полка 8 ноября 1773 г. мопал в плен к предводителю крестьянского восстания Е.И. ІІугачеву и в течение нескольких месяцев «со всеусердием» служил в штабе мятежников в должности переводчика. Из этого замысла впоследствии выросла историческая повесть «Капитанская дочка». Но в ходе работы его интересы сосредотачиваются на личности самого Емельяна Пугачева, и поэт задумывает написать историческую работу о мятежнике. 25 марта 1833 г. А.С. Пушкин начал первую главу своего исторического труда «История Пугачева», а 22 мая черновая редакция была уже готова. Это был краткий полуконспективный очерк, написанный на основе литературных и архивмых источников, доступных ему. Очерк в течение всего 1833 г. и начала 1834 г. существенно дополнялся и исправлялся. Для того чтобы эта работа была более полной и достоверной, он затевает поездку по пугачевским местам.
В одном из писем И. Тургеневу Пушкин шутливо писал, что стал историографом Пугачева. Пушкин - один из первых писателей, обратившихся к пугачевской теме. Он первый, кто убедил царя в необходимости писать о Пугачеве и получил на это разрешение. Как известно из истории, Пугачевское восстание вспыхнуло в 1773 г. на берегу реки Жаик. Первое выступление восставших датируется 17 сентября. После жестокого подавления движения в 1775 г., казни его предводителя на Красной площади в Москве Екатерина Вторая наложила строжайший запрет на данную тему. Запрещалось не только упоминать о событиях 1775 г., но и произносить имя Пугачева. Именно по велению императрицы назвапие деревни, светлой реки Жаик (Яик) было стерто со всех документов и карт. С тех пор река стала именоваться Уралом, а чуть позднее городок Яицк - Уральском.
Утром 20 сентября 1833 г.А.С. Пушкин выехал в г. Уральск, направляясь по правому берегу реки Урал; через крепость Рассыпную и прибрежные казачьи форпосты. Вечером 21 сентября он прибыл к месту назначения. Поэта встретил начальник казачьего войска полковник В.О. Покатилов и устроил его в доме атаманов.
22 сентября Александр Сергеевич побывал в старой части Уральска - в бывшем центре Яицкого городка, посетил собор Михаила Архангела, где раньше созывался казачий круг. Уральцы показали Пушкину каменный дом атамана, где во время восстания жил Пугачев. Именно в этом доме состоялась их свадьба с Устиньей Кузнецовой, 17-летней казачкой. Поэт осмотрел и здание бывшей военной канцелярии, где содержали арестованного Пугачева вплоть до отправления его в Москву. Пушкин встречался и беседовал со свидетелями событий пугачёвского восстания.
В своих письмах Пушкин часто с удовлетворением повторяет, что поступил правильно, посетив Уральск, и это связано в первую очередь с воспоминаниями очевидцев восстания. Особенно интересными, содержательными, полными конкретных деталей образа Пугачева оказались рассказы 80-летнего Якова Овчинникова, 88-летнего Степана Солодоникова, 74-летнего Никиты Маденова. Только одной фразы Пугачева «Улица моя тесна», услышанной от Михаила Пьянова, было достаточно, чтобы Пушкин осознал всю глубину трагедии вождя бунтарей, тупиковость, безысходность ситуации в которой он оказался. О многом заставлял думать писателя и тот факт, что немало людей, которым было уже далеко за 80, продолжали верить в то, что Пугачев на самом деле является императором Петром Третьим. Пробыв в городе два дня, 23 сентября Пушкин уехал из Уральска. В путешествии по степи поэт увлекается историей казахского иарода, процессом становления национального самосознания пристально вглядывается в далекое прошлое казахов. Впоследствии Пушкин на первой странице «Истории Пугачева» гак описывает эти края: «... Слева простираются печальные пустыни, где кочуют орды диких племен, известных у нас под именем киргиз-кайсаков». Поэт систематически возвращается к теме казахской степи и казахского народа, тонко анализирует события того столетья, уточняет участие казахов в пугачевском восстании.
В этой поездке Александр Сергеевич, влюбленный в народное творчество, близко познакомился с казахскими сказителями и жырау, а также с замечательным казахским эпосом «Козы-Корпеш и Баян-Сулу», которую он попросил записать своих спутников.
Это внимание к народному творчеству казахов позволяет нам говорить о том, что если бы не безвременная кончина поэта, мы, возможно, имели бы великолепную поэму на сюжет знаменитого народного памятника. «Нахождение записи казахского предания в бумагах Пушкина»,- пишет Л. Модзалевский,- еще одно доказательство того, что ему «дороги были трудящиеся всех национальностей, дорог был каждый язык, каждая культура». С какими мыслями Пушкин уехал из степи? Настроение поэта тех дней очень точно передает последнее предложение «Капитанской дочки»: «Я был в восторге, но странное чувство омрачало мою радость».
Поездка по казахской земле не осталось бесследной. Она помогла Александру Сергеевичу наполнить конкретикой исторический труд "История Пугачёва" и написать повесть "Капитанская дочка". В «Капитанской дочке» отмечено немало фактов, которые ясно свидетельствуют о том, что казахская беднота разделяла возмущения русских крестьян политикой царизма и поддерживала их революционное выступления. Таким оброзом, в «Капитанской дочке» нашло отражения участие казахов в крестьянском восстании под руководством Пугачева.
Пушкин – стал создаталем новой реалистической национальной литературы. Абаю суждено было прославить Пушкина среди казахского народа. Непревзойденные переводы переводы Абая «Евгения Онегина» - замечательное явление в истории казахского народа к творениям пушкинского гения, к русской литературе и культуре.
Абай - просветитель, поборник дружбы с русским народам. Знакомый с лучшими образцами мировой литературы, Абай питал особую любовь к русской литературе, был ее страстным популяризатором. Из животворного источника русской литературы и общественной мысли постоянно обогащалось его самобытное творчество, развивающееся на национальной почве, тесно связанное с художественным творчеством казахского народа. Поэт глубоко осознал все значения произведений русской прогрессивно-демократической литературы в условях современного ему Казахстана. Стремясь ознакомить с ними массы казахского народа, он переводит на казахский язык произведения Пушкина, Лермонтова и Крылова.
Развивая и совершенствуя казахский литературный язык Абай опирался на неиссякаемые богатства народной речи, подчеркнутые из сокровищниц общенародного языка. Первым, кто прекрасно понял это, был Пушкин, он же первый показал, как следует пользоваться речевыми материалами народов, как нужно обрабатывать его.
С большой любовью Абай читает произведения великого Пушкина, пристально изучает реалистический роман «Евгений Онегин». Онегин есть произведение Пушкина, самое любимое дитя его фантазий, и можно указать слишком на немногие творения, в которых личность поэта отразились бы с такою полнотой, светло, ясно, как отразилось в «Онегине» личность Пушкина. Здесь вся жизнь, вся душа, вся любовь, его чувства, понятие идеалы, - писал Белинский. Переведенные из «Евгения Онегина» стихотворения Абая – это неразрывное целое, объединенное сюжетным и смысловым единством.
Абай приступил к переводам «Евгения Онегина» в то время, когда передавая часть казахского народа стремилось как можно ближе познакомиться с русской культурой и литературой.
Благодаря большому интересу и любви к русской литературе переводы Абая из «Евгения Онегина». Уже в 1887 году стали широко известны по всей казахской степи. Сила Пушкинских идей, переданных Абаем с высоким поэтической простотой, свойственной великим художникам, - вот что сделало переводы «Евгения Онегина» широко популярными песнями всей казахской степи, любимым народам.Над переводами произведений Пушкина работали такие виднейшие казахские поэты, как И.Джансугиров, К.Аманжолов, Т.Жароков, Г.Орманова, А.Тажибаева, Х.Бекхожини многие другие. Творческого наследия Пушкина, полноценные перевод его проиведений на другой язык – дело весьма сложное и ответственное. «Переводя произведения Пушкина, поэты все глубже постигают величие его творений»,-писал М.Ауезов. Казахский народ по праву считал Пушкина своим любимым поэтом. Есть в жизни вещи безусловные, однозначные, даже в наше время меняющихся ориентиров и ценностей. Они как бы не подлежат обсуждению. Какой великой личностью является Пушкин в русской литературе, и так же большую роль играет великий Абай в казахской литературе. Можно любить многих поэтов, таких как Блока, Есенина, Фета, и только Абай и Пушкин величины постоянные в нашей жизни. Русская и казахская культура, литература развивались в тесном общении, в системе постоянной связи, однако каждая шла по своим самостоятельным, только ей присущим путем. Мы обязаны бережно относяться к совместному существованию нашей литературы, тем более что корни нашей духовной общности находятся в далеком прошлом, освещены именами Державина, Достоевского и других писателей, поэтов и философов. Пушкина с казахским народом навечно породнил наш Абай.
Высокий талант художника и гения глубокого мыслителя, органически воплощенные в личности поэта заслуженно закрепили за ним историческую роль духовного вождя народа и наставника нации. Именно в этом рассматривается работа непреходящей ценности поэтических уроков Абая. Для казахов имя Пушкина священно, оно столь же любимо, как имя Абая, как известно блистательно воссаздевшего замечательные пушкинские стихи на казахском языке.
Литература:
Абдрахманов С.: «О пребывании А.С.Пушкин в Заподном Казахстане» Казахстанская правда 2006г.-10 февраль-С.18.
Кузнецева Т.В. «Всенародный акын земли» Книголюб-2006.-№6.-С.34-35.
Самигулин И. А.С.Пушкин в Казахстане. Столичное обозрение- 1999.-28 мая. С.19.
Нысаналин А. «Свидание со степью» 158-172 с. Параметры:литературно-критические статьи. Алма-Ата:Жазушы. 1983г.-208с.
Ахметов З.А. Современные развитие и традиции казахской литературы. Алма-Ата. Наука,1978.
Ахметов З.А. Пушкин в Казахстане «Учитель Казахстане». 1987 г.
Нурушев С.Н. Творческое наследие И.А.Крылова в казахской литературе 19-го века. Алма-Ата. 1951 г.
Модзалевский Л.Б. Запись казахского предания в архипе Пушкина.-«Временник пушкинской комиссии» Т-3. 1937 г.
Қазақ поэзиясындағы тәуелсіздік тақырыбы
Т.Сақтағанова, ҚазМемҚызПУ 1-курс студенті,
Ғылыми жетекшісі ф.ғ.к., Ж.Т. Өміржанова
Қазір өз тәуелсіздігіміз қолымызға тиген заманда, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Бойында қаны бар, намысы бар әрбір азамат енді тәуелсіздікті қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көтереміз» деп ой санасын қамшылау керек, «Ежелден рух еркіндігін ерекше қастер тұтқан халқымыздың асыл дәстүрлерін жаңа заманға жарасымды жалғастыруымыз қажет» деген парызды үндеулерін басшылыққа алып, ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық (тілі, діні, саны және салт – дәстүрі) бар десек, соның ішіндегі ең маңыздысы тіл мерейі үшін күресу міндеті тұр. Бұл- киелі күрес. Кезінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданылмауына наразылығын білдірген алып тұлға Б.Момышұлы 1944 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің идеология хатшысына хат жолдаған. Ондағы ұсынысы, әрине, жүзеге асқан жоқ. Өйткені ұлттық рухымыз әлсіреп, бодандықтың қайыс ноқтасын киген кезде мұндай шараның жүзеге асуы мүмкін емес еді.
Әлсіреген рухымызды күшейтіп, қоғамымыздың қозғаушы күшіне айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың ұлт алдындағы азаматтық парызы. Осы тұрғыда көрнекті тұлға М.Шоқай: «Ұлттық рухтың негізі- ұлттық тіл» деген.
Тіл – халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын, шыншылдығын көрсететін, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тіліміздің қасиетті де киелі екенін халқымыздың өткен тарихынан білеміз.
Кешегі ұлыларымыз Абай, Ыбырай, Шоқан, одан әріректе Шалкиіз, Шал және Бұқар сынды тағы басқа ақын-жырауларымыз, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би сынды билеріміз бен небір дүлдүл шешендеріміз асыл тіліміз - қазақ тілінің майын тамызып қолданды емес пе? Кешегі А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов, С.Мұқанов, М.Әуезов сияқты көрнекті тұлғалардың жазған дүниелері мен ұлт тілінің ұлт өміріндегі аса маңыздылығы жайындағы пікірлері бүгінде алтынмен бірдей бағаланады.
Дағыстанның белгілі ақыны, авар тілінің жанашыры Расул Ғамзатов: «Кез-келген халықтың өмірі оның тілінде»,- деген. Ақиқаты сол, тілі жойылған елдің өзі де жойылады, құриды. Әлемде алты мыңдай тіл бар, соның жартысы бүгінде жоғалудың аз-ақ алдында.Тіл мамандарының пікірінше, ана тілін оқып үйренбейтін бала саны отыз пайыздан с, тіл болашағын жоқтап, дабыл қаға беруге болады. Жасыратыны жоқ, кешегі кеңестік дәуірде шетқақпай болған тілімізге ілесе, халқымыздың ұлттық рух, дәстүр - салтының да өңі қашып, өзегі талып, өлімсірегені ақиқат. Ең жаманы еліміздің ертеңі – төл ұрпағымыз орыс тілінде сөйлеп, ана тілін жатырқауды шығарады. Әлемдегі ең бай да сұлу, әуезді де салтанатты тіліміздің қасиетін менсінбейтін мәңгүрттік кеселге шалдықты.
«Тілімізді кристалдай таза ұстап, қыз жасауындай жайнатуға тиістіміз» деген оқымысты Ш. Уәлихановтың сөзі дәл осы азаматтарға айтылғандай.
Ана тілі! Осы екі сөзде қандай терең үғым, қасиеті мол, маңызы көп ой жатыр! Анасыз бала дүниеге келмейтіні заңдылық десе, ана тілінсіз халықтың өмір сүруі мүмкін емес. Өз ана тілін қадір тұтып қастерлемейінше, жас ұрпақ болашақта елін, жерін сүйеді, Отанын қорғайды, отбасын құрметтеп ата-ана алдындағы міндетті ақтайды, халқына адал еңбек етеді, нағыз шын мәніндегі отаншыл болады дегенге сену қиын. Ағартушы педагог Ж. Аймауытов: «Бала өз ана тілінде тәрбиеленбесе, өз ұлтына қызмет ете алмайды», - дегенді бекер айтпаса керек.
Елбасының «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген қағидалы сөзі кеудесінде ұлттық намысы, рухы бар жанды әр кез толғандырары сөзсіз. Ұлтымыз үшін, халқымыз үшін қазіргі ең ұлы мұрат, басты мақсат – ғасырлар бойы армандап, енді ғана қол жеткізген егемендігімізді сақтап қалу, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін одан әрі көркейту, нығайту, дамыту.
Осы тәуелсіздіктің тірегі – тіл. Еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін жас ұрпақтың бойына дарыту бәрімізге ортақ парыз.
Биылғы жыл тәуелсіздікке қол жеткізудің жиырма жылдық мерей тойы болмақ. Осы күнге жеткенше халқымыз қиын кезеңдерден өткені ешкімге құпия емес. Тарихтың беттерін ашатын болсақ, еліміздің аяққа тұруына әр кезеңде құлатушылар да жеткілікті болған. Соның себептерінен халқымыздың әдебиеті де, тіліміз де, жалпы айтқанда тарихымыз бұрмаланды. Егемендігімізді алғалы енді ғана ес жиып, өз мүддемізді қолға алып, тарих беттерін түгендеп, әдеби мұрамызды өңдеуге кірістік.
Қазір ұлттық әдебиетіміз төңірегінде алып - қашпа әңгімелер көп. Қанша адам болса, сонша пікір бар. Дегенмен «ит үреді, керуен көшеді». Сондықтан да қазақ әдебиеті уақыт озған сайын өсіп, өркендемесе, тоқырауға ұшырай қойған жоқ. Әрине, әдебиет тірі ағза болғандықтан, белгілі бір кезеңдерде түрлі қиындықтарды бастан өткеріп тұрады. Бірде құлдилап кетсе, бірде шарықтай жөнеледі. Бірақ әдебиетті жасау процесі ешқашан тоқтаған емес, тоқтамайды да. Ол әр дәуірде өз даусымен, өз ерекшелігімен туып отырады. Бүгінгі заман ауқымымен алып қарайтын болсақ, қазақ әдебиетінде, әсіресе поэзия жанры шығып отыр. Алайда бұл пікір проза, драматургия сынды басқа салалар өркендемей түр дегенді білдірмейді. Бұл – салыстырмалы түрдегі сөз. Қалай болған күнде де қазіргі қазақ өлеңі қанатын кеңінен жая бастағаны анық. Бұл осы жанрда қалам ұстағандардың көптігінен де болса керек. Қазақ – әу бастан ақын халық. Бірақ қалам ұстағанның барлығын талант деп тани берген болмас. Асқар Сүлейменовше айтсақ, «кем талант мүмкіндігінше, шын талант қалғанынша жазады». «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» демей ме қазақ. Әйтсе де қазақтың әр кезеңдері рухани ашаршылықтан сақтап қалған осы өлең құдыреті десек, артық айтпаған болар едік, қазірде айтысты қайта жандандыру арқылы, түрлі мүшәйралар арқылы осы олқылықты толықтыру жұмысы қолға алынып жатқандай көрінеді.
Кеңес өкіметі тұсында әдеби аударма саласы ресми түрде мықтап қолға алынды. Бірақ ол кездегі аудармалар науқаншылдыққа ұрынып, негізінен, кеңес идеологиясына ыңғайлы дүниелер ғана аударылды. Біз бүгінде іс-әрекеттерімізді ұлттық идеологияға негіздеуіміз керек. Неге біз қазақ поэзиясы туралы сөз бастағанда, арыдан емес, Абайдан бері тарата саламыз? Демек, өзіміз көкжиектің арғы жағына үңіле бермейтін болғанымыз ғой. Қазақтың Қазтуған, Доспамбет, Мұрын, Ақтамберді сынды жыраулары қай ұлтта бар екен? Жалпы, әдеби мұраны әлемге әйгілеу үшін мемлекеттік деңгейде жоспарлы түрде орасан шаруа атқарылуы тиіс еді. Алайда бүгінде қолға алынып жүрген «Мәдени мұра» бағдарламасы көбіне көне ескерткіштерді жанғыртумен, бұған дейін сұрыпталып қойған тарихи деректерді біріктіріп, санаулы тиражды энциклопедия басып шығарумен ғана шектеліп тұрғандай, яғни барды түгендедік, жоқтың орнын кім толтырады?
Орыстардың өзі бүкіл тарихи тұлғалары мен классик жазушыларының шығармаларын үлкен экранға шығара бастады. Ал біз әлі күнге дейін Абай туралы жұрт көретіндей бір көркем фильмді зорға шығардық. Қазір болатын болса, қазақтың қаймақтарының барлығының дерлік бір емес, бірнеше серияға жүк бола алатындай қадірлі қасиеті де, қауқары да бар. Тек осыны қолға алатын кісі таба алмаймыз. Поэзия, проза, драматургия, жалпы алғанда әдебиетті насихаттап көтерудің бірден бір жолы – сын.
Әдеби онжылдықта қазақ әдебиетінің дәстүрлі жанры поэзияда ұлттық үн мен азаматтық әуен жоғары деңгейге көтерілді. Барлық уақыт қабаттарына барлау жасау, поэтикалық қиялдың ауқымындағы, лирикалық, баяндаушылық, публицистік және сыншылдық көңіл-күйдің байлығы, суреттеу тәсілдері мен құралдарындағы батыл ізденістер осы жылда поэзиясына тән болды. Мүшайра, айтыс, әдеби-поэтикалық байқаулар шығармашылық ізденістердің молаюына түрткі болды.
Тәуелсіздік – киелі ұғым. Қазақ халқының азаттық жолындағы күресі сонау жүзжылдықтардың қойнауынан бастау алады. Алайда, тағдырдың берген ұлы сыйы шығар, тәуелсіздікті көруді біздің маңдайымызға жазыпты. Қисапсыз төгілген көз жастың, маңдай тердің рахатын замандастарымыз көріп отыр. Ал, қазақ халқы қазіргі тәуелсіздігіне жайдан–жай жеткен жоқ. Азаттық жолында қазақ «мың өліп, мың тірілді», бірақ өлген жоқ. Демек, бүгін жер басып жүрген қазақтар тәуелсіздік жолында «тілерсектен қан кешкен» ата-бабаның алдында қарыздар. Демек, қазіргі қазақтар үшін тәуелсіздікті қастерлеп, азаттықты ардақ тұтып, сол жолда Отанның мәртебесін көтеруге, дәулетін, қуатын арттыруға үлес қосуы тиіс. «Тақыр жерде шөп шықпайды» деген М.Әуезов даналығы азаттық идеясының әр кезең әдебиетінде ойып орын алып отырғанын, кейінгі жыраулар поэзиясындағы еркіндіктің ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының шығармаларында ұлттық идеяға ұласқанын, сөйтіп «ұлттық» деген ұғымның қалыптасқаны белгілі. Жалпы ұлттық руханиятта бұл ұғымның жеке түсінік ретінде қазақ тарихына енуіне Алаш зиялыларының әсері мол. Орхон ескерткіштеріндегі азаттық жырының қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орны жөніндегі осы саланың мамандары Н.Келімбетов, А. Қыраубаев, М. Жолдасбаев, М. Мағауин, Х. Сүйіншәлиев т.б. пікірлеріне өз тұжырымдарына қосқан ғалым ежелгі жазба мұрасындағы басты мұраты кейінгі жыраулар поэзиясындағы елдікті жырлаумен жалғастырып, ой мен идеяның даму динамикасына, оның көркемдеу тәсілдеріне тоқталады.
Ежелден қазақ халқы өз бостандығы үшін күресе білген, еш мойымай, әркезде ерлік көрсете білген. Соның дәлелі ежелден келе жатқан жырлар.
Бар арманым, айтайын,
Батырларша жорықта
Өлмедім оқтан қайтейін!
Ел аман болсын ылайым,
Тілегім берді бәрін де,
Ризамын, құдайым! – дегенде, 90-ға келсе де жорықтан неге өлмедім деп ел мүддесін ойлап жатқанын және осыдан біздің, қазақ елінің жүрегі қайсарлылыққа толы, еш жауға мойымайтынын көреміз.
Қазіргі кездегі жазушылардың өздеріне, әлі күнге дейін үлгі, өнеге алатын әдебиет майталмандары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығы. Бұл ғұламалар туралы «ХХ ғасыр әдебиетінде ұлттық рухтың көркем бейнеленуі» атты тарау арнайды.
Ұлттық сананы жаңа өріске бағыттаған ұлт зиялыларының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы болды. «Ол ХХ ғасыр басындағы қазақ сөз өнеріндегі ұлттың биік рухынан нәр алған жаңа сарын жолын ұсынды. Оның осынау күрес жолындағы ел санасын оятар, жұрт жүрегіне ой салар ең әсерлі қаруы – әрбір қазақ оқырманның жанына жылу болып енген жалынды жырлары мен өткір ойлы мақалалары болды».
«Ел бостандығын аңсаған, оған жетудің амалын іздеген Ахмет үшін Крылов мысалдарын аудару таптырмас тәсіл еді. Қазақтың қалың қайғыдан арылуына тек білім алып, тәуелсіздігін талап ету деп ұққан ұлы ұстаз А.Байтұрсынұлы поэзиясын соған қару ретінде жұмсады. Сөйтіп, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінде ұлт-азатшыл бағытты бастаған поэзиясындағы ойларын айқындай түсті. Өршіл де төңкерісшіл сарындағы жалынды жырлар туғызды. Сөйтіп, қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың бастауы іспетті «Маса» жинағы 1991 жылы дүниеге келді. Ол Ахметтің ақындық атағын кеңінен жайып, өз тұсындағы қазақ ақындарының алдыңғы қатарына шығарған туынды» А.Байтұрсынов шығармаларындағы ұлттық рух оның саяси бостандыққа жетуді аңсауынан, қазақ ұлтының орыс патшасы езгісінен азат етіп, отаршылдық бұғаудан құтқару, қазақ ұлтының өзін-өзі басқаруына қол жеткізуді аңсаған арманынан, соған бар даусымен үн қосуынан көрінеді.
Қазағым – елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып...» - деген өлең жолдарында ақынның бүкіл ұлттық ой, арман жатыр.
Міржақып десе «Оян, қазақты» еске алатын қазақ үшін, ұлтына еңбек етудің ерен үлгісін көрсетіп , ел тәуелсіздігі мен ұлт- азаттығына бүкіл саналы ғұмырын арнаған алаш зиялысының бірі ғана емес, қазақ тарихында ірі тұлға көз алдымызға келеді. Ақынның «Оян, қазақтан» кейінгі екінші жыр жинағы «Азамат» деп аталады. 1913 жылы Орынбордан шыққан бұл кітаптың сыртқы бетіндегі мына жолдар:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғаннан жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш.
Қазақтың рухани мәдениеті тарихында ХIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде ата бабалық дәстүрлі арналарға деген айрықша ынта-ықылас байқалды. Ресей мемлекеті құрамындағы түрік халықтары арасынан шыққан оқымыстылардың, ақын – жазушылардың шығармашылық еңбектерінен тың ізденіс іздері байқалады. Түрік халықтары әдебитіндегі ежелден келе жатқан рухани тамырластықтың жаңаша тоғысу көрінісі Ресей патшалығының орталық басқаруына түскен кезеңде анық сезіледі. Ш.Маржани, И. Гаспиринский, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Т.Рысқұлов және т.б. түркі халықтарының көрнекті тұлғаларының ықпалды шығармашылық қызметтері арқылы орталық бұғаудағы халықтардың да әдеби-тарихи процестегі орындары таныла бастады. Қазақтың ұлттық тарихындағы жаңаша серпіліске бағыт алған бұл кезеңдегі әдеби дамудың жетекші арнасы – ағартушылық қызмет болды. Қазақтың демократ ақын-жазушылары ұлттық көңіл-күй психологиясына жаңаша серпіліс қарқынын дамыту үшін мұсылмандық ағартушылықты, оның ішінде түркі халықтарының дүниетаным ортақтығын негізге алды. XIX ғасырда халықтар арасында «Исламды туғызған Аравия, таратқан – Түркия» деген сөз айтылғаны мәлім, ал мен бұған дінді қазаққа таратқан қожа-молдалармен бірге ақындар, қиссашыл ақындар дер едім. Себебі әр дастанда, қиссада әулие, әнбиелермен қатар мұсылман әлемінің даңқты пайғамбарлары қоса дәріптеледі.
Тәуелсіздік тақырыбын қаламынан соңғы қауырсын ұшып түскенше қорғай жазған ақын ретінде Мұхтар Шахановты ерекше атап өткім келеді. Әрине, қазақта ақындар баршылық, оның ішінде мықты деген ақындарымыз да жетерлік. Ал Мұхтар Шаханов - ерекше ақын. Ақындық талантты мансап үшін емес, ақындық өнеге үшін еркін жұмсаған айтулы, азулы ақын. Санамалап келгенде, Мұхтар Шаханов – «Қырғыз Республикасының халық ақыны», жиырмадан астам шет елдік академиялардың, университеттердің құрметті докторы, профессоры. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта Бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының, Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», Түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған «Түрік әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» атағының иегері. 2002 жылы М.Шахановқа «Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін Калифорния Ғылым, Индустрия, Білім және Өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалі мен Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағы берілді. «Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель» сыйлығы лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпарат орталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды.
Менің ойымша, Нобель сыйлығы әлемдік құбылыс ретінде айрықша тұлғаларға тартылады. Қазақ болмысын, қазақ тарихын, ел басынан өткен ауыр кезеңдерді, билік пен халық арасындағы тартысты М.Шахановтай жырлаған ешкім жоқ, сондықтан халық оған әлдеқашан өз сыйлығын беріп қойған. Халық тағдырын, тәуелсіздігін жырлау деген сөз – халыққа қызмет ету, оған айқын жол көрсету , халық мүддесі үшін құрбан болу, белгілі бір нәтижеге қол жеткізу деген сөз. Сондықтан тәуелсіздікті сырттай қызықтап сөз еткеннен гөрі, оның жолындағы кедергілермен Мұхтарша күресу керек. Ар мен ақиқат алдында жалтармай есеп беріп, өлең мен өнерге адал болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |