82
айналды.
Жоғарғы сыныпта эпикалық шығармаларды оқытуда оқушылардың
оқырмандық қабілетін дамытудың психологиялық негіздері – оқушы-
оқырмандардың танымдық іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі қозғаушы күш
ретінде зерделенеді. Оқырмандық іс-әрекет педагогикалық-психологиялық
құбылыс болғандықтан, аталған ғалымдардың оқу-әдістемелік арналары
оқушының оқырмандық әлеуетін дамытудағы маңызды мәселе ретінде
қарастырылады.
Сондықтан мұғалім мына бағыттарда жұмыс жүргізгені абзал:
1. Қазақ әдебиеті сабақтарында эпикалық шығармаларды оқып-үйренуде
шәкірттердің оқырмандық қабілетін дамыту мақсатындағы берілетін білім
көлемі, әдістемелік іс-әрекеттердің тиімділігі оқушылардың жас ерекшелігіне
қойылатын талаптарға сай болуы қажет.
2. Жоғарғы
буындағы
оқушылардың
көркем
шығарманы
шығармашылықпен қабылдауын тереңдету үшін олардың бейімділік
қабілеттерін айқындайтын психикалық әрекеттерін (қажеттілік, тілек,
қызығушылық) тәрбиелеуге жеткілікті түрде назар аударылуы керек.
3. Оқушы бойындағы психикалық әрекеттерді нақты шығармаларды
оқытып-үйрету арқылы дамытуда олардың әдеби білімі мен қабілетін дамыту
мақсаты қойылуы қажет.
Осы бағытта жоғарғы сынып оқушыларына әдеби білім беруде
біріншіден, олардың жас ерекшелігіне қойылатын талаптарды, екіншіден, сол
кезеңдегі оқушылардың әрқайсысының жас ерекшелігіне сәйкес олардың
бойындағы жеке психикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, нақтылы
шығарманы әдеби-әдістемелік жоспар негізінде оқытып-үйрету тиімді екендігі
айтылады. Сонымен бірге көркем туындыны оқушылармен бірлесе отырып,
қызығушылықпен талдаудың, көркем мәтінді игеруді жеделдететін арнайы
жаттығулар, сұрау-тапсырмалар жүйесінің маңыздылығы, соған байланысты
әдістемелік ұсыныс-тұжырымдар жасау, оқушының оқырмандық қабілетін
қалыптастыру арқылы әдеби білім беру мәселесі арнайы сөз етіледі.
Әдеби шығарманы шығармашылықпен оқытып-үйретуде тіл дамыту және
сыныптан тыс жұмыстардың жоғарғы сынып оқушыларының тіліндегі
образдылық, мәнерлілік сапаларын қалыптастыруға зор ықпал ететіндігіне
көңіл бөлініп, нақтылы әдістемелік ұсыныстар берілді. Мектепте филологиялық
бiлiм беру мәселесi – соңғы жылдары әдiстеме ғылымының жаңа көзқарас,
жаңа тұрғыда қарастырылып жүргенен өзектi мәселелердiң бiрi болғандықтан
оқушыларға берiлетiн әдеби бiлiм мазмұны мемлекеттiк стандартқа сай балаға
өмiрлiк қажеттiлiк ретiнде айқындалуы тиiс.
Қорыта айтқанда, жоғарғы сынып оқушыларының оқырмандық қабілетін
дамыта отырып, әдеби білім беру ісі, тұтастай алғанда, олардың адамгершілік
сапалары мен эстетикалық таным-талғамын, қоршаған ортаға, өмірге
шығармашылық көзқарасын, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ерекше
әсер ететін аса қажетті де маңызды жұмыс болып табылады.
83
2
«ҚАЗАҚ
ӘДЕБИЕТІ»
ПӘНІН
ОҚЫТУ
ҮДЕРІСІНДЕ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ОҚЫРМАНДЫҚ
ҚАБІЛЕТІН
ДАМЫТУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ
2.1 Жоғары сыныптарда эпикалық шығармаларды оқытудың
нормативтік құжаттар мен оқулықтарда әдістемелік негізделуі
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасындағы бағдарламалық мақсатта: «Жалпы
білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі
және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның
табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру,
еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды
дамыту» - деп, еліміздің ертеңгі рухани тірегі болатын азаматтарды тәрбиелеу
ісінің мемлекетіміздің іргетасын нығайту мақсатындағы стратегиялық маңызы
зор екендігі айқын атап көрсетілген. Жалпы алғанда жеке адамды мемлекет
мүддесіне сай тұлға ретінде қалыптастыру ісі олардың отаншылдық сезімін
тәрбиелеу, әлемдік деңгейдегі сапалы біліммен қаруландыру арқылы ғана
жүзеге асады [110].
Қазіргі таңда білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты қалыптасқан
рухани жетілген, заманауи білімді толық меңгерген тұлға қалыптастырудағы
алдымен қолға алынатын мәселе мектеп жасындағы өскелең ұрпақтың адами
болмысын ішкі рухани әлемін қалыптастыру болып табылады. Аталған мәселе
мектепте әдебиет пәнін сапалы оқыту ісімен сабақтасып, пәндi оқытуға көп
мiндеттер жүктеледi. Себебi, ғылым мен технологияның iлгерлеуi, ақпарат
көздерiнiң молаюы, бiлiм беру жүйесiнiң жаңартылуы, мультимедиялық оқыту
түрлерінің көбеюі мектеп, ұстаз алдына көптеген жауапкершiлiк жүктейдi.
Әдебиет пәнiн оқыту мұғалiмнен жан-жақты жауапкершiлiктi, дайындықты
қажет етедi. Сабақты түрлендiрiп, әдiс-тәсiлдi үнемi жетiлдiрiп отыру-
оқушының үлгерiмiн, танымын жақсартып, қызығушылығын арттырады.
Оқушыға білім бере отырып, оның еркiндiгiн, белсендiлiгiн қалыптастыру, өз
бетiнше шешiм қабылдауға дағдыландыру қазiргi оқытудың басты талабы
болып табылады. Оқушының сыни тұрғыда ойлауын дамыту оның танымдық
белсендiлiгiн, сабаққа қызығушылығын аттыруға ықпал етеді.
Қазақ әдебиеті пәнінің оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі аса
ауқымды. Міндетті оқытылатын әдеби білім мазмұнымен ғана шектелмей,
сонымен бірге қосымша әдеби шығармаларды өздігінен оқуға дағдыландыру
оқушылардың нәтижелі білім алуының барлық мүмкіндіктерін көрсетпек.
Мұғалім оқушының ізденісіне жол ашуға түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді
таңдап алуы қажет. Жүйелі жүргізілген сапалы оқыту барысында оқушылар
шығармашылық бағытта ізденіске түсіп, берілген тақырыптарға ойтолғау,
пікірнама, сыни мақала т.б. жаза білуге үйренеді. Ғалым К.С.Құрманбаева:
«Оқыту әдісін таңдау оқушының білім алу үрдісінің субъектісі мәртебесіне
негізделген құзыреттер қалыптастыру мақсатынан туындайды. Оқушының
оқудағы қызметі оған дербес шешім қабылдауға, таңдаулар жасауға мүмкіндік
Достарыңызбен бөлісу: |