Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет36/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77

75 
 
барысындағы  психологиялық  көңіл-күй  әуеніне,  психикалық  тілектеріне,  ең 
бастысы  –  оның  қызығушылығына  назар  аударады.  Мұнда  мұғалім  таңдап 
алған  әдіс  эпикалық  шығарманы  талдау  барысында  оқушының  оқырмандық 
қабілетін  жетелеуге,  сол  арқылы  оның  ойын  дамытуға  қызмет  етуі  қажет. 
Оқушының  шығарма  оқиғасына,  жекелеген  адам  образдарына,  көркем 
шығарманың өзге де бөлшектеріне қызығушылығын мұғалім бағамдап, жүйеге 
салуы,  оны  сабақтың  мақсатына  сай бағыттап  отыруы  қажет.  Өйткені,  көркем 
мәтінді  қызығушылықпен,  эмоциямен  қабылдау  ғана  көркемдік  қабылдаудың 
тереңдеуіне септігін тигізеді [105].  
Әдіскер-ғалым  Т.Ақшолақов:  «...оқыту  үдерісінде  көбіне  рационализм 
бар  да,  эмоционалдық  көлеңкеде  қалады.  Осы  екеуі  оқыту  үдерісінде  қатар 
жүрмесе,  әдебиет  өзіндік  ерекшелігінен,  дүниетанымдық  қасиетінен 
айырылады. Өнерлік сипатынан жұрдай болады», – дей келіп, көркем мәтінмен 
жұмыс жүргізуде оқушы бойындағы психикалық әрекеттерді де қоса дамытып 
отырмайынша  әдеби  білім  беру  мүмкін  еместігін  ерекше  атайды  [106]. 
Ұстаздың  тиімді  талдау  әдісін  таңдап  алуы  сабақта  жүзеге  асырсам  деген 
мақсатына  және  соған  лайықталып,  нақтыланып  берілетін  білім  көлеміне 
тікелей байланысты болады.  
Эпикалық шығарманы талдау үшін қандай әдіс таңдап алынса да, оқушы 
бойында  сол  әдісті  жұмыс  үстінде  қолдана  білу  қабілетін  қалыптастыру  ісі 
қатар  жүргізіліп  отырады.  Мәселен,  сабақтың  мақсаты  оқушылардың  жазушы 
суреттеген  өмірден  алған  әсерін  байыту  болған  жағдайда,  мұғалім  оқушы 
бойында  шығармадағы  сөзбен  салынған  суретті,  көркем  картинканы  елестете, 
көре  білу  сияқты  аса  күрделі  қабілетті  қалыптастыру  үшін  жұмыстанады. 
Сонымен  қатар,  шығарманың  жекелеген  немесе  тұтас  көріністерін,  болмаса 
есінде  қалған  кез  келген  бір  белгілі  бөлшектерін  елестету  арқылы  көру 
қабілетін  дамыту  бағытында  жүйелі  түрде  тапсырмалар  орындатады.  Жазушы 
шығармашылық үдеріс үстінде суреттеп отырған объектісін соншалықты айқын 
көріп, өз кейіпкерлерінің тартыс үстіндегі қуанышы мен қайғысын өз басынан 
өткізіп  отырғандай  толғанысты  жағдайда  болды.  Мұғалім  міндеті  –  нақты 
ойластырылған тапсырмалар жүйесі арқылы оқушы-оқырмандарды да шығарма 
авторы бастан кешкен психологиялық көңіл күйге ортақтастыра білу, сол күйді 
олардың да бастарынан қайталап өтетіндей болуы қажет.  
Алайда,  әдебиет    сабақтарында  мәтіндермен  жұмыс  әдетте  уақыттың 
жетіспеушілігіне  байланысты  үстірт  түрде  орындалады  және  ұсынылған 
мәтіндер  бір-біріне  өте  ұқсас,  бұл  олардың  бір  бағдарлама  аясында 
болғандығымен  түсіндіріледі,  демек,  оларда  ұқсас  сипаттамалар  болуы  керек. 
Дегенмен,  қазіргі  заманғы  мектеп  оқушысы  әртүрлі  ақпаратпен  қамтамасыз 
етілген,  ол  ақпараттар  түрлі  формада  беріледі,  белгілі  бір  дағдыға  ие  болмай 
балаға бағдар беру өте қиын. Осыған байланысты біз зерттеуімізде бүгінгі күні 
мектепте қазақ әдебиетін оқыту барысында оқушылардың оқырмандық әрекеті 
дағдыларын  қалыптастырудың  үдерістік  моделін  жүзеге  асыру,  яғни  зерттеп 
отырған нысандарымыздың құрамды бөлімі мен ішкі байланыстарын ашу, оны 
оқыту  үдерісінде  қолдану  міндеті  туындады.  Сөйтіп,  біз  зерттеу 


76 
 
жұмысымыздың  бұл  бөлімінде    эпикалық  шығармаларды  жоғары  сыныптарда 
оқыту  арқылы  оқырмандық  қабілетті  дамытудың    құрылымдық  моделін 
ұсындық.   
Алғаш рет «Модель» терминін философ, математик, физик әрі тіл маманы 
С.В.Панюкова  енгізді.  Ол  Ресейде  білім  мен  мемлекетті  басқару  жобасын 
жасауда, 
модельдің 
физикалық, 
математикалық 
түрлерін 
ұсынған. 
Педагогикада  «модель»  қоршаған  дүние  туралы  білімнің  қолайлы  түрі,  яғни 
арнайы мақсаттар үшін жасалған нысандардың ақпараттық балама түрі.  Ғалым, 
В.В. Краевскийдің пайымдауынша, «модельдеу – теориялық және тәжірибелік-
эксперименттік  зерттеулерді  біріктіретін  педагогикалық  үдерістерді  нақты 
жүйелейтін  әдіс»  болып  табылады.  Модельді  кең  мағынада  (латын  тілінде 
modulez  –  өлшем,  шама,  түр)  арнайы  жағдайларда  зерттеушіні  қызықтыратын 
түп  нұсқасының  ерекшеліктерін  қайта  шығаратын,  ақиқат  көріністерін 
ауыстырушы деп түсінуге болады. 
А.А.Атаянның  пікірінше,  модель  –  бір  заттың,  құбылыстың  арнайы 
ерекшеліктерін  көрсететін,  ол  туралы  белгілі,  шектелген  ақпарат  беретін 
қысқартылған,  жинақталған  білім.  Модель  оқушының  білімді  меңгеріп,  өзінің 
өмірге  қажеттіліктерінде,  тәжірибе  жүзінде  қолдана  алатын  білім  шамасы. 
Модельдеудің бейнелік, заттық, таңбалық түрлері қолданылып келеді. Бейнелік 
модельдеуде  шынайы  объектінің  қасиеттері  көрнекі  ес  пен  ойлау  арқылы 
елестетіледі.  Заттық  модельдеуде  шынайы  объектінің  белгілі  геометриялық, 
физикалық  қажеттері  өндіріледі.  Таңбалық  модельдеуде  шынайы  объектінің 
сипатын  математикалық  формула,  кесте,  графика  арқылы  беріп,  үш  мақсатта 
қолданылады:  
-  эвристикалық – жаңа заңдар, теориялар тауып, жүйелеу;                
-  есептеу – модель көмегімен есептің өзекті мәселесі шешіледі;                                            
-  эксперименттік модель көмегімен ғылыми  болжам дәлелденеді. 
Сондай-ақ 
«Қазақстан» 
ұлттық 
энциклопедиясында: 
«Модель 
(лат.Moduius  –  өлшем  деген  ұғымдарды  білдіреді)  –  белгілі  бір  зерттелетін 
нысананың  ой-түсінігі  арқылы  немесе  материалдық  түрде  жасалған  шарттың 
үлгісі», - деп анықтама берілген . 
Философиялық  сөздікте  «Модель  –  зерттеу  үшін  арнайы  жасалған  бір 
обьектіде басқа бір оьбектінің сипаттамасын қайта жаңғырту. Яғни обьектінің  
өзін  тікелей  зерттеу  мүмкін  болмаса,  қиын  әрі  көп  уақытты  жұмсауды  қажет 
ететін  болса,  онда  модельдеу  қажеттігі  туындайды.  Модельдеудің  негізгі 
артықшылығы  –  олардың  қолайлылығы,  шапшаңдығы  және  зерттеуге 
икемділігімен сипатталады», - деп келтірілген [107]. 
Ал,  педагогикалық  әдебиеттерде  модель  ұғымына  шетел  және  отандық 
ғалымдар  А.И.  Бочкин,  А.Г.  Гейн,  А.М.  Новиков,  Г.Қ.  Нұрғалиева,  В.В. 
Подласый, А.П. Сейтешов, А.Ф. Федотов, В.А. Штофф, И.С. Якиманская және 
Н.Д. Хмель және т.б.  модельге әртүрлі сипаттама берген. Мысалы, Н.Д. Хмель 
нақты  объектінің  немесе  үдерістің  қарапайымдандырылған  үлгісі.  Болашақ 
мамандардың  кәсіби  бағдарын  ұйымдастыруды  мотивациялық,  мазмұндық, 
әрекеттік, процессуалдық  аспектілерінен тұратын модельдерді ұсынады [108].  


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау