Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет41/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77

86 
 
оқушысының  бойындағы  оқырмандық қабілетті одан  әрі  тереңдету  мүмкіндігі 
зор.  Сыныптағы  «Ақбілек»  романын  өтуге  арналған  әдебиет  сабақтарында 
романның  тақырыбы  мен  идеясы  сараланады.  Шығарманың  сюжеттік-
композициялық    желісіне  талдау  жасалады.  Басты  кейіпкер  Ақбілек  бейнесі 
және  қосалқы  кейіпкерлер  бейнесінің  жасалу  тәсілдері  таразыланады. 
Шығармадағы  психологизмнің  аналитикалық  және  синтетикалық  түрлері 
байыпталады,  тіл  көркемдігі  талдап-таразыланады.  Романның  бойындағы 
осындай  көркемдік  бөлшектерімен  жүргізілетін  жұмыс  түрлері  оқушы 
бойындағы  көркем  шығарманы  оқырмандық  қабылдау  қабілетінің  жандана, 
ұштала  түсуіне  мүмкіндік  береді.  Жазушының  өз  шығармасы  арқылы 
оқырманға  қандай  идея  айтқысы  келіп  отырғанын  қолма-қол  тап  басып  тану 
оқушыға  белгілі  дәрежеде  қиындық  туғызады.  Сондықтан  да  мұғалім 
пәнаралық байланыс негізінде ХХ ғасыр басындағы қазақ даласындағы тарихи-
әлеуметтік  жағдайдың  қандай  болғандығы  жөнінде  жетекші  сұрақтар  қоя 
отырып,  оқушылардың  тарих  пәнінен  алған  білімдерін  еске  түсіртеді.  Алдын-
ала даярлап келген қосымша тарихи материалдарын ортаға салады.  
Эвристикалық  пікірлесу  әдісін  қолдана  отырып,  оқушылардың  Ақбілек 
басынан  кешкен  трагедиялық  жағдайдың  кездейсоқ  еместігіне  оқушылардың 
өздері қорытынды жасауына әкеледі. Кейбір оқушы-оқырмандарға  романдағы 
Ақбілектің басынан өткен ауыр жағдай бір қарағанда аласапыран заманда жиі 
кездесетін  көп  келеңсіз  оқиғалардың  бірі  сияқты  әсер  етуі  де  мүмкін. 
Шығармадағы  Ақбілек  бейнесі  символдық  мәнге  ие.  Ұясы  талқандалып,  ар-
абыройы аяққа тапталған Ақбілектің тағдыры ғасыр басындағы қазақ халқының 
басындағы  дәрменсіз, панасыз жағдайды еске салады. Жазушының оқырманға 
айтпақ  идеясы  да  осы.  Отарланған,  бұғаудағы,  панасыз,  қорғансыз,  алаңсыз 
халықтың  басындағы  жағдайдың  түптің  түбінде  осындай  ауыр  жағдайларға 
әкеліп соғатынын Ақбілек бейнесі арқылы мегзеп, оқырманға ой салу, ойланту. 
Демек, романдағы жазушы алға тартып отырған алтын арқау – идеяны анықтау 
үшін  оқушының  тарих,  қоғам,  салт-дәстүр,  өткен  ғасыр  басындағы 
халқымыздың  басынан  кешкен  оқиғалар  суреттелген  шығармалар,  қысқасы 
толып  жатқан  материалдарды  еске  түсіруіне,  ойланып,  ой  қорытуына  тура 
келеді.  
Көркем  шығарма  туралы  ойланып,  ой  қорытуға  дағдылану  оқушы- 
оқырман  үшін  олардың  бойындағы  шығармашылық  ойлану  қабілетін  дамыта 
түсуге  ықпал  етеді.  «Ақбілек»  романының  көркемдік  бітіміне  тән  негізгі 
ерекшелік-психологизм.  Сондықтан  да  Ақбілектің  жан  әлемін  ашу  үшін 
жазушының  кейіпкердің  өзін  сөйлете  отырып  мінез-құлқын  ішкі  монолог 
арқылы  танытуы  көркем  шығармадағы  аналитикалық  психологизмге  тән 
белгілер  болғандықтан  басты  кейіпкер  бейнесінің  жарқырай  ашылуына 
мүмкіндік  берген.  Романның  сюжеттік  желісі  жиырмасыншы  ғасырдың 
бастапқы  тұсындағы  қызылдардан  қашқан  ақтардың  жолда  кездескен  қазақ 
ауылдарына  салған  алаңы,  көрсеткен  қорлық-зорлық  оқиғасына  құрылған. 
Шығарма сюжетін ширықтыру, оқырманға қызықты ету үшін жазушы бірқатар 
пішіндік  ізденістерге  барады.  Шығарманы  бөлімдерге  бөліп,  бөлімдерді 


87 
 
тараушаларға  жіктейді  сонымен  бірге  шығармадағы  негізгі  кейіпкерлердің 
бейнесін  кеңінен  ашып  көрсету  үшін  әр  тараушаның  атауын  «Ақбілек», 
«Бекболат», «Офицер», «Мұқаш» т.б. деп кейіпкерлер бейнесіне теліп отырады. 
Әр  кейіпкердің  бейнесін  ашу  үшін  олардың  әрқайсысының  әлеуметтік 
салмағына сай әрекеттер жүктеп отырады. 
Төменде  көрсетілген    сұрақтар  мен  тапсырмалар    оқырмандық  қабілеті 
дамытуға,  шығармашылық  ізденіске    жетелейді.  Мұғалім  сабақ  барысында 
бұларды  өзгертіп  беруі  де  мүмкін.  Бастысы  –  оқушылардың  көркемдік 
қабылдауы.  
1.  Жазушының  "Ақбілек"  романынан  алынған    үзіндіні  оқыңыздар. 
Үзінділер  Ж.Аймауытовтың  қандай  шығармасының  қай  тарауларынан 
алынғанын анықтандар. 
Ж.Аймауытовтың өзіндік тіл ерекшелігіне назар аударыңыздар. 
2. Жоғарыда берілген үзінді, қара сөзбен жазылғанына қарамастан қандай 
жанрға жақын деп ойлайсыздар? 
3.  Романды  оқу  барысында  төмендегі  сұрақтар  төңірегінде  пікір 
алысыңыздар, өзара талдау жасаңыздар: 
-  Роман  оқиғасы  қандай  тіршілікті  суреттеуден  басталады?  Оқиға 
жылдың қай мезгілінде өтеді? 
-  Ақбілек  тұлғасы  қалай  сипатталып,  таныстырылады?  Көзінің  тартуы 
Ақбілекте қандай ой туғызады? 
-  Терең  шаттан  көз  байлана  шыққан  төрт  аттының  мақсаты  не  деп 
ойлайсыздар? Мамырбай үйіне келуі неліктен? 
-  Мамырбайдың  бәйбішесінің  қамшыға  шыдау  себебі  неде?  Ол  кімді 
қорғамақ болды? 
-  Ақбілек  кімнің  алдауымен  орыстардың  қолына  түседі?  Анасының 
әрекетінен нені байқадыңыздар? 
-  «Қара  торы,  орта  бойлы,  қошқар  тұмсақ,  түлкі  мұрт,  шүңірек  көз 
жігітпін. Жасым жиырманың жетеуіне шығып тұр». Бұл мен? Оның Ақбілекке 
қандай қатысы бар? 
-  Орыс  офицерінің  қазақ  туралы  ойларынан  қандай  көзқарас, 
психологияны байқадыңыздар? 
- «Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, 
қырыс маңдай, қара сұр жігітпен. Жасым отыз бесте. Ауызым асқа, ауым атқа 
жарыған  емес.  Ес  біле  есікте  жүрдім»  деген  сипатынан  ішкі  жан  дүниесінің 
қандай қырлары танылады? Жалпы Мұқаш қандай кейіпкер? 
- Ақбілектің көрген зәбірі, тартқан азабы, арының аяққа тапталуы кімнің 
кесірінен?  Бұл  ел  арасындағы  қандай  жағымсыз  істен  бастау  алды  деп 
ойлайсыздар? 
- Екі офицердің Ақбілекке таласуы, дуэльге шығуы шынайы сезім көрінісі 
деп ойлайсыздар ма? 
-  Ақбілек  тағдыры  қалай  аяқталды?  Офицерден  Ақбілек  неге  өлтірмеуді 
өтінді? 
-  Ақбілектің  басына  түскен  қиыншылықтармен  күресе  білуі  қандай 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау